«Общественная позиция»
(проект «DAT» №9 (326) от 3 марта 2016 г.
Араша!
«Жемқорлыққа қатысы бар» деген желеумен қамауға алынып, кейіннен үйқамаққа шығарылған ҚР Журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев дүйсенбі күні қан қысымы қатерінен «жедел жәрдемнің» көмегімен Алматы қалалық кардиологиялық ауруханасына түсті. Дәрігерлердің айтуына қарағанда, оның денсаулық жағдайы ауруханада жатып емделуді қажет етеді.
Бірақ, біздің газеттің ақпарат көзінің хабарлауына сәйкес, Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның жетекшілері тарапынан аурухана басшылығынан Матаевты тезірек шығару жөнінде талап түсіп жатқанға ұқсайды. Ал газет тілшісі Сейтқазы Матаевпен тілдескен кезде, ол тергеу үдерісінен жалтармайтынын, бірақ әзірге хал-ахуалы оңалмай тұрғанын айтты. Оның үстіне айыпталушы жақ жалдаған аудиторлық компания ҚазТАГ-қа қатысты қаржылық есеп құжаттарын дайындап болмайынша, Матаев тергеуді тоқтата тұруға өтініш жасаған болатын.
Бұл екі арада ел ішінде Матаевты қолдау мақсатында журналистер мен қоғамдық белсенділер арасында қол жинау жүріп жатыр. Төменде біз газет редакциясына түскен көптеген қолдау хаттардың арасынан екеуін жариялап отырмыз.
Журналистер жетекшілері
КӨМЕК СҰРАЙДЫ
ҚР Президенті Н. Назарбаев мырзаға хат
Құрметті Нұрсұлтан Әбіш ұлы!
Біз, Қазақстан Журналис тер одағы аймақтық бөлімше лерінің жетекшілері, респуб ликалық одақтың төрағасы Сейт қазы Матаевқа қатысты қалыптасқан жағдайға арала су ыңызды сұраймыз.
Тәуелсіз Қазақ елі журна лис тикасының дамуына өл шеусіз үлесін қосқан Сейтқазы Матаев Қазақстан журналистикасын халықаралық деңгейге көтере білді. Оның іскерлігі мен ұйымдастырушылық қабілетін Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Әзербайжан, тіпті Еуропа мемлекеттері жақсы бі ле ді. С.Матаев осы мемлекет тер дің журналистика ұйымда ры мен үнемі тығыз байланыста болып келді. Ол өзіңіздің бас тамаңызбен 2012 жылы «Жур налистердің этикалық кодек сін» жасауға бастамашы болды. Сондықтан ол өз елінің на ғыз патриоты екендігін барша халық жақсы біледі. Ол алғаш мемлекет құрарда өзіңіздің жа ныңыздан табыла білді. «Елім!» деп еңіреген республика жур на листерінің білімді де, бірегей басшысы болып отырған С. Ма таевтың басына түскен бү гінгі ауыртпалық пен оған та ғылып отырған кінәнің ақи қа тына жетіп, әділеттің салтанат құруына көмек қолын созады деген үміттеміз.
Аса мәртебелі Президент! Сіздің Қазақстанда жүргізіп отырған ішкі және сыртқы сая сатыңыздың сындарлы екен дігіне журналистер қашан да қолдау білдіретіндігіне күмән жоқ. Сондықтан орын алған оқи ғаға байланысты республика журналистер қауымы Өзіңіз дің парасаттылығыңызға, көре гендігіңізге, кемеңгерлігіңізге арқа сүйейді.
ҚР Журналистер одағы облыстық бөлімшелерінің жетекшілері: П. Долматов (Маңғыстау), М. Жанаділов (Алматы облысы), Қ. Батыров (Атырау), Ю. Поминов (Павлодар), А. Қапбарова (ОҚО), М. Садыханов (Астана қалаласы), А. Оңғарбаев (Қызылорда), Ж. Әділбаев (ШҚО), В. Рыжков (Қарағанды), Е. Тоқшылық (СҚО),
С. Харченко (Қостанай), К. Сәттібаев (Жамбыл),
И. Жүсіпқалиев (БҚО).
БІЗ – БІРГЕМІЗ!
Соңғы кездері Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Cейтқазы Матаевтың айналысындағы оқиғаларға байланысты қалыптасқан жағдайлар біздердің алаңдаушылығымызды тудырып отыр. Біз Қазақстан Республикасы заңының алдында барлық азаматтарымыздың тең құқықты екенін әр уақытта білеміз және С.Матаевты әділ азамат ретінде санаймыз, әрі осы қиын сағаттарда да оны қолдаймыз! Біздер барлық уақытта әділеттілік пен шындық, имандылық пен туралық жағында екендігімізді білдіреміз!
ОҚО «Алаш рухы» бірлестігінің төрағасы Нұржан Шынбаев, ОҚО «Ақиқат-1» бірлестігінің төрағасы Ілесбек Байжанов, Республикалық «Ұлт Тағдыры» ОҚО облыстық филиалының төрағасы Аманқұл Күмісбек, ОҚО «Арал-Эко» қоғамдық қорының төрағасы Құлмахан Махан, Демократия институттарын дамыту орталығының директоры Жарқынбек Сейтімбет, ОҚО «Қадірменді қарттар» қоғамдық ұйымының төрағасы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Шаруа Пірмат, қоғам белсендісі Әлсерик Ибрахим, Халық аралық «Ердәуіт» зекет қорының төрағасы Бералы Артықғали, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, журналист, ақын Нұрхан Сұлтанбайұлы, қоғам белсендісі, ақын Әлеухан Шонжан, «Fakt – Ақиқат» газетінің бас редакторы Сабыржан Байбосын, тәуелсіз заңгерлер Лес Тілеулес пен Қыдырбек Махамбетов.