Суббота , 5 июля 2025

Арман ШОРАЕВ, журналист: Қазақ ұлтшылдығын ҚҰБЫЖЫҚ ЕТІП көрсетудің қажеті жоқ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №8 (372) от 2 мар­та 2017 г.

Аза­мат­тың айтары

 


 

Өкініш­ке қарай, Кеңес зама­нын­да мек­теп­ті бітіріп, жоға­ры оқу орнын тәмам­да­сам да өз тарихым­мен мақта­на алма­дым, себебі мен өз тарихым­ды біл­медім. Ал қазір ғалым­дар бұл бағыт­та күн­де бір жаңа­лық ашып, елді қуан­тып жатыр. Егер Кеңес зама­ны әлі өмір сүр­ген­де, қаза­қтар да аты мен тегіне дей­ін орыс­ша ата­ла­тын чук­ча мен жақұт­тар­дың тағ­ды­рын қай­та­лар ма еді, қалай?..

 

Әрине, ұлт­шыл­дық мәсе­лесін қозғай­тын сая­сат­кер­лер­дің сая­си алаңға шығуы көп­ті алаң­да­та­ды. Оны түсі­не­мін. Мұн­дай сая­си топ өкіл­дерінің көзі ашық, көкіре­гі ояу, бір­не­ше тіл­ді білетін, Қаза­қстан­ның өркен­деп-дамуын мақ­сат тұтқан ала­шор­да­шы­лар­дан еш айыр­ма­шы­лы­ғы жоқ.

Ұлт­шыл-пат­ри­от­тық сая­си күш­тер 10–15 жыл­дан кей­ін Қаза­қстан­ның сая­си өміріне бел­сен­ді ара­ла­са­тын бола­ды. Олар­дың орны осы күн­ге дей­ін онсыз да ұзақ уақыт ойсы­рап тұр­ды. Өздеріңіз­ге бел­гілі, қазір­гі сая­си пар­ти­я­лар мен қозға­лы­стар демо­кра­ти­я­ны тек бет­пер­де еткен ква­зи-ұйым­дар екені ешкім­ге жасы­рын емес…

Мәң­гілік дүние жоқ. Кезін­де әлем­ді дүріл­дет­кен ұлы Шыңғыс­хан импе­ри­я­сын неме­се КСРО дер­жа­ва­сын алы­ңыз, жұр­нағы да қал­ма­ды ғой. Мен билік­ке ұлт­шыл­дар келіп, бәрін сыпы­рып тастай­ды деп айт­пай­мын. Олар қоғам­дық өмір­де­гі өзіне тиесілі орын­ды баса­ды. Бұл – заң­ды құбы­лыс, одан қашып құты­лу мүм­кін емес.

Енді 20 жыл­дан кей­ін Қаза­қстан­да қазақ тілін біл­мей­тін адам­ды тап­пай­сыз. Демек, біз­де өз тарихын жақ­сы білетін, аса қадір­лей­тін жастар­дың саны артып, елдің сая­си өміріне бел­сен­ді ара­ла­са бастайды.

Қалай деген­мен де, көп­те­ген сарап­шы қазақ ұлт­шыл­ды­ғын сая­си қозға­лыс ретін­де көр­гісі кел­мей­ді. Әрине, өкініш­ке қарай, ұлт­шыл­дар ішін­де көзқа­рас қай­шы­лы­ғы, жік­шіл­дік бар. Олар­ды бір күш қып қоса­тын бас керек, әрине. Мыса­лы, Айдос Сарым, Расул Жұма­лы секіл­ді… Олар ұлт­шыл-пат­ри­от­тар­дың локо­ма­тиві бола алар еді.

Ал фаши­стер, уль­тра­ра­ди­кал­дар деген біз емес. Ондай­лар біздің елі­міз­де жоқ, оған сенім­ді­мін. Қаза­қстан­да ради­ка­лизм орын алса, оған ұлт­шыл-пат­ри­от­тар­дың еш қаты­сы бол­май­ды, ол тек діни негіз­де өрбуі мүмкін.

Өйт­кені қазақ табиға­ты­нан, жара­ты­лы­сы­нан толе­рант­ты, төзім­ді, бей­та­рап халық. Мұны тарих дәлел­деп бер­ген. Мәсе­лен, қазір­гі Ресей­дің скин­хед­терін алай­ық, біз­де адам­ның түріне, түсіне қарап, ешкім­ді төмен­дет­пей­ді, рен­жіт­пей­ді. Керісін­ше, қазақ кез кел­ген адам­ды үйіне қонақ етіп, төріне шыға­рып, тәт­тісі мен дәм­дісін ұсынады.

Біз­де ұлт­шыл­дық тура­лы мынан­дай жаң­сақ түсінік қалып­та­са бастаған: «Орыс тілі­нен басқа қазақ тілін біл­се, ол – ұлт­шыл, ал тек орыс тілін біл­се, ол – интер­на­ци­о­на­лист…». Күл­кілі ғой, әрине, бұл дұрыс емес.

Мыса­лы, мен орыс тілі мен әде­би­етінің мұғалі­мі­мін, ең сүй­ік­ті ақы­ным — Есе­нин, ең сүй­ік­ті жазу­шым – Досто­ев­ский, бірақ бұл менің қаза­қты­ғым­ды, қазақ халқы­на деген сүй­іспен­шілі­гім­ді жоққа шығар­май­ды ғой. Мен өз басым ана тілім­де сөй­ле­ген­ді жақ­сы көре­мін, Қаза­қстан аза­мат­та­ры­ның бар­лы­ғы қазақ тілін еркін мең­гер­се деп армандаймын.

Ұлт­шыл­дар­дың қазақ тілін дәріп­те­уі – қалып­ты құбы­лыс, бұл қан­дай да бір қорға­ну ама­лы емес. Өмір сүріп жатқан елдің тілін­де сөй­ле­уді уағы­зда­уға ешкім бас көтеріп, қар­сы шықпайды.

Өз басым ұлт­шыл-пат­ри­от ретін­де кино­те­атр­лар­да, қоғам­дық орын­дард берілетін ақпа­рат­тың бар­лы­ғын­да қазақ тілінің басым­дық алуын қол­дай­мын. Бұл да заң­ды тәжіри­бе. Мұн­дай талап қою­шы адам­ды шови­нист және тағы басқа деп кем­сіту­ге өз басым қарсымын.

Тұр­мыстық дең­гей­де қан­дай да бір шие­леністер орын алып тұра­ды. Бірақ бар­лық елде бәрі орнын­да тұр­май­ды ғой. Сон­ды­қтан түй­ме­дей­ді түй­е­дей етудің кере­гі жоқ.

Қазақ ұлт­шыл­ды­ғы­нан қорқу­дың, оны қорқы­ны­шты етіп көр­се­тудің де кере­гі жоқ. Оның жақ­сы жақта­рын, керісін­ше, біз­ге дамы­ту керек.

Мәсе­лен, жақын­да «Құнан­бай» филь­мін тама­ша­ла­дым, дала заңы – билер­дің төрелі­гі, Жеті жарғы­ның қан­ша­лы­қты әділ әрі ашық болға­нын көр­дім. Оның жанын­да қазір­гі сот жүй­есі сын көтер­мей­ді. Өткен­нен неге сабақ алмасқа? Біре­удің қаң­сы­ғын таң­сық етіп қашанғы жап­сы­ра береміз?

Қазақ ұлт­шыл­ды­ғы­ның кем­шін тұсы да бар. Қазақ бүкіл әлем­нен алшақтап, өзінің әле­міне оңай­шы­лы­қ­пен өзгені кір­гіз­бей­ді. Бұл дұрыс емес. Біз­ге үне­мі ашық болу керек.

• Дереккөз: 365info.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн