«Общественная позиция»
(проект «DAT» №39 (356) от 27 октября 2016 г.
Турабилер тұғыры
Осы ФБ-да кейбіреулер министрдің Арыстанбек Мұхамедиұлы – Ред.) жағымсыз әрекетін әлгі «Қымызды кім ішпейді, қызға сөзді кім айтпайды» деген қазақтың сөзіне жатқызып, оған көңіл бөлмеуді айтып жатыр.
Құрметті ағайындар! Арыстанбек қызға қырындайтын жай жүрген дала қазағының серісі емес. Ол жасы келген адам, оның үстіне мемлекеттік қызметтің лауазым иесі. Оның әрекетінде мемлекеттік қызметкерлерге жат – жас қыздарды моральдық азғындауға итермелеу әрекеттері бар. Егер оның осы іс-әрекеттері дәлелденсе, ол заң алдында жауап беруі тиіс.
Өмірбай Сабыров
Болат Атабаевтың желідегі пікірі: Айгүл нақты жағдайды жазған екен. Министр Мұхамедиұлы айтады екен: «Жоғарыға шығып, қыздан дәм татып кетпейсіз бе?!» – деп.
Гүлнара Жуаспаева
Ауыл туралы айтқым кеп тұр. Ауылдағылардың айналасында не болып жатқанымен шаруасы жоқ. Театрды білмейді, өмірі көрмеген нәрсесі. Бір жылы Қайрат Нұртас билет сатып, келмей алдап кетеді. Келесі жылы «Қазақстан даусының» жүлдегері Шахризат деген 400 теңгеден билет сатып, келмекші болады. Кешке ауыл тайлы-тұяғымен «мәдениет үйіне» шұбап барса, Шахризат жоқ, ауданның 3 әншісі билеп жүреді. Өнер дегенді телеарналардағы ішкені мен жегенін айтып мақтанып жүрген әншілер деп ойлайды.
Кітап оқымайды, жазылатындары облыстық көлдей-көлдей газеттер. Тең жарымы интернеттен шала аударылған пайдалы кеңеспен толтырылған. Мектептегі ұлттық тәрбие мен білім ол – өз алдына. Айналдырған 100 бала 11 жыл бойы ағылшынға қатысып, әріпке әріпті қосып, оқи алмай шығады. Анау мұғалім сәбет кезінде неміс тілін оқыған адам. Ол да айлық алып, күн көріп жүргеніне ұялмайды.
Әдебиеттен кезінде өзі әдебиет пәнін үшке оқып, әупірімдеп колледж бітіріп келген қара қыз сабақ беріп жүр. Сабақ ортасында бұзауы мен сиырын ойлап тұрады.
Жұмыс жоқтықтан іші пысқан бір ағай күні бойы арыз жазумен айналысады, «Нұр Отанға» айтам деп, шіңк-шіңк етіп жағы талмай. Қысқасы, соғым кезінде ғана еске түсетін ауыл тоз-тозы шығып, құрып жатыр. Ойласаң, жылағың келеді!
Ая Өміртай
Бұл да еліміздегі Бір кісінің жалғыз Бауырыныкі екен. Кезінде 4 ауысыммен 4 мыңға жуық адам жұмыс істеген алып империя. Тоқырау ма, басқа ма – бір күн тоқтамаған.
Бәсе, сөйтсем, акционері жалғыз Бөке Болат Назарбаев – Ред.). Съемканы монтаждап біткен соң білдім. Соғыс уақытында даярлаған снаряд, мина, бомба әлі сақталған. Шаштан жұқа проволкасымен Одақ кезінде дамыған шетелдің 16 мемлекетін тамсантқан зауыттың бүгінгі хал-күйі. Зымыран мен қолымыздағы гаджеттің бөлшегі де Алматы ауыр машина жасау зауытында даярланады.
Гүлмира Абықай
Алғаш Монғолияға демократияны алып келген тұлға ағалардың бірі – ескі парламент мүшесі Самат Аға Керемет айтыпты. Түсінген Адамға!
Жас балаларды осығұрша жексұрындату обал емес пе? «91»-ді айтам. Ал бұл жігіттер – гей емес. Кәдімгідей еркекше киінеді. Олардың тыңдармандары да аз емес.
Оның үстіне өздері қазақша айтады. Оларсыз-ақ шашын бояған, сырға таққан, ышқырсыз гейлер көшеде толып жүр. Кезіндегі сіздердің кумирлеріңіздің де талайы шашын бояп, сырға таққан. Жастар сіздердің жақсы көретін Шура-мура сияқты орыстардың гейлеріне еліктегенше, өзіміздің қазақ жігіттерге еліктесін.
Қазіргі жастар неге әлем музыкасының ағымына қазақша еруге болмайды? Неге қайткенде орысша ғана тыңдауы керек? Обалсынсаңыздаршы! Өз балаларыңыз да соларды тыңдап жүр. Орысша сөйлейтін мың бастықтан жастарды артынан ертетін бес жігіттің қазақша әні артық.
Кішкентай балалармен жағаласқанша ел, жер, тіл үшін күресіп, стресстеріңізді солай шығарыңыздар. Мықты болсаңыздар, дүкенде қазақша сөйлетпей тұрған орыс сатушымен салғыласыңыздар. Көшедегі жезөкше мен кеңседегі сутенер, ышқыры бос министрлерді тәрбиелеп алыңыздар. Сахнада әйелше киініп, ырбыңдайтын орысша сөйлегіш сайқымазақтар мен орысша айтқыш әншілерді түзетіп алыңыздар.
Есейе келе онсыз да бәрі қалады. Әйтпесе қазір екінің бірі сырға тағып, шаш бояйды. Баланы үйде қамап ұстайтын амал жоқ. Интернетті үзіп тастау қиын.
Ең бастысы және қолыңыздан келері де – әркім өз баласын дұрыс тәрбиелесін. Ие болсын. Саясатта диктатураны қолдасаңыздар да, жасөспірім жеткіншектердің талғамына диктатура жүргізе алмайсыздар. Бұларыңыз – таза қиянат. Орыс көрсеңіздер, толерантты бола қаласыздар да, қазақтың баласын жер-жебіріне жетіп, жеп қоя жаздайсыздар.
«Совоктықты» балаларға да таңуға болмайды.
Айтпақшы, қарнын жарқыратып, төсқап қана киіп, үнді биін билейтін қыздарды да неге сөкпейсіздер?..
Нұрбақыт Меллетұлы
Пікірлер «Фейсбук» желісінен алынды)