Суббота , 5 июля 2025

Арыстанның ЕСЕП БЕРУІ

«Обще­ствен­ная позиция»
(про­ект «DAT» №10 (327) от 10 мар­та 2016 г.
Уақыт уыты

Ары­стан­ның
ЕСЕП БЕРУІ

Хай­у­ан дегеніңіз бол­ма­са, ел қатар­лы мына біз де, яғни, жан-жану­ар әле­мі де ел алдын­да есеп беріп, жина­лыс аша­тын кезі­міз бола­ды. Аймақтың әкі­мі есеп беретін болып, күні кеше ғана тыр­баң­даған тірі жән­дік түгел жинал­дық. Жина­лы­сты әншілік­тен әкім­шілік­ке дей­ін өскен Түл­кі Сай­қа­лов­на бастады:
– Қадір­лі достар! «Орман-тоғай» аймағы­ның әкі­мі Аре­кеңнің, то есть Ары­стан аға­мы­здың орман жұрт­шы­лы­ғы­на есеп беру сал­та­на­тын ашық деп жари­я­лай­мын! Пре­зи­дум мүше­лері­мен таны­сты­рып кетей­ін: Аре­кеңнің бірін­ші орын­ба­са­ры Қасқыр Көк­жа­ло­вич, бел­гілі емші Тауық бикеш, оппо­зи­ция мүше­сі Ешкі мыр­за және мен, Түл­кі Сай­қа­лов­на. Аре­кеңді құр­мет­пен қар­сы алайық!
Аре­кең шыққан кез­де дүй­ім жұрт, жұрт деп­пін-ау, жану­ар­лар өре тұр­дық орны­мы­здан. Алды­ңғы аяғы­мы­зды асқа­за­нға тіреп қой­ып, «Орман әнұра­нын» шырқай жөнел­дік («Әнім сен­сің тың дала» әнімен):
Орман­ның бүгін шырқаған кезі,
Ары­стан ағам айт­ты ғой өзі.
Мақтан­са бүгін – мақтан­сын хайуан.
Орма­ның бүгін кем емес Айдан!
– Есеп беру үшін сөз Ары­стан аға­мы­зға беріледі! – деп, Түл­кі зал­ды бір қысық көзі­мен сүзіп өтті. Аре­кең мін­бе­ге көтеріл­ді. Мик­ро­фонға жақындап:
– Арр-рр! – ете қалып еді, аста­пы­рал­ла, «шәңк» еткен дыбыс шықты! Ары­ста­ны­мыз күжірей­гені бол­ма­са, қатын, жо-жоқ, қан­шық дауы­сты болып шықты! Сон­да да аузы қисық бол­са да, ары­стан сөй­лей­ді, іркілмеді:
– Жоға­ры­дағы қалы­қтап ұшқан қыран­нан тап­сыр­ма алға­лы бері біздің «Орман-тоғай» аймағы сол тап­сыр­ма­лар­ды бұл­жыт­пай жүзе­ге асы­рып келеді. Хай­у­ан­дар­ды жап­пай жұмыспен қам­тып жатыр­мыз. Мәсе­лен, менің құдам Қасқыр мен қан­шық құдағиым еке­уі «Қозы Көр­пеш» деген кази­но ашып, ол жер­ге жұмысқа тек қана жас тоқты­лар­ды алып жатыр. Жастар­ды еңбек­ке бау­лу деген, міне, осы!
Осы ара­да оппо­зи­ци­я­шыл Ешкі баж ете қалды:
– Бә-ә‑ә! Сол ресто­ран ашы­лға­лы орман­нан маза кет­ті. Кеш бол­са біт­ті, шиебөрі шуыл­дап, қаз­дар қаңқыл­дап, тоқты­лар маңы­рап, айқай-шу бола­ды. Ол аз болған­дай, Қасқыр­лар түн ауған­да Айға қарап ұлып оты­ра­ды! Ол кази­но­да малға шөп орны­на кен­дір береді. Кен­дір кемір­ген мал оңа ма? Мең­ду­а­на жеген мике­ще бола­ды. Баяғы­да Жол­ба­рыс көке­міз осы «кази­но» деген бәлеңді орман­нан алыс, бат­паққа салу керек деп еді, құлақ аспадыңдар.
– Мына ешкінің есебін табу керек екен! – деп, Қасқыр күңк етті.
– Ешкі мыр­за, жарыс­сөз­ге кей­ін уақыт бере­міз. Аре­кеңнің сөзін бөл­меңіз! – деп, Түл­кі сыздады.
Қан­шық дауы­сты көсем көки берді.
– Ден­са­улық сала­сы да дұрыс жолға қой­ыл­ды. Ар-рр! Түл­кі ханым құстар­дың ден­са­улы­ғы­на, Қасе­кең мал­дар­дың ден­са­улы­ғы­на, Жарқа­нат жән­дік­тер­дің ден­са­улы­ғы­на қат­ты көңіл бөліп жатыр…
Ешкі тағы да сөзді бөліп:
– Б‑ә-ә‑ә! Род­дом­ды неге Әтеш­ке бересің­дер? Бүкіл род­дом­да тек қана Қораз­дың семья­сы боса­нып жатыр. Басқа­ла­ры қора­да қоз­дап, төбе­де төл­деп, ұяда ұлып жатыр!
Тауық бике­штің жаны шығып кете жаздады:
– Қоқ-қоқ-қоқ! Жап­па жалаң­ды, Ешкі мыр­за! Көкек­тің де жұмыр­тқа­сын басып жатырмыз!
Ешкі оған да қар­сы дәлел айтты:
– Ол жұмыр­тқа­ның әкесі жоға­ры­да оты­рған Қырғи болған соң басып отырсың!
Түл­кі шыдамады:
– Ешкі мыр­за! Тәр­тіп сақтаңызІ
Аре­кең тоқтар емес:
– Тәр­тіп демек­ші, орман­да қыл­мыс азай­ды. Аңдар­дың бәрі сыбай­лас қамқор­лы­қ­пен жұмыс істейді.
Біреу Ешкінің мик­ро­фо­нын өшіріп қой­ып­ты. Жал­ма-жан жанын­да қалғып оты­рған бор­сы­қтың мик­ро­фо­ны­на жармасты:
– Заң­сыз аңшы­лы­ққа қашан тосқа­уыл қоя­сы­ң­дар? Апан­да жатқан өзіңіздің досы­ңыз Жол­ба­ры­сты үш оқпен атып кет­ті. Ал сауы­сқан бол­са, «Жол­ба­рыс өзін-өзі талаған» деген өсек тара­тып жүр. Шың басын­да тұрған жақын сері­гіңіз Арқар­ды да аңшы­лар атып құлат­ты. Оны «шибөрілер талаған» деп жылы жауып қойдық…
– Ар-ррр! Мына­ның үні өше ме, жоқ па?! – деп, қасқыр қырыл­дай баста­ды. Бұрыш-бұры­шта тың тың­дап оты­рған шүйебөрілер­ді көзі­мен іздеді.
– Біздің жина­лыс аңшы­лар­дың мәсе­лесін қарай­тын орын емес, қо-қоқ!– деп, Тауық бикеш Ешкі­ге қар­сы сөй­ле­гісі келіп, қақа­лып қалды.
– Ешкі мыр­за, бос сөз­бен уақыт­ты алмаңыз. Көп­шілік жина­лыс соңы­нан бола­тын кон­церт­ті асы­ға күтіп отыр – деп, елдің қамын ойлағыш болып рөл ойнап үйрен­ген Түл­кі көп­шілік­ті көл­де­нең тартты.
«Кон­церт» десе қоян­шы­ғы қозып жүр­ген Ешкі күй­іп кетті:
– Біле­міз қан­дай кән­серт екенін! Айс­берг­тен кел­ген Пинг­вин­дер тыр жалаңаш билеп, Джун­гли­ден кел­ген Кака­ду ән айтып, Сібір­ден кел­ген Тоқыл­дақ тоңқыл­дап, орман­ның бар жемісін қал­та­ла­ры­на тол­ты­рып, тай­ып тұра­ды! Сол сырт­тан келетін әртістер­ден не пай­да? Өзі­міздің Сан­дуғаш, Бұлбұл, Бозторғай­лар шырыл­дап, дән тап­пай жүр.
– Ыр-ррр! – деген дыбыс Түл­кі­ден қалай шыққа­нын өзі де аңғар­май қалды.
– Ар-ррр! – Қасқыр да тісін қай­рап отыр.
Ары­стан су ұрт­тап қой­ып, сөзін әрі жалғай берді:
– Ырр-рр! Бас­па­на мәсе­лесі де шешіліп жатыр…
Есің кет­кір Ешкінің бұған да қар­сы дауы бар екен, бақы­рып жіберді:
– Б‑ә-ә‑ә! Үй салу­ды Суы­рға тап­сы­рған кім осы? Көр­ты­шқан­ның інін бұзып, Аюға апан салып беріп­ті! Көр­ты­шқан бай­құс бас­па­на­сыз қал­ды. Не көзі көр­мей­ді, бұл қай басы­нған­дық?! Көр­ты­шқан­ның ата-баба­сы сол інде өмір сүр­ген, ал Аю тал­таң­дап Тай­га­дан келіп, енді жер менікі дейді!
– Әй, Ешкі! – деп, Түл­кі елге көр­сет­пей жұды­ры­ғын түйді.
Аре­кең арын­дап жатыр:
– Ар-ррр! Қазір орман­дағы елдің тұр­мысы жақ­сы, бәрінің көлі­гі бар…
Енді Ешкі безіл­деп кетті:
– Мә-ә-ә‑ә! Бә-ә-ә-ле-е‑е! Біздің көлік сол баяғы Бұғы, Ат, Есек; анда-сан­да Өгіз­ге міне­міз. Сен­дер олар­ды мен­сін­бей­сің­дер ғой! Ино­мар­ка Пони деген кіш­кене ат мініп алды­ң­дар шеттеріңнен.
Қасқыр шыда­май, орны­нан тұрып сөйледі:
– Енді Пони деген эко­ном­ный ғой! Аз жей­ді, шағын, жеңіл. Ат, Өгіз дегенің көп жей­ді. «Ішуі жаман­ның…» арты­нан түс­кен­де де былш-былш-былш етіп… Ал Пони жеуі де аз, көп жер­ді ластамайды…
– Уа-а-р-ррр! Орман жол­да­рын жөн­деп жатыр­мыз… – деген сөз Аре­кеңнің аузы­нан шығуы мұң екен, Ешкі тағы секірді:
– Жол­дың бәрін бұза­тын мына үлке-е-ен көлік – Түйе! Жүр­ген жерін ойып кете­ді! Жүк­ті екі жағы­на тең­деп басқа­ны аздай, өрке­шіне де таңып ала­ды ғой! ГАИ-да тиіс­пей­ді оларға. Кеден де тек­сер­мей­ді. Біздің есек­тер­ді кеден­де тоңқай­тып қой­ып тін­ти­ді де, Түй­е­лер­ді орган­дағы Бор­сы­қтар сопро­вож­дать етіп жүреді. Түйе орман­да жүретін көлік емес. Орман жолын бүл­дір­мей, сыр­ты­мен жүрсін!
– Ар-рр, Ешкі мыр­за, сөзді бөле бер­дің-ау! – деп, Ары­стан өтірік күл­ген бол­ды. Түл­кі де қал­жы­ңға ара­ласқан болып:
– Ы‑ррр! Ешкі мыр­за, Шыбыш ханым іздеп жат­па­сын сізді!
Баян­да­ма­шы енді өнер мен мәде­ни­ет сала­сы­на ауысты:
– Мә-ә-әде­ни­ет сала­сын­да да үлкен өзгерістер бол­ды. «Қар­сақ­фильм» кино­сту­ди­я­сы «Жану­ар­лар» филь­мін түсіріп бітір­ді! Кино өте сәт­ті шықты!
Ешкі мін­бенің тап алды­на жетіп барып, аттан салды:
– Бә-ә-әре-екел­ді! Қай­дағы сәт­ті шыққан?! Ары­стан­ның ролін Джун­гли­дан кел­ген Шим­пан­зе ойнап, Бұқа­ның ролін Кен­гу­ру ойнап жүрсе!
– Ыр-ррр!
– Ыр-ррр!
– Қоқ-қоқ-қоқ!
– Осы­мен сөз біт­ті, іс тәмәм! – деп, Ары­стан стол­ды бір ұрды. Шүйебөрілер Ешкіні шап берді!
– Аре­кеңнің есеп беру жина­лы­сы осы­мен жабық. Енді бәріңізді Қасқыр мыр­за­ның «Қозы Көр­пеш» мей­рам­ха­на­сы­на түскі асқа шақырамыз.
– Жең­ге­міздің қолы­нан дәм тат­паға­лы көп болды…
– Қан­дай тағам татамыз?
– Ешкінің еті­нен «Жаубүй­рек» жей­міз! – деп Қасқыр ырсиды.
– О‑о-о!
– Немене!? Бә-ә-ә‑ә…
Есеп беру мәжілісі тағы да әнұран­мен бітті:
Аңдар­дың бүгін шат­танған кезі,
Жет­ті ғой оған талай­дың көзі.
Хай­у­ан­ды ешкім етпей­ді мазақ,
Төбесі көк­ке жет­пей тұр аз-ақ!

Асқар НАЙМАНТАЕВ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн