Понедельник , 7 июля 2025

Қанған жоқ па әлі ұйқың, ұйықтайтын бар не сиқың?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №09 (280) от 05 мар­та 2015 г.

 

Тура­би тұғыры

 

Айдос Жұқанұ­лы:

Тамыр-таны­ста­ры­ңыз бол­са, мына жұмысқа кіре ала­сыздар. Тала­бы мына­дай: 1. Жылы­на бір рет өз облы­сы­ңы­зға барып, пре­зи­дент­ті мақтай­сыз; 2. Жұм­сақ крес­ло­да оты­рып, «иә», «жоқ» деген екі түй­ме­шік­тің «иә» дегенін ғана басып оты­рас­ыз. Айлы­ғы 462 мың 500 тең­ге. Алдағы деваль­ва­ци­ядан соң 750 мың тең­ге бола­ды. Сізді тағай­ын­дай­ды. Бірақ халық қала­у­лы­сы­мын деп айтып жүресіз.

 

Ұлы­қ­бек Есдәулет:

Біздің дәуірі­міз мына­дай пара­док­сы­мен тарих­та қала­ды: шикі билік­тің шікіра­сы­мен шикі­зат сатып, шірі­ген бай­лы­ққа ие болып, шікірей­ген алпа­уыт­тар­дың бәрі «шеті­нен қолы­нан жете­леп апа­рып түр­ме­ге тығуға лай­ық» ұры­лар болға­ны­мен, оларға шетел асып, ізі суы­ған­ша, тіп­ті суы­ған соң да, біз­ге қар­сы ғай­бат сөз айтып, суын ішкен құды­ғы­на түкір­ме­се – ешқан­дай сот жоқ, дәл бір соғы­стың батыр­ла­ры сияқты: неғұр­лым көбірек жауды (кісіні) өлтір­сең – соғұр­лым даңқты­сың. Ал бей­біт күн­де бір адам­ның қанын мой­ны­на жүк­те­ген адам – қыл­мыс­кер. Ебін тауып, екі асап, жүз мил­ли­он­дап жеген­дер­ге құр­мет­пен, сүй­сіне қарай­мыз, шелек жалап тұты­лған­дар­ды жек көріп, ең бол­ма­са мүсір­кей­міз. Бұл біздің қаһар­манға – қаһар­ман деп қара­уды біл­сек те, әлі күн­ге дей­ін ұры­ға – «ұры» деп қарап үйрен­бе­гені­міздің дәлелі.

 

Дина Төле­ко­ва:

Ресей­дің Бірін­ші арна­сын­дағы ток-шоуды көр­дік. Кезек­ті шыға­ры­лы­мын бүгін кісі қолы­нан қаза тапқан Борис Нем­цо­вқа арнап­ты. Әдет­те ТВ-дағы мұн­дай қара­лы еске алу кеш­терін­де қай­тқан адам­ның өмір жолын тағы бір ой еле­гі­нен өткізіп, кісілік кел­беті мен тұлға­лық қаси­ет­теріне көбірек тоқта­лушы еді… Ал егер ол жан ойда жоқта оққа ұшқан бол­са, «неге бұлай бол­ды­ға» сап, жур­на­ли­стік тұрғы­да зерт­теп-зер­де­леп, кри­ми­на­ли­стерін, тіп­ті анау көріп­кел­деріне дей­ін сту­ди­яға шақы­рып, бірін-бірі түтіп жеп, автор­лар өзін­дік «тер­геу» жұмыста­рын бастап кетер еді… Бұл жолы олай бол­ма­ды… Себеп түсінік­ті… Сая­си сарап­шы­лар, сая­сат­кер­лер, Дума депу­тат­та­ры біре­гей сая­сат­кер­дің тұлға­лық хариз­ма­сын еске алып, өлім­нің себеп-сал­да­рын сара­пқа сал­мақ түгілі, бар­лы­ғы жапа-тар­мағай Баты­сты қарғап-сілеп, сүт­тен ақ, судан таза Вовка­ла­ры мен Ұлы Ресей­лерін қорғап-қол­паштап, әлек бол­ды… Бірінің аузы­на бірі түкіріп қой­ған­дай… Жалған пат­ри­о­тиз­мнің иісі ана­дай­дан аңқып тұр­ды… Оның сасық иісін теле­жә­шік­тің бер жағын­да оты­рған біз сездік… Бой­ы­мыз тітір­кеніп, бір сәт ойы­мыз іркіл­ді… Сон­дай жиір­кені­шті көрініс… Қапы­да қаза болған тұлғаға әлем тік тұрып «честь» беріп жатқан­да, өз ұлда­ры­на, өз Боря­ла­ры­на ең соңғы құр­метін де лай­ы­қты түр­де көр­се­те алма­ды… Алте­кең мен Заман­бек­тер кет­кен­де, біздікілер ТВ-дан құрғақ ақпар беріп қоя салған еді… Мына­дай ресей­лік сай­қы­ма­зақ боқ-шоудан қаза­қстан­дық жоқ-шоу дұрыс шығар…

 

Ахмет­бек Нұрсила:

Жер­дің астын­дағы бай­лы­ғын сорып алған соң (бұл ауыл­да кен өндіретін завод болған – сурет­те), кезін­де ондаған мың адам тұра­тын мына ауыл – Алма­ты облы­сын­да, қазір онда 20–30 отба­сы ғана қалыпты.

Қаза­қстан­да да жер асты бай­лы­ғы тау­сы­ла­тын заман келеді. Мен­де шын қорқы­ныш бар: енді бір 50–70 жыл­дан соң, біздің елдің көп­те­ген қала­ла­ры мен ауыл­да­ры мына фото­дағы­дай болып қала­ды ма деген… Қазір­дің өзін­де 500 000 адам (бұл бер жағы шығар) шетел­ден үй алып қой­ған! Сіз бен біздің ұрпағы­мы­здың күні қалай болады?

 

Қасым Аман­жолұ­лы:

Нем­цо­втың өлтірілуін пут­ин­дік билік кім­ге жап­са да, ең басты­сы – қазір­гі орыс қоға­мын­дағы адам­дар ара­сын­дағы сұра­пыл қай­шы­лы­қты, аяу­сыз жек­көріні­шті айғақтай­ды. Тобыр­дың инстинк­тік дең­гей­де­гі ең сұм­дық түй­сік­терін ояту­да, өз бауы­рын өлтіру­ге шексіз рұқ­сат беру­де алды­на жан сал­май оты­рған Кремль – бұл қыл­мысқа бәрібір жау­ап­ты. Жын­ды құты­дан шығарған пут­ин­дік режим. Осы­дан соң Досто­ев­ский мен Тол­стой­лар­дың қалай туға­нын түй­сі­несің. Пуш­кин­дер мен Лер­мон­то­втар­дың кісі қолы­нан өлуін заң­ды­лық санай­сың… Қашан­да құр­бан болу­дан шар­ша­маған қай­ран орыс зия­лы­сы. Иман­ды бол…

 

Жұма­мұрат ШӘмші:

«24 kz» теле­ар­на­сы­нан жаңа­лы­қтар­ды тың­да­дым. 20 минут бойы әртүр­лі адам­дар пре­зи­дент сай­ла­у­ын биыл өткі­зу тиім­ді деп, «жер­ден жеті қоян тапқан­дай» бөсіп жатыр, содан соң 10 минут Қызы­лор­да облы­сы­на газ құбы­ры тар­тыл­ды деп мақтан­ды. Осы да жаңа­лық па?  Құдай­ым-ау, пре­зи­дент сай­ла­уы өтетінін бір жыл бұрын «Жас Алаш» газеті жазып қой­ған, халы­қты газ­бен қам­та­ма­сыз ету жос­па­ры Австра­ли­яда 1867 жылы, Жапо­ни­яда 1889 жылы, АҚШ-тың көп­те­ген штат­та­рын­да 1870 жыл­да­ры жүзе­ге асырылған.

Көше­де XXI ғасыр бол­са-дағы, біздің қазақ ұйқы­сы­рап жүр. «Қанған жоқ па әлі ұйқың, ұйы­қтай­тын бар не сиқың?..».

 

Әбдіра­шит Бәкірұлы:

Қаза­қстан­дық тау­ар­лар­ды сатып алы­ңы­здар… Бүгін­де дәл осын­дай ұран көтеріп жатыр шен­ділері­міз. Әне­бір күн­дері деле­гат­та­ры­мыз Ресей­ге барып, «тау­ар­ла­ры­ң­ды тоқта­та тұры­ң­дар» деп көр­ген еді, олар «мұның не?» деген болу керек – енді елге келе салы­сы­мен, «Ресей­ден тау­ар (бен­зин де) тоқта­май­ды» деп жатыр… Бірақ оның есесін «ұлт­тық пат­ри­о­тизм» есебі­нен тол­тыр­мақ­шы ғой дей­мін, «өз тау­ар­ла­ры­мы­зды алы­ң­дар» деп жатыр. Кім оған қар­сы? Әрине, құп­тай­мыз. Алай­да… мың­даған адам дүкен кас­са­сы­ның алды­на кел­ген­де «пат­ри­от» екенін ұмы­та­ды. Ол арзан тау­арға ұмты­ла­ды. Оны ол үшін жазғы­руға да бол­май­ды: ала­тын жалақы­сы мен тұр­мыс жағ­дайы оларға «пат­ри­от» болуға мүм­кін­дік бер­мей­ді. Деген­мен, біздің елде 1 млрд. долл-ды қымқы­рып, «пат­ри­от» болуға болар, өйт­кені мұн­дағы «пат­ри­о­тизм» – бай­лы­ғы­ңы­здың кепілі, ал «тиы­нын санап» оты­рған халы­ққа арзан тау­ар қажет. Сон­ды­қтан бай бол­саңыз, «пат­ри­от» бол­саңыз, мына тұрған арзан тау­ар­дан да арзан, әрі сапа­лы тау­ар өндіріп, халы­ққа саты­ңыз… Бірақ ол біздің «мил­ли­ар­дер­лер­дің» қолы­нан келе ме? Бұл жағы­нан кел­ген­де олар­да «пат­ри­о­тизм» бар ма? Осы уақы­тқа дей­ін «ондай бар» деген­ді естіп көр­ме­ген екенмін…

 

Жолым­бет Мәкішев:

«Ұлы Отан соғы­сын» атап өту дәстүрі бүгін­гі билік­пен бір­ге құр­ды­мға кете­ді. Өйт­кені ел басқа­ра­тын келесі буын оған қар­жы бөлуді, ақша­ны тек­ке шашу, кел­мес­ке кет­кен импе­ри­я­ның жетісті­гін жыр­лау деп қабыл­дай­тын бола­ды. Дәл солай бола­ры­на сенім­ді­мін. Бұл мере­кені Кеңес Одағы­ның бір­ден-бір мұра­гері сана­ла­тын Ресей импе­ри­я­сы өзінің «одақ­та­ста­ры­на» күш­теп таңып отыр. Сон­ды­қтан «носталь­ги­я­мен» өмір сүретін билік­те­гі ком­му­ни­стер одан бас тар­туға жол бер­мей­ді. Бұрын 9 мамыр­ды соңғы арда­гер қалған­ша той­лай­тын «шар­тты мере­ке» шығар деп ойла­у­шы едім. Бірақ сол сол­дат­тар­дың қолы­мен от көсе­ген ком­му­ни­стер­ге арда­гер­лер­дің қата­ры сиреп бара жатқа­ны да қажет емес екеніне көзім жет­ті. Бұл ең алды­мен сон­дай алып импе­ри­я­ның ыды­рап кет­кеніне әлі күн­ге дей­ін бар­мақ тістей­тін­дер­дің бас мере­кесі. Айт­пақ­шы, Путин­нің осы­ған бай­ла­ны­сты былай деп өкін­гені бар: «Совет Одағы­ның ыды­ра­уы – XX ғасыр­дағы ең үлкен гео­са­я­си апат бол­ды». Ал бұй­ры­ққа бағы­нып, сын сағат­та соғы­сқа сұра­нып, «Отан­ды» қорға­уға аттанған ержүрек жауын­гер­лер­ге менің қай-қашан да құр­метім шексіз. Олар өзіне жүк­тел­ген мис­си­я­ны арты­ғы­мен орындады.…

(Пікір­лер «Фейс­бук» желісі­нен алынды)

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн