Вторник , 26 августа 2025

ҚАПАСТАҒЫ БАТЫРДЫҢ ТУҒАН КҮНІ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №18 (382) от 12 мая 2017 г.

 

Түр­ме­ге хат

 


Қым­бат­ты Макс! Талғат еке­уің қаза­қтың жері үшін шырыл­дап, кеуде­лерің­мен билік­тің «амбра­зу­ра­сын жапқан­да­ры­ңа» да жыл­дан асып бара­ды. Билік өздеріне бар­мақ басты, көз қысты­дан түсетін пай­да­сы­нан қаққан сен­дер­ді түр­ме­ге тоғыт­ты. Содан бері тар қапа­с­та еш жазы­қ­сыз азап шегудесіңдер.

 

Билік қазір сұсты да күшті, ал халық бол­са күн­делік­ті тұр­мыс күй­беңі­мен күн өткі­зу­де, сая­сатқа өре­лері, күрес­ке батыл­ды­қта­ры жет­пей­ді. Қаза­қта «қыс аспанға қыста­май­ды» деген сөз бар, мағы­на­сы «қашан да бол­са бір өзгеріс бола­ды» деген­ді біл­діреді. Сол айтқан­дай, жағым­ды өзгеріс бола­ры анық, тек ол қашан болмақ?

Түр­ме­ге әлдебір нақты қыл­мысы үшін түс­кен­дер тез көн­ді­геді, ал нақақтан, еш жазы­қ­сыз, заң­ды бел­ше­сі­нен басқан жалған айып­тар­мен оты­рған сен­дер­ге қиын екені айдан анық. «Нелер келіп, не кет­пес ер жігіт­тің басы­на» деген­дей, сен­дер­ге сабыр мен жігер тілей­міз! Халы­қтың баты­ры ата­нып, бостан­ды­ққа шыға­тын­да­ры­ңа біз сенімдіміз!

Макс! Міне, биы­лғы туған күніңді жана­шыр ағай­ын­да­ры­ң­нан, пікір­лес доста­ры­ң­нан жырақта, түр­менің түне­гін­де қар­сы алуға мәж­бүр­сің! Бірақ қай жер­де бол­са да, туған күн­нің аты – туған күн, сенің мере­келік көңіліңді, қиын­ды­қта, қапа­с­та кісен мен тіке­нек сым да бұза алмауы керек. Себебі сен­дер «баз­біре­улер» сияқты қазы­на­ның ақша­сын ұрлаған жоқ­сы­ң­дар, өздеріңнің «ого­род­ты» емес, қаза­қтың қара­у­сыз қалған қаси­ет­ті жерін қорға­ды­ң­дар! Ойлаға­нын істеп, айтқан­да­рын орын­да­туға үйрен­ген билік халы­қтан ешбір табан­ды қар­сы­лық күт­пе­се керек, өздерің мұрын­дық болған Аты­ра­удағы 24 сәуір­де­гі митин­гі­ден кей­ін қат­ты абы­р­жып қал­ды. Пре­зи­дент өз аузы­мен сен­дер­ге рах­мет айт­ты, жер­ді сату мен ұзақ мерзім­ге жалға берілуін бес жылға тоқтат­ты. Жер комис­си­я­сы құрыл­ды. Сот­тар Талғат еке­уіңді 5 жылға бас бостан­ды­қта­ры­ң­нан айырды.

Бірақ сен­дер сын­ба­ды­ң­дар, келісім­ге кел­медің­дер! «Ләп­пай, тақ­сыр» деп, бас шұлғы­туға үйрен­ген билік­ке бұл ауыр соққы еді. Міне, сон­ды­қтан да сен­дер түр­ме­десің­дер! Бірақ түр­ме­де бол­саң­дар да, сен­дер билік­тің көзінің үстіне шыққан сүй­ел­дей, оларға маза бер­ме­удесің­дер! Ары таза еме­стер­дің тыныш ұйы­қтай алмай­ты­ны бел­гілі, азған­тай күн­дер­ден соң даңға­за жар­на­ма­ла­нып жүр­ген ЭКСПО-2017 баста­ла­ды. Оған келу­ші шетел­дік­тер де бір­деңе деуі мүм­кін (сая­си тұтқын­дар тура­лы), тіп­ті олар үнде­ме­се, біз­дер естеріне саламыз.

Қым­бат­ты Макс, Аты­ра­удағы тілек­тес, ниет­тес аға-іні, апа-қарын­даста­рың сені туған күнің­мен шын жүрек­тен құт­ты­қтай оты­рып, қажы­мас қай­рат, мұқал­мас жігер, тау­сыл­мас төзім, берік ден­са­улық, жарқын бола­шақ, бақыт пен бостан­дық тілей­ді! Сен­дер­дің арла­рың таза, бола­шақта­рың жарқын! Ұял­са – бет­теріне көн жамаған билік ұял­сын! Тезірек бәрі­міз­ге бостан­ды­қта кез­де­су­ге жазсын!

Минал КЕНЖЕКОВ,

Аты­рау қаласы

 

 

Жақ­сы хабар

 

ОҢТҮСТІК ОБЛЫСТАН сол­түстік­ті қаза­қтан­ды­руға 300 АДАМ ШАҚЫРЫЛДЫ

 


 

Оңтүстік Қаза­қстан облы­сы­нан 300 аза­мат Ақмо­ла облы­сы Көк­ше­тау қала­сын­дағы «Ново­пэк» жау­ап­кер­шілі­гі шек­те­улі серік­те­сті­гіне (ЖШС) жұмысқа шақы­рыл­ды. Бұл тура­лы «Азатты­ққа» облы­стық жұмыспен қам­ту­ды үйле­сті­ру және әле­умет­тік бағ­дар­ла­ма­лар басқар­ма­сы бас­шы­сы­ның орын­ба­са­ры Сәт­жан Пола­тов айтты.

 

Пола­то­втың сөзін­ше, басқар­ма­да қолай­лы жағ­дай жасал­са, сол­түстік аймақтарға қоныс ауда­руға ниет­ті 724 отба­сы тір­ке­уде тұр. «Ново­пэк» серік­те­сті­гінің бас­шы­сы Айдар Жақы­пов пен облыс әкі­мінің орын­ба­са­ры Ербол Садыр арнайы мемо­ран­ду­мға қол қойған.

– Ұсы­ны­лған жұмыс орын­да­рын осы 724 отба­сы­на хабар­лай­мыз. Жұмыс беру­ші Шым­кент­те жұмыс­шы­лар­мен әңгі­ме­лесіп, қабыл­дау, я қабыл­да­мау тура­лы шешім шыға­ра­ды. «Ново­пэк» серік­те­сті­гі қап және қолғап шыға­ру­мен айна­лы­са­ды. Әңгі­ме­ле­су­ден өтіп, жұмысқа қабыл­данған аза­мат­тар жұмыспен таны­сып, тұра­тын орын­да­рын көреді. Оған кет­кен бар­лық шығын­ды жұмыс беру­ші көте­реді, – дей­ді шенеунік.

Пола­тов Ақмо­ла облы­сы оңтүстік­тен сол­түстік­ке көшіп бара­тын аймақтар­дың тізі­міне кір­мей­тінін, неге бұлай екенін біл­мей­тінін айта­ды. Ол сол себеп­ті бас­пан­амен қам­та­ма­сыз ету, жол шығы­ны жұмыс беру­шінің есебі­нен өте­летінін, мұның арнайы мемо­ран­дум­да көр­сетіл­генін айтады.

Жұмыс пен бас­па­на бол­мауы себеп­ті Оңтүстік Қаза­қстан облы­сы­ның кей тұрғын­да­ры сол­түстік аймақтарға көшіп жатыр. «Азаттық» бұған дей­ін Оңтүстік Қаза­қстан­нан Сол­түстік Қаза­қстанға көшіп барған кей тұрғын­дар уәделі көмек­ті әлі алмай, күн­көрістері қиын­даға­ны тура­лы жазған. Жер­гілік­ті билік бұл жағ­дай­ды тұрғын­дар­дың өздері­нен көреді.

Azattyq.org

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн