Воскресенье , 6 июля 2025

АРМАННЫҢ асыл арманы ОРЫНДАЛАДЫ

Таны­мал ком­по­зи­тор, «Хабар» теле­ар­на­сы­ның «жұл­ды­зды жүр­гі­зу­шісі» Арман Дүй­се­нов «Қазақ әуен­дері» акци­о­нер­лік қоға­мы мен «Гүл­дер» ансам­блін басқа­ра­тын болады.

«Қазақ әуен­дері» акци­о­нер­лік қоға­мы­ның құры­лға­ны­на биыл 10 жыл тола­ды. Бірақ оның құра­мын­дағы «Гүл­дер» ансам­блінің тарихы отыз жыл­дан асып жығы­ла­ды. Осы уақыт ара­лы­ғын­да бұл ансамбль­дің гастроль­дік сапар­мен бар­маған жері, бол­маған елі қал­ма­ды. Бірақ соңғы 10–15 жыл­дың көле­мін­де ансамбль­де бас­шы тұрақта­маға­ны – тағы рас.

Енді, міне, «Қазақ әуен­дерін» әуеле­ту­ге жаңа­ша ойлай­тын, жаңа заман­ның тала­бын білетін бас­шы кел­ді. Оның қыз­меті қан­ша­лы­қты жемісті бола­рын уақыт көрсетеді.

Бірақ, қаза­қи қалы­пқа салып қара­сақ, ансамбль­де­гі арқы­раған арти­стер Арманға жұмыс істе­те ме, жоқ па – ол да бола­шақтың әңгі­месі. Қалай десек те, қаза­қтың өнерін әлем­ге әйгілеп жүр­ген ансамбль Арман­ның дәуірін­де жаңа биік­тер­ге көтеріледі деген үміт­ке ерік бер­гің келеді. Арман­ның да бұл орай­да асыл арма­ны бары – сөз­сіз мәсе­ле болмақ.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн