Суббота , 12 июля 2025

ҚАНАТ ТЕҢІН таппай жүр ме?

Әттең деші!

 

Күрзі жұды­ры­қты, алға­шқы орта сал­мақта WBA Fedecaribe атағы­ның иегері қаза­қстан­дық бокс­шы Қанат Ислам колум­би­я­лық Орлан­до де Хесус Эст­ра­да­мен жек­пе-жегін­де өзінің атағын сақтап қалды.

Бұл ұрыс Қанат үшін кәсі­би ринг­те­гі 19-кез­де­суі бола­тын. Шыққан­нан қар­сы­ла­сын қақ­пақыл­да­тып, бұры­штан бұры­шқа тыққан бокыс­шы­мыз жек­пе-жек­ті төр­тін­ші раунд­тан асыр­ма­ды. Осы­лай­ша қаза­қстан­дық бокс­шы өзінің ман­са­бын­да     16-рет мерзі­мі­нен бұрын жеңіс­ке қол жеткізді.

Мұн­дай­да Қанат батыр­дың қолы жет­кенін қарқ болып айта­мыз-ау: әттең, осын­дай оғы­лан ұлдарға қолы жет­пей жүр­ген елдің қата­ры қан­ша екен, сірә?!

Бұлай айтуы­мы­здың да өз ала­бө­тен себебі бар: былай­ғы жұрт­тың пікірін­ше, бұл кезек­ті кез­де­су­лер­дің аты бар да, заты жоқ сияқты. Яғни, бұн­дай ұсақ-түй­ек кез­де­су­лер жер­лесі­міздің алтын уақы­тын рәсуә ететіні де айты­лып жүр. Оны осы жолғы ұры­стан да оп-оңай бай­қа­уға бола­ды: жер­лесі­міз колум­би­я­лық бокс­шы­ны төрт раунд бойы төрт бұры­шқа тығып жүріп саба­ды емес пе?!

Себеп қай­да?

Себеп мына­да деседі: бокс­шы­мы­здың әр жолғы жеңісіне сүй­і­нетін жан көп те, оның шар­шы алаңға дей­ін кез болар қым-қуыт қиын­шы­лы­ғын шешер «шебер» мен шене­унік­тің қата­ры тым-тым сирек көрі­неді. Сосын да «жалғы­зды­ғы­нан» шаңы шық­пай, әлем­дік аре­на­да үне­мі әлсіз­дер­ге тап бола­ды екен…

Әттең деші?!

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн