Суббота , 12 июля 2025

Арғын – аға баласы ма?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №17 (288) от 29 апре­ля 2015 г.

 

Аңы­зда ақиқат бар…

 

Қаза­қтың тойы уақы­тын­да бастал­май­ды. Мұн­дай­да жұрт­тың ерме­гі – әңгі­ме. Қыры­қтар­дың мол орта­сын­дағы бес-алты жігіт даб­ы­рас­ып, әлде­не­ге келі­се алар емес. Бір сәт жүзі таныс жігіт өзге­лер­ге мені нұсқа­ды да, бар­лы­ғы маған бет­те­ді. Жамы­рай амандасты.

– Аға, – дей­ді жаңағы аза­мат. – Қазақ шежіресі­нен азды-көп­ті хабар­дар екеніңізді біле­міз. Мана­дан бері тала­сып-тала­сып, ұшы­ғы­на жете алма­дық. Көме­гіңіз керек боп тұр…

– Ал, айты­ң­дар, біл­сек – жәрдемдесейік.

– Былай ғой, аға… Мен Орта жүз­де «арғын – аға бала­сы» десем, мына Қалқа­ман келіс­пей­ді. Айтуын­ша, бұл сөздің қып­шаққа қаты­сы жоқ. Атам: «Арғын – най­ман мен қоңы­ратқа ғана аға. Қып­шақ, керей, уаққа аға­лы­ғы жүр­мей­ді» деп оты­ра­тын. Себебін сон­да сұра­мап­пын… Сіз түсін­дір­сеңіз, жөн болар еді…

Ойға ел орал­ды. Ала­та­удың шығыс сілем­дері – Шұба­рағаш пен Ойжай­ла­удың ете­гін­де­гі Екпін­ді­де қалың най­ман­мен ара­лас-құра­лас бес-алты үй қоңы­рат­тар тұра­тын. Мұны кей­ін біліп жүр­міз ғой. Ол кез­де «Кім­сің? Қай­дан кел­ген­сің?» деген әңгі­ме жоқ. Қари­я­ла­ры­мыз оты­ра қал­са, түп-терең­нен Шежі­ре тара­та­тын. Сон­да құлақта қалған көне хика­я­ны жады­ма оралттым…

…Есте жоқ ерте заман­да, Көк Тәңір­ге табы­нған жұрт аман­да, сонау Алтай­дан ары асып жатқан өлкені мекен­де­ген бір қари­я­ның екі бір­дей ұлы қапи­яда опат болып­ты. Ақсақал­дың қолын­да үлкен ұлдан – Наға­тай, кіші ұлдан – Най­ман­тай және Наға­най деген үш неме­ресі қалып­ты. Үш бала аса тату өсіп келе жатыпты…

Күн­дер­дің күнін­де Най­ман­тай мен Наға­най­дың наға­шы­ла­ры қызда­рын көр­мек­ке келеді. Қонақ кәде­ге разы болып, қай­тар­да атамызға:

– Құда, мына жиен­деріңіз бен келініңіз біраз уақыт аяқ созып қайт­сын. Қызы­мыз елге барып аунап-қуна­сын, жиен­дер наға­шы­ла­ры­мен қой­ын­дас­сын, рұқ­сат етіңіз, – деп қолқалапты.

Ата­мыз қам­көңіл келінінің бой жазып қай­тқа­ны­на қар­сы бол­май­ды. Бірақ Наймантай:

– Наға­тай ағам жол жүріп кет­кен. Атам­ды жалғыз тастай алмай­мын. Наға­най бар­сын. Мен реті түс­кен­де кей­ін соғар­мын, – деп, қалып қойыпты.

Ата­лас үш ұлдың жара­сы­мын көре алмай­тын­дар да бар екен. Солар қари­я­ның неме­ре­лерінің ара­сы­на от таста­удың ама­лын тап­пай жүріп­ті. Осы сәт­ті пай­да­ла­на қою­ды ойла­сты­ра­ды. Най­ман­тай мен Наға­най­дың тұяғы­на шаң қон­бай­тын сәй­гүлі­гі бола­ды екен. Арам­дық ойлаған топ Най­ман­тай­ға келеді:

– Ал, бәй­ге берей­ік деп жатыр­мыз. Аты­ң­ды қос.

– Қоса алмай­мын. Наға­най­мен келі­суім керек, ат еке­уі­міз­ге ортақ.

– Қой әрі! Аттың бағын бай­ла­ма! О несі-ей! Наға­най екі­ба­стан келі­седі – деп, талай-талай дәлел кел­тіріп, атты бәй­ге­ге қосқызады.

Ат әдет­те­гі­дей жеке-дара келіп­ті. Бәй­ге­ге тігіл­ген бір тоғы­зға әлгілер жата жабысады.

– Бөліс! Біз айт­па­сақ, ат қоспас едің, олжа алмас едің…

Най­ман­тай олжа­ны қақ бөліп, бірін Наға­най­ға қал­ды­рып, өзіне тиесілісін үле­стіріп береді. Әлгілер тағы жар­ма­са­ды өлер­дей сөзін айтып.

– Наға­най­дікін де бөл!

– Жоқ, кел­ген соң өзі бөлер.

– Пәлі, осы да сөз бе? Наға­най жомарт, мәрт жігіт. Өзі бол­са да үле­сер еді, – деп, Наға­най­дың үлесін түк таста­май талап әкетеді.

Сөй­те­ді де, қол­ма-қол Наға­най­ға ат шаптырады.

– Ағаң сені ұмыт­ты. Сені­мен келіс­пей атты бәй­ге­ге қосты. Алған бәй­гесі­нен саған дым қал­дыр­май тара­тып жібер­ді. Өзінікіне тимеді. Қайт тезірек, қайт!

Мұны­мен де қой­май Наға­тай­ды жағалайды.

– Ана еке­уі сенен бөлек­теу жүре ме, қалай өзі? Қай­ма­на қазақ біз­ге бәй­гесі­нен шашып жатқан­да, Най­ман­тай інің саған тім құры­са қол үзік қал­дыр­маған ба? Әй, жаты­ры бөлек­тің аты – жаты­ры бөлек-ау!

Не керек, кіш­кен­тай­ла­ры мен келін­дерінің қас-қабағын баққан қария сол бәй­ге­ден бастап, неме­ре­лерінің ара­сын­да салқын соққа­нын аңға­ра­ды. Жай-жап­сар­ды інде­те аны­қтай­ды. Неме­ре­лерінің еш кінәсі жоқ екенін ажы­ра­та­ды. Сөй­тіп, бір шешім­ге келеді, үш ұрқын ана­ла­ры­мен жинайды.

– Аңда­мап­пын, сен­дер өскен екен­сің­дер. Әр қай­сың өз сөзіңді өзің ұстай­тын жасқа жетіп­сің­дер. Адам бір ата­дан сөз қуы­спау үшін туа­ды. Сен­дер­ді бір-біріңді сағы­нып жүретін­дей ететін кез келіп­ті, – деп­ті. Наға­тай­ды жедел­де­те үйлен­діріп, екі күн­дік жер­ге апа­рып орна­ла­сты­рып­ты. Балқа­шты, қоқты, мөл­дірей аққан өзені бар жер екен. Өзен­нің аты – Арғын. Содан Наға­тай келе-келе Арғын ата­лып кетіпті.

Араға аз-кем уақыт түсіріп, Най­ман­тай мен Наға­най­ға қатар шаңы­рақ көтеріпті.

– Мен үше­уіңнің ортаң – Най­ман­тай­дың қолын­да қала­мын – деп, қария Наға­най­ға енші бөліпті.

Аға­сы­ның мой­ны­на мініп өскен Наға­най ерке, шол­жаң екен. Най­ман­тай ештеңе­ден қолын қақ­пай мыр­за жет­кізіп­ті. Сол әдеті­нен қайт­паған Наға­най бер­ген енші­ге разы бол­май, ата­сы­на бат­пай, жең­гесіне ұры­на­ды ғой. Сон­да аға­сы Наймантай:

– Бауы­рым-ау, енші бөл­ген біз емес. Айтар сөзің атаң­да еді. Бірақ рені­шіңді мен түсін­бе­сем, кім түсін­сін. Бізді ала көз еткен бәй­ге еді. Бәй­ге­ге шапқан мына сәй­гүлік еді. Мініп кет, – деп, қимас інісіне ортақ тұл­пар­ла­ры – қоңыр атты жетек­тетіп жіберіпті.

Содан Наға­най – Қоңы­рат ата­лып кете барыпты.

Ақсақал­да­ры­мыз бұл тұрғы­сын­да біра­уы­зды. Най­ма­ны да, қоңы­ра­ты да бас шұлғи­тын. Осы тұста қоңы­рат­тың бір қари­я­сы ілі­ге кетеді.

– Әй, ол заман­да Най­ман­тай­дың билі­гі ата­сын­да еді. Қазір өз қол­да­рың өзің­де. Енші­мізді түген­деп бер­сең­дер­ші! Қашанғы күтеміз?

Мен қызық көретін­мін. Мың жыл­дың ар жағын­дағы аңы­зды құр­дас ата­ла­ры­мыз өз заман­да­ры­на алып келіп, әзіл­ге қоса­тын. Десе де, най­ман­дар есе жібер­сін бе? Қол­ма-қол жау­ап қатады.

– Енші деген сөз боп па?! Сені мой­ы­нға салып өсір­ген біз едік. Енде­ше алды­мен мой­ын ақы­мы­зды төле. Сонан соң аласың…

– Міне, менің білетінім осы, – дедім жөн сұраған жігіт­тер­ге. – Ақсақал­дың үлкен ұлы­нан туған соң «Арғын – аға бала­сы», Ата­ла­ры қолын­да қалған соң, «Най­ман – қара шаңы­рақ» деген­де, осы­лай өткен оқиға­ны дәлел­ге ұстай­тын. Дастар­ханға ет кел­ген­де, «Ата­мы­здың сыбаға­сы» деп, басты най­ман­ның үлкеніне ұста­та­тын, – деп әңгі­мем­ді аяқтадым.

Әрине, ешқан­дай шежі­ре, аңыз, хикая, дастан­дар тари­хи дерек бола алмай­ды. Бұлар­да жаңы­лыс көп. Алай­да ұрпақтан-ұрпаққа мирасқа қалып, бүгін­гі күн­ге әртүр­лі вари­ант­тар­мен жет­кен, кей­де тіп­ті бірін-бірі жоққа шыға­рар халық мұра­сын да жады­да ұста­уға тиіс­піз. Не десек те, тарихы­мы­зды ауыз­ша сақтаған жұрт­пыз ғой.

Ауыл­дағы сол қари­я­лар­дың жасы­на бүгін­дері біз де жетіп­піз. Кем­шілі­гі­міз – жаңағы­дай шежі­ре-аңы­здар­ды айта жүр­мей­ді екен­біз. Аңы­зда­ры­мыз қазақ рула­ры­ның бір­лі­гін ту еткен екен. Алдағы уақыт­та ойда болар бір шаруа осы­лай шықты.

 

Камал ӘБДІРАХМАН,

Қара­ке­рей Қабан­бай батыр кесе­несінің шырақшысы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн