Суббота , 10 мая 2025

«АР-ОЖДАН ТҰТҚЫНЫ» экстрадициядан құтыла ала ма?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №09 (280) от 05 мар­та 2015 г.

 

Кеше кеш­кісін бет қат­та­лып жатқан­да, Фран­ция соты оппо­зи­ци­я­лық сая­сат­кер, экс-бан­кир Мұх­тар ӘбІ­ля­зо­втың шағы­мын қанағат­тан­дыр­ма­ды деген хабар кел­ді. Яғни, оны Ресей мен Укра­и­на­ның біріне экс­тра­ди­ция жасау жөнін­де­гі бұдан бұрын 2014 жыл­дың 24 қаза­нын­да шыққан про­вин­ци­я­лық сот­тың шеші­мі күшін­де қал­ды деп хабар­лай­ды ТАСС агент­ті­гіне сіл­те­ме жасаған ҚазТАГ.

 

Фран­цуз Әділет мини­стр­лі­гінің ұйға­ры­мы­на қараған­да, Мұх­тар Әбі­ля­зо­втің Ресей­дің қыл­мыстық-тер­геу орган­да­ры­на берілуі басым­ды­ққа ие көрі­неді. Енде­ше қуда­ла­удағы сая­сат­кер­дің енді­гі тағ­ды­рын шешу­ге Ресей­дің еура­зи­я­лық одақ­та­сы Қаза­қстан билі­гі жан­та­ла­са күш сала­ды деген сөз.

Деген­мен, Мұх­тар Әбі­ля­зо­вта экс­тра­ди­ци­ядан құты­лу­дың ама­лы қал­ды ма? «Егер осы сот­тың шеші­мі негізін­де фран­цуз үкі­меті қаза­қстан­дық сая­сат­кер­ді Ресей мен Укра­и­на­ның біріне беру жөнін­де жар­лық шыға­ра­тын бол­са, Мұх­тар Әбі­ля­зов Мем­ле­кет­тік кеңес­ке (Conseil d’Etat), Фран­ци­я­ның жоғарғы әкім­шілік соты­на шағым­да­на ала­ды» деп жаза­ды «Фейс­бук­тағы» парақ­ша­сын­да қаза­қстан­дық жур­на­лист Ири­на Пет­ру­ше­ва. Соны­мен бір­ге Әбі­ля­зо­втің Адам құқы­ғы жөнін­де­гі Еуро­па­лық сотқа жүгі­нуіне мүм­кін­ді­гі бар.

Бұл орай­да қамаудағы сая­сат­кер­дің үлкен қызы Мади­на әле­умет­тік желі­де­гі парақ­ша­сы­на былай деп жазған екен: «Лион­да фран­цуз про­ку­ро­ры, судья­ларға алаң­да­уға негіз жоқ – егер сот экс­тра­ди­ци­я­лау жөнін­де шешім шыға­рар бол­са, фран­цуз үкі­меті экс­тра­ди­ция жаса­удың қау­пін ескеріп, бұл шешім­ді орын­да­удан бас тар­та ала­ды. Енді фран­цуз үкі­меті менің әкем­ді қорғап, біздің отба­сы­мы­зды сақта­уға жәр­дем жасай­ды деп сене­мін. Менің әкем­нің өміріне қатер төніп тұр. Оның қауіп­сізді­гі үшін Ресей­ге де, Укра­и­наға да сену­ге бол­май­ды. Менің әкем­ді өза­ра жау­ласқан бұл елдер­дің еке­уіне де беру­ге бол­май­ды. Бұл елдер­ге Қаза­қстан келіп, әке­ме зор­лық көр­се­туі неме­се Назар­ба­ев оны қай­та­дан мәң­гілік­ке алып кетуі мүмкін».

Соны­мен, Әбі­ля­зо­втың енді­гі тағ­ды­рын Фран­ция үкі­меті шешеді. Оны аталған екі елдің біріне бере ме, жоқ па – ол демо­кра­ти­я­лық прин­циптер­ді қадір тұта­тын елдің билі­гін­де­гі мәсе­ле. Енде­ше фран­цуз үкі­метінің «иә» неме­се «жоқ» деген жар­лы­ғын күтейік.

«

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн