Пятница , 4 июля 2025

ҚАРА ТАҚТА

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №30 (394) от 24 авгу­ста 2017 г.

 

Заман зары

 

Серік Тұрғын­бекұ­лы

(Торғай тура­лы толғау)


 

Кеудем­де соғып тұрар сәт басылмай,

Мен­де­гі үлкен жүрек – Ат басындай.

Кесте­леп,

Атақ-даңқын жазып қойған,

Торғай­ым –

Мәң­гілік­тің тақтасындай.

 

Ұрпағың кенел­ген­мен бар атаққа,

(Мен өзім мал­дан­бай­мын марапатқа).

Тақтаға теңе­ген­мен

Торғай­ым­ды –

Ол бірақ,

Осы күн­де –

Қара тақта.

 

Бай­лы­қ­пен басын бай­лап осы көптің,

Ұрпағын батыр­лар­дың жасық еттің…

Ақы­ры,

Біздің Торғай –

Бұл заман­да,

Айнал­ды тақтасына

Қасірет­тің.

 

Жай­ы­лған қол­дан құр­тып мал­ды мына,

Тажал­дың тісі тиді

Тал-құмы­на.

Аспан­нан жаң­быр емес,

Ажал жауып,

Айнал­ды –

Күл-қоқы­стың «қал­ды­ғы­на».

 

Басы­нан айтқан сөзін

бір асыр­май

Бара­ды –

Қия­мет­ке кім осындай?!

«Қал­дық» ол –

Жер астын­да қордаланған

Қан­ды қол –

Қызыл­дар­дың мұрасындай.

 

Болған соң –

Зұл­мат заман соры мына,

Торғай­ым,

Барған сай­ын торығуда…

Қой қора,

Тұрғын үйлер

Тып-типыл боп,

Айнал­ды –

Ата-баба қоры­мы­на.

 

Айы­ры­лып тапа-тал түс ел есінен,

Тарих­тың сырғып түсті белесінен…

Көк жай­лау,

Көгіл­дір көл

Көз­ден ұшып.

Кел­ме­стің кетіп жатыр кемесімен.

 

Әнші көп, жыр­шы да көп талай дана,

Әншей­ін бүл­кіл­дей­ді көмей ғана…

Бар шығар –

Аққуы да,

Қыра­ны да,

Торғай­лар –

Құс ішін­де «өгей бала».

 

Тал түсте дұшпан­да­рым табалады,

Қай кез­де қара тақта ағарады?!

Қона алмай айдынына

Аққу-қаз­дар,

Қана­тын қай­та-қай­та сабалады.

 

Пәс бол­ды,

Пері­ш­те еді,

Пара­са­тым.

Тұл­пар­дай күп­ті көңіл

таң аса­тын.

Қай­да екен,

Құс пат­ша­сы,

Қай­ран дүние –

Қамы­на торғайлардың

қара­са­тын.

 

Торғай­да –

Талып атып

Таң­ның өзі,

Өзгер­ді тірі жүр­ген жан мінезі.

Баяғы –

Биік те жоқ,

Киік те жоқ,

Аяғын аңдап басар аңның өзі.

 

Көр­ген соң киік өлген қыр­ды мына,

Ері­гіп жаз­ды деме жыр­ды мына.

Басталған

Ұлы­та­удан

Ұлы өзен­дер –

Ақы­рын құй­ып жатыр құрдымына…

 

Әули­ем –

Марал ишан,

Пір Бекет­тей,

Солар­ды тұра алмай­мын құр­мет етпей.

Төбем­де құй­қы­л­жы­ған ракеталар,

Көзі­ме көрі­неді «рэкет­тей».

 

Түсін­дік –

Дүниенің жалға­нын біз,

Жалған­да жал­тақтай­мыз қалғанымыз.

Апыр-ай,

Ұят бол­ды-ау,

Жер­ді жалдап,

Ақшаға –

Ажал сатып алғанымыз.

 

Аспан­нан қасірет бұл­ты жауып жатыр,

(Себеп­сіз соқ­пай­ды екен дауыл да құр…).

Ізде­ген «раха­тын» о дүниеден,

Талай­лар –

Мәң­гілі­гін тауып жатыр.

 

Айы­рыл­ды –

Ер – жүректен,

Ат – басынан.

Ұшқан соң енді қайт­сін, бақ басынан.

… Ұрпағым

Тарихым­ды тауып алар,

Түбін­де –

Қасірет­тің тақтасынан!

 

PS:

Қана­ты­на оқ тисе де –

Қыра­ны,

От боп жанған

Жана­ры­ның шырағы.

… Біздің Торғай –

Қан­дай заман бол­са да,

Қара тақта,

Ақтаң­дақтан тұрады!


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн