Пятница , 4 июля 2025

Арман МӘЖІКЕЕВ: ЖЕМҚОРЛЫҚТАН ҚАШУ үшін Қазақстаннан кеттім

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №36 (400) от 05 октяб­ря 2017 г.

 

Қаза­қтар шетел­ге неге кетеді?

 


Бұдан бес ай бұрын Аме­ри­каға кетіп қалған оқу­шым e‑mail пошта­ма хат жазып, «Мак’­До­нальд­ста» төрт ай жұмыс істе­ген уақы­тын­да 11 мың дол­лар тапқа­нын мақта­ны­шпен жазып­ты. Ол қыздың жасы 23-те, Евра­зи­я­лық уни­вер­си­тет­тің эко­но­ми­ка факуль­тетін бітір­ген дипло­мы бар. Енді мен ойла­нып отыр­мын: біз мұн­да аме­ри­кан­дық жақ­сы диплом­мен не бітіріп жүр­міз? Кету керек, табыс тауып, ақша жинап, елге оралған соң, тәуір биз­нес ашамыз…

Май­гүл Сады­қо­ва­ныҢ ФБ-парақшасынан

 

Ирлан­ди­яда ұста­здық ететін қазақ жігіті Қаза­қстан­дағы жемқор­лық жай­лы, ғылы­мға деген көзқа­ра­сы тура­лы пікірі­мен бөлісті.

Арман Мәжі­ке­ев 1984 жылы Сол­түстік Қаза­қстан облы­сын­да дүни­е­ге кел­ген. Аста­на­дағы Лев Гуми­лев атын­дағы Еура­зия уни­вер­си­тетін­де мем­ле­кет­тік басқа­ру маман­ды­ғы бой­ын­ша білім алған жігіт қазір Ирлан­ди­ядағы Дуб­лин уни­вер­си­тетін­де эко­но­ми­ка маман­ды­ғы бой­ын­ша сабақ береді.

– Сіз жай­лы тек «эко­но­мист» деген ғана ақпа­рат ала алдым. Әле­умет­тік желі­де­гі парақ­шаңы­зда да өзіңіз жай­лы дерек жоқ екен. Сол себеп­ті әңгі­мені өзіңіз тура­лы айту­дан бастасақ.

– Мен алғаш Аста­наға Евра­зия уни­вер­си­теті ашы­лып жатқан кез­де кел­дім. Төрт жыл бака­лавр, екі жыл маги­стра­ту­ра­да оқы­дым. Аста­на қала­лық әкім­шілі­гін­де алты айлық іс-тәжіри­бе­ден өттім. Одан кей­ін сол жер­де­гі инве­сти­ци­я­лық бір ком­па­ни­яда эко­но­мист болып қыз­мет еттім. Бұдан соң тіл үйре­ну үшін АҚШ-қа кеттім.

– Ол жаққа «Бола­шақ» бағ­дар­ла­ма­сы арқы­лы бар­ды­ңыз ба?

– Жоқ, өз бетім­ше бар­дым. Сол жер­де бір жыл оқы­ған­нан кей­ін, Associate’s degree бағ­дар­ла­ма­сы бой­ын­ша биз­нес әкім­шілі­гі сала­сын тағы бір жыл оқы­дым. Сосын бір жылға жуық уақыт жер­гілік­ті ком­па­ни­яда қыз­мет істе­дім. Сон­да қыз­мет атқа­рып жүр­ген кезім­де док­тор­лық қорғау үшін құжат­та­рым­ды Англи­ядағы уни­вер­си­тет­тер­дің біріне жібер­ген едім. Олар құжа­тым­ды қабыл­дап, өздеріне шақыр­ды. Үш жыл Англи­яда оқы­дым. Эко­но­ми­ка сала­сы бой­ын­ша док­тор­лы­ғым­ды қорға­дым және уни­вер­си­тет­те тағы екі жыл сабақ бер­дім. Одан кей­ін тағы бір ғылы­ми жоба­ны жасау үшін осы Дуб­лин­ге шақыр­ды. Кей­ін жоба­мыз біт­кен­нен соң осын­да қалып, дәріс оқуға ұсы­ныс жаса­ды. Міне, үш жыл бол­ды – осын­да тұрып жатқа­ны­ма. Тек дәріс оқып қана қой­май­мын, басқа да ғылы­ми жұмыстар­мен айналысамын.

– Әуел­гі маман­ды­ғы­ңыз мем­ле­кет­тік басқа­ру сала­сы екен. Қаза­қстан­да қалып, басқа­ру ісіне ара­ласқы­ңыз кел­меді ме?

– Жас кезім­де әкім­шілік­те, бас­шы­лық қыз­мет­те жұмыс істе­гім кел­ген. Ол Қаза­қстан­ның енді ғана аяғы­нан тұрып жатқан кезі ғой. Сол кез­де әкім­шілік­те алты айдай отыр­дым. Бірақ ұнаған жоқ.

– Неге?

– Өзіңіз білесіз ғой ол жер­де­гі жемқор­лы­қты. Сол жер­де істеп оты­рған басты­қтар тен­дер арқы­лы бар­лы­ғын алып жатқан бола­тын. Бөл­ме­лер­дің бәрін­де про­слуш­ка (тың­дау) жүріп жата­тын. Оқуға түс­кен кез­де мен ондай деп ойлаған жоқ­пын. Содан кей­ін ойым­ды өзгер­тіп, биз­нес сала­сы­на кете­мін деп ойла­дым. Бірақ биз­нес сала­сы­на кел­ген кез­де де жағ­дай аса қат­ты өзгер­ген жоқ. Әйт­пе­се жалақы­сы жақ­сы ком­па­ни­яға жұмысқа орна­ласқан едім. Содан кей­ін біры­ңғай ғылы­ми жұмыспен айна­лы­сып кет­кім кел­ді. Солай­ша шетел­ге кеттім.

– Сіз көр­ген елдер­де ғалым­дар­дың жұмыс істеу тәжіри­бесі қандай?

– Бұл жақта ғылым сала­сын­дағы адам­дар үшін жұмыс істе­уде айыр­ма­шы­лы­қтар өте көп. Мен эко­но­мист болған­нан кей­ін, Қаза­қстан­да тұра­тын әріп­те­стерім­ді де біле­мін, барып тұра­мын. Мені Аста­на­дағы мем­ле­кет­тік ака­де­ми­яға жұмысқа шақы­рып, «дәріс оқы­ңыз» деген еді. Мен өз шар­тта­рым­ды айтып, дәрісті тек ағы­л­шын тілін­де ғана оқи­ты­ным­ды, орыс­ша оқы­май­ты­ным­ды ескерт­тім. Себебі соңғы жыл­да­ры тек ағы­л­шын тілін­де ғана сабақ беріп жүрмін.

Қаза­қстан­да жоға­ры оқу орын­да­ры­на сабақ беру­де бұдан басқа бірқа­тар қиын­шы­лы­қтар бар. Қаза­қстан­да ғалым­ды жұмысқа алу­дың бір­не­ше стан­дар­ты бар. Мәсе­лен, мен бір семестр ғана дәріс оқып берей­ін десем, олар келіс­пей­ді: «Біз­де­гі мем­ле­кет­тік стан­дарт бой­ын­ша, сіз осын­да тоғыз-он ай бойы күн­делік­ті таңер­тең­гі сағат тоғы­здан кеш­кі жеті­ге дей­ін оты­рып, қағаз жұмыста­ры­мен айна­лы­са­сыз», – дей­ді. Қаза­қстан­да ғылы­ми дамуға орта басқа­ша. Ал бұл жақта өзге­шелік бар.

– Батыс елдерін­де­гі сол өзге­шелік­тер жай­лы айтыңызшы.

– Бұл жақта ғылы­ми жұмыспен айна­лы­са­тын адам­ның жүк­те­месіне де жақ­сы қарай­ды. Егер ғылы­ми зерт­теу жүр­гізіп, зерт­теу мақа­ла­ла­ры­ңы­зды жари­я­лап жат­саңыз, олар сіз­ге жеңіл­дік береді. Әкім­шілік жұмыстар­ды, сту­дент­тер­мен жұмысты неме­се қағаз жұмыста­рын азай­та­ды. Ғалым­дар кей­бір жиын­дарға бар­май­ды. Мыса­лы, менің бір семестр­ге жос­пар­ланған сабағым­ды екі аптаға сый­ғы­зып бер­ді. Яғни, екі апта бойы таңер­тең­нен кеш­ке дей­ін барып дәрістерім­ді оқи­мын. Одан кей­ін тек ғылы­ми жұмыстар­мен айна­лы­са­мын. Жазғы дема­лыс уақы­тым­ды есеп­те­ме­ген­де, он айдай уақы­тым­ды тек ғылы­ми жұмысқа арнаймын.

Ал Қаза­қстан­дағы әріп­те­стері­ме қарай­тын бол­сам, олар біраз уақыт­та­рын сабақ беру­мен, жиы­нға қаты­сып, қағаз тол­ты­ру­мен өткізіп ала­ды. Уни­вер­си­тет­те ғылы­ми жур­нал тізі­мі бар. Бірақ олар­дың ықпал фак­тор­ла­ры өте төмен және олар­дың көбісі – ресей­лік жур­нал­дар. Олар сіздің мақа­лаңы­зды жари­я­лау үшін ақша ала­ды. Сон­ды­қтан онда шыға­тын мате­ри­ал­дар­дың ғылы­ми ықпа­лы өте төмен. Бұлай айта­тын себебім – мен оны жақ­сы білемін.

Ал Баты­стағы стан­дарт бой­ын­ша тек ағы­л­шын­ша жаза­сыз. Жур­налға жібер­ген кез­де алты айдай уақыт бел­гісіз маман­дар мақа­лаңы­зды тек­се­реді, сосын сын-ескерт­пе келеді, соған жау­ап бересіз. Егер жау­ап бере алма­саңыз, ол мақа­ла шық­пай­ды. Төлем­ге қара­май­ды, мақа­ла­дағы жаңа­лы­ққа, жұмыстың сапа­сы­на қарай­ды. Егер жұмысы­ңы­здың жаңа­лы­қтық сипа­ты бол­ма­са, бас­пай қоюы да мүмкін.

– Маман ретін­де Қаза­қстан­ның эко­но­ми­ка­сы­на сырт көз­бен қарап, сарап­та­ма жасай­сыз ба?

– Жасай­мын. Менің док­тор­лық жұмысым­ның бір бөлі­гі соған арналған еді. Док­тор­лық жұмысым­ды жазып жатқан кез­де Кеден одағы құры­лып жат­ты. Соған бай­ла­ны­сты 10–15 жылға арналған бір­не­ше болжам жасадым.

– Қан­дай болжам­дар жасадыңыз?

– Одақтың ішін­де басты шешім жасай­тын бір мүше­сі бола­ды. Сол мүше басқа мүше­леріне тең көзқа­рас­пен қарай ала­ды және тапқан табыст­а­рын тең­дей бөледі. Бірақ менің болжа­мым бой­ын­ша, бұл сце­на­рий мүм­кін емес. Өйт­кені ол жер­де Мәс­кеу өз жоба­сын жаза­тын Совет Одағы­ның тарихы бар. Міне, сол себеп­ті 10–15 жыл­да Қаза­қстанға және де басқа кішірек эко­но­ми­каға импорт­тан келетін тариф­тік өнім­дер қиын­дық туғы­за­ды. Керісін­ше, Ресей инду­стри­я­ла­ры­на моно­по­лист ретін­де өзінің өнім­дерін өткізу­ге ыңғай­лы бола­ды. Ал Қаза­қстан­ның басқа елдер­мен сауда қарым-қаты­на­сы азай­ған­ды­қтан, тех­но­ло­гия, ғылым жағы­нан бір­тін­деп арт­та қала бастайды.

– Қаза­қстанға қай­тқы­ңыз келе ме?

– Қаза­қстанға оралғым келеді. Ол үшін жақ­сы жағ­дай­лар жаса­лу керек. Мәсе­лен, Қаза­қстанға осы­дан екі жыл бұрын барған­да, қалып қою тура­лы ойым болған. Жер­гілік­ті уни­вер­си­тет­тер­ге хабар­ла­стым, тіп­ті семи­нар­лар да өткіздім. Бірақ олар­дың маған деген қызы­ғу­шы­лы­ғы аса қат­ты бол­ма­ды. Маған жұмыс ұсы­нып, жағ­дай­ым­ды жаса­уға ұмты­лған­да­рын көр­медім. Қазір «біз­дер­ді қабыл­да­уға Қаза­қстан дай­ын емес» деген ойға кел­дім. Әзір­ге жас­пыз, жұмыс істеп, осы жақта бел­гілі бір дәре­же­ге жетіп жат­сақ, Қаза­қстан­да жағ­дай түзеліп жат­са, барып тәжіри­бе­мізді бөлісеміз.

Қазір Қаза­қстан­да жалақы мәсе­лесі өте нашар. Екі жыл бұрын туған қала­ма бар­дым. Сон­да мем­ле­кет­тік уни­вер­си­тет бар, соған барып сөй­ле­стім. Олар маған: «Сізді оқы­ту­шы­ның асси­стен­ті ретін­де ала ала­мыз. Оның жалақы­сы – мем­ле­кет­тік став­ка бой­ын­ша 40 мың тең­ге», – деді. Ол кез­де Пет­ро­пав­л­да пәтер жал­дау құны орта­ша есеп­пен 50 мың тең­ге бола­тын. Дұрыс маман­дар ондай жалақы­ға ешқа­шан жұмыс істе­мей­ді. Өйт­кені ол жер­де­гі жалақы кемін­де 150 мың тең­ге болуы керек.

– Сұх­ба­ты­ңы­зға рахмет!

 

Нұр­тай ЛАХАНҰЛЫ,

Azattyq.org

 

Әлқис­са

 

 

ДЕРЕКТЕР НЕ ДЕЙДІ?


Қаза­қстан Ста­ти­сти­ка коми­тетінің деректері бой­ын­ша, елі­міз­ге көшіп келетін­дер саны жыл­дан-жылға кеміп бара­ды. Тек шетел­де тұра­тын қан­даста­ры­мы­здың көші ғана әлі үзіл­ген жоқ. Мәсе­лен, биыл 5 мың­нан астам қазақ ата­ме­кеніне аңсап жет­кен. Бірақ көштің де сер­піні бәсең­де­ген. Себебі осы­дан 5–6 жыл бұрын елге келетін орал­ман­дар саны екі есе көп болатын.

 

«2014 жыл­дан бастап шетел­ге кет­кен­дер саны Қаза­қстанға көшіп кел­ген­дер саны­на қараған­да артып келеді. Мәсе­лен, биыл жар­ты жыл­да 8 мыңға жуық адам ғана көшіп кел­ген, ал шека­ра асқан­дар саны одан екі есе дер­лік артық», – дей­ді «Ranking.kz» ком­па­ни­я­сы­ның сарап­шы­сы Дина­ра Мұқашева.

Қаза­қстан­нан көшіп кет­кісі келетін­дер негіз­гі себеп деп сыбай­лас жемқор­лық, жұмыс­сыздық пен адам құқы­ғы­ның аяқ асты болуын атап отыр. Эми­грант атанғы­сы келетін­дер­дің басым бөлі­гі Қараған­ды, Шығыс Қаза­қстан, Қоста­най және Пав­ло­дар облы­ста­ры­ның тұрғындары.

 

Stan.kz

 

 

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн