Среда , 14 мая 2025

ҚАРАҒАНДЫНЫ СУ ШАЙҒАНДА, Назарбаев Алматыда не іздеп жүрді?

Бәсе десең­ші!

 

Сәуір айын орта­лай бастаған Алма­ты аяқ асты екі-үш күн әбі­гер­ге түсті: қала­ның қақ орта­сын жарып, қарақ­шы келе жатқан­дай, әскер ата­у­лы көше­ге шықты; әкім­шілік етек-жеңін бір­жо­ла жиып алды; без­бүй­рек бетон­дар­дың өзі судай жаңа­рып, сүлік­тей тықыр­шып жатты.

Әйте­уір қонағын құдай­дай сый­лай­тын қаза­қтың қашанғы бір қал­пы­нан артып, Алма­ты әкім­ді­гі әлдекім­ді күт­ті делік. Соңы­на таман, қала әкі­мі Ахмет­жан­ның аузы­мен талай рет ежік­тел­ген алып шаһар мет­ро­сы­ның келесі екі бекеті қосы­лып­ты деген­де барып: «Е‑е, елдің басы келіп­ті ғой!» – деп түйдік.

Оның үстіне мына жұрт Малай­зи­ядан жол алған құда­лар­дың тап осы күн­дер­де келетінін айтып жүр­ген. Бұл өзі тіп­ті анау-мынау, бәкін-шүкін, бей­дақ­пырт­тау өтетін той емес-ті. Ашып айт­сақ, Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың інісінің өгей бала­сы Дани­яр Кесік­ба­ев пен Малай­зия пре­мьер-мини­стрінің қызы Нури­а­на Надж­ва­ның Алма­ты­да шаңы­рақ көте­ру салтанаты-тұғын.

Демек, бұл жолғы келіс бұры­нғы келі­стен көп өзге­ше! Аста­на­дан арқа­ла­нып, Дани­яр­дың «алып ата­сы» кел­се, Малай­зи­ядан маң-маң басып пре­мьер-министр кел­ген. Кел­ген­де де кей­біре­у­ше сөзінің соңын күлбіл­те­леп, келіс­сөздің реті­мен емес, құда­ның құдіреті­мен – қыз бер­ген құда­лы­қтың жөн-жосы­ғы­мен келіп отыр­май ма?! Ал енді Ахмет­жан тара­пы – қала әкім­шілі­гінің таба­ны күй­мей көрсін!

Бірақ кей­ін тараған дақ­пыр­тқа ден қой­сақ, ол той­ға Нұр-ағаң ноқта басын бұр­май кетіп­ті. Біре­улер: «Мұр­ша­сы бар ма, сай­лау деп сан­сы­рап жүр ғой?!» – деді. Енді біре­улер: «Өгей­дің аты – өгей ғой…» – деді. Тағы біре­улер: «Інісі бар­маған той­дан ол не іздей­ді?» – деп, бей­күнә Дани­яр­дың ана­сы «тастан­ды» екенін еске салды…

Бұл ара­да мен өзім бастан кеш­кен тағы бір жай­ды айтып көрей­ін: дәп-дәл 18 сәуір. Қала­ның ең көрік­ті, әрі ең қым­бат көше­сі Әл-Фара­би даңғы­лы­мен жаяу тар­тып келе жатқан­мын. Бір сәт­те сар­нап жатқан сан-санақ­сыз көлік дауы­сы сап тый­ыл­ды. Жалт қара­дым. Бір сақ­шы айғай сал­ды. Айғай емес-ау, «баж» ете қал­ды. Тап бір мен соның аяғын басып кет­кен­дей. Бетіне қара­дым: «Тез анда кір. Тез!» – деп шыр-шыр ете­ді. Нұсқаған жағы­на қара­сам, ҚазҰУ-дің артқы қақ­па­сы екен. Біраз адам­дар ұйлы­ғып тұр.

«Ым» дедім де, ішіне қой­ып кет­тім. Күбір-сыбыр: «Өз елі­нен, өз жұр­ты­нан неге осын­ша қорқа­ды екен?», «Тып-тыныш келіп кет­се, бол­май ма екен?!»…

Сәл­ден соң жұл­ды­здай ағып, сүлік­тей қара «кру­той» көлік­тер жүйт­кіді-ай келіп. Дәл сон­да «тап ана көлік­тің бірін­де біз­ден қоры­ққан бір адам кетіп бара жатыр-ау» деп ойлап­пын. Қоры­ққанға қос көрі­нетінін қай­дам, «бұл кісі­ге не жет­ті екен?» деп қоя­мын ішімнен…

«Қарағанды­дағы су апа­ты…» деген еке­удің әңгі­месі­нен селк етіп, есім­ді жидым. Дел-сал көше авто­бу­сын­да тұр екен­мін. Сосын тағы: «Кім­нен қай­ыр күтесің, Қараған­ды?» деп, күр­сініп алдым…

Әлкей ӘБДІҒАПАРОВ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн