Суббота , 5 июля 2025

ҚАРСЫЛЫҚ МИТИНГІЛЕР ӨТКІЗУ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙДА МҮМКІН БЕ?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №13 (377) от 06 апре­ля 2017 г.

 

DАТ!

 


Бел­гілі оппо­зи­ци­я­лық сая­сат­кер Мұх­тар Әбі­ля­зов «Фейс­бук» желісін­де­гі парақ­ша­сын­да Қаза­қстан қоға­мын қар­сы­лық митин­гісіне жұмыл­ды­ру мүм­кін­дік­тері жөнін­де пост жазған екен (қараңыз):

 

• «Біздің аза­мат­тар­дың жап­пай жал­пы­ха­лы­қтық митинг­ке шығуы­на түрт­кі болу үшін, ұйым­да­сты­ру­шы­лар қан­дай әре­кет­тер жасау керек екенін түсін­гім келеді. Нара­зы­лық шара­ла­ры­ның сер­ке­лері болу керек деген пікір-тілек­тер көп айты­лу­да. Мыса­лы, Ресей­дің 97 қала­сын­да нара­зы­лық шара­ла­ры бір мезет­те өтті. Бірақ сол қала­лар­дың бәрін­де Наваль­ный­дың шта­б­та­ры болған жоқ.

Қазір бел­гілі болған­дай, Мәс­ке­уде­гі митин­гі­ге шыққан халы­қтың басым бөлі­гінің көш­ба­сы­ла­ры болған жоқ. Бел­сен­ділер мен көш­ба­сы­лар митинг кезін­де өзді­гі­нен аны­қтал­ды. 26 науры­здан кей­ін­гі митин­гілер де өзді­гі­нен ұйымдастырылған.

Қазір осын­дай нара­зы­лық шара­ла­рын ұйым­да­сты­руға атса­лы­са ала­тын бел­сен­ділер­ді ізде­уде­мін. Әрине, ондай шара­лар­дың жұмысы мұқи­ят жаса­лу керек екенін түсі­не­мін. Нара­зы­лық шара­ла­рын оңай басып таста­мау үшін, оған қаты­су­шы­лар­дың саны көп болуы тиіс».

 

Әлбет­те, әле­умет­тік-сая­си тұрғы­да тоқы­рап қалған қоға­мға қозғау сала­тын мұн­дай әре­кет­тер керек-ақ. Қуғын­дағы сая­сат­кер­дің мұн­дай сая­си шараға қозғау салған ой-жоралғы­сын қол­да­уға әбден тұрар­лық. Содан да болар, ширек ғасыр­дан астам уақыт бір ғана адам­ның билі­гі­нен әбден қал­жы­раған қаза­қстан­дық қоғам­ды өзгеріс­ке шақы­рған сая­сат­кер­дің ой-жос­па­ры «Фейс­бук» желісін­де қызу талқы­ла­ну үстін­де. Біздің газет­тің редак­ци­я­сы қоғам бел­сен­ділері­мен жүр­гіз­ген сау­ал­на­ма-сұх­бат­тың тақы­ры­бы да осы: Қаза­қстан­да қар­сы­лық митин­гісін ұйым­да­сты­ру мүм­кін­дік­тері қандай?

 

Дос КӨШІМ, саясаттанушы:

 

– Мүм­кін. Оны был­ты­рғы жер дауы нақты көр­сет­ті. Келесі жиын­дар одан да гөрі күшті бола­ты­ны да дау­сыз. Әңгі­ме сол митин­гілер­дің тақы­ры­бын­да ғана жатыр.

Екін­ші мәсе­ле – сол митинг­тер­дің ұйым­да­сты­ры­луы неме­се сти­хи­я­лық түр­де туын­да­уын­да деп ойлай­мын. Жиын­дар­ды халы­ққа да, билік­ке де бел­гілі бір топ­тар ұйым­да­стыр­са (сая­си пар­тия неме­се қоғам­дық қозға­лыс, т.т.), сана­лы түр­де өте­ді де, ал халы­қтың ашу-ыза­сы­ның толқы­ны­нан туса, қоға­мға да, билік­ке де қауіп­ті… Менің­ше, билік­ке осы еке­уінің соңғы түрі ұнай­тын сияқты – қазір сая­си аре­на­да митинг­тер­ді сау­ат­ты түр­де ұйым­да­сты­ра­тын (және қажет­ті кезін­де тоқта­та ала­тын) сая­си-қоғам­дық топ қалған жоқ…

Ашы­ғын айт­сақ, қаза­қты бір ауыз сөз­бен-ақ көше­ге шыға­руға бола­ды. Ал тоқта­ту – аса қиын мәселе.

Қар­сы­лық митин­гілеріне түрт­кі бола­тын жағ­дай­лар пер­ма­нент­ті түр­де тоқта­у­сыз жүріп жатыр. Оны кей­де қол­дан да жаса­уға бола­ды. 60–70-жылдары Кеңес жүй­есін­де де сан мың­даған адам­дар көше­ге шығып, «Тарт қолы­ң­ды Вьет­нам­нан!» неме­се «Атом бом­ба­сы жой­ыл­сын!», «Аме­ри­ка импе­ра­лиз­мі құры­сын!» деген сияқты тақы­рып­тар­ды көтер­ген. Сол уақыт­тағы көше­ге шыққан адам­дар жаңағы ұран­дар­ды шын көңіл­дері­мен айта­тын. Қоғам­да «қар­сы­лық таны­та­тын мәсе­ле­лер» ешқа­шан тау­сыл­май­ды. Басты мәсе­ле – сол жиын­дар­да көтеріл­ген ұран­дар­дың әр адам­ның өміріне, бола­шағы­на тіке­лей қаты­сты екен­ді­гіне көз­дерін жеткізу.

Егер қазір­гі жағ­дай­ға кел­сек, бірін­ші орын­да «Қазақ мәсе­лесі» (тіл, жер, т.б.) тұр деп ойлай­мын. Мүм­кін, оған жемқор­лы­қты қосқан дұрыс шығар, себебі бұл да нағыз ұлт­тық мәсе­ле. Қаза­қтың рухы­на, діліне де, дініне де жат қаси­ет… Бұлар­дың бар­лы­ғы билік пен халы­қтың ара­сы­ның алшақтап бара жатқа­нын көр­се­те­ді. Сон­ды­қтан болуы керек, «қоғам­ның қар­сы­лы­ғын оята­тын сая­си-әле­умет­тік тақы­рып­тар­дың» бар­лы­ғын дер­лік билік­тің өзі туын­да­тып отыр. Билік халы­қ­пен кеңе­суді қой­ды, өздерінің қыз­мет­ші екен­дік­терін (слу­га наро­да) мүл­дем ұмы­тып кетті.

Ал Мұх­тар Әбі­ля­зов көтер­ген баста­ма­ның жақта­у­шы­ла­ры көп бола ма? Жоқ! Бірін­ші­ден, Мұх­тар Әбі­ля­зов та қолын­дағы бай­лы­қты кет­пен шауып, мал бағып жина­маға­ны бел­гілі… Ол да билік­тің іші­нен шыққан, сол дастар­ханда оты­рып, осы жүй­енің қалып­та­суы­на қыз­мет еткен жан­дар­дың бірі. Қазір­гі билік­ке қар­сы жан­дар­дың бар­лы­ғы халы­қтың жағын­дағы адам­дар десек – оңбай қателесеміз.

Оппо­зи­ция – қазір­гі билік­те­гі топ­ты ығы­сты­рып, өздері билік­ке келуді мақ­сат тұтқан екін­ші сая­си топ. Әрине, халы­қтың қол­да­уын алу үшін олар да әділет­сіздік тура­лы, жемқор­лық тура­лы жалын­ды сөз­дер­ді айта­ды, билік­тің кем­шілі­гін көр­се­те­ді, қоғам­дық көзқа­рас туды­ра­ды. Бұл олар­дың сая­си жұмыста­ры­ның клас­си­ка­лық тәсіл­дері. Билік­ке қыз­мет еткен, кей­ін­нен «демо­крат», «халы­қ­шыл» болып шыға кел­ген адам­дарға деген сыни көзқа­ра­сым­ды ешқа­шан жасы­рған емес­пін, сон­ды­қтан өз басым оларға сене қой­май­мын. Мен олар­ды не 1986 жылғы Жел­тоқ­сан көтерілісі кезін­де, не 90-жылғы Тәу­ел­сіздік үшін күре­сте қата­ры­мы­здан көр­ген жоқ­пын. Мұх­тар Әбі­ля­зов тура­лы мен білетін бір ғана дерек – қай­бір жыл­да­ры оның пре­зи­дент­тен кешірім сұрап бостан­ды­ққа шыққа­ны. Әлі есім­де, сол уақыт­тағы бір сұх­ба­тым­да «Әбі­ля­зов пен Жақи­я­нов пре­зи­дент­тен кешірім сұрай­ды, ал Сер­гей Дува­нов (ол да сол уақыт­та қамауда оты­рған) ешқа­шан кешірім сұра­май­ды» дегенім бар. Сол айтқа­ным айны­май келді.

Халық өзінің сенетін ада­мы­ның сөзіне құлақ қояды, соңы­нан ереді. Ал сенім, оның ішін­де сая­си өмір­де­гі сенім сол адам­ның өмір бойы жасаған жұмысы­на, ешқа­шан өзгер­ме­ген аза­мат­тық көзқа­ра­сы­на деген баға арқы­лы қалып­та­са­ды. Бұл пікірім­ді оның сая­си бағы­ты­на не жеке басы­на жаулық деп қабыл­да­уға бол­май­ды. Әрине, оның да баста­ма көте­ру­ге, халы­қты қар­сы­лық таны­туға шақы­руға құқы­ғы бар (ол үшін жау­ап беру­ге не кешірім сұра­уға да дай­ын болар). Бірақ оның соңы­нан еретін­дер көп бол­май­ды деп ойлаймын.

Соны­мен қатар ақша­лы адам­ның «қай­ы­қты шай­қал­ту» жұмысын жүр­гі­зу мүм­кін­ді­гі бар екен­ді­гін де жоққа шыға­руға бол­май­ды. Қаза­қстан­да билік­ке не пре­зи­дент­ке тістерін қай­рап жүр­ген адам­дар тобы да жетер­лік, оған қомақты қар­жы бөлініп, жос­пар­лы жұмыстар жүр­гізіл­се, «қол­да­у­шы­лар қата­ры­ның» көбе­юі әбден мүмкін.

Ал елде­гі сая­си өзгерістер­ді митин­гісіз жаса­уға бола ма? Соңғы уақыт­та «митинг» деген сөз­ге бәрі­міз тіреліп қалған сияқты­мыз. Әрине, қоғам­ның бүгін­гі талап етіп оты­рған өзгерістерінің митин­гісіз де жүзе­ге асуы ғажап емес. Соған қарап, митин­гінің кере­гі жоқ деген ой тумай­тын шығар деп ойлай­мын. Митинг, бей­біт шеру­лер, пикет­тер – Қаза­қстан­ның Кон­сти­ту­ци­я­сын­да жеке бап болып бекітіл­ген (ол бап­тың бұзыл­мауы­на пре­зи­дент кепіл­дік бола­ды) адам­ның еркін­ді­гі мен құқы­қта­ры. Бұл – қоғам­дағы бел­гілі бір әле­умет­тік топ­тар­дың, сая­си ұйым­дар­дың өз пікірін жария түр­де көр­се­тудің заң­ды жолы. Оған ешкім де тый­ым сала алмай­ды. Бүгін­гі Қазақ елі билі­гінің митин­гіні тоқта­туға, бол­дыр­мауға бағыт­талған жұмыста­ры – бала­ның ойы­ны сияқты. Мүм­кін, бұл – ашы­нған халық ерне­уі­нен шыққан өзен сияқты тасып, бізді де лақты­рып жібе­рер деген қорқы­ныш та болар.

…Осы­ған орай, АҚШ-тың үшін­ші пре­зи­ден­ті, «Тәу­ел­сіздік декла­ра­ци­я­сы­ның» авто­ры Томас Джеф­фер­сон­ның 1787 жылғы «Лей­те­нант Шей­стің көтерілісіне» бер­ген баға­сы менің есі­ме түседі. Т. Джеф­фер­сон У.Смитке жазған хатын­да: «Халы­қтың бар­лы­ғы бір­дей жан-жақты ақпа­рат алуы мүм­кін емес. Бұл топ­тың сенім­сізді­гі (билік­ке деген) күн­нен-күн­ге күшейе түседі. Егер адам­дар­дың бір бөлі­гі қоғам­да болып жатқан мәсе­ле­лер жөнін­де осын­дай теріс ақпа­рат ала оты­рып, бей­жай, тыны­штық күй­де қал­са – қоғам­ның өлі ұйқы­ға кет­кен­ді­гі. Біздің он үш штат­тың тәу­ел­сіздік алға­ны­на он бір жыл болды.

Сол уақыт­тың ара­сын­да бір ғана көтеріліс болған екен. Егер оны он үш штатқа бөл­сек, әр штат­та 150 жыл­да бір ғана көтеріліс болып­ты. Жүз елу жыл­да бір ғана көтеріліс болған ел бар ма екен? Егер халық мез­гіл-мез­гіл өздерінің биле­ушілеріне қар­сы­ла­су рух­та­ры­ның бар екен­ді­гін көр­сетіп отыр­ма­са, ондай мем­ле­кет өзінің бостан­ды­ғын сақтап қала ала­ды ма?» деп, билік­ке қар­сы шыққан көтеріліс­шілер­ді ақтайды.

Томас Джеф­фер­сон бұл жер­де өздерінің билік­тен айы­ры­лып қалу­ла­ры­нан гөрі, Аме­ри­ка халқы­ның қар­сы­ла­су рухы­нан айы­ры­лып қалуы­нан көбірек қорқа­ды. Менің­ше, митинг­тер­ден қорқу – халы­қтың қар­сы­ла­су рухы­нан қорқу. Ал қар­сы­ла­су пси­хо­ло­ги­я­сы­нан айры­лған халық – өлген халық. Ертең ол кез кел­ген басқын­шы­ның аяғы­ның астын­да жатады.

Елде өзгерістер жаса­удың жолы біреу-ақ, ол – демо­кра­ти­я­ның инсти­тут­та­рын жасақтау («әділет­ті сай­лау», «көп­пар­ти­я­лық жүйе», «жер­гілік­ті өзін-өзі басқа­ру», «тәу­ел­сіз бас­пасөз», т.т.) Тағы бір ескер­ту – демо­кра­ти­я­лық құры­лым­дар тек қана еркін аза­мат­тар өмір сүретін қоғам­да ғана жұмыс істеп, өзінің нәти­же­сін береді. Ал өзінің ана тілін тіріл­те алмай оты­рған, отар­шыл­дық кезең­де жоға­лып кет­кен ұлт­тық құн­ды­лы­қта­рын қай­та жаңғыр­та алмаған қоғам­да тыны­штық та орна­май­ды, адам­да­рын­да еркін­дік те болмайды.

 

Наға­шы­бай ЕСМЫРЗА, қоғам белсендісі:

 

– Митинг өткізу­ге мүл­де қар­сы­мын. Билік мәсе­лесі митинг­пен шешіл­мей­ді. Билік­ті халы­қтың көп дауы­сын жинау арқы­лы әділ өткен сай­ла­уда ғана ала ала­сың. Ал ондай сай­лау «NN» бақи­лық болған кез­де ғана өтетініне кепіл­дік бере ала­мын. Сон­ды­қтан да, Мұх­тар інім, ақы­лы­ң­ды босқа шашпай, сай­ла­уда қалай көп дауыс жина­уға бола­ды деген мәсе­ле­мен айналыс.

Бұрын­нан бері айтып жүр­мін, тағы да қай­та­лап айтай­ын, келесі билік тек қана ҰЛТШЫЛДАРДЫҢ қолын­да бола­ды. Сон­ды­қтан да қаза­қ­шаң­ды дұры­стап, қаза­қтың осын­дай қасірет­ке ұшы­рап қалға­ны­ның басты себеп­терін зерт­теп, қаза­қтың жүре­гі­нен орын ала­тын сөз­дер­ді жалын­ды түр­де айтуға дағ­ды­ла­на бер.

Ал жақ­сы, күшті бір митинг өткі­зер­сің. Король­ге шах қояр­сың… Бірақ «шах»-тың «мат» емес екенін менен жақ­сы білесің ғой.

 

Жаса­рал ҚУАНЫШАЛИН, қоғам қайраткері:

 

– Қазір­гі қаза­қстан­дық режим жағ­дай­ын­да қоғам­ды қар­сы­лық митин­гісіне топ­та­сты­ру мүм­кін бе?

Бұл сұрақтың жау­а­бы айқын – әбден мүм­кін! Мұны был­тыр сәуір айын­да Аты­рау қала­сын­да баста­лып, кей­ін бір­не­ше қала­да (Ақтө­бе, Орал, Семей, Алма­ты, Қызы­лор­да, Ақтау, Қараған­ды және т.б.) жалғасқан билік­тің жер­ді аук­ци­он арқы­лы сату және шетел­ге ұзақ мерзім­ге жалға беру сая­са­ты­на қар­сы митин­гілер айқын дәлел­деп бер­ді. Олай бола­ды деп күт­пе­ген және өйтіп дүр ете қалған халы­қтың қаһа­ры­нан зәресі ұшып, шошып кет­кен Назар­ба­ев­тың Жер кодексіне енгізіл­ген әлгін­дей бап­тарға дереу бес жыл­дық мора­то­рий жари­я­лап, билік­тің алдам­шы жер комис­си­я­сын құрып, оған бір­не­ше «халық өкілін» кір­гізіп, өзінің ол жос­па­ры­нан уақыт­ша бол­са да бас тар­туға мәж­бүр болға­ны белгілі.

Рас, содан кей­ін сәл есін жиған елба­сы ашса – алақа­нын­да, жұм­са – жұды­ры­ғын­да тұрған «құқық қорғау орган­да­ры­на», ал шын мәнін­де – репрес­си­я­лық күш­тер­ге митин­гіні ұйым­да­сты­ру­шы­ларға қар­сы жаза­лау науқа­нын баста­уға «бата­сын» бер­гені, оның ақы­ры халқы­мы­здың қос баты­ры – Макс Боқа­ев пен Талғат Аян­ды қуыр­шақ сот­тың нақақ үкі­мі­мен еш кінәсіз бес жылға бас бостан­ды­ғы­нан айы­руы­мен аяқталға­ны және бел­гілі. Сөй­тіп, Назар­ба­ев режи­мі өзінің бай­ы­рғы әдеті­мен: «Екін­шілей билік­ке қар­сы бас көтер­ген­дер­дің көретіні осы бола­ды!» – деп, халы­ққа сес көрсетті.

Алай­да көп­шілік сана­сы­на үрей-қорқы­ныш ұяла­туға арналған оның бұл әре­кеті, керісін­ше, бұқа­ра­ның ашу-ыза­сын бұры­нғы­дан бетер күшей­тіп жібер­геніне қазір еш күмән жоқ. Яғни, бұл жағ­дай көп­шілік­тің нара­зы­лық митин­гілеріне шығу құл­шы­ны­сын тек арт­ты­ра түсті деу­ге толық негіз бар.

Мұн­дай митин­гілік шараға түрт­кі бола­тын сая­си-әле­умет­тік жағ­дай пісіп-жетіл­ді ме? Әлбет­те. Және де ондай жағ­дай­лар тек қазір ғана емес, Назар­ба­ев билі­гінің бар­лық кезеңін­де орын алған бола­тын. Дик­та­тор­лық режим ұзақ уақыт үстем­дік құрған елде басқа­ша болуы мүм­кін де емес, әрине. Бірақ «Қара­ор­да» ондай жағ­дай­лар ушы­ғып кет­пе­уі үшін мәсе­лені ел мүд­десіне сәй­кес шешудің орны­на, үне­мі тек халық толқу­ла­ры­на жол бер­меу мақ­са­тын­дағы қорқы­тып-үркіту, қуда­лап-қуғын­дау амал­да­рын пай­да­лан­ды. Ал бұқа­ра ыры­ққа көн­бей кет­кен кез­дер­де (Бақай-Шаңы­рақ ойра­ны, Жаңаө­зен-Шет­пе қан­ды қырғы­ны) тіп­ті қару қол­да­ну­дан да тай­ын­ба­ды және өзінің ондай қыл­мыста­рын әлдебір «бұза­қы­лар­дың» қыл­мыста­ры ретін­де жари­я­лап, халы­ққа қар­сы пай­да­лан­ды. Бұл жағ­дай әсіре­се Жаңаө­зен-Шет­пе қасіреті­нен кей­ін айқын көрініс тап­ты: иман­сыз режим бұл «бүлік» үшін бар «кінәні» сирек кез­де­сетін арсызды­қ­пен өз құр­бан­да­ры – мұнай­шы­лар мен оппо­зи­ция өкіл­дерінің мой­ны­на артып, елі­міздің демо­кра­ти­я­лық кеңісті­гін қол­ба­ла тер­ге­ушілер, про­ку­рор­лар, сот­тар күші­мен жап­пай «тазар­ту» науқа­ны­на кірісті де, өкініш­ке орай, ол мақ­са­ты­на жетті.

Міне, «Қара­ор­да­ның» осын­дай дик­та­тор­лық қуғын-сүр­гін сая­са­ты­ның нәти­же­сін­де, бей­не­лей айтқан­да, «бас­сыз қалған» жұрт­шы­лық ұйым­дасқан түр­де нара­зы­лық акци­я­ла­ры­на шығу мүм­кін­ді­гі­нен айы­ры­лып, елі­міз­де билік­тің халы­ққа қар­сы іс-әре­кет­тері молая түс­кеніне қара­ма­стан, бір­не­ше жыл бойы «тыны­штық» орна­ды. Оны, жоға­ры­да айтқа­ны­мы­здай, тек 2016 жылғы жер митин­гілері бұзды…

Мұх­тар Әбі­ля­зов айтып оты­рған Ресей­де­гі нара­зы­лық акци­я­ла­ры­ның бір мәсе­лесі – сыбай­лас жемқор­лы­ққа қар­сы күрес ұра­ны аясын­да өткенін, ал мұның бір күн­де жүз­ге жуық қала­ны қам­туға мүм­кін­дік бер­генін, өзі­міз­де­гі біры­ңғай жер про­бле­ма­сы­на арналған митин­гілер­дің де көп­те­ген адам­ның басын қосқа­нын ескер­сек, менің­ше, біздің алдағы уақыт­та сол так­ти­ка­ны қол­данға­ны­мыз, яғни өз митин­гілері­міз­ге негіз­гі бір, асып кет­се – екі талап­пен шыққа­ны­мыз дұрыс болар еді.

Ал елба­сы­лық Қаза­қстан жағ­дай­ын­да ол қан­дай тақы­рып болуы мүкін? Өз басым ондай тақы­рып ретін­де Назар­ба­ев­тың жер­ді жеке мен­шік, сауда-сат­тық объ­ек­тісіне айнал­ды­ру сая­са­ты­на бай­ла­ны­сты ХХ ғасыр­дың 90-жыл­да­ры­нан баста­лып, күні бүгін­ге дей­ін қазақ қоға­мын дүр­кін-дүр­кін толқы­тып келе жатқан ЖЕР МӘСЕЛЕСІН атар едім.

Егер біз адам­зат тарихын­дағы соғы­стар­дың басым көп­шілі­гі жер үшін болға­нын, бүкіл қазақ тарихын­да жер дауы­ның №1‑ші дау болға­нын, жері­нен айы­ры­лған халық пен мем­ле­кет бәрі­нен айы­ры­ла­ты­нын ескер­сек, бұл түсінік­ті де.

Ал елба­сы­ның әу бастан қазақ жерін өзінің отба­сы­на, ірі шене­унік­тер, оли­гарх­тар мен лати­фун­ди­стер­ге, ал қазір шетел­дік ком­па­ни­я­лар мен қал­та­лы­ларға үле­сті­ру, бір сөз­бен айтқан­да – талан-тараж ету сая­са­ты­ның уақыт өткен сай­ын үдей түсуіне орай бұл мәсе­ленің Қаза­қстан­ның аумақтық тұта­сты­ғы­на, мем­ле­кет­тік қауіп­сізді­гі мен тәу­ел­сізді­гіне, жал­пы алған­да – қазақ мем­ле­кет­тілі­гіне тіке­лей қатер­лі қауіп төн­діріп тұрға­ны қазір ешқан­дай құпия емес.

Бұл қауіп­тер­ден ары­лу үшін не істеу керек? Менің бұған дей­ін де үне­мі айтып келе жатқан, қазір де қай­та­лап айтар прин­ципті пікірім – ол үшін сол қауіп­тер­ді туын­датқан қыл­мысты Жер кодексінің күшін жой­ып, жер­ге жеке мен­шік инсти­ту­ты­нан құты­лу керек те, «Жер, оның қой­на­уы, су, сон­дай-ақ өсім­дік­тер, жану­ар­лар әле­мі және басқа да табиғи бай­лы­қтар тек қана мем­ле­кет мен­ші­гі болып табы­ла­ды» дей­тін 1993 жылғы Кон­сти­ту­ци­я­ның 46-бабын қал­пы­на кел­ті­ру қажет. Міне, осы талап, менің­ше, келе­шек митин­гілер­дің басты тала­бы болуға және ол митин­гілер бір күн­де бүкіл Қаза­қстан бой­ын­ша өту­ге тиіс.

Ал «дәл қазір бұдан басқа тағы қан­дай «күй­іп тұрған», кей­ін­ге қал­ды­руға кел­мей­тін мәсе­ле бар?» деген сұрақ туып жат­са, оның жау­а­бы – Назар­ба­ев­тың Қаза­қстанға Қытай­дың эко­ло­ги­я­лық тұрғы­да зиян­ды, эко­но­ми­ка­лық тұрғы­да тиім­сіз, яғни Пекин­нің өзіне қажет емес 51 КӘСІПОРЫНДЫ олар­дың, сарап­шы­лар­дың айтуын­ша, 250 мың адам пер­со­на­лы­мен, отба­сы мүше­лерін есеп­те­се – 1 мил­ли­он хан­зу­мен қоса көшіріп әке­лу жос­па­ры екен­ді­гі күмән тудыр­ма­са керек.

Өйт­кені мұн­дай жос­пар­дың Қаза­қстан­ды жап­пай отар­лап, қытай­лан­ды­ру жос­па­ры­ның құрам­ды бөлі­гі болып табы­ла­ты­ны өзі­нен-өзі түсінік­ті деп ойлай­мын. Демек, митин­гі­де «Қара­ор­да­ның» ондай сатқын­дық сая­сат­тан бас тар­туын мін­дет­ті түр­де және үзіл­ді-кесіл­ді талап ету керек.

Әрине, қаза­қтың бүгін­гі таң­да қор­да­ла­нып, әбден пісуі жет­кен маңы­зды ұлт­тық про­бле­ма­ла­ры аталған екі мәсе­ле­мен әсте шек­тел­мей­ді. Бұл қатарға әлдеқа­шан пісуі жет­се де, тіп­ті тәу­ел­сіздік­тің 25 жыл­ды­ғы қар­саңын­да «Орыс­шаға қаза­қ­ша жау­ап бер­ген­дер­ді дереу қыз­мет­тен қуу» жөнін­де үзіл­ді-кесіл­ді бұй­рық бер­ген Назар­ба­ев­тың қаза­ққа қар­сы идео­ло­ги­я­сы­ның кесірі­нен аш ішек­тей созы­лып, шешіл­мей келе жатқан өзек­ті мәсе­ле­лер­дің бірі – тіл мәсе­лесін рет­ке кел­ті­ру, сая­си тұтқын­дар­ды (Арон Ата­бек, Құр­манға­зы Өте­ге­нов, Ерға­нат Таран­ши­ев, Рүстем Тұяқов, Мұх­тар Жәкі­шев, Саят Ыбы­ра­ев, Вадим Курам­шин, Макс Боқа­ев, Талғат Аян, Жан­бо­лат Мамай…) бостан­ды­ққа шыға­ру, күн өткен сай­ын шары­қтап, халы­қты қай­ыр­шы­лық тұңғиы­ғы­на баты­рған үстіне баты­рып жатқан қым­бат­шы­лы­қты тоқта­ту, «елдің өмір­лік маңы­зы бар мүд­де­леріне ауыр зардап келтіру»-міс деген желе­умен билік­тің «лаң­кестер­ді», ал шын мәнін­де, әрине, оппо­зи­ция өкіл­дерін ауыр жаза­ларға тар­ту және аза­мат­ты­қтан айы­ру жөнін­де­гі жабайы заң нор­ма­ла­ры­на жол бер­меу және басқа талап­тар­ды қосуға болар еді. Алай­да, менің пікірім­ше, митин­гі­де қой­ы­ла­тын талап­тар неғұр­лым көп бол­са, олар­дың соғұр­лым бірін-бірі әлсіретіп, тұта­сы­нан алған­да митин­гінің де күш-қуа­тын төмен­детіп жібе­ру қау­пі арта түседі. Сон­ды­қтан барын­ша пәр­мен­ді митин­гі өткі­зу үшін, жоға­ры­дағы екі талап жет­кілік­ті деп есептеймін.

Бұл жер­де айт­пай кету­ге бол­май­тын бір мәсе­ле – елба­сы­ның жеке билік режи­мі тарих аре­на­сы­нан кет­пей­ін­ше, қазақ халқы­ның жоға­ры­да тіл­ге тиек болған және одан да басқа толып жатқан ұлт­тық про­бле­ма­ла­ры­ның ешқай­сысы оңы­нан шешіл­мей­тін­ді­гі – акси­о­ма, яғни дәлел­де­уді қажет етпей­тін ақиқат.

Бірақ дәл қазір «Назар­ба­ев, кет!» тала­бын №1‑ші талап етіп, билік жүй­есін бір­ден және тұтас өзгер­ту­ге қол жет­кі­зетін­дей уақыт, менің пікірім­ше және өкініш­ке орай, әлі келе қой­ған жоқ. Сон­ды­қтан келе­шек митин­гілер­ді әлгін­дей талап­тар­мен сәт­ті өткі­зу мәсе­лесіне мен өз басым басты мақ­сат – «Назар­ба­ев­сыз Қаза­қстанға» жетудің алғы шар­ты, амал-тәсілі ретін­де қараймын.

Ал Мұх­тар көтер­ген баста­ма­ның жақ­та­ста­ры көп бола ма деген сұраққа кесім­ді жау­ап беру қиын, деген­мен, егер Мұх­тар­дың баста­ма­сын жер-жер­де (облы­стар­да, қала­лар­да, аудан­дар­да, ауыл­дар­да) аза­мат­тар іліп әкетіп, ұйым­дасқан түр­де жұмыс істе­се, қол­да­у­шы­лар­ды көп­теп тар­туға әбден бола­тын­ды­ғы­на сене­мін. Біз­де­гі­дей әбден асқы­нып кет­кен дик­та­ту­ра жағ­дай­ын­да ешқан­дай оң өзгерістер­ге митин­гісіз қол жет­кі­зу мүм­кін емес.

 

Марат УАТҚАН, қоғам белсендісі:

 

– Қар­сы­лық митин­гісін ұйым­да­сты­ру мүм­кін бе? Әбден мүм­кін. Әуелі сая­си жағ­дай­дың әбден пісіп-жетіл­гені өткен жылғы жер сату мен шетел­дік­тер­ге ұзақ жылға жалға беру мәсе­лесі көтеріл­ген кез­де айқын көрін­ді. Халы­қтың жер мәсе­лесіне кел­ген­де билік­тің жер сату сая­са­ты­на нара­зы­лы­ғы қат­ты күшей­іп кет­ті. Билік алды­мен жыл­дың соңы­на шей­ін, одан кей­ін бес жылға мора­то­рий жари­я­ла­у­ға мәж­бүр болға­ны – айқын дәлел.

Одан кей­ін­гі «үш тіл­ділік» пен білім беру жүй­есін­де­гі билік­тің рефор­ма­сы да отқа май құй­ған­дай қат­ты әсер ету­де. Осын­дай екі үлкен сая­си тақы­рып­та халы­қтың нара­зы­лық көңіл-күйі ушы­ғып тұрған кез­де Кон­сти­ту­ци­яға енгізілетін өзгерістер одан бетер теріс ықпал етіп отыр. Билік тар­мақта­рын бөл­шек­теу арқы­лы пар­ла­мент­тік басқа­ру жүй­есіне ауы­су иде­я­сы нақты қан­дай фор­мат­та жүзе­ге аса­ты­ны бел­гісіз күй­де қал­ды. Кезек­ті бір алдарқа­та тұру­дың ама­лы сияқты. Эко­но­ми­ка­мы­здың тоқы­ра­удан айы­ға­тын түрі бай­қал­май­ды. Күн­нен-күн­ге қым­бат­шы­лық қысып бара­ды. Қиын-қыстау кез­де қажеті­міз­ге жара­та­мыз деген Ұлт­тық қор­дағы қара­жат пре­зи­дент­тің отба­сы мүше­лерінің жеке бан­кін сауы­қты­руға жұм­салға­ны ешқан­дай сын көтер­мей­ді. Билік өкілет­ті­гін асы­ра пай­да­ла­нуы­мен жаңа тарихы­мы­зға тағы бір қара дақ қал­ды­рып отыр.

Осы айты­лған­дар­дың негізін­де сая­си-әле­умет­тік жағ­дай­дың пісіп-жетіл­гені тура­лы емес, мем­ле­кет оның сал­да­ры­ның қасірет­ке апар­мауы­ның жол­да­рын қарас­ты­ру мәсе­лесі тура­лы қоғам­мен шынайы түр­де, толық көлем­де мәміле­ге кел­гені жөн деп ойлай­мын. «Мем­ле­кет­тік билік­тің баста­уы – халық» екені Кон­сти­ту­ци­яда айқын жазу­лы тұр­са да, билік­тің өзі оған көңіл аудар­май­ты­ны өкіні­шті. «Халық қаһар­лан­са, хан тағы­нан құлай­ды» деген мәтел­дің терең мәнін бүгін түсін­бе­се – ертең санын соғып қалуы әбден мүмкін.

Қаза­қстан­дық оппо­зи­ция тарихын­да Әке­жан Қажы­гел­дин құрған, халық ара­сын­да «РНПК» ата­лып кет­кен пар­тия мем­ле­кет­ті «Пар­ла­мент­тік рес­пуб­ли­каға» өзгер­ту тура­лы жоба­сын сол кез­де­гі пар­ла­мент­ке ұсы­нға­нын білесіз­дер. Билік бұл жоба­ны талқы­ла­у­ға қабыл­да­удың орны­на жоба­ны апарған аза­мат­тар­ды қуғын­дап, артын­ша Ә.Қажыгелдиннің өзіне қыл­мыстық іс қозғап, сырт­тай он жылға сот­тап жібер­ді. Бұл сая­си жүй­ені өзгер­ту­ге деген ең алға­шқы рефор­ма­лық тал­пы­ныс болды.

Одан кей­ін «жас түрік­тер» аталған Ғалым­жан Жақи­я­нов пен Мұх­тар Әбі­ля­зов негізін қалаған «ДВК» қозға­лы­сы да «Пре­зи­дент­тік-пар­ла­мент­тік рес­пуб­ли­ка» иде­я­сын көтер­ді. Осы айты­лған­дарға қарап, біздің жаңа тарихы­мы­зды Пре­зи­дент­тік басқа­ру жүй­есі­нен (авто­ри­тар­лық) Пар­ла­мент­тік басқа­ру жүй­есіне (халы­қтық) ауы­су үдерісі кезеңінің тарихы деп қара­уға бола­ды. М.Әбілязов жақын­да «Фейс­бук» әле­умет­тік желісін­де Пар­ла­мент­тік рес­пуб­ли­ка құруға қаты­сты ойла­рын қалай жүзе­ге асы­ру керекті­гінің жол­да­ры тура­лы жаз­ды. Мұх­тар жүз мың­даған адам­ның жал­пы рес­пуб­ли­ка­лық нара­зы­лық шеруін ұйым­да­сты­ру арқы­лы нәти­же­ге қол жет­кізу­ге бола­ды деген ойда екені байқалады.

Үлкен сая­сат­тағы ірі өзгерістер­ге әуелі билік­тің өзі дай­ын емес екенін соңғы бірер жыл­дан бер­гі нара­зы­лық шеру­лер­ді күшпен аяу­сыз жаны­штап тастай­тын­ды­ғы­нан көріп жүр­міз. Бұн­дай жағ­дай­да нара­зы­лық шеруін ұйым­да­сты­ру­дың өзі былай тұр­сын, сол шеру­ге аза­мат­тар­дың қаты­са қоюы­ның өзі екіта­лай күй­де қалып отыр. Бұл – өте қауіп­ті жағ­дай! Өйт­кені халы­қтың нара­зы­лы­ғы – билік­тің күн­делік­ті солақай сая­са­ты мен жер­ді сатқы­сы келетін ниеті­нен қайт­пай оты­рға­ны, халы­қтың әле­умет­тік әл-ауқа­ты­ның күн­нен-күн­ге құл­ды­рап бара жатқа­ны­ның бар­лы­ғы – жан бала­сы ойла­маған жер­ден толқу­ларға ұла­сып кетуі әбден ықтимал.

Сон­ды­қтан халы­қты сая­си тұрғы­дан топ­та­сты­ру­дың ең тиім­ді жолы – билік нақты оппо­зи­ци­я­лық күш­тер мен қоғам­ның бел­сен­ді аза­мат­та­рын дөң­ге­лек үстел басы­на шақы­рып, ашық түр­де келіс­сөз­дер жүр­гі­зу арқы­лы ортақ мәміле­ге кел­ген­дері дұрыс. Ол үшін алды­мен имми­гра­ци­ядағы сая­сат­кер­лер мен қамауда оты­рған сая­си бел­сен­ді аза­мат­тар­ды түр­ме­ден боса­тып, амни­стия жари­я­ла­уы – ең басты шарт. Бұл шарт орын­дал­май­ын­ша, оппо­зи­ци­я­лық күш­тер мен халық келіс­сөздің шынайы бола­ты­ны­на сенім біл­ді­ре алмай­ды. Біздің халық ешқан­дай төң­керісті қала­май­ды. Сон­ды­қтан қазір­гі сая­си-эко­но­ми­ка­лық тоқы­ра­удан шыға­тын жалғыз жол – билік пен оппо­зи­ция ара­сын­дағы дөң­ге­лек үстел басын­да келіс­сөз жүр­гі­зу – тұтас қоғам­ды топ­та­сты­ру­дың ең ұтым­ды жолы деп білемін.

Ескер­те кетей­ін, Мұх­тар­дың баста­ма­сын қол­да­у­шы­лар­дың қата­ры қазір­дің өзін­де өте көп. Бұған себеп, бірін­ші­ден, Фран­ция өкі­метінің Жоғарғы кеңесі оны Ресей­ге экс­тра­ди­ци­я­ла­удан бас тар­тып, түр­ме­ден боса­тып жібер­гені­мен бай­ла­ны­сты бол­са, екін­ші­ден, Мұх­тар бостан­ды­ққа шыға салы­сы­мен, өз ота­ны­ның жарқын бола­шағы үшін сая­си күрес­ке бел шешіп, кірісіп кет­ті. «Пар­ла­мент­тік рес­пуб­ли­ка» құру­дың озық үлгісін ұсы­нға­ны­мен таны­сқан қалың көп­шілік қол­дау көр­сетіп оты­рға­нын аңғар­мау мүм­кін емес.

Жоға­ры­да айтқа­ным­дай, қоғам мен билік дөң­ге­лек үстел басын­да ортақ мәміле­ге келу­ге келіс­пе­се, мем­ле­кет­тік билік­ті жап­пай шеру арқы­лы өзгерт­кен­нен басқа амал қал­май­ды. Бұл жағ­дай күн өткен сай­ын Мұх­тар­ды қол­да­у­шы­лар­дың қата­рын толы­қты­ра беретін бола­ды. Қазір­дің өзін­де қоғам алдағы бола­тын өзгерістер­ге дай­ын­дық жұмыста­рын бастап кет­ті. Жер-жер­де әр қан­дай топ­тар құры­лып, өза­ра пікір алма­сып, іс бір­лі­гін жаса­уға ашық түр­де әре­кет етіп жатыр.

Бұл бүгін­гі қазақ қоға­мы­ның аза­мат­тық қоға­мға өзгер­генін біл­діретін бол­са керек. Аза­мат­тық қоғам бұған дей­ін­гі­дей билік­тің оспа­дар мінезі мен сыбай­ласқан жемқор­лық жүй­есіне бей­жай қарап оты­ра алмай­ды. Күн өткен сай­ын өз дауы­сын естір­тіп, мінезін көр­се­те береді. Бұн­дай жаңа­лық қазір­гі билік­ке жақ­па­са да, сана­суға мәж­бүр етеді.

Ал митин­гісіз өзгерістер жаса­удың өрке­ни­ет­ті жалғыз жолы – жоға­ры­да айтқа­ным­дай, жал­пы ұлт­тық ортақ мәміле­ге келу ғана болмақ.

 

Герой­хан ҚЫСТАУБАЕВ,қоғам белсендісі:

 

– Қоғам­ды қар­сы­лық митин­гісіне топ­та­сты­ру мүм­кін бе? Әрине, мүм­кін! Бірақ қазір­ше сая­си емес, тек әле­умет­тік тақы­рып­пен ғана! Бұл халы­қтан қорқып оты­рған билік­ке де, билік­тің қуда­ла­у­ын көріп жүр­ген халы­ққа да түр­пі­дей тимей­тін жол. Мұн­дай бей­біт митинг­ті ұйым­да­сты­руға қоғам­да бүгін мүм­кін­дік бар. Жол­да­рын да табуға болады.

Деген­мен, әуелі халы­қтың басын бірік­тіруді ойлау керек. Мәсе­лен, 2016 жыл­дың 21 мамыр­дағы митинг­тің жүзе­ге аспай қалған себебі – осы, бас бірік­пе­ген­нің сал­да­ры еді.

Мате­ма­ти­ка­да кез кел­ген есеп­ті шешу үшін, оның қажет­ті және жет­кілік­ті шар­тта­ры толық болуы тиіс. Мыса­лы, мек­теп­ті енді ғана бітір­ген жас жігіт, аты­ра­улық Ақыл­бек Көп­жа­са­ров 200 жыл бойы шешіл­ме­ген есеп­ті шешті! Әлем ғалым­да­ры екі ғасыр бойы шеше алмай, тіп­ті шеші­мі жоқ деп «дәлел­деп» қой­ған есеп­ті қара­пай­ым қаза­қтың бала­сы шешіп отыр! Қалай? Шешу­ге жет­пей жүр­ген қажет­ті тетік­ті (шар­тты) тапты!

Міне, тап осы сияқты халы­қты бірік­ті­ру теті­гін таба білу керек. Мұн­дай тетік бар да! Ол – қаза­қтың басын бірік­ті­ру мәсе­лесіне тек қана қаза­қы тек­тілік тұрғы­дан келу! Сон­да қазақ лез­де бірі­геді. Өйт­кені қазір халы­қтың көзі ашық, көкіре­гі ояу, дай­ын тұр. Мен осы ойым­ды он жыл­дан бері айтып та, жазып та келе­мін. Бірақ мұны түбіне дей­ін түсін­ген адам әлі болмады!

Бұл не сон­да? Бұл Ақыл­бек­тің тапқан шар­тын­дай, ұлт про­бле­ма­сын шешіп таста­уға жет­кілік­ті тетік! Міне, осы тетік­ке ие бола алған адам ғана – қаза­қты соңы­нан ерте ала­тын тұлға. Бұл ұлт про­бле­ма­сын шешудің қажет­ті және жет­кілік­ті шар­ты болып табы­ла­ды. Бұл «есеп» басқа­ша жағ­дай­да шешіл­мей­ді. Осы­ны ұмыт­пау керек. Мен­де мұның толық кон­цеп­ци­я­сы да бар. Ары қарай да айта беру­ге болар еді. Бірақ ұлт­тың жау­ла­ры мұны пай­да­ла­нып кетуі ықтимал.

Иә. Мұн­дай митин­гілік шараға түрт­кі бола­тын сая­си да, әле­умет­тік те жағ­дай­лар баяғы­да пісіп жетіл­ген. Әсіре­се жер мәсе­лесі – бей­біт митинг түгілі, төң­керіс­ке де жет­кілік­ті себеп болып табылады.

Сосын қытай экс­пан­си­я­сы, Ата заңға енгізіл­мек болған өзгерістер (26-бап), Қыл­мыстық кодек­с­те­гі 174, 184-бап­тар, қым­бат­шы­лық, елде­гі жемқор­лық, т.т. толып жатыр. Бұл жиын­тық емес, тіп­ті осы­лар­дың біре­уі ғана қоғам­ның пәр­мен­ді қар­сы­лы­ғы­на арқау бола ала­ды! Мәсе­ле про­бле­ма­ның аз, яки көп­ті­гін­де емес, халы­ққа ұғы­ны­қты етіп жет­кі­зе білу­де! Мыса­лы, жай ғана жемқор­лы­ққа қар­сы митинг­ке шақыр­саң, ел тырп етпей­ді. Ал осы жемқор­лы­қтың түбі неге алып бара­ты­нын нақты көр­се­те алсаң, халық дүр етері сөз­сіз. Халық өзіне түсінік­ті дүниені ғана қолдайды.

Әрине, митин­гіні қол­да­у­шы­лар саны күн­нен-күн­ге өсіп келеді. Өсе де береді. Бұған басты себеп – халы­қтың Әбі­ля­зов­ке сенім артқа­ны­нан бұрын, ұры билік­тен әбден ығы­ры шыққан­ды­ғы! Халық қазір қат­ты қина­лып отыр. Бұл тығы­ры­қтан шығу­дың жолы – үлкен өзгеріс екенін ел біледі. Ал Әбі­ля­зов бол­са, ізде­ген­ге – табы­лған, сол өзгерісті жасай­мын деп жари­я­лап жатыр. Әбі­ля­зов – уақыт­тың өзі туды­рған тұлға­сы! Мұны аз уақыт­тан соң бәрі­міз де түсі­не­міз. Бір ғана баса айта­тын нәр­се: Әбі­ля­зов мұн­дай қоғам­дық «есеп­ті» шешу бары­сын­да қажет­ті және жет­кілік­ті шар­ттар­ды түген­деп, қол­да­на­тын амал­да­ры­ның стра­те­ги­я­лық түп­кі мәніне аса жоға­ры көңіл бөлуі тиіс! Стра­те­ги­я­ның дұры­сты­ғы, яғни ұза­қты көре білу – мақ­сатқа жетудің маңы­зды құралы.

Билік­тің бар мақ­са­ты – митинг­ті, әсіре­се рұқ­сат етіл­ме­ген митинг­ті қалай­да бол­дырт­пау. Осы мақ­сат­та билік өзінің көп­те­ген агент­терін дай­ын­дап, олар­ды жар­на­ма­лап, елге «ұлт­шыл» етіп көр­сетіп, халық пен өздерінің ара­сы­на «көпір» жасап алды. Бұл «көпір­лер­дің» ісі, түп­теп кел­ген­де – қай­на­уы жетіп, жары­лу тем­пе­ра­ту­ра­сы­на таяп қалған халық тала­бын мини­стр­лер­мен жеке кез­де­су, әңгі­ме­ле­су бары­сын­да «шешіп», елді езіп оты­рған адам­дар­дың өзіне сол елді қай­та­дан жалын­ды­рып, тәу­ел­ді етіп қой­ды. Ұлт­тың рухын сын­дыр­ды. Бұлар өздері біліп, не шыны­мен біл­мей, Ермұрат Бапи айтқан­дай, «мини­стр­мен мәмі­ле жаса­уды қазақ қозға­лы­сы­ның басты бағы­ты­на айнал­ды­рғы­сы келеді», яғни халы­қтың құл­дық күй­де қала беруін ұзар­тып жүргендер.

Осын­дай жағ­дай қалып­тасқан бүгін­гі қоғам­да митинг жаса­уға ұмты­лған­нан гөрі, «митинг жасай­мыз!» десе, қоғам құлақ түретін айбын­ды сая­си қозға­лыс құрған абзал. Елдің түк­пір-түк­пірін­де­гі ауыл халқы­ның өзі бұған дай­ын отыр. Яғни, басқа­ша айтқан­да, мұн­дай қадам­ды қоғам­ның өзі қазір «сұрап» тұр. Бұл істің түбі – сол митинг­тің өзі! Осы дай­ын тұрған мүм­кін­дік­ті пай­да­лан­бай, аттап өтіп, бір­ден жал­пы­ұлт­тық митинг жаса­уға тал­пы­ну – бұрыс қадам. Күт­кен нәти­же бер­мей­тін қадам. Жал­пы­ұлт­тық митинг жаса­уға қараған­да, жал­пы­ұлт­тық пәр­мен­ді сая­си қозға­лыс құру әлдеқай­да, көп кедер­гісіз жүзе­ге аса­тын, қазір­гі қоғам­дық сан­амен үндесіп тұрған амал.

Міне, елде­гі кез кел­ген өзгерісті митин­гісіз-ақ жаса­удың жолы. Билік айтқа­ны­ңа көн­бей ме: жал­пы­ұлт­тық қозға­лы­сты жал­пы­ұлт­тық митин­гі­ге айнал­ды­ра сала­сың. Ал бұл – Майдан!

 

Қуат КҮНБОЛАТОВ, ЖСДП сая­си кеңесінің мүшесі:

 

– Қазір­гі интер­нет дамы­ған заман­да халы­қты митин­гі­ге топ­та­сты­ру мәсе­лесі шама­мен жеңіл­де­ген. Оған мысал ретін­де жақын­да бүкіл Ресей­ді дүр­лік­тір­ген кор­руп­ци­яға қар­сы митин­гілер­ді кел­тіру­ге бола­ды, өйт­кені олар тек әле­умет­тік желілер­ді қол­да­ну арқы­лы жаса­лы­нған бола­тын. Соны­мен бір­ге біз­де де, Ресей­де де билік кез кел­ген бей­біт митин­гіні өзіне қауіп ретін­де қабыл­дай­тын заманға тірел­дік, сон­ды­қтан бас көтер­ген аза­мат­тар­ды жаза­лай­ты­ны сөзсіз.

Соны­мен бір­ге Ресей­де митин­гілер­ге мора­то­рий жари­я­лау тура­лы ойлар туын­дап жатыр. Біз солар­дан көр­ген­ді жаса­уға үйреніп қалған­ды­қтан, біз­ге де бұл «жаңар­ту­дың» келу ықти­мал­ды­ғы бар деп есептеймін.

Деген­мен, митин­гіні бол­ды­ру не бол­дыр­мау – билік­тің өз қолын­да. Яғни, егер халы­қтың тұр­мыс жағ­дайы бұдан да нашар хәл­ге жет­се, соны­мен бір­ге бас көтер­ген аза­мат­тар­ды жан­шып қана мәсе­лені тығын­дап отыр­са, неме­се мем­ле­кет­тік қызы­ғу­шы­лы­қтар шетел­дік­тер­ге тап­сы­рыл­са, онда митин­гілер­дің шығуы­на еш күмәнім жоқ.

Жал­пы, елде қар­сы­лық митин­гісіне сая­си-әле­умет­тік жағ­дай жетіл­ді деп, еш экс­перт айта алмай­ды деп біле­мін. Бұн­дай жора­мал беру дүние жүзінің еш бір жерін­де жоқ. Демек, қай­нау шегінің қан­дай екенін ешкім айтпайды.

Қаза­қстан­ның басым көп­шілі­гі қазақ ұлты­ның өкіл­дері болған­ды­қтан, осы ұлт­тың ар-намысы­на тиетін мәсе­ле­лер негізін­де топ­та­сты­руға бола­ды деп ойлай­мын. Әбі­ля­зо­вті қол­да­у­шы­лар салы­стыр­ма­лы түр­де аз емес болуы керек, көбі­не­се ол либе­рал­ды құн­ды­лы­қтар­ды ұста­на­тын адам­дар. Яғни, оқы­ған, қала­да туып өскен, интер­нет­ті жақ­сы мең­гер­ген аза­мат­тар болуы керек, менің ойым­ша, шама­мен халы­қтың 5%.

Басқа халық қол­да­уы да мүм­кін, бірақ көп­шілік әлі әле­умет­тік желілер­ді толық мең­гер­ме­ген, сон­ды­қтан көп ақпа­рат­ты әлі де фильтр­ден өткізіл­ген­нен кей­ін теле­ди­дар­дан алады.

Бей­біт түр­де өзгерістер жасау – әрине, мүм­кін. Ол үшін өте әділет­ті сай­лау өткізілуі қажет. Содан соң бір­тін­деп өзгерістер де өзді­гі­нен келеді.

 

Сау­ал­на­ма­ны дайындаған –

Аза­мат ШОРМАНХАНҰЛЫ,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн