Пятница , 4 июля 2025

ҚАРТ КӘСІПКЕРНЕГЕ СОТТАЛДЫ?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №25 (389) от 29 июня 2017 г.

 

Жазы­лған жай­дың жалғасы

 


 

«Бая­на­уыл басы­нан бұлт кет­пес, қиядағы түл­кі­ге қолым жет­пес» деп баста­ла­тын қаза­қтың халық әнін көбі біледі. Осын­дағы басы­нан бұлт кет­пей­тін Бая­на­уыл – Ақтө­бе­де­гі «Нұр­дәу­лет» сауда кешені бол­са, «қол жет­пей­тін қиядағы түл­кі» – ол әділ­дік, сот­тың әділ шеші­мі болып отыр.

 

Мәсе­лені тарқа­тай­ық. «Нұр­дәу­лет» кешенінің айна­ла­сын­да болып жатқан, сағыз­ша созы­лған әңгі­ме­лер көзі қарақты оқыр­манға таныс. Таныс бола­тын себебі – «Нұр­дәу­лет­тің» басы­на бұлт үйіріл­гені бүгін ғана емес. Ақтө­бе қала­сы­ның сәу­летін­де өзін­дік қол­таң­ба­сы бар, бес жүз­ге тар­та адам­ды жұмыспен қам­тып, қоғам­да сала­у­ат­ты өмір сал­тын қалып­та­сты­руға бел­сене атса­лы­сып, облы­стағы қай­ы­рым­ды­лық шара­ла­ры­ның бел орта­сын­да жүретін Бай­жарқы­но­втар әулеті – қара халы­қтың пана­сы, арқа сүй­ер қамқор­шы­сы, елдің сый­лы аза­мат­та­ры бол­са да, облыс билі­гіне бір жақ­пай-ақ қойды.

Кешен құра­мын­дағы «Нұр­дәу­лет» мешітінің ашы­лу сал­та­на­ты­на елба­сы Н.Назарбаев өзі келіп ақ бата­сын бер­се де, осы­дан бір­не­ше жыл бұрын осы бір келеңсіздік­ті Сара Алпы­сқы­зы Назар­ба­е­ва өзі ара­ша болып тоқтат­са да, Ақтө­бе бас­шы­лы­ғы араға уақыт салып, «Нұр­дәу­лет» кешеніне қысым көр­се­туді өзінің тұрақты дағдыс­ы­на айнал­ды­рып алды.

Алды­мен пси­хо­ло­ги­я­лық ойын бастал­ды: елдің құлағы үйреніп, қалып­та­сып қалған «Нұр­дәу­лет» аял­да­ма­сы­ның ата­уы бір түн­де өзгеріп шыға кел­ді. «Бұла­рың не, халық үйрен­ген, он жыл­дан бері тұрған, Ұлы Отан соғы­сы­ның арда­гері Нұр­дәу­лет есі­мі кім­ге не жаз­ды?» деген бір бас­шы бол­ма­ды. Қара­пай­ым халық у‑шу болып, қом­пыл­дап-қом­пыл­дап қой­ды, халы­қтың сөзі түгіл өзін елеп-еске­ретін кім бар? Хош делік.

«Нұр­дәу­лет» кешенінің алдын­да шағын бала­лар аттрак­ци­он­да­ры орна­ласқан еді. Енді бас­шы­лық сол бала­лар әткен­шек­теріне жауы­қты. «Жер­ді мақ­сат­сыз пай­да­ла­нып отыр» деген желе­умен әлгі аттрак­ци­он­дар­ды алды­рып таста­ды. Бай­жарқы­но­втар тағы қар­сы шық­па­ды, аттрак­ци­он­дар­ды алып тастап, орны­на фон­тан, оты­ра­тын орын­ды­қта­ры бар шағын аллея жаса­мақ­шы болып жатыр, жоба­сын жасап та қойды.

Енді басты мәсе­ле­міз­ге көшей­ік. Өткен жыл­дың жел­тоқ­сан айын­да әлгі «Нұр­дәу­лет» кешенінің айна­ла­сын­дағы жер аты­на жазы­лған Мән­за­па Әмірқы­зы Бай­жарқы­но­ва­ны қала­лық әкім­шілік, қала­лық жер бөлі­мі, қала­лық сәу­лет және архи­тек­ту­ра бөлім­дері сотқа бер­ді. Алты айға жақын уақыт ара­лы­ғын­да 76 жастағы зей­нет­кер-кәсіп­кер сот жаға­ла­у­ға мәж­бүр бол­ды. Арыз беру­шінің айта­ты­ны баяғы ән: аттрак­ци­он­дар заң­сыз салы­нған, аң-құс ұстай­тын темір қор­ша­у­лар заң­сыз салынған.

Тап осы жер­де Ақтө­бе облы­стық мәс­ли­ха­ты­ның 2015 жылғы 11 жел­тоқ­сан­дағы №349 шеші­мі неге есеп­ке алын­баған? Онда тай­ға таң­ба басқан­дай көр­сетіл­ген ғой: темір қор­ша­у­лар мен аттрак­ци­он­дар уақыт­ша құры­лғы­лар болып есеп­те­леді де, шағын сәу­лет нышан­да­ры­на жата­ды, ғима­рат айна­ла­сын абат­тан­ды­ру мақ­са­тын­да салуға болады.

Екін­ші­ден, кәсіп­кер М. Бай­жарқы­но­ва­ның «өз иелі­гін­де­гі жер­ді пай­да­ла­ну мақ­са­ты­на аздап өзгеріс енгі­зу» тура­лы өтіні­шін қала әкім­ді­гі еш түсін­дірусіз (әлде әдейі?!) қанағат­тан­дыр­май оты­рған жоқ па?

Сот­тың – сотқа ғана тән қитұрқы тілін, ұзын-шұбар бап­тар мен тар­мақта­рын кел­тіру­ге газет беті көтер­мей­ді, жеті бет­тен тұра­тын қала­лық сот­тың мәтіні тап сон­дай: тек сал­мақ үшін екі бет қосы­лған, тоғыз бет­тен тұра­тын облы­стық сот­тың шеші­мі­нен ұққа­ны­мыз – «Нұр­дәу­лет­тің» алдын­дағы аттрак­ци­он­дар заң­сыз салы­нған, қала­ның сәнін кетіріп тұр, бес метр­лік сәу­лет мону­мен­ті (сот шеші­мін­де солай жазы­лған) де бір күні құлап кетуі мүм­кін. Өрт қауіп­сізді­гіне, басқа да адам өміріне қауіп төн­діретін шар­ттарға сай келмейді.

 

Заң бап­та­рын қырық құбы­л­тып жазған­нан басқа ештеңе түсін­бе­сек те, Ақтө­бе қала­сы билі­гінің де, солар­дың пай­да­сы­на көпе-көр­неу әділет­сіз шешім шыға­рып оты­рған Ақтө­бе сот­та­ры­ның да, жұм­сар­тып айт­сақ, сау­ат­та­ры­ның аса мәз емес екен­дік­терін анық түсіндік.

Дәлел­дей­ік. Бірін­ші­ден, «Нұр­дәу­лет» кешенінің үсті­нен «өрт қауіп­сізді­гін сақта­ма­ды», не бол­ма­са «адам өміріне қауіп төн­дір­ді» деген тек­се­ру қор­тындысы, бол­ма­са әлдеқан­дай шағым бол­ды ма? Болған жағ­дай­да он жыл­дан бері қала билі­гі қай­да қараған? Сол өрт, бақыт­сыз жағ­дай осы уақы­тқа дей­ін бола бер­сін болған да, ақтө­белік­тер қауіп­сізді­гі тек қазір керек болып қал­ды ма? Әлде Нұр­дәу­лет Бай­жарқы­нов есі­мін аял­да­ма­дан алып тастаған­да, арда­гер аты­на нұқ­сан кел­ті­ру мақ­сат­та­ры ма?

Екін­ші­ден, 5 метр­лік сәу­лет мону­мен­ті емес, ол Қаза­қстан Тәу­ел­сізді­гінің сим­во­лы Алма­ты­дағы сон­дай алып мону­мент­тің шағын үлгісі (сурет­те). Сол мону­мент орна­ты­лған­да, кәсіп­кер Ербол Бай­жарқы­но­втың аяғын жер­ге тигіз­бей мақтап, басқа кәсіп­кер­лер­ге қырғи­дай тиіп, «Ақтө­бе­ге Бай­жарқы­нов құсап бес­плат­ный сый­лық жасаң­дар» деп дау­ры­ққан Ақтө­бе билі­гі емес, Афри­ка ма еді? Әлде бұл кісілер Қаза­қстан­ның, қаза­қтың Тәу­ел­сізді­гіне қар­сы ма?

Әйт­пе­се кеше ата-баба­мы­зды қырып салған, Ақтө­бенің қақ төрін­де­гі Левон Мир­зо­ян­ның ескерт­кі­шін алып таста­уға шама­ла­ры жоқ, ал тәу­ел­сіздік­ке тиі­су­ге кім құқық бер­ді Ақтө­бе билі­гіне? Өйту­ге жүрек­тері жет­пес деп ойлай­мыз, билік­тің қол­дан келетіні – кәсіп­кер тәу­ел­сізді­гін тұса­у­лау, оған тәу­ел­сіздік бер­меу ғой.

Үшін­ші және көз­ге ұрып тұрған басты сау­ат­сыздық – Қаза­қстан­ның Жер кодексінің бір­не­ше бап­та­ры бой­ын­ша (1−13, 12–4, 14–1, 145–1, 147–2) Қаза­қстан­да жер­ді пай­да­ла­ну мен оны мақ­сат­ты пай­да­ла­нуға бақы­ла­уды тіп­ті басқа меке­ме – «Ақтө­бе облы­стық жер­ді қорғау мен пай­да­ла­нуға бақы­лау жасау басқар­ма­сы жүр­гі­зеді. Енде­ше сот қала­лық әкім мен оның қол астын­дағы «арыз айтқы­штарға», «заң бұзуға бол­май­ды, сіз­дер­дің құзы­ры­ңы­зға кір­мей­ді» деп ары­зын қабыл­да­май таста­уы керек емес пе еді? Сон­да сот­та­ры­мыз Жер кодексін біл­мей ме, әлде «закон, что дышло, куда повер­нул, туда и вышло» ма екен? «Что мне зако­ны, были бы судьи зна­ко­мы» деген де нұсқа­сы бар, айтпақшы…

Қазір 76 жастағы Мән­за­па Әмірқы­зы Жоғарғы сотқа шағым­дан­ды, кеше ғана Today.kz сай­ты істің қара­луы мүм­кін деген болжам жаса­ды. Сон­дай-ақ «Ата­ме­кен» кәсіп­кер­лер пала­та­сы осы іске тіке­лей ара­ла­сып, өз көмек­терін барын­ша көр­сетіп жатыр. Бай­жарқы­но­втар істің әділ шешілетіні­нен үміт­ті. Ал біз өз тара­пы­мы­здан мәсе­ленің бары­сы тура­лы хабар­дар етіп оты­ра­тын боламыз.

Шара ЕЛЕУСІЗ,

Ақтө­бе облысы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн