Суббота , 5 июля 2025

АМЕРИКАНЫТРАМПТАН, Еуроодақты – ыдыраудан ҚАЛАЙ ҚОРҒАУҒА БОЛАДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №1 (365) от 12 янва­ря 2017 г).

 

Қырғи-қабақ әлем

 


 

Джордж Сорос 2017 жылғы өзгерістер мен қауіп-қатер­лер туралы

 

«Евро­пей­ская прав­да» әйгілі қар­жы­гер және филан­троп Джордж Соро­стың «Ашық қоғам­ды қорғау қажет» деген мақа­ла­сын жари­я­ла­ды. Онда жаңа АҚШ әкім­шілі­гі тура­лы, оның дик­та­тор­лық режим­дер­мен (оның ішін­де ресей­лік режим де бар) мүм­кін бола­тын бай­ла­ны­сы, жақын бола­шақта кез­де­суі мүм­кін про­бле­ма­лар тура­лы Соро­стың болжам­да­ры ашық айты­лған. Ықшам­да­лып жари­я­ла­нып оты­рған мақа­ла­ны аяғы­на дей­ін оқып шығуға кеңес бере­міз, ол соған тұрады.

 

Сая­си жүй­енің екі түрі бар: бірін­де адам­дар өз мүд­де­лерін қорғай­тын көш­бас­шы­ла­рын сай­лай­ды, екін­шісін­де – көш­бас­шы­лар өз мүд­де­лері үшін қол астын­дағы­лар­дың тағ­ды­рын тәл­кек­ке сала­ды. Ағы­л­шын­дық фило­соф Карл Поппер­дің ықпа­лы­мен мен бұлар­дың бірін­шісін – ашық қоғам, екін­шісін – жабық қоғам деп атадым.

Әрине, бұл клас­си­фи­ка­ция тым қарабайырлау.

Тарих­та мұның бір­не­ше дең­гейі мен вари­ант­та­ры кез­де­седі – жақ­сы жұмыс жасап тұрған және ештеңе де қолы­нан кел­мей­тін мем­ле­кет­тер бар. Бәрі де әр кезең, әр жер­дің сол сәт­те­гі нақты жағ­дай­ы­на бай­ла­ны­сты. Деген­мен де, мен осы екі тип­те­гі режим­ді айы­ра біл­ген пай­да­лы деп есеп­тей­мін. Мен бірін­шісінің бел­сен­ді адво­ка­ты­на, ал екін­шісінің қар­сы­ла­сы­на айналдым.

Қазір­гі тари­хи кезең мен үшін өте ауыр болып тұр – ашық қоғам кри­зи­сте, ал жабық қоғам, фаши­стік дик­та­ту­ра мен мафия биле­ген мем­ле­кет­тер өрлеу үстінде.

Бұған қалай­ша жол беріл­ді? Менің­ше, мұны тек былай ғана түсін­діру­ге бола­ды: сай­ланған бас­шы­лар өз сай­ла­у­шы­ла­ры­ның күт­кен үдесі­нен шыға алма­ды, олар­дың ойлаға­нын­дай бол­май шықты, сөй­тіп олар­дың демо­кра­ти­я­ның негіз­гі түр­лері мен капи­та­лиз­мнен әбден көңіл­дері қалды.

Былай­ша айтқан­да, сай­ла­у­шы­лар­дың көп­шілі­гі эли­та демо­кра­ти­я­ны өздері­нен ұрлап алға­нын сезініп отыр.

СССР тараған­нан кей­ін АҚШ демо­кра­тия при­циптері мен еркін нары­қты ұстанған жалғыз ғана астам дер­жа­ва болып қал­ды. Содан бері болып өткен жалғыз ғана өзгеріс – қар­жы нары­ғы­ның жаһан­да­нуы. Оны жақта­у­шы­лар жаһан­да­ну ортақ бай­лы­қтың есе­ле­нуіне алып келеді деген сенім­де бол­ды. Егер ұты­сқа шыққан­дар өз жетістік­терін ұты­лған­дар­мен бөліс­се, бәрібір ақыр аяғын­да ұты­ста бола­ды деп есеп­тел­ді. Бірақ бұл алдам­шы аргу­мент, өйт­кені ұтқан­дар бәрібір ұты­лған­дар­дың жоғал­тқан­да­ры­ның орнын тол­ты­ра алмай­тын­ды­ғы ескеріл­меді. Деген­мен де, ұтқан­дар осы аргу­мент­ті қол­дау жолын­да бір­та­лай ақша­ла­рын жоғалт­ты. Бұл еш кедер­гісіз, еркін кәсіп­кер­лік­ке сенетін­дер­дің жеңісі еді, мен олар­ды «нары­қтық фун­да­мен­та­ли­стер» деп атаймын.

Қар­жы­лық капи­тал эко­но­ми­ка­лық даму­дың ажы­ра­мас құрам­дас бөлі­гі, сон­ды­қтан тек кей­бір даму­шы елдер ғана өз қар­жы­ла­ры­мен өздерін қам­ти алды, ал жаһан­да­ну орман өртін­дей жай­ы­лып кет­ті. Қар­жы­лық капи­тал салық пен рет­те­уден қашып, еркін қозға­лы­сқа түсудің мүм­кін­ді­гі туды.

Жаһан­да­ну­дың ұза­ққа кететін эко­но­ми­ка­лық және сая­си сал­да­ры бар. Ол бай және кедей мем­ле­кет­тер­дің эко­но­ми­ка­лық бай­ла­ны­сы­на алып кел­ді, соны­мен қатар ол бай және кедей мем­ле­кет­тер­дің теңсізді­гінің ұлға­юы­на да соқтырды.

Бұдан дамы­ған елдер­де­гі жал­пы халы­қтың 1%-дан да азын құрай­тын ірі қар­жы капи­та­лы­ның иелері ұты­сқа шықты. Түс­кен табысты бөлу сая­са­ты­ның жоқты­ғы нара­зы­лы­қтың көзі болып отыр, мұны демо­кра­ти­яға қар­сы күш­тер ұтым­ды пай­да­ла­ну­да. Бұдан басқа да әсіре­се Еуро­па­да қосым­ша фак­тор­лар жеткілікті.

 

Мен әуел бастан-ақ Еуро­одақтың құры­луы­ның бел­сен­ді жақта­у­шы­сы бол­дым. Ортақ игілік үшін өз суве­ре­ни­тетінің бел­гілі бір бөлі­гін беру­ге дай­ын демо­кра­ти­я­лық мем­ле­кет­тер ассо­ци­я­сы­ның құры­луы – ашық қоғам иде­я­сы­ның жүзе­ге асуы деп есептедім.

Еуро­одақ, Поппер «әле­умет­тік саты­лы инже­не­рия» деп атаған сфе­ра­да батыл экс­пе­ри­мент түрін­де бастал­ды. Көш­бас­шы­лар алда­ры­на қол­жетім­ді мақ­сат қой­ды, фик­са­ци­я­ланған гра­фик түзді, әрбір қадам келесі қада­мға жол аша­ты­нын айқын сезіне оты­рып, алға қой­ған мақ­сат­та­ры­на жету жолын­да бар­лық ерік-жігер­лерін жұмылдырды.

Еуро­одақта көмір мен болат­тың еуро­па­лық бір­ле­сті­гі дәл осы­лай құры­лып дамы­ды. Бірақ арты­нан іс кері кете баста­ды. 2008 жылғы тоқы­ра­удан кей­ін тең дәре­же­де­гі ерік­ті бір­ле­стік­тер кре­ди­тор­лар мен борыш­кер­лер одағы­на айнал­ды. Мұн­да борыш­кер­лер­ге өз мін­дет­те­ме­лерін орын­дау қиын­дай түсті де, кре­ди­тор­лар олар бағы­нуға тиісті өз шар­тта­рын қоя бастады.

Бұл қарым-қаты­на­стар тең және ерік­ті емес еді.

Гер­ма­ния Еуро­па­дағы геге­мон мем­ле­кет­ке айнал­ды, бірақ ол геге­мон­дар атқа­руға тиісті мін­дет­те­ме­лер­ді орын­дай алма­ды. Атап айтқан­да, ол өзіне тәу­ел­ді адам­дар­дың мүд­десі­нен гөрі, өзінің жеке мүд­десін көбірек қорға­удан әрі аса алмады.

Екін­ші дүни­е­жүзілік соғы­стан кей­ін­гі АҚШ пен 2008 жылғы тоқы­ра­удан кей­ін­гі Гер­ма­ни­я­ның өзін­дік ұста­ным­да­рын салы­сты­рып қараңыз: АҚШ бүкіл ЕО-ның дамуы­на алып кел­ген «Мар­шалл жос­па­рын» құр­ды, ал Гер­ма­ния өзінің жеке мүд­десіне ғана қыз­мет ететін қатаң эко­но­ми­ка бағ­дар­ла­ма­сын іске қосты.

Екі Гер­ма­ния қосы­лар алдын­да бұл ел Еуро­па инте­гра­ци­я­сы­ның басты қозға­у­шы күші бол­ды: олар бар­лық уақыт­та да қар­сы­ласқан­дар­ды жеңу үшін өзі­нен сәл арты­ғы­рақ беру­ге дай­ын еді. Мар­га­рет Тэт­чер­дің ЕО бюд­жетіне қаты­сты бар­лық талап­та­рын орын­да­удағы Гер­ма­ни­я­ның қосқан үлесі естеріңіз­де ме?

Бірақ екі Гер­ма­ни­я­ның «1‑ге 1» моделі бой­ын­ша қосы­луы тым қым­батқа шықты. «Lehman Brothers» құл­ды­раған кез­де Гер­ма­ния өзіне қосым­ша мін­дет­те­ме ала­тын­дай сон­ша­лы­қты бай емес екен­ді­гін мәлім­деді. Кей­ін Еуро­па қар­жы мини­стр­лері жүй­есі бір­де-бір маңы­зды қар­жы ұйым­да­ры­ның құла­у­ы­на жол беру­ге бол­май­тын­ды­ғын мәлім­де­ген кез­де Гер­ма­ния канц­лері Анге­ла Мер­кель өз элек­то­ра­ты­ның нені қалай­ты­нын дәл бағам­дай оты­рып, ЕО-ның әрбір мүше-мем­ле­кеті өз қар­жы ұйым­да­ры­ның жағ­дай­ы­на өздері қамқор­лық жаса­уы тиіс деп мәлім­деді. Бұл дез­ин­те­гра­ция про­цесінің басы болды.

2008 жылғы тоқы­ра­удан кей­ін ЕО және Еуро­ай­мақ бұдан әрі әре­кет жаса­уға қабілет­сіз бола баста­ды. ЕО-ға мүше елдер­де­гі басым­ды­ққа ие көр­сет­кі­ш­тер Маастрихт келісім-шар­тын­да көр­сетіл­ген­нен басқа­ша сипат ала баста­ды, бірақ баста­пқы келісім-шар­тты өзгер­ту қиын, тіп­ті мүм­кін емес, өйт­кені ол өзгерістер­ді қай­та рати­фи­ка­ция жасау мүм­кін емес еді.

Сөй­тіп Еуро­ай­мақ ескір­ген заң­ды­лы­қтың құр­ба­ны­на айнал­ды. Аса қажет­ті өзгерістер­ді енгі­зу – қабыл­данған құқы­қтық құжат­тың осал тұста­рын айна­лып өту арқы­лы ғана мүм­кін бол­ды. Осы­лай­ша ЕО билік орган­да­ры күр­де­лене түсті, ал сай­ла­у­шы­лар олар­дан қашы­қтап, жат­та­на бастады.

Еуро­паға қар­сы қозға­лы­стар­дың күш алуы – басқа­ру инсти­ту­ты­ның өз функ­ци­я­сын атқа­руы­на одан да зор зардаб­ын тигізді. Дез­ин­те­гра­ция күш­тері 2016 жылы тіп­ті күшті импульс алды – алды­мен Англия «Brexit»-і, сосын АҚШ-та Трамп­тың сай­ла­нуы, сосын 4 жел­тоқ­сан­да ита­ли­я­лық сай­ла­у­шы­лар­дың басым бөлі­гінің кон­сти­ту­ци­я­лық рефор­ма­дан бас тар­туы ауыр соққы болды.

Осы­лай­ша демо­кра­тия кри­зи­сті бастан өткеруде.

Тіп­ті демо­кра­тия жөні­нен әлем­нің жетек­ші мем­ле­кеті АҚШ-тың өзі дик­та­тор болуға өлар­ман ала­яқтың ел пре­зи­ден­ті болып сай­ла­нуы­на жол бер­ді. Трамп өзінің сай­лау алдын­дағы бөспе­лі­гін біраз жеңіл­дет­кен­мен де, ол өз тәр­тібін де, өз кеңес­шілерін де өзгерт­кен жоқ. Оның каби­неті – өз ісін жетік біл­мей­тін экс­тре­ми­стер мен доға­ры­стағы гене­рал­дар­дан құралған.

 

Алда бізді не күтіп тұр? Мен АҚШ-тағы демо­кра­ти­я­ның өз пози­ци­я­сын сақтап қала­тын­ды­ғы­на сенім­ді­мін. Кон­сти­ту­ция мен басқа да инсти­тут­тар, мыса­лы, 4‑ші билік, атқа­ру­шы билік­тің асы­ра сіл­те­ушілік­теріне, сөй­тіп нағыз дик­та­тор­дың пай­да болуы­на қар­сы тұра ала­тын­дай жет­кілік­ті әле­ует­ке ие деген ойда­мын. Бірақ АҚШ жақын бола­шақта тек өзінің ішкі күресі­мен айна­лы­са­тын бола­ды, бұл уақыт­та азшы­лық қиын­шы­лы­қта қала­ды. Өйт­кені АҚШ әлем­нің басқа елдерін­де демо­кра­ти­я­ны қорға­уға және алға жыл­жы­туға мүм­кін­ді­гі бол­май­ды. Керісін­ше, Трамп билі­гі дик­та­тор­ларға май­дай жаға­ды. Ол кей­біре­улер­дің АҚШ-пен ком­про­мис­ске келуіне мүм­кін­дік бер­се, басқа­лар­дың өздерінің бұры­нғы істерін еш кедер­гісіз жалға­сты­ра беруіне жағ­дай туғызады.

Трамп прин­циптер­ді қорға­уға емес, келісім­ге келу­ге тырысады.

Өкініш­ке орай, оның негіз­гі элек­то­ра­ты мұны қол­дай­тын болады.

Мені әсіре­се ЕО тағ­ды­ры қат­ты алаң­да­та­ды. Оның басқа­ру кон­цеп­ци­я­сы ашық қоғам кон­цеп­ци­я­сы­мен мүл­дем қиы­лы­спай­тын Ресей пре­зи­ден­ті Путин­нің ықпа­лы­на түсіп қалу қау­пі зор. Путин бұл жағ­дай­да пас­сив­ті пай­да көз­де­уші емес, ол осын­дай жағ­дай­ды туғы­зу үшін аз жұмыстанған жоқ.

Ол өз режи­мінің әлсіз тұста­рын түсін­ді: ол табиғи ресур­стар­ды барын­ша пай­да­ла­нуға қабілет­ті, бірақ эко­но­ми­ка­лық өсім­ді қам­та­ма­сыз ету­ге қабілет­сіз. Ол Гру­зи­ядағы, Укра­и­на­дағы және т.б. жер­дер­де­гі «түсті» рево­лю­ци­я­лар­дың өзіне қауіп­тілі­гін сезе біл­ді. Алды­мен ол әле­умет­тік медиа-ресур­сты өз бақы­ла­у­ы­на алуға тыры­сып көр­ді. Арты­нан ол тама­ша қадам жаса­ды: әле­умет­тік меди­а­ның биз­нес-моделін дез­ин­фор­ма­ция мен фейк-жаңа­лы­қтар тара­туға, сай­ла­у­шы­лар­ды бағы­ты­нан ада­сты­руға, демо­кра­ти­я­лық елдер­де жағ­дай­ды тұрақ­сыздан­ды­руға пай­да­ла­ну­дың жолын тапты.

Тап осы­лай ол Трамп­тың жеңіп шығуы­на да көмектесті.

2017 жылғы Нидер­лан­ды, Гер­ма­ния және Ита­лия сай­лау науқан­да­рын­да да тап осы жағ­дай орын алуы әбден мүм­кін. Фран­ци­яда екі жетек­ші кан­ди­дат­тың еке­уі де Путин­ге жақын және оның бабын табуға тыры­су­да. Олар­дың қай­сысы жең­се де, Путин үшін fait accompli, яғни біт­кен іс болады.

Мен Еуро­па­ның көш­бас­шы­ла­ры да, аза­мат­та­ры да бұл жағ­дай­дың олар­дың құн­ды­лы­қта­ры мен өмір сүру образ­да­ры­на қауіп­ті екен­ді­гін түсі­неді деп үміт­те­не­мін. ЕО-ның өзі осы құн­ды­лы­қтарға негіз­деліп құрылған.

Мәсе­ле мына­да – демо­кра­ти­я­ны тұрақ­сыздан­ды­руға бағыт­талған, Путин қол­да­нып оты­рған әдісті фак­тілер­ге сый­ла­сты­қ­пен қара­уды қал­пы­на кел­тіру­ге, нақты жағ­дай­ды дұрыс бағам­дай білу­ге қол­да­нуға болмайды.

Еуро­одақ эко­но­ми­ка­лық өсім­нің бая­у­ла­у­ы­мен, босқын­дар мәсе­лесінің бақы­ла­удан шығып кетуі сал­да­ры­нан тарап кету қау­пі алдын­да тұр.

Енді Еуро­одақ 1990 жыл­да­ры СССР өткер­ген тәжіри­бені басы­нан өтке­ру­ге тиіс.

ЕО-ны қай­та құру үшін, оны құтқа­ру керек екен­ді­гіне сенетін­дер жақ­сы қоры­тын­ды алу үшін қолы­нан кел­ген­нің бәрін жаса­уға тиісті.

Джордж СОРОС,

қар­жы­гер және филантроп

 

• Мақа­ла­ны қазақ тіліне аударған Қуа­ныш Еділ­хан­те­гі (Ақтау)

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн