Воскресенье , 6 июля 2025

Қант неге ҚЫМБАТ?

 

Аста­на­да соңғы айда қант 35,6% қым­бат­тап, 1 келісі Т240 болға­нын Қаз­ТАГ агент­ті­гінің ай сай­ын баға­ларға жүр­гіз­ген мони­то­рин­гі көрсетті.

Агент­тік тіл­шілерінің мәлі­мет­терін­ше, Аста­на мен Алма­ты­да қант баға­сы орта­ша алған­да 1 келі үшін Т240 бола­ды және егер Алма­ты­да қант бір айда Т20-ға қым­бат­та­са, елор­да­да – Т63-ке қымбаттады.

Өске­мен­де де осын­дай қант баға­сы тір­кел­ді (+Т43), қант баға­сы­ның ең қым­ба­ты тек Ақта­уда ғана – 1 келі үшін онда Т243 төлей­сіз. Аты­ра­уда бір айда қант баға­сы едәуір қым­бат­таға­ны бай­қа­ла­ды – Т234 (+Т38). Ақтө­бе­де тамы­здан бері қант Т14-ке қым­бат­тап, 1 келісі Т200 болды.

Сон­дай-ақ Қаза­қстан­ның басқа өңір­лерін­де де қант баға­сы­ның қым­бат­та­уы бай­қа­ла­ды: Көк­ше­та­уда – Т48-ге қым­бат­тап, 1 келісі Т213 бол­са, Қоста­най­да 1 келісі Т189 (+Т29) болып отыр. Пав­ло­дар мен Семей­де қант баға­сы Т25 және Т30-ға қымбаттады.

Тараз­да қант баға­сы Т5-ке қым­бат­тап Т205-тен саты­лу­да. Тал­ды­қорған­да қант баға­сы 1 келі үшін Т218 тұра­ды. Қант баға­сы арзан­даған жалғыз қала – Пет­ро­павл – бұдан бір ай бұрын 1 келі қант Т195 бол­са, қазір онда Т186 тұрады.

Қаз­ТАГ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн