Пятница , 4 июля 2025

АРМАНДА ҚҰСТЫҢ ӨКІНІШІ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №41 (405) от 09 нояб­ря 2017 г.

 

Мерей­той мезеті


 

Ұлы­бри­та­ния аста­на­сы Лон­дон­да «Қазақ өнерінің фести­валі» деген атпен жазу­шы-дра­ма­тург, ҚР Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның лау­ре­а­ты, Т.Жүргенов атын­дағы ҚазҰӨА про­фес­со­ры Дулат Иса­бе­ко­втің шығар­ма­шы­лы­ғы­на негіз­дел­ген фести­валь өтті, деп жаза­ды qazaquni.kz интернет-порталы.

Фести­валь­ге М.Әуезов атын­дағы Мем­ле­кет­тік ака­де­ми­я­лық қазақ дра­ма теат­ры­ның труп­па­сы (сурет­те) «Жау­жүрек» спек­таклі­мен, Рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік Кәріс музы­ка­лық коме­дия теат­ры «Актри­са» спек­таклі­мен қатыс­са, ағы­л­шын­ды­қтар мерей­той иесінің «Аққу-Жібек» атты жаңа қой­ы­лы­мын ұсы­нған екен.

Мерей­той аясын­дағы шара­лар бары­сын­да Дулат Иса­бе­ков Ұлы­бри­та­ни­я­ның Лорд­тар пала­та­сын­да сөз сөй­ле­ген еді. Біз жазу­шы­ның qazaquni.kz пор­та­лы­нан алы­нған сол сөзін сәл-пәл ықшам­дап, жари­я­лап отырмыз.

 

Құр­мет­ті милорд! Ханым­дар мен мыр­за­лар! Қадір­лі қонақтар!

Бұл – ағы­л­шын оқыр­ма­ны, көре­рмені­мен менің бірін­ші кез­де­суім емес. Бұған дей­ін мұн­да ағы­л­шын тіліне Катрин Юдел­сон­ның ауда­руы­мен Лон­дон­дағы Айт­ма­тов Ака­де­ми­я­сы бас­па­сы­нан шыққан «Гауһар тас», «Біз соғы­сты көр­ген жоқ­пыз…» деп ата­ла­тын кітап­та­рым­ның тұса­у­ке­сері мен «Өкпек жола­у­шы» пье­сам бой­ын­ша «Орзу Артс» теат­рын­да спек­такль өткен. Маған да, менің халқым үшін де аса маңы­зды осы­нау іс-шараға Сіз­дер­дің қаты­су­ла­ры­ңыз мені зор риза­лық сезім­ге бөлейді.

Егер бір мезет кіші­пей­іл­дік­ті сәл ұмы­та тұрып, түр­лі БАҚ бет­терін­де жари­я­ланған әде­би­ет және театр сын­шы­ла­ры­ның, сон­дай-ақ қатар­дағы көре­рмен­дер­дің рия­сыз пікір­леріне жүгін­сек, онда өзіңнің жар­ты ғасыр бой­ы­на бекер­ге тер төк­пе­генің, сөй­тіп сенің шығар­ма­ла­ры­ң­ның тит­тей бөлі­гі Қазақ елі­нен шалғай­дағы мем­ле­кет­тер­де – өлмес туын­ды­ла­ры Англи­я­ны жал­пы әлем­нің әде­би Мек­кесіне айнал­ды­рған ұлы Шекс­пир­дің, Тек­ке­рей­дің, Валь­тер Скот­тың, Бер­нард Шоудың елін­де өз оқыр­ман­да­рын тапқа­ны тура­лы ой келеді екен.

Адам бала­сы туған­да елі мен ата-ана­сын таң­дай алмай­ды, Жара­ту­шы­ның әмірі бой­ын­ша – бірі Еуро­па­да, екін­шісі Ази­яда, үшін­шісі Сири­яда, әлдекім джун­гли­де, біреу пат­ша отба­сын­да, ал біреу кедей­дің күр­кесін­де дүни­е­ге келеді. Ал мен жарық дүние есі­гін ашқан­да, ресми деректер бой­ын­ша, 26 мил­ли­он совет ада­мы­ның өмірін жал­маған адам­зат тарихын­дағы ең қатыг­ез, ең қан­ды соғыс жүріп жатып­ты; солар­дың ішін­де Ста­лин­град түбін­де­гі үш жауын­гер­ге бір ғана вин­тов­ка­дан тиген ала­пат шай­қа­ста менің әкем де мерт бол­ды. Тыл­да қалған тек әйел­дер мен бала-шаға және қарт кісілер әле­мет бей­нет арқы­лы әскер­ді азық-түлік­пен, киім-кешек­пен, тех­ни­ка­мен жабдықтапты.

Онда балғын жас едік, бірақ біз­де бала­лық шақ болған жоқ. Сонау алы­стағы май­дан дала­сы­нан ұшқан оқ көп­те­ген қала­лар мен село­лар­дың үсті­нен зуыл­дап ысқы­рып өтіп, шалғай­дағы ауы­лы­мы­зға да «жетіп», біздің бала­лы­ғы­мы­зды жай­ра­тып­ты. Осы­нау сұм­дық жағ­дай­лар жөнін­де мен «Біз соғы­сты көр­ген жоқ­пыз…» деген повесім­ді жаз­дым, ол жеке кітап болып Лон­дон­да ағы­л­шын тілін­де жарық көрді.

Сонау жалаңа­яқ жас кезім­де кезеңі туып, балқұрақ бала­лы­ғы­мы­зды жой­ған фаши­стік Гер­ма­ни­ядан бөлек – біздің әке­лері­міз жағын­да соғы­су­шы Ұлы­бри­та­ния мем­ле­кеті тура­лы танып-біле­міз деп ойла­дым ба? Сон­да күн­дер­дің күнін­де менің пье­са­ла­рым ұлы Шекс­пир тілін­де Лон­дон сахна­сын­да бірі­нен кей­ін бірі қой­ы­ла­ды деп ойла­дым ба? Қыста пеш жағыл­маған мек­теп­те алба-жұл­ба болып, ашты­қтан үне­мі қар­ным шұрыл­дап, пар­та­да оты­рған сәтім­де жет­піс бес жасқа жетіп, сол мерей­той­ды демо­кра­тия мен фут­бол ота­нын­да – ұтқыр әзіл мен биік мәде­ни­ет, ари­сто­кра­тия ота­нын­да атап өте­мін деп ойла­дым ба?

 

Бір жарым жасым­да ауыр науқастан кей­ін жұрт­тың бәрі мені өлді­ге санап, қабір қазу­шы­лар қолы­на тап­сы­рар алдын­да соңғы рет «жан­сыз» сәбидің жүзіне қарап қалу­ды ұйғарған көр­ші кем­пір­ге риза­мын. Ал мен – «өлген» бет­пақ о дүни­елік бала­ша тып-тыныш жату­дың орны­на кенет көзім­ді ашып, ыржиып күліп­пін, ал үрейі ұшқан кем­пір бай­ғұс бажыл­дап, шешем­ді көмек­ке шақы­рып үлгеріпті.

Пер­зен­тін тірі­дей көме жаз­даған анам менің тірі болуым­мен қой­май, жымиып жатқа­ным­ды көріп, дауыс салып жылап жібер­ген көрі­неді. Мені алып кету­ге кел­ген қабір­ші жана­за­лық дәм­нен қағы­лға­ны үшін түсі бұзы­лып, қат­ты рен­жі­ген секіл­ді. Соларға қонақа­сы бұй­ырт­пай, аш қал-дырға­ным үшін күні бүгін­ге дей­ін қысы­ла­мын. Өздері қазы­лған әлгі қабір­ді қай­та­дан көм­беп­ті де, себебі сырқат бала­лар­дың бірі қайт­кен­мен де өлер еді – уақыт солай-тын.

Бұл жағ­дай­ды менен көп­ке дей­ін жасы­рып келіп­ті. Алай­да алғаш мек­теп­ке барып, бірін­ші «бес­ті­гім­ді» алып кел­ген­де, сол қария «мен бол­ма­сам, мек­теп­ке барып, бес­тік әке­ле алмас едің» деп, жай­дар­ла­на оты­рып, бар­лық сыр­ды жай­ып сал­ды. Әлгі көр­ші­міздің тіміс­кек­ті­гі арқа­сын­да, міне, мен өздеріңіздің алда­ла­ры­ңы­зда тұр­мын. Кем­пір менің жүзім­ді көру үшін киіз бетін кез­дей­соқ ашты ма екен? Менің­ше, жоқ! Тәрізі, ол көк­тің әмірі­мен солай істе­уді ұйғарған. Осы оқиға қалай­да Құдай­дың бар екенін, ештеңенің себеп­сіз жасал­май­ты­нын тағы да көр­сетіп тұр. «Алла­ның бұй­ры­ғын­сыз бір жапы­рақ жер­ге түс­пей­ді» деген ескі қазақ мақа­лы бар.

Өздеріңіз пай­ым­дап көріңіз­дер, адам туған­нан бастап, көз жұмғанға дей­ін дүни­е­де ешбір оқиға кез­дей­соқ бол­май­ды екен. Егер Ленин бастаған боль­ше­вик­тер пат­ша­лық само­дер­жа­ви­ені жеңіп, Совет өкі­меті орна­ма­са, өз құра­мы­на қазір Қаза­қстан деп ата­ла­тын ежел­гі Қаза­қия елін күш­теп кір­гіз­бе­се, менің әкем өзі де, оның ата-баба­сы да бұрын-соң­ды естіп-біл­ме­ген Ста­лин­град­ты қорғап қаза тап­пас еді және мен бұл тура­лы кітап та жаз­бас едім.

Бастан өткер­ген май­дан­дарға қара­ма­стан, қазір адам­зат алдын­да үшін­ші дүни­е­жүзілік соғыс өрті бұрқ ете ме деген қауіп тұр, тәрізі, бұл ең соңғы­сы болар. Жаңа­лы­қтар­дан жан­түр­ші­гер­лік сурет­тер­ді көре­міз. Ресей теле­ар­на­ла­ры «Рос­сия Сири­я­ны лаң­кестер­ден құтқа­ра­ды» деп хабар­лап жатыр… Алай­да осын­дай «бей­біт­шілік мақ­сат­тағы» бом­ба­ла­удың бірі­нен кей­ін мен бір жасар бала­ның басы жұлы­нып кет­кен шеше­сінің омы­ра­уын ашқа­рақта­на емген кадр­ды көр­дім. Осы­нау сұм­дық сурет әлі күн­ге дей­ін көз алдым­нан кетпейді…

Қаза­қтың ежел­гі аңы­зы бой­ын­ша, Жер-жұмақты жаратқан Құдай оған ең алды­мен адам­ды емес, бір құсты жіберіп­ті. Ол құстың аты «Арман­да» екен, яғни «мәң­гілік сағы­ныш» деген мағы­на береді. Жара­ту­шы­ның әмірі бой­ын­ша, ол тек көк жүзін­де самғап жүреді. Жер шарын мың-мил­ли­он мәр­те айна­лып ұшқан құс жер бетін­де­гі тір­шілік­ке іңкәр болып, қат­ты құмартады.

Бір­де ол Құдай­ға көк­те­гі мәң­гілік өмір­ді тастап, жер­де күн кеш­кісі келетінін айта­ды. Құдай келіс­пей­ді. Бірақ құс әлгі өтіні­шпен қай­та-қай­та келе беріп­ті. Бұған қат­ты ашу­ланған Жара­ту­шы оны қуып та жібе­реді. Құс сонау тілек­пен соңғы мәр­те кел­ген­де Құдай: «Жарай­ды, мәң­гілік ғұмыр­ды қала­ма­саң, еркің біл­сін, жер­ге түс.

Тек есің­де бол­сын, онда өлмес өмір жоқ. Сенің орны­ңа өзге бір «мақұлы­қты» жібе­ре­мін», – дей­ді. Сон­да құс: «О, Жара­ту­шым, бәріне келі­се­мін!» – деп қуа­на-қуа­на жер­ге түсіп­ті де, бір­ден о дүни­е­ге аттаныпты.

Құдай оның орны­на бәрі­міздің ортақ ата­мыз Адам­ды жөнел­те­ді. Айт­пақ­шы, қаза­қ­ша «адам» деген мағы­на­дағы осы сөздің алға­шқы нұсқа­сы – «Адам» тек қазақ тілін­де ғана сақталған.

ХІХ ғасыр­дағы қаза­қтың ұлы ақы­ны Абай: «Адам­ның басы – Алла­ның добы» деп жазып­ты; мұның «Адам Құдай үшін ойын­шық, бәрі Жара­ту­шы­ның қолын­да» деген мағы­на беретіні түсінікті.

Менің­ше, біздің ғалам­ша­ры­мы­здың сұлулы­ғы­на бола мәң­гілік ғұмы­рын жер­де­гі қысқа тір­лік­ке айыр­ба­стаған Арман­да құс бір сәт тіріліп, бүгін­гі Адам ұрпақта­ры­ның Жер­ді нен­дей күй­ге түсір­генін көр­се, өзінің сонау шеші­мі үшін қат­ты өкі­нер еді.

Бар­лық заман­дар­дағы соғы­стар тұтас әлем­ді билеп, бар­лық бай­лы­қты иелен­сем деген той­ым­сызды­қтан баста­ла­ды. Ал сол қақты­ғы­стар­дың немен аяқта­ла­ты­ны тарих­тан мәлім. Қазақ мақа­лы: «Құдай­дың мен­шік­ті малы жоқ, ол тек біре­уден алып, біре­у­ге беріп оты­ра­ды» дей­ді. Зор­лық жолы­мен кел­ген дәу­лет бүгін бол­ма­са, күні ертең келер ұрпақ үшін үлкен қасірет­ке ұла­суы мүм­кін. Ұлы ойшыл Абай: «Сен­бе жұр­тқа, тұр­са да қан­ша мақтап, әуре ете­ді ішіне қулық сақтап. Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, еңбе­гің мен ақы­лың екі жақтап» – деп жазған.

 

Бүгін­гі ала­са­пы­ран, дүр­бе­лең дүние ұлы жазу­шы­лар­дың қаси­ет­ті сөзіне зәру. Интер­нет пен элек­тро­ни­ка дәуірінің адам­да­ры әзір­ше қағаз кітап­тан бас тар­та қой­ған жоқ, олар әлі де сая­сат­шы­ларға қараған­да, жазу­шы сөзіне көбірек сенеді. Жазу­шы­лар дүни­е­де­гі ең әле­мет СӨЗ қаруы­на ие екенін өздері де толық түй­сін­бе­уі мүмкін.

Егер әрбір қара­пай­ым жазу­шы­ның артын­да орта есеп­пен 10–15 мың оқыр­ман тұрға­нын есеп­теп, осы сан­ды әлем­нің бар­лық жазу­шы­ла­ры­на көбейт­се, онда ғалам­дағы бар­лық адам­дар­дың жан-жүре­гіне ықпал ететін қуат­ты қаруға ие ала­пат армия құры­лар еді. Өйт­кені алды­мен құр­лы­қа­ра­лық раке­та­лар емес, Сөз пай­да болған ғой.

Биы­лғы қыр­күй­ек­тің 22-сін­де Алма­ты­дағы Достық үйін­де көр­нек­ті қоғам қай­рат­кері, мәде­ни­ет­та­ну­шы, тәу­ел­сіз Қаза­қстан­ның Қытай­дағы алға­шқы елшісі Мұрат Әуе­зо­втің баста­уы­мен халы­қа­ра­лық «Жібек жолы. Соғыс­сыз әлем» атты дөң­ге­лек үстел өтті, онда шетел зия­лы­ла­ры­ның көп­те­ген өкіл­дері: ғалым­дар, сая­сат­кер­лер, жазу­шы­лар өз пікір­лерін ортаға салды.

Маған бір ой кел­ді: біз­ге әлем­нің маң­дай­ал­ды жазу­шы­ла­ры бей­біт­шілік пен әділет­тілік­ті, қор­шаған орта таза­лы­ғын қорғап, кей­бір елдер­дің агрес­си­я­лық сая­са­тын мей­лін­ше әшке­ре­леп оты­ра­тын «Әлем жазу­шы­ла­ры ассо­ци­а­ци­я­сын» құра­тын кез жет­кен жоқ па екен?

Бұл ұйым­ның штаб-пәтері, өз ойым­ша, кезін­де қазір­гі таң­да төрт­күл дүниенің көп­те­ген елдерін­де, оның ішін­де Қаза­қстан­да да фили­а­лы бар халы­қа­ра­лық ПЕН-клуб­ты құрған, ұлы жазу­шы Джон Гол­су­ор­сидің ота­ны –Англи­яда тұруға тиісті.

Мен Ұлы­бри­та­ния Лорд­тар Пала­та­сы­на, Лон­дон­дағы фести­валім­ді өткізу­ге тигіз­ген зор көме­гі, пье­са­лар мен әңгі­ме­лер жинағым­ның тұса­у­ке­серін, алға­шқы мерей­той­лық кешті өткізу­ге, «Аққу-Жібек» пье­са­сы­ның ашы­луы­на жасаған қолға­бысы үшін Ұлы­бри­та­ния Бірік­кен Король­ді­гін­де­гі өз елші­міз Ерлан Ыды­ры­со­вқа шексіз риза­лы­ғым­ды біл­діре­мін. Сон­дай-ақ іс-шара­ны өткізу­ге мұрын­дық болған «Самұрық-Қазы­на» TRUST серік­те­сті­гіне алғыс айтқым келеді.

Өз өмір­леріңіздің тұта­стай он мину­тын маған арнап, сөзім­ді аяғы­на дей­ін тың­даған­да­ры­ңыз үшін көп­тен-көп рахмет!

 

Лон­дон,

2 қазан, 2017 жыл,

qazaquni.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн