Понедельник , 7 июля 2025

«АНТИМАЙДАН» – арандатушылық әрекет!

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №08 (279) от 26 фев­ра­ля 2015 г.

 

Айқар­ма­да айта­рым – қоғам қыжылы

 

Тәу­ел­сіздік пен тәу­ел­ділік­тің ара жігін ажы­ра­та білу­ге уақы­ты бол­май, ертеңді-кеш Крем­ль­ге қарағы­штап, бас­пасөз­де паш етіл­генін­дей, иә, рас бол­са, көне дүние-мүлік жинап, дәрет­ха­на­сы­на дей­ін алты­н­мен аптатқан Вик­тор Яну­ко­ви­чтің билі­гі кезін­де Укра­и­на­да дау-дамай бастал­ды ғой. Билік­те жік шықты. Мәс­ке­ушіл­дер мен киев­шіл­дер есеп­те­су­ге кірісті. «Есеп­тес­кен ел бол­май­ды» – ешқай­сысы­ның ішіне жақпады.

 

Уәй­да, «май­дан» бастал­ды. Зама­нақыр­дан өзгенің бәрі болып, апта­лаған ала­са­пы­ран­ның ақы­рын­да Петр Поро­шен­ко екі діз­гін, бір шыл­быр­ды қолға алып, тари­хи Кре­ща­тикті сая­си қоқым­нан тазарт­ты. Сөй­тіп, «уһ!» дей бер­генін­де, аспан­нан аждаһа түсіп, Қырым­ды бас­сал­ды. «Әй! Бұл сенікі емес, менікі!» – деді ол.

Қырым ежел­ден Қырым ханды­ғы­ның елі мен жері еді. Пат­ша­лық Ресей «тоқаш пен тоқ­пақ» күші­мен бодан­ды­ққа душар еткен. Ол «дәстүр» Кеңе­стік кезең­де сақталған. Билік басы­на ала­яқ Ники­та Хру­щев кел­ген­ше. Сол неме күн­дер­дің күнін­де оны – Қырым түбе­гін Укра­и­на Кеңе­стік Соци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­сы­на сый­лай сал­ды. Балаға кәм­пит бер­ген­дей. Сол сәт­те маған мына­дай бір ой келіп еді: «1938–39 жыл­да­ры Укра­и­на­ны билеп-төстеп тұрға­нын­да сон­дағы «Үштік сот­тың» егесі болған Хру­щев 110 мың адам­ды «халық жауы» деп жаза­ла­у­ға қол қой­ған екен. Енді, «ары оянған» соң, сол қыл­мысы үшін бүгін­гі укра­ин­ды­қтар­дан кешірім сұра­уы­ның қисы­ны етіп, Қырым­ды құшақта­тып жібер­ді ме?».

Жұды­ры­ғы­мен ауа­ны түй­гі­ш­тей алқын-жұлқын сөй­лей­тін сол сухит аға­сы­ның ол «жомарт­ты­ғын» қате деп біл­ген ресей­лік пре­зи­дент В. Путин Қырым­ды үн-түн­сіз басып алға­ны­на апта тола бере «Қырым халқы­ның рефе­рен­ду­мын» өткіздіріп, курорт­ты түбек­тің «баяғы­дан Ресей­дікі» екенін «заң­да­стыр­ды».

Содан кей­ін Путин бұл құр­лы­қта қолын қағар ешкім жоғы­на көзі жет­кен соң, Укра­и­на­ны қара мыл­ты­қтың қара­уы­лы­на ілді. Өйт­кені ол елде ондаған жыл­дар бойы тұрып келе жатқан оры­старға укра­ин­дар «күн көр­сет­пей­ді» екен, «солар­ды езгі­ден құтқа­ру керек!». Қыры­мға ұқса­тып, үнде­мей ұмар­лап-жұмар­лап алуға, бірін­ші­ден, дәр­мен жоқ. Екін­ші­ден, Ресей сияқты тәу­ел­сіз ел – Укра­и­наға бір өзінің бұй­ры­ғы­мен соғыс ашуын ішкі-сыр­тқы ешбір заң құп­та­май­ды, – гит­лер­лік тәсіл құры­ған. Олай бол­са, бір жол табуы керек. «О, Мем­ле­кет­тік дума бар емес пе?!». Ол, Путин, Укра­и­на­дағы оры­стар­ды қорғау мәсе­лесін Дума­ның алды­на топ еткізді. Әрине, үкі­мет бас­шы­сы                   Д. Мед­ве­дев­пен келісіп алға­ны сөз­сіз. Еке­уі ел билі­гін асы­қ­ша қақ­пақыл­дап, біріне-бірі беріп келеді, яғни еке­уінің көр­пе-жасты­ғы – біреу. Путин баса­са­улы­ғы бар Укра­и­на­ны ноқта­лау керек десе, Мед­ве­дев жүген кигі­зу де керек деген шығар. Солай­ша алды­на топ еткен ұсы­ны­сты – Укра­и­наға әскер кір­гі­зуді Ресей Феде­ра­ци­я­сы­ның Дума­сы қыңқ етпе­стен қол­дап, «демо­кра­ти­я­лық» шешім жасап бер­ді. Пре­зи­дент талап еткен­де табан­дап қар­сы тұрып бай­қа, табақтан төгіл­ген тары­дай боласың!

Дымы шық­пай­тын Дума Укра­и­наға қар­сы қарар қабыл­даған сәт­те сонау Путин­нің сық­пы­ты көз алды­ма, суық сөзі құлағы­ма қай­та келді.

Сіз­дер­дің де, құр­мет­ті оқыр­ман, естеріңіз­де шығар, Путин алғаш пре­зи­дент болған­нан кей­ін қожа­лық түр­мен: «Егер жер шары­ның қай нүк­тесін­де­гі бол­сын, орыс жәбір көретін бол­са біз оны қорғай­мыз!» – деді емес пе?!.

«Өйдөйт! – дедім сон­да, еріксіз таң­да­нып. – Егер Аме­ри­ка Құра­ма Штат­та­рын­да ма, Қытай Халық Рес­пуб­ли­ка­сын­да ма, Грен­лан­ди­яда ма, Жаңа Зелан­ди­яда ма… бір орыс: «Помо­ги-и-ите-е‑е!» деп қышқыр­са бол­ды, Путин әскер аттан­ды­руға құқы­лы екен-ау?! Қышқы­рған­ның қай елдің аза­ма­ты екенін­де шаруа жоқ, тек орыс бол­сын, ә?!. Ал ондай құқты ол кім­нен, қашан алды? Өзі пәлен­бай жыл порт­фелін тасы­ған Соб­чак­тан ба, өзіне бата бер­ген Ель­цин­нен бе?».

Міне, сол кеудем­соқты­ғы Укра­и­наға қан­жаң­быр болып жауды да, мың­даған орыс пен укра­ин­ды оққа бай­ла­ды. Ағай­ын­ды екі халық ата­жа­удай қырқы­сып жатыр.

Басқын­шы­лық жасаға­нын дүние жүзінің АҚШ, Англия, Фран­ция, Алма­ния бастаған ондаған елі айып­тап отыр­са да, Путин ойла­нар емес. Ойла­на қой­ма­сы­ның бір­ден-бір көрінісі кеше ғана Мәс­ке­уде «Анти­май­дан» деп аталған қалың шерудің өтуіне жол бер­гені. Ондай аран­да­ту­шы­лық шара­ның дай­ын­да­лып жатқа­нын есті­гені, біл­гені сөз­сіз­дей, оған тый­ым салуға құлқы бол­маға­ны да сөз­сіз. Укра­и­на Май­да­нын көзді жұмып, құлақты бітеп алып кіна­лаған­дар Путин­нің айна­ла­сы­на топ­та­ну­ды ұран­дап айтып, қызы­на түсті. Ата­лас екі халы­қты қан­тө­гіс­ке душар еткен кім, қан­дай күш екенін сұраған, оларға шара қол­да­ну­ды талап еткен жан болмады.

Путин­нің бұлай­ша «өзім­білем­ді­гі» Ресей­дің мәр­те­бесін өсіріп оты­рған жоқ. Өсі­ру ойы бол­са, былай демес еді (түп­нұсқа­сы­нан алы­нған үзін­ді):  «…На засе­да­нии Гос­ду­мы в 2012 году утвер­жда­ли пре­мье­ром тень Пути­на – Мед­ве­де­ва. Пред­став­ляя его, пре­зи­дент наго­во­рил, как все­гда, кучу несу­раз­но­стей. Но одно из его заяв­ле­ний теле­о­фи­ци­ан­ты с радо­стью тер­за­ли по всем кана­лам. А ска­зал Путин сле­ду­ю­щее: «В СССР ниче­го кон­ку­рен­то­спо­соб­но­го, кро­ме, раз­ве галош, не про­из­во­ди­ли» (Миха­ил Пол­то­ра­нин, «Злой дух Рос­сии. Власть в тро­ти­ло­вом эквиваленте‑2». Москва. АЛГОРИТМ. 2013 г.).

Дүние жүзін гит­лер­лік фашиз­мнің езгісі­нен сақтап қалған, ғары­шқа алғаш адам ұшы­рған қуат­ты Кеңес Одағын ол ыды­ра­ты­лған­нан кей­ін, 22 жыл­дан соң, оры­стар айта­тын­дай, «гало­шқа оты­рғы­зған» Путин­нің кім болғаны?

Жал­пы ТМД елдерін өзінің аула­сы­на кір­гізіп алып, тырп еткіз­бей ұстау үшін нешетүр­лі одақты ойлап тауып, ау жай­ып, қақ­пан құрып жүр­ген Путин Кеңес Одағын тарих­тан екшеп таста­уды көк­се­уін біз­ге, Қаза­қстанға, 2010 жылы кел­генін­де: «Қаза­қстан­да мем­ле­кет болған емес. Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев мыр­за нөл­ден бастап, мем­ле­кет құр­ды» деп бір бай­қат­са, Ресей жаста­ры­ның «Сели­гер – 2014» жиы­нын­да «шығы­ста­ну­шы сәу­е­гей­лік­пен» кір­пік қақ­пас­тан тағы айтты.

Біз қазақ ханды­ғы­ның 550 жыл­ды­ғын той­ла­мақ­пыз. Путин­нің бас мей­ман бола­ры анық. Сон­да ол Қаза­қстан тура­лы не дер екен? Әлде біз­ге «Анти­май­да­ны» жай­ын­да ағыл-тегіл дәріс оқып, келесі жиын­да­ры­на қаты­суға деле­га­ция жібе­руі­мізді талап ете ме? Ол да мүмкін.

Ғаб­бас ҚАБЫШҰЛЫ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн