Арай көріпкел НЕ ДЕЙДІ?

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №5 (369) от 9 февраля 2017 г.

 

Жоралғы

 


Иманғали Тасмағамбетовтың вице-премьерлік қызметінен босап, «өзі сұрауы» бойынша Ресейге елші болып кетуіне орай Арай-көріпкелге құмалақ салдырған едік. Ескерте кетейік, газетіміздің жаңа жылдық нөміріне (12.01.2017.) арнап ашылған құмалақта Арай ханым былай деген еді: «Біреудің «көрсетуімен» еркінен тыс бір адамның қыспағына ілініп, қызметінен кетуі мүмкін… Өзіне жайсыз кезең басталады. Жүрегі күпті құмалақ түсіп тұр… Бұл құмалақ жүйкесі жүн, жігері құм болып, алға басқан аяғы кері кетіп жүрген адамға түседі».

Ал ендігі құмалақ қалай «сөйледі»? Бұл да жетісіп тұрған жоқ – оқып көріңіз.

 

«Арғы жағдайы әрі қарай қалай өрбитіні Иманғали Тасмағамбетовтың өзі үшін белгісіз, – дейді Арай-көріпкел. – Бірақ өзі болашақтан бір жақсылық күтіп отыр. Дегенмен, алдыңғы уақытта өзінен «жоғары тұрған» бір адамның тарапынан қатты соққы алады. Бір ауыртпалыққа жаншылып, үлкен сөзге қалайын деп тұр.

Құмалаққа әйел адам түсіп тұр – сол әйелге байланысты бір даулы проблема туады. Басынан кешкен бір жағдайға алдағы уақытта қатты өкінеді.

Енді тағы бір жалғыз құмалақ тағы бір әйелге байланысты түсіп тұр. Ол өзінің отбасындағы әйел адамға байланысты жаңалық: не өзінің отбасына бір адам қосылады, не болмаса сол әйел дүниеге бір бала әкеледі. Отбасында осындай бір өзгеріс болады.

Қазір өзін-өзі жұбатып, «сондай бір жақсы демалсам дей ме, әлде бір жаққа кеткенім дұрыс болады» дей ме – сондай бір ойда жүр. Бірақ алдыңғы уақытта – шамасы, наурыз айының аяғына таман үлкен бір тартыс туады. Бір орынға барғысы келе ме, әлде кеткен жағымнан тезірек қайтсам дей ме – әйтеуір басына үлкен уайым түсейін деп тұр.

Ал енді биылғы жыл бұл кісі үшін бос түсіп тұр: ештеңеге қолы жетпейді, мазасы қатты кетеді, бір орыннан тұрақ таппайды. Бұл адамға биылғы жылы қауіп көп болады. Біраз адамдардың ашуына тиді ме, өзіне жақтастарға қарағанда қас адамдар көп болып тұр. Бір жағынан солардың кесірінен, бір жағынан біреудің тықсыруынан ғой деймін: аяқ асты жол жүріп кетеді. Ол жол жұмысы немесе айналысып жүрген саясаты болуы мүмкін.

Дегенмен, өзіне алыстан үлкен бір өзгерістер келе жатыр: бір ер адамнан жақсы жаңалық күтеді, бірақ ол жаңалық әзір бола қоймайды. Жақын арада – наурыз айында тағы бір орынға ауысады. Қандай орын екенін айта алмаймын – суық құмалақ түсіп тұр».

Жазып алған –

Димаш АЗАМАТ

 

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн