Воскресенье , 6 июля 2025

Арда ұлды АЯЛАЙЫҚ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №5 (369) от 9 фев­ра­ля 2017 г.

 

Ойдан-қыр­дан


 

Көп­тен ән де, әнші де, жал­пы, ешкім ұна­май жүр­ген. Қалып­ты­лы­қтан шар­шай­тын толағай-кеуде­ге бір төң­керіс кере­гі анық-ты!..

 

Сөйт­сем, ол шынайы өнер­ге сусаған екен! Ал шынайы дауыс – таудан құлаған сарқы­ра­ма іспет­ті екен! Ол қалай құлап аға­ды? Ол қай­да барып тоқтай­ды? Ол қан­ша көлем­де, қан­ша уақы­тқа дей­ін сарқы­рап жата­тын су? Оның бар­лы­ғы бір бой­ы­на сон­ша қаси­ет­ті қиып бер­ген Жаратқан­ның есебін­де. Біздің білетіні­міз – оның біре­гей екені!

Дима­штың ғасыр­да бір рет туа­тын ғажап құбы­лыс екенін музы­ка­та­ну­шы Берік Жүсіп аға­мыз ол әу деп бастаған­да-ақ айтқан-ды. «Дауы­сы алты қыр­дан аса­тын» кеше­гі Ақан серілер­дің дауыс қуа­ты осын­дай-ақ болған шығар?!

Тек тәңір тіл-көз­ден сақтасын!

Біз­де өнер – өлер­мен­нің, не ақша­сы көп ерке­тай­дың ғана шаруа­сы болып тұрған заман­да Қанат аға­мыз бен Све­та апа­мыз көзінің қара­шы­ғын «соқты­қ­па­лы-соқ­пақ­сыз жолға» қиып қана қой­май, соның тереңіне бой­ла­тып, мар­жа­нын сүздіріп те көр­ген екен!

Он алты жыл бойы музы­ка­дан дәріс алу үшін «нота жеп, нота­мен тыныс алу» ғана керек шығар?!

Ән қазір әнші­ге ғана қажет. Бір құр­бым: «Мен әде­би­ет­ке пай­да­лы сала­ны зерт­теп, жаңа­лық ашып, ғылы­мға үлес қосу үшін еңбек етіп, сол үшін тағы ақша бере­мін бе?» деп еді. Біз­де­гі өнер де соның кейпінде!

Ән таба­сың. Оны ақшаңа өңде­тесің. Оны айтып шығу үшін киім ала­сың, боя­на­сың. Бей­не­ба­ян түсіресің. Оны удай ақшаға теле­ар­наға «рас­крут­каға» бересің. Ол ән хит бола ма – біл­мей­сің. Кон­церт­ке қаты­са ала­сың ба – тағы белгісіз.

Сөй­тіп, итшілеп жүріп, тас­бақа-аяң­мен жүріп келе жатасың…

Той­ға бар­масқа лажың жоқ. Әлдекім­нің қуа­ны­шы­на ортақ­та­сып, бұй­ы­рған жер­де бел­гісіз бір әмір­ге бағы­нып отырасың.

Жол­да­сым сенің жұмысың оңай деген­де айта­ты­ным: «Сен­де бір бастық, бір кең­се. Ал мен бүгін кім бастық бола­рын, қан­дай кең­се­де, кім­дер­мен жолы­ға­ты­ным­ды біл­мей­мін» деп жау­ап бере­мін. Той – мате­ри­ал­дық қажетіңді өсір­ген­мен, шығар­ма­шы­лық қуа­ты­ң­ды шек­тей­тін, өз-өзіңді ұға алмай, «жабы­лып» қалу­дың алаңы!

Той мен той­дың ара­сын­да өмір өтіп жатады!..

Сон­ды­қтан өзі қар­жы тауып, сон­ша­ма жыл ізденіп, елдің атын шыға­рып оты­рған қар­ша­дай бала бәй­ге­ге түсіп: «Елім не деп жатыр?» деп, біз жаққа бұры­лған­да, тек қол­дап оты­рай­ық! Ол Ала­штың маң­дай­ы­на біт­кен арда ұл!

Ұл тап­саң – осы­лай-ақ тап!

Бәй­ге алсын, алма­сын – оны төбе­міз­ге көтеріп, қар­сы алай­ық! Оны той-тома­лаққа жібер­мей, ста­ди­он­дар­ды боса­тып берей­ік! Енді Димаш ән салсын!

Бұл – Дін­мұ­хам­мед Құдай­бер­ге­но­втің дәуірі!

Әрине, бар­лық уақыт­та бір әншіні тың­дай беру мүм­кін емес. Әртүр­лі әнші қажет-ақ.

Деген­мен, ұят сезі­мі оянсын!

Ол бізді көтеріп жатқан­да, біз әнге деген көзқа­ра­сы­мы­зды, әншіні қоше­мет­тей­тін ішкі мәде­ни­еті­мізді түзейік!

Сон­да бірі­гіп кетеміз!

Димаш – қаза­қты бірік­тіретін қуат­ты есім!

Роза ӘЛҚОЖА

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн