Суббота , 5 июля 2025

АРУЖАН ҚЫТАЙДА Димаштай бола ала ма?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №37 (401) от 12 октяб­ря 2017 г.

 

Ойдан-қыр­дан

 


Бұған дей­ін «Анаға апа­рар жол» филь­мі арқы­лы көп­шілік­ке етене таны­мал болған актри­са Ару­жан Жазыл­бе­ко­ва енді халы­қа­ра­лық киножо­баға қаты­су­да. Актри­са­ның айтуын­ша, бұл оның алға­шқы әлем­дік тәжіри­бесі, деп жаза­ды Stan.kz порталы.

 

Соңғы екі жыл­да төрт бір­дей фильм («Сва­дьба на тро­их», «Побег из ауы­ла», «Рэкетир‑2», «Анаға апа­рар жол») арқы­лы кино­көре­рмен­ге таны­лған Ару­жан Жазыл­бе­ко­ва бүгін­де ком­по­зи­тор Си Син­хай­дың өмірі жай­лы қытай­лық кине­ма­то­граф­тар тас­па­лап жатқан тари­хи фильм­ге түсу­де. Қытай музы­ка өнерін­де өзін­дік тарих қал­ды­рған ком­по­зи­тор­дың өмір жолын қам­ти­тын фильм­нің эпи­зод­та­ры алды­мен Алма­ты­да, содан соң Мәс­кеу мен Пекин­де түсіріледі. Ал Си Син­хай Қаза­қстанға Қытай ком­му­ни­стік пар­ти­я­сы­ның жол­да­ма­сы­мен келіп, май­дан­нан жара­лы қай­тқан жауын­гер­лер үшін қан тап­сы­рған мей­ірім­ді аза­мат болға­нын бүгін­де көп­шілік біл­ме­се керек.

«Соғыс жыл­да­ры ол кез­дей­соқ Алма­ты­ға, қаза­қстан­дық қай­рат­кер, дири­жер Бақыт­жан Бай­қа­да­мо­втың отба­сы­на тап бола­ды. Ол біраз уақыт біздің елі­міз­де өмір сүріп, шығар­ма­шы­лы­қ­пен айна­лы­сқан. Мен Си Син­хай үйін­де тұрған Бақыт­жан Бай­қа­да­мо­втың әпкесін ойнай­мын», – дей­ді Аружан.

«Бұл фильм­ді 600 мил­ли­он көре­рмен тама­ша­лай­ды. Режис­сер­мен ымда­сып түсіні­се­міз, себебі ол ағы­л­шын­ша да, орыс­ша да біл­мей­ді, ал мен қытай­ша түсін­бей­мін. Өкініш­ке қарай, қытай­лық про­дю­сер­лер­дің сая­са­ты­на сәй­кес, бар­лы­ғы құпи­яда қала­ды. Біз тіп­ті әле­умет­тік желі­ге сурет жүк­тей алмай­мыз», – деген екен актри­са Stan.kz тілшісіне.

Келесі жылы про­катқа шыға­тын жаңа фильм арқы­лы Ару­жан қытай көре­рмен­дерінің жүре­гіне дүниені дүр сіл­кін­дір­ген Димаш сияқты жол таба ала ма – оны уақыт көрсетеді.

«

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн