Понедельник , 7 июля 2025

Қарақаттан ШАРАПАТ бола ма?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» № 46 (270) от 18 декаб­ря 2014 г.)

Ойдан кырдан каракат шарапатОсы тая­у­да ғана Қаза­қстан­ның еңбек сіңір­ген қай­рат­кері, таны­мал әнші Қарақат Әбіл­ди­на елба­сы­ның қаулы­сы­мен пре­зи­дент жанын­дағы Әйел­дер ісі және отба­сы­лық-демо­гра­фи­я­лық сая­сат жөнін­де­гі ұлт­тық комис­си­я­ның мүше­сі болып тағайындалды.

Бір қызы­ғы – бұл көк­тен емес, «көсем­нің» жар­лы­ғы­мен орда­дан кел­ген көп-көрім сый­дың бұй­ы­ра­ты­нын әнші Әбіл­ди­на әу баста күт­пе­генін, күт­кені құр­сын, біл­ме­генін айтып біраз әбі­гер­ге түсті. Сосын ғой анау бір Instagram әле­умет­тік желі парақ­ша­сын­да «Бұл күт­пе­ген жаңа­лық бол­ды» деп, «сасып» қалғаны.

Бір айта кетер­лі­гі – әнші бұл жаңа­лы­қты Алла­сы­нан кей­ін «Қыды­ры­ның арқа­сы» деп біліп­ті. «Қыдыр» демек­ші, отаға­сы Қыды­рәлі еке­уі теле­ар­на­дағы «Бене­фис шоуға» ара­ласқа­лы да аз күн бол­маған. Әлде «Бол­ма­саң да, ұқсап бақ» деген һәкім сөзін осы­лай ұқты ма, жоқ әлде жоба автор­ла­ры «осы­лай болы­ң­дар» деді ме – әйте­уір, жұрт­ты жұтын­ды­рып жүр­ген жара­сым­ды теле­жүр­гі­зу­ші жұп ата­нып шыға келді

Неша­уа, «аузы қисық бол­са да, бай­дың бала­сы сөй­лей­тін» заман ғой. Оның бер жағын­да қаза­қы бол­мысы­мен, ән айту­дағы өзін­дік ішкі мәнері­мен өзге­ден қосы ауа­ша, қала бер­ді енді­гі жер­де «әйел­дер ісіне» ара­ла­са­тын Қарақат­тың жұрт алдын­да суы­ры­лып сөй­ле­генін­де не тұр? Сол комис­си­я­ның құра­мын­да жүр­ген басқа­лар­дың Қарақат­тан несі артық?

Тек осы «әйел мәсе­лесіне» ара­ла­са жүріп, алтын алқа­лы «Ардақты ана» атағын алған апа­ла­ры­на мем­ле­кет­тен тегін үй бөлу­ге мүм­кін­дік беретін заң шыға­руға түрт­кі бола біл­се – болға­ны. Өзі де екі толғат­са, сол меже­ге жетеға­был ілі­гіп қалар Қарақат еңбе­гі – еш, тұзы – сор қазақ ана­ла­ры­на қамқор­шы бола­ды деп тілей­ік. Ал сол комис­си­ядағы «көп­тің бірі…» болып қала бер­се, билік­ке бір табан жақын­даған жолын ел-жұр­ты жақ­сы­лы­ққа жатқызбас…

 

Республиканский еженедельник онлайн