Суббота , 5 июля 2025

Қарақат: ӨТІРІК КҮЛІП, өтірік жылайтын АКТРИСА ЕМЕСПІН

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №47 (364) от 22 декаб­ря 2016 г.

 

Бей­сен­бі­де­гі бетпе-бет

 

 


 

«Бей­сен­бі­де­гі бет­пе-бет» айда­ры­ның кезек­ті қонағы – таны­мал әнші Қарақат Әбіл­ди­на­мен сұх­бат бары­сын­да ел-жұрт­ты біраз шулатқан жары, әрі про­дю­сері Қыды­рәлі Бол­ма­но­вқа «тоқал алып беруі» тура­лы әңгі­ме өрбіді.

«Тоқал тақы­ры­бы» расы­мен бар сөз бе? Бұл сұраққа жау­ап ізде­сеңіз, Қарақат ханым­ның сұх­ба­ты­на көңіл қойыңыз.

 

− Қарақат ханым, Қыды­рәлі аға­мы­зға «тоқал алып бере­мін» деген сөзіңіздің буы әлі де басыл­май тұрғаны…

− Жары­ма тоқал алып беру мәсе­лесі – біздің «пиар» бола­тын. Кон­церт­ке дей­ін оны ашық айта алма­дық. Өйт­кені біз­ге үлкен ста­ди­онға 20–30 мың халы­қты жинау керек бол­ды. Дәл сол күні 6 шіл­де­де Аста­на­да жүз­ден астам мәде­ни шара­лар өтіп жат­ты. Және сту­дент­тер­дің бар­лы­ғы жазғы дема­лы­сқа кет­кен. Сол сәт­те жер мәсе­лесіне бай­ла­ны­сты да үлкен дүм­пу­лер мен ере­уіл­дер болған еді. Тіп­тен біздің теле­фо­ны­мы­зда «Алаңға шыға­мыз!», «Қазақ жеріне шын жаның ашы­са, алаңға шық!» деген секіл­ді чат-кон­фе­рен­ци­я­лар ашы­лып жат­ты. Ал біз кон­церт өткі­зу күнін екі ай бұрын бел­гілеп қой­ған болатынбыз.

Осын­дай жағ­дай­да шығар­ма­шы­лық кеші­міздің алдын­да жұрт­тың митин­гілеп жатқа­нын қала­дық па? Ол кім­ге керек еді? Сон­ша қар­жы жұм­сап өткіз­ген кон­цер­ті­міз­де сана­у­лы ғана көре­рмен бол­са, көңілі­міз­ге су сеп­кен­дей бол­май ма?

Содан Қыде­кең про­дю­сер ретін­де осы «пиар­ды» ойлап тап­ты. Мұн­дай­ды шетел­де жүз пай­ы­зға қол­да­на­ды. Оған таңқа­лу­дың қажеті жоқ. Әрине, қаза­қы мен­та­ли­тет­ке бұл том­пақ көрін­ді. Инста-парақ­ша­ма сол жазған постым­нан кей­ін, халық ара­сын­да интри­га туды. Тіп­тен «Алаңға шығай­ық!» деп жел­пініп тұрған­дар­дың да көңіл­дері «тоқал алып беру» мәсе­лесіне қарай ауып кет­ті. Елдің әңгі­месінің бар­лы­ғы Қарақат пен Қыды­рәлі бол­ды. Жер­ге бай­ла­ны­сты ушы­ғып тұрған мәсе­лені шешіп таста­ма­са да, кәдім­гі­дей ықпа­лы бол­ды деп айта аламын.

Бұдан кей­ін біраз сөз­ге қала­ты­ны­мы­зды біл­дік. Оны қасқай­ып тұрып қар­сы алдық. Біз кей­біре­улер секіл­ді шетел­дің әншілерін шақы­рып, адам жинаған жоқ­пыз. Бар болға­ны тек «пиар» қол­дан­дық. Кей­ін­нен кон­церт залын­да ине шан­шар орын бол­маға­нын көріп, біз ойы­мы­здың жүзе­ге асқа­нын бай­қа­дық. Кон­церт­ке кел­ген халы­қтың көп болға­ны сон­ша­лық, кей­бір аға-әпке­лері­міз кіре алмай кетіп­ті. Сөй­тіп, елді шулатқан Қыде­кең еке­уміздің кон­церт­те қол ұста­сып, махаб­бат әнін шырқаға­ны­мы­зды көр­ген халық тоқал мен жер мәсе­лесін ұмы­тып кет­ті. Аллаға шүкір, біз бір­ге­міз! Тоқал алу деген пиғыл Қыде­кең­де ешу­ақыт­та болған емес. Қазір оны өзі де «Менің тоқал тура­лы әңгі­мем − пиар. Маған Қарақат­тан басқа ешкім керек емес» деп ашық жазып жатыр.

 

− Бірақ«пиар» жасай­мын деп, Қыдыр мыр­за беделіне нұқ­сан кел­тіріп алған жоқ па? Мәсе­лен, әле­умет­тік желілер­де «Қаза­қтың жері Қыды­рәлінің тоқа­лы­ның арқа­сын­да сатыл­май қалған екен», «Елінің пат­ри­о­ты емес» деген секіл­ді пікір­лер жүр. Бұл сөз­дер көңіл­деріңіз­ге тиген жоқ па?

− Ондай­лық әсер етіп жатқан жоқ. Өзінің ісі­мен, ұста­ны­мы­м­ен, елін сүй­етінін паш етіп жүр­ген сана­у­лы аза­мат бол­са, соның алды­ңғы қата­рын­да тұрған – Қыды­рәлі Бол­ма­нов. Ол жай ғана әнші, жай ғана про­дю­сер емес, қазақ өнерінің бір пұшпағын арқа­лаған аза­мат. Ең алғаш тер­мені де эст­ра­даға салған және аспап­тық топ құрған да, дом­бы­ра­ның үнін шетел­ге жет­кіз­ген де – Қыды­рәлі. Ең алғаш қазақ жігіт­терінің басын бірік­тіріп, қазақ эст­ра­да­сы­на «АБК» тобын алып кел­ді. Сон­ды­қтан кей­ін­гі сөзді көре алмау­шы­лық пен жала жабу деп ойлай­мын. «Ит үреді, керу­ен көшеді». Бәрін бір Аллаға тап­сыр­дық. Сон­дай пікір жазып оты­рған кісілер Қыде­кеңнің жасаған жұмысы­ның бір пай­ы­зын істей ала ма? Әле­умет­тік желілер­де өзіне сөз тигізіп, сынап жазған­дар­ды Қыде­кең кон­фе­рен­ци­яға да шақыр­ды. Бірақ сол кез­де біре­уінің үні шық­пай қал­ды емес пе?

 

– Өзіңіз­ге сұх­бат жөнін­де хабар­ласқа­ным­да, кон­церт­ке дай­ын­дық жүр­гізіп жатқа­ны­ңы­зды айтып қалған едіңіз. Ол тағы не концерт?

− «Қарақат» мек­теп-сту­ди­я­сы түр­лі тақы­рып­та жылы­на үш-төрт рет халы­қтың алдын­да есеп беру кон­цер­тін өткі­зеді. Бүгін­де оқу орта­лы­ғы екі қала­да жұмыс істеп жатыр. Аста­на­дағы мек­теп­ке сегіз жыл, Алма­ты­дағы­сы­на сегіз ай болып­ты. Жаңа жылға арналған кон­цер­ті­мізді бірін­ші Аста­на қала­сы­нан бастап отыр­мыз. Кон­цер­ті­міз­ге қызу дай­ын­дық үстін­де­міз. Сце­на­рий­ін өзім жазып шықтым. Тек бала ғана қызы­ғып көретін емес, үлкен­дер де жақ­сы көңіл-күй­ге бөлене ала­тын кон­церт бол­мақ. Жал­пы, осы уақы­тқа дей­ін біз өткіз­ген кон­церт­тің ешқай­сысы­нан көре­рмен жалы­ққан емес. Ақы­лы мек­теп болған соң, біз бала­ның өнерін, жетісті­гін тек сахна арқы­лы дәлел­дей­міз. Сон­ды­қтан бұл бала да қуа­на­тын, ата-ана­лар да марқай­ып қала­тын, ұста­здар сені­мі ақта­ла­тын ерекше күн бол­мақ. Аста­на­дан кей­ін кон­цер­ті­мізді Алма­ты қала­сын­да бере­міз. Бала­ла­рым сахнаға біраз шық­пай қал­са: «Апай, қашан кон­церт қоя­мыз?» деп сұрап оты­ра­ды. Бұл мені шығар­ма­шы­лық шабы­тқа жете­леп, ерекше көңіл сый­лай­тын жағдай.

 

− Өзіңіздің автор­лық жобаңыз «Жеті­ген» аспап­ты ансам­блін­де қан­дай шығар­ма­шы­лық жаңа­лық болып жатыр екен?

− «Жеті­ген» тобы­ның бүгін­де бір аль­бо­мға тати­тын жиыр­маға жуық әні бар. Ара­сын­да мені­мен бір­ге дуэт ретін­де айта­тын әндер бар және түрік, ита­льян, орыс тіл­дерін­де де ән шырқай­ды. Осы кон­церт­те Алла Пуга­че­ва­ның «Мил­ли­о­ны алых роз» әнін жеті­ген­ге салып орын­дай­ды. Бүгін­гі таң­да шетел­дік гастроль­дер­ге шығып, үлкен өнер тұлға­ла­ры­мен бір сахна­да өнер көр­сетіп жүр. Бұл біз үшін үлкен жетістік. Кезін­де жаны­ма он бала ертіп жүр­сем, соңғы кон­церт­ке елу­ге жуық болып шықтық. «Жеті­ген» тобы автор­лық жобам болған соң, әндерін, сахна­лық киі­мін өзім жіті қадағалаймын.

Жал­пы, біздің нағыз жарқы­рай­тын кезі­міз − ұлт­тық Наурыз мере­кесі. Сол уақы­тқа ерекше көңіл­мен дай­ын­да­ла­мыз. «Жеті­ген» ансам­блі дом­бы­ра­мен де, эст­ра­да жан­рын­да да ән айта­ды. Соны­мен бір­ге актер ретін­де де өнер көр­се­те ала­ды. Тура­сын айтқан­да, қазақ эст­ра­да­сы­ның нағыз жұл­ды­зы деп айтуға лай­ық бала­лар өсіп келе жатыр. Көне аспа­бы­мы­зға жан бітіріп, оны халы­ққа кеңі­нен наси­хат­та­у­шы әнші ретін­де қазақ өнеріне там­шы­дай ғана үлес қоса алдым деп айта ала­мын. Қазір сол жеті­ген аспа­бын біл­мей­тін қазақ жоқ. Үніне ынтық бол­май­тын, сол аспап­ты ойнағы­сы келіп тұра­тын жастар­дың, бүл­дір­шін бала­лар­дың легі тоқта­у­сыз. Мыса­лы, мек­теп­ке кел­ген екі бала­ның бірі мін­дет­ті түр­де жеті­ген аспа­бын­да ойна­уды таңдайды.

 

– Бірақ соңғы кез­де «әу» демей­тін қазақ жоқ деп, екінің бірі әнші болып кет­ті. Әннен сапа, әнші­ден өнер кет­ті деген сөз­дер­ді жиі ести­міз. Осы мәсе­ле­ге бай­ла­ны­сты алып-қоса­ры­ңыз бар ма екен?

− Бұл әңгі­менің жаны бар. Бірақ көп­ке топы­рақ шашуға да бол­май­ды. Халық сөзі анық, әуені түзу әндер­ді ғана қабыл­дай­ды. Сон­ды­қтан жас буы­нға айтар кеңесім: бір ән жаз­саң да, иін қан­ды­рып барып, сахнаға алып шыққан дұрыс. Шыны керек, кей­де кей­бір әндер­дің сөзі түсініксіз, әуені жеңіл келеді. Ондай әнді аяғы­на дей­ін тың­дай алмай­сың. Бұл жер­де ешкім­ге кінә тағуға бол­май­ды. Біз­де екі әні­мен-ақ халы­қтың сүй­ік­тісі бола біл­ген әншілері­міз бар. Әйт­пе­се әншінің өз әнін таба алуы өте қиын.

Жал­пы, жақ­сы әндер көп бола бер­мей­ді. Жыл­тыр, әде­мі көй­ле­гің­мен, кер­без сұлу көр­кің­мен неме­се ақша­ның күші­мен ешкім­ді елең еткі­зе алмай­сың. Оның бар­лы­ғы уақыт­ша. Көбі­не­се біз заман өзгер­ді деп, бар­лы­ғын соған жаба­мыз. Бірақ заман емес, адам­ның өзі өзгер­ді. Кәріс музы­ка­сы­на елік­те­ген жаста­ры­мыз солар­дың киі­мі мен жүрісіне әуес болып алды. Бірақ қазақ болып туған соң, сен­де қаза­ққа ғана тән үнің бар. Сенің әуенің дарақы музы­ка мен жеңіл айты­лған сөз­дер­ден тұр­май­ды. Ата-баба­мыз ама­нат етіп кет­кен мұра­сын бұр­ма­ла­май, керісін­ше, қазір­гі заманға лай­ы­қты етіп өңдеп, түр­лен­діріп жет­кізу­ге де бола­ды ғой. Шетел­дің музы­ка­сы­на елік­те­ген­нен гөрі өзі­міздің ұлт­тық құн­ды­лы­қта­ры­мы­зға көңіл бөлуі­міз керек.

 

− Кей­ін­гі кез­де сізді өнерін екін­ші оры­нға ысы­рып, шәкірт­теріне көп уақы­тын арнай­ды деп айтады…

− Бұл пікір­мен онша келі­се қой­май­мын. Мек­теп ашу, шәкірт тәр­би­е­леу – үлкен жұмыс. Мек­тебім­нің оқу­шы­ла­ры елі­міз­де бала­лар ара­сын­да өтетін «Дала дауы­сы» секіл­ді бай­қа­у­лар­да бас жүл­дені бер­мей, бар­лық номи­на­ция бой­ын­ша алда келеді. Сон­дай жетістік­терін көр­ген­де, шүкір­шілік ете­мін. Өйт­кені бұл – еңбе­гім­нің жемісі. Әншілер­дің ара­сын­да бірін­ші болып «Қарақат» мек­теп-сту­ди­я­сын аштым. Аста­на­дағы мек­теп­те екі жүз­ден астам, ал Алма­ты­да жүз­ден астам шәкірт тәр­би­е­леніп жатыр. Осын­ша­ма бала­ны қабыл­дап алған­нан кей­ін, үлкен жау­ап­кер­шілік­ті сезі­несің. Әрине, кей­де үлгер­мей жатқан­да, өз шығар­ма­шы­лы­ғым­ды екін­ші оры­нға ысы­рып қоя­ты­ным бар. Өйт­кені бәрін бір мез­гіл­де алып жүру мүм­кін емес. Бірақ шақы­рған жер­ден қал­мауға тырысамыз.

Мен про­дю­серім­нің құрып бер­ген бір жүй­есі­мен келе жатқан әнші­мін. Өнер­де жүр­гені­ме он бес жыл болып­ты. Ешу­ақыт­та ешкім­нің алды­на шығып неме­се сахна­дан көрін­бей кет­кен емес­пін. Өмірім, өнерім халы­қтың көз алдын­да өтіп келеді. Жылы­на бес рет кон­церт беретін әншілер­ді де көріп жүр­міз. Бұны дұрыс деп есеп­те­мей­міз. Біз репер­ту­а­ры­мыз жаңарған сәт­те бес жыл­да бір рет шығар­ма­шы­лық кешін беру­ге дағ­ды­ланған­быз. Жақын­да «Жақ­сы көре­мін, жақ­сы адам­дар жаса­сын» деген ән жаз­дыр­дым. Өйт­кені маған қазір­гі кез­де жақ­сы адам­дар­дың қата­ры азай­ып бара жатқан секіл­ді көрінеді…

 

− Бұлай ойла­у­ы­ңы­зға не түрт­кі бол­ды? Әле­умет­тік желі­де айты­ла­тын небір сын­дар­дан кей­ін­гі түй­ген ойы­ңыз ба әлде?

− Әле­умет­тік желі­де­гі оқыр­ман­дар­дың пікірін жай ғана шолып шыққан­да, олар­дың қан­дай адам екенін жазған жазу­ла­ры­нан-ақ біліп оты­рас­ың. Ниетінің түзу еме­сті­гін көр­ген­де, кәдім­гі­дей қынжыламын.Ешқандай істей­тін жұмыста­ры жоқ, әйте­уір пікір жазғыш. Әңгі­менің негіз­гі түбірін түсін­бей, бір­ден ойын жет­кізу­ге ұмты­лып тұра­ды. Бұдан қазір­гі жастар­дың агрес­си­яға жақын­ды­ғын бай­қа­уға бола­ды. Ара­сын­да, әрине, көңіліңді жады­ра­та­тын жақ­сы адам­дар да бар. Өзім­ді мақтаған­дар­ды айтып оты­рған жоқ­пын. Тұщым­ды ойы­мен бөлісіп,сені жаңа иде­яға итер­ме­лей­тін пікір­ді оқы­ған­да, кәдім­гі­дей риза болып қала­сың. Таны­ма­саң да, сол адам­мен әле­умет­тік желі­де дос болып кетесің. Өзім тек инста­грам-парақ­ша­сын­да ғана оты­ра­мын. Мен ниеті түзу емес адам­дар­ды бір­ден тани­мын. Сол үшін олар­ды үнде­мей ғана қара тізім­ге кір­гі­зе­мін. Өйт­кені мені оқы­ған­да­рын қала­май­мын және мен де ондай­лар­дың парақ­ша­сын оқуға құмарт­пай­мын. Әңгі­мем жара­са­тын, өнерім мен өзім­ді баға­лай­тын адам­дар ғана парақ­шам­ды оқы­ға­нын қалаймын.

 

− Ал көп­те­ген өнер жұл­ды­зда­ры «желі­де жеке басы­на қаты­сты сын­дар жиі жазы­ла­ды» деп шырыл­дай­ды. Мұн­дай­ды сіз қалай қабылдайсыз?

− Желі­де­гі кей­бір оқыр­ман­дар­ды тәр­би­е­ле­у­ге, ақыл айтуға күшім де, уақы­тым да жоқ. Оған бола ашуға булы­ға алмай­мын. Мыса­лы, маған көбі­не­се «Сіз «Бене­фис-шоу» бағ­дар­ла­ма­сын­да үне­мі Қыды­рәлі аға­ның алды­на шығып сөй­лей­сіз» деген сын айта­ды. Соларға «Мен теле­ви­зия сала­сы­ның кәсі­би мама­ны емес­пін. Және теле­жүр­гі­зу­шілік­ке өзім сұра­нып барған жоқ­пын. Менің аза­ма­тым басы­нан сөз асы­рып, әйел затын алды­на шыға­рып қоя­тын еркек­ке ұқсай ма? Сіз ойлаған­дай қасқыр әйел бол­сам, осын­ша­ма жыл өнер­де, өмір­де де бір­ге жүру мүм­кін бе? Отба­сын­да тату-тәт­ті бола алмаған ерлі-зай­ып­ты­лар сахна­да қол ұста­сып, махаб­бат тура­лы ән айтуы мүм­кін бе?» деп жау­ап бере­мін. Өтірік күліп, өтірік жылай­тын актри­са емес­пін. Менің көңіл-күй­ім, ішкі жан дүни­ем көзім­де тұрады.

«Бене­фис-шоу» бағ­дар­ла­ма­сын жүр­гізу­ге Қыде­кең еке­умізді қояр­да-қой­май шақыр­ды. Біз көп ойлан­дық. «Өнер­ге қаты­сты бағ­дар­ла­ма болған соң, отба­сы­лық жұп ретін­де сіз­дер­дің жүр­гіз­ген­деріңізді қалай­мыз» деп, «Хабар» бас­шы­лы­ғы өтін­ген­нен кей­ін келіс­кен бола­тын­быз. Әр кәсіп­тің өз қыры мен сыры бар. Теле­жүр­гі­зу­ші болу да оңай емес екен. Сце­на­рий бой­ын­ша дай­ын­да­лып шыққа­ны­ң­мен, бірақ бағ­дар­ла­ма бары­сын­да бәрі өзгеріс­ке ұшы­рай­ды. Қыды­рәлі еке­уміздің сту­ди­ядағы қонаққа қоя­тын сұрақта­ры­мыз да ауы­сып кете­ді. Кей­де еке­уміз бір­ге сөй­леп қала­мыз неме­се бір-бірі­міз­ден бұрын сұрақ қой­ып қала­мыз. Осы­ны біздің қаза­қтар асы­ра сіл­теп, «Күй­е­уіңіз­ге сөз бер­мей­сіз, аузын жаба­сыз» деп мені сөгеді. Түсін­ген адам түсі­неді, ал түсін­гісі кел­ме­гені жаңағы­дай сөз айтады.

 

− Иә, сіз­дер­ді қазақ эст­ра­да­сы­ның Төле­гені мен Қыз Жібе­гі деп атай­ды. Жал­пы, үлгілі отба­сы болу және оны сақтап қалу үшін қан­дай да бір қағи­да­лар­ды ұста­на­сыздар ма?

− Ең бірін­ші ұста­на­тын қағи­дам – жары­ма деген адал­ды­ғым, пәк­ті­гім, сенім мен сезім­нің таза­лы­ғы. Осы қаси­етім­ді Қыде­кең әлі күн­ге дей­ін баға­лай­ды. Мені әрдай­ым «Қақа­тым» деп ерке­летіп, алақа­ны­на салып оты­ра­ды. Ата-анам­ның бер­ген қаза­қы тәр­би­есі менің бақыт­ты өмір сүруі­ме сеп­ті­гін тигі­зу­де. Жарым­ның алдын­да таза, адал болуға баулы­ды. Өнер адам­да­ры үшін бұл қаси­ет өте қажет дер едім. Реті келіп қал­са, біре­у­ге қыл­мы­ң­дап, көзіңді сатып қалу – әйел заты­на жарас­пай­тын қылық. Сон­ды­қтан бой­ым­ды ондай­дан аулақ ұстаймын.

Әйел адам төзім­ді, сабыр­лы бола білуі керек. «Әйел ерке­ле­се – жеңеді, ашу­лан­са – жеңіледі» деген сөз бар. Осы қағи­да­ны ұста­са, отба­сы бере­ке­ге толы бола­ды. Қыде­кең ұзақ жыл­дар бойы үйлен­бей жүр­ген ғой: өзіне-өзі би, төре болып қалып­та­сып қалған аза­матқа он екі­де бір гүлі ашыл­маған, сары ауыз бала­пан болып тұр­мысқа шықтым. Алға­шқы кез­дері қиын болға­ны­мен де, уақыт өте келе ұйы­ған отба­сы­на айнал­дық. Қыде­кең еке­уміз махаб­бат­та­рын мәң­гілік сақтап, бала-шаға­сын бір­ге тәр­би­е­леп өсі­ре білетін кере­мет үлгілі отба­сы болу­ды арман­да­дық. Нағыз бақыт − өсіріп оты­рған ұлда­ры­мыз, құдай бер­се, қыздарымыз.

 

− Бұлай дегеніңіз­ге қараған­да, қыз күтіп жүр­ген сияқты­сыз ғой…

− Иә, бұй­ыр­са, алдағы уақыт­та қуа­ны­шты жаңа­лы­ғым бола­ды. Соған үміт­теніп отыр­мыз. Бұл жай­ын­да айту әлі де ерте­рек. Бірақ қазір­гі заман­да елден ештеңе жасы­ра алмай­тын бол­дық қой…

 

− Биы­лғы жыл­дың сіз үшін ең еле­улі де, әрі шулы жаңа­лы­ғы қай­сысы болды?

− Елді шулатқан жаңа­лық сол – тоқал жай­ын­дағы құрған «пиар» бол­ды. Ал ең еле­улі, әрі жағымдысы – соның нәти­же­сін­де өткен шығар­ма­шы­лық кон­цер­ті­міз дер едім. Өз про­дю­сер­лік орта­лы­ғы­мы­здағы әншілер ғана болып, дүй­ім жұрт­ты жинай алдық.

 

− Біздің оқыр­ман­да­ры­мы­зға Жаңа жыл­дық қан­дай тілек айтар едіңіз?

− Тауық көп жұмыр­тқа басып, көп бала­пан шыға­ра­тын құс қой. Сол сияқты қаза­қтың әр шаңы­рағы­нан сәбидің үні шық­сын! Қаза­ғым көбей­сін! Әр қаза­қтың басын­да бас­па­на бол­сын! Мұңай­ып жүр­ген қаза­қты көр­гім кел­мей­ді. Істе­ген жұмыста­ры табысты, әрі жемісті болуын тілеймін!

 

− Жаңа жыл сіз­дер­ге де өз бере­кесін алып келсін!

 

Сұх­бат­тасқан –

Анар

ДӘУКЕН,

[email protected]

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн