Суббота , 5 июля 2025

АСҚАРҒА АЙТУ АРҚЫЛЫ қоғамның мерезін жіліктеунемесе Әрекеттің пайдалы әсер коэффициенті қақысындағы ой

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №38 (355) от 20 октяб­ря 2016 г.

 

Пікір­сай­ыс: НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

 

 


 

 

«Жас Ала­штағы» (№ 52) талқы­ла­у­ға («Қазақ тілі мен тарихы – ұлт­тың алтын қазы­ғы») қаты­сты осы мате­ри­ал­ды жаз­ба­уға ерік күшім жет­пе­ді. Өзге­ге бұрыл­май­мын деген жос­па­рым­ды талқы­ла­у­лар­дан туған ой түй­дек­тері бұзып жібер­ді: санам­ды да, қолым­ды да билеп алып, еріксіз ком­пью­тер сто­лы­на отырғызды.

 

Айту­шы көп екен, айты­лған ой мен идея да бар­шы­лық. Олар­дың бәрі бол­ма­са да, дені көңіл­ге қонар­лы­қтай бол­са, іштей құп­тап оты­ра берер ме едім! Бірақ айты­лған уәж­дер­дің ішін­де ақиқат­тан алыс жатқан­да­ры, бұқа­ра­лық сана­ны теріс бағыт­тап жібе­ретін­дері бар екен. Міне­ки, маза­ны кетір­ген осы­лар бол­ды. Құдай­ға шүкір, біз­де сұңғы­ла жігіт­тер де бар­шы­лық қой. Олар айтқан келелі ой, қоным­ды иде­я­ларға тоқтал­май-ақ қояй­ын. Ал мате­ма­тик Асқар Жұма­діл­да­ев­тың пікір­леріне қаты­сты үнде­мей қалу мүм­кін болмады.

Бұл жігіт­пен түр­лі басқо­су­лар­да ұшы­рас­ып, пікір­лерін естіп жүр­міз. Өзі бір тұнық адам, ішкі жан әле­мінің таза­лы­ғы әр сөзі мен әре­кеті­нен сыр­тқа шап­шып көрініп тұр. Ота­ны мен халқы­на, олар­дың келе­ше­гіне деген ізгі ниет­тілі­гі­мен көп­шілік­ке таны­мал, әр кез ашық және ұлағат­ты ойла­ры­мен сүй­іспен­шілік­ке бөленіп жүр­ген аза­мат еді. Бірақ осы жолғы мән­ге қаты­сты айтқан­да­рын­да ұшқа­ры­лық басым болды.

Әрине, адам­дар­дың бір сөзін дұрыс айтып, екін­ші бір сөзі­нен ағат кетіп жатуы сирек кез­де­сетін құбы­лыс емес. Ондай­дың бәріне жар­ма­са жау­ап қату­ды ешкім мұрат тұт­пай­ды. Ана­уы­сы дұрыс еді, мына­уы­сы көңіл­ге қон­ба­ды дей сала­сың да – ұмы­та­сың. Ал бұл жолы үнсіз қала алмауым­ның себебі мына­да бол­ды. Ғылы­ми дәй­ексіз пікір өзек­тілі­гі жой­ыл­май­тын тақы­ры­пқа – қазақ қоға­мы­ның руха­ни дамуы­на, солар­дың ішін­де білім беру мәсе­ле­леріне қаты­сты айтыл­ды. Және газет­тің сипатта­уы бой­ын­ша, олар­ды көп­шілік қол­дап шығыпты.

Әрине, кез кел­ген пікір­дің өмір сүру­ге қақы­сы бар. Деген­мен, Асқар­дың бұл жолғы үрдісті пай­ым­да­ры­на орай өзім­нің зерт­те­улерім­нен ірік­теліп алы­нған, мән­ге қаты­сты тұжы­рым­дарға сүй­ене оты­рып, дис­кур­сқа ара­ла­су­ды қажет деп есептедім.

 

***

А. Жұма­діл­да­ев­тың 1‑тезисі: Тіл бес функ­ция атқа­руы керек. Олар: 1 – отба­сы; 2 – биз­нес; 3 – сая­сат; 4 – эко­но­ми­ка; 5 – ғылым мен технология.

Бұлар – тіл­дің атқа­ра­тын функ­ци­я­ла­ры емес, тіл­дің 50 әре­кет аясы­ның бесе­уі ғана. Ал тіл адам­дар­дың өмір­лік қыз­метін­де ком­му­ни­ка­тив­тік, номи­на­тив­тік, ақпа­рат­тық, таным­дық, праг­ма­ти­ка­лық, кон­но­та­тив­тік, пси­хо­ло­ги­я­лық, адам­дар­ды жүз­де­стіру­ші және эсте­ти­ка­лық функ­ци­я­лар атқарады.

 

***

А. Жұма­діл­да­ев­тің 2‑тезисі: «Қаза­қта мықты поэ­зия, мықты әде­би­ет бар». Иә, Ала­шор­да қай­рат­кер­лерінің қолы­мен қазақ тілін­де өз дәуірі ада­мы­ның тала­бы­на сай көр­кем әде­би­ет жасал­ды. Кеңес кезін­де қазақ тілін­де­гі көр­кем әде­би­ет ауыл ада­мы­ның талға­мы­на лай­ы­қта­лып жасал­ды. Ал қазір­гі поэ­зи­я­ны, про­за­ны «мықты» деп айтуға келмейді.

Жазу­шы­лар­дың өздерін тыңдайық:

 

«Бүгін­гі про­за­мыз сау­ат­сыз. Бір жолын шар­ша­май оқып шыға алмай­сың. Маған бір қап про­за­ны әкеліп бер­ген­де, жари­я­ла­у­ға тұра­тын бір шығар­ма таба алмай­мын… Қазір­гі жазу­шы­лар­да табиға­ты­на қонған интел­лект жоқ». (Қ. Ысқақ. ҚӘ. 25–31, 05, 2012 ж.).

«Сұрғы­лт бел­де­у­ге келіп тірел­дік (көр­кем әде­би­ет­те – Қ.Ж.). Мем­ле­кет­тік сый­лы­ққа тати­тын ешкім де, еш шығар­ма да жоқ. Обску­ра­ция фаза­сы төніп тұр» (Г.Бельгер. Пле­те­нье чепу­хи. 21‑я тетрадь).

«1991 жыл­дан бастап, 2015 жылға дей­ін­гі ара­лы­қта әде­би про­цесс тоқтап тұр… Поэ­зи­яда жаңа­лық жоқ. Нәти­же­сін­де әде­би өлім­ге пара-пар жағ­дай­ға тап келіп отыр­мыз» (Е. Рау­ша­нов. http://kitap.kz).

 

Тәу­ел­сіз зерт­те­улер­дің қоры­тын­ды­ла­ры бой­ын­ша, қазақ тілінің қазір­гі ано­мал қол­да­ны­лу жағ­дайы көр­кем әде­би­ет­тің інжуі мен мар­жан­да­рын ғана емес, әде­би жур­нал­дар­ды тол­ты­руға пай­да­ла­на­тын орта қол роман­дар жазуға мүм­кін­дік бер­мей­ді. Әзір­ше қаза­қ­ша мәтін жаза ала­ды деген санатқа қосуға бола­тын, қазақ тілі ано­мал­ды бел­де­у­ге толық кір­мей тұрған­да тілі шыққан, көзі тірі жазу­шы­лар – 55–60 жас шама­сын­дағы және одан егде­лер, «аққу зарын» (лебе­ди­ное пес­ня – Ред.) айтып болған­ша, қазақ көр­кем әде­би­еті кеңісті­гін­де бір­ша­ма дис­кур­стар жалға­са тұра­ды. Аталған санат­тағы жазу­шы­лар­дың соңғы шығар­ма­ла­ры тұта­стай қазақ әде­би­етінің де «аққу зары» болып шығуы мүм­кін. Одан кей­ін, бел­гілі бір уақыт шама­сын­да бұл тіл­де бай жазу­шы­лар­дың (тілі мен еле­сте­туі жағы­нан емес, сөздің тура мағы­на­сын­да) клик-пик-флик тұр­па­тын­дағы иллю­стра­ци­я­сы­ның өзі көлем­нің басым бөлі­гін ала­тын мерей­лік-өмір­ба­ян­дық «роман­дар» ғана жазы­ла­тын бола­ды. Одан кей­ін қазір ешкім сипаттап бере алмай­тын уақыт келеді. Егер…

Бұл – осы жол­дар­дың авто­ры­ның неме­се әлдебір мүд­делі топ­тың қия­лы­нан неме­се олар­дың эмо­ци­я­сы­ның жете­гіне іле­су­ден туған асы­ғыс синоп­сис емес. Қазір­гі қазақ тілінің өмір сүру аре­а­лын, сөздік қорын, қол­да­ны­лу прак­ти­ка­сын – тіл­дің идея туды­ру­шы және репре­зен­та­ци­я­ла­у­шы қабілетін бажай­лай оты­рып шыға­ры­лған қоры­тын­ды (қараңыз: «Қазақ тілін­де қан­дай мәде­ни­ет жасал­ды?» // Жұл­дыз, № 1, 2016 ж).

Әде­би­ет қана емес, көр­ке­мө­нер­дің бар­лық жанр­ла­ры да қау­сап тұр. Ән жан­ры ауы­лға қашу, отба­сы мүше­лері және сүй­генін сағы­ну­дан басқа тақы­ры­пқа шама­сы кел­мей­тін өнер­ге айнал­ды. Тая­у­да «Аста­на-опе­ра» теат­ры ғажап ғима­ратқа қоныс аудар­ды. Ал опе­ра және балет жан­рын­да соңғы 25 жыл ішін­де қазақ тілін­де бір­де-бір жаңа шығар­ма жазы­лған жоқ және жазыл­май­тын дең­гей­ге жетіп отыр. Құбы­лыс қазақ ауы­лы мен Ла-Ска­ла­ның ара­сы тым алыс жатқа­нын айғақтап тұр.

Иә, қазақ тілін­де, тара­лы­мы аз бол­са да, жыр жинақта­ры­ның жарық көріп жатқа­ны рас. Бірақ олар­ды поэ­зия екен деп мал­да­нуға бол­май­ды. Өйт­кені олар­дың бәрі тек тұр­мыстық тақы­рып­ты ғана қозғай­тын, әбден тап­та­у­ры­нға айналған тір­кестер­мен жазы­лған, вир­ше­плет (дарын­сыз, мән­сіз өлең құра­с­ты­ру – Ред.) дең­гей­ін­де­гі дүни­е­лер. Олар да сұра­ныс туды­ра­тын дүни­е­лер емес, оқыр­ман­ды селт еткі­зер иде­я­сы да, ойы да жоқ. Аза­мат­тық тақы­рып көтеріл­мей­ді, сая­си лири­ка жоқ.

 

***

Бүгін­гі қазақ зия­лы­ла­ры алтын мен қорға­сын­ның диф­фу­зи­я­ланған қаба­тын­дағы шека­ра­лық меже­де. Бұл­жы­мас ғылы­ми дәй­ек­ті тұрғы ұстай­тын дең­гей­ге дей­ін өскен жоқ. Сая­сат­тан, ғылым­нан, тарих­тан аздаған хаба­ры бар. Кей­біре­улерінің ұлт­шыл­ды­ғы мығым. Бірақ оны­сы­ның сен­су­ал­дық жағы басым, сая­си кор­рек­тілік жағы солғын. Кей­біре­улері әсі­ре дәстүр­шіл. Кей­біре­улерінің ғылы­ми атағы бар. Дис­сер­та­ци­я­ны Кеңес кезін­де қорғаған­да­ры­ның зерт­те­улерінің татым­ды жаңа­лы­ғы болған­да­ры да бар. Ал соңғы онжыл­ды­қтар­да қорғаған­да­ры тура­лы мұны айту қиын. Дер­лік­тей бәрі мем­ле­кет­тің жал­пы дамуы стра­те­ги­я­сы­на неме­се руха­ни сала­лар­дағы күр­делі, мыса­лы, тіл­ге қаты­сты әмбе­бап тео­ри­я­ларға кел­ген­де, шорқақтай береді. Бір тәуір иде­я­сын келесі бір сау­ат­сыз қада­мы­м­ен бұлы­ңғыр­лап жүреді. Кең сарай­лар­дың жарық дәліз­дерін­де ағы­л­шын­ның клас­си­ка­лық костю­мін киіп бара жатып, ауы­лы­нан арқа­лап кел­ген бір қап көңін шашып бара жата­ды. Олар­дың руха­ни әле­мін­де­гі когни­тив­тік күр­делілік құбы­лы­сы ұлт­тық мем­ле­кет­тің орны­қты даму стра­те­ги­я­ла­рын айқын­дап алуға мүм­кін­дік бермейді.

Көп нәр­се айты­лып жата­ды, талқы­ланған болып жата­ды. Комис­си­я­лар құры­лып жата­ды. Шешім­дер қабыл­да­нып жата­ды. Жоғарғы орын­дарға талап­тар қой­ы­лып жата­ды. Ұжым­дық ары­здар жөнел­тіліп жата­ды. Тая­у­да Алма­ты қала­сы­ның аза­мат­та­ры­ның 160-шы үнде­уі жари­я­ланған екен. Дис­курс бар, бірақ нәти­же жоқ. Және оның ешқа­шан бол­май­ты­ны апри­о­ри белгілі.

***

Осы­ған қаты­сты бір фор­му­ла кел­тірей­ін. Бар сұрақтың жау­а­бын бере ала­тын бір ғана абсо­лют бар. Ол – Құдай. Ал пай­ғам­бар­дың айтқан он сөзі­нен бір қателік, он ісі­нен бір кем­шілік кетіп отырады.

Адам­заттың тари­хи есін­де сақта­лып қалған ұлы­лар­дың он сөзінің еке­уі, он ісінің еке­уі теріс болып шығып оты­ра­ды. Мұны intellectual quotient (IQ) коэф­фи­ци­ен­ті ретін­де алып, пай­да­лы әре­кет про­пор­ци­я­сын 8х2 фор­му­ла­сы­мен өрнек­те­у­ге бола­ды (бұл жер­де 8 – дұры­сты­қты, 2 – қателік­ті біл­діреді). Бұдан ары осы үлгі­мен алған­да, әр елдің ұлы деп таны­лған­да­ры­ның IQ коэф­фи­ци­ен­ті – 7х3. Дамы­ған елдер­дің қатар­дағы зия­лы­сы­ның, ғалы­мы­ның көр­сет­кі­ші – 6х4. Жоға­ры дамы­ған және арт­та қалған елдер­дің шека­ра­лық меже­сін­де тұрған қоғам­дар­дың зия­лы­ла­ры­ның потен­ци­а­лы – 5х5.

Ал даму­дан арт­та қалып, отар­лық тәу­ел­ділік­те болған елдер­дің (Қаза­қстан солар­дың ішін­де) зия­лы сана­тын­дағы­ла­ры­ның IQ дең­гейі – 4х6. Осы фор­му­ла қазір­гі қазақ зия­лы­ла­ры­ның зият­тық дең­гей­ін бір­ша­ма жақын көр­се­те­ді. Демек, біздің зия­лы­ла­ры­мы­здың он сөзінің төр­те­уі дұрыс болған­да, алта­уы қате, он ісінің төр­те­уі пай­да­лы болған­да, алта­уы зиян­ды болып оты­ра­ды. Көп­шілік жағ­дай­да бұдан да төмен – 3х7 болып шығып жатады.

Осы шка­лаға салып оты­рып, қазақ тілінің қазір­гі күйі мен пер­спек­ти­ва­сын былай дол­бар­ла­у­ға бола­ды. Қазақ тілінің мәсе­ле­лерін шешу­ге бағыт­талған соңғы 25 жыл­да жаса­лып жатқан әре­кет­тер­дің іші­на­ра­сы бол­ма­са, көп­шілі­гі дал­ба­са болып шықты. Билік­тің де, жеке қай­рат­кер­лер­дің де, солар­дың ішін­де оппо­зи­ци­я­лық бағыт­тағы­ла­ры­ның да айтқан сөз­дері мен қылып жүр­ген әре­кет­тері нәти­же бер­меді. Бұдан былай­ғы кезең­де де сөз бен әре­кет­тің пай­да­лы әсері осы дең­гей­ден аспа­са, елде­гі автох­тон­ды ұлт­тың үлесі 99 %-ға жет­кен­нен кей­ін де, тіл мем­ле­кет­тік мәр­те­бесіне сай қыз­метін атқа­ра ала­тын саты­ға көтері­ле алмай­ды. Бұрын отар­да болған елдер­дің көбінің прак­ти­ка­сын­да жер­гілік­ті халы­қтың үлесі артқан сай­ын, оның тілі де үстем­ді­гін арт­ты­ра береді деген қағи­да қоғам­дық прак­ти­ка­да ақталған жоқ.

Сая­си кеңістік­те әре­кет еткен аза­мат­тар­дың, ұйым­дар­дың әре­кет­тері де осы дең­гей­де бол­ды. Небір ұтым­ды сәт­тер пай­да­ла­ныл­ма­ды. Жетек­шілерінің интел­лек­ті жетпеді.

Біз бар­лық жағ­дай бола тұра, құқы­қтық мем­ле­кет құра алмадық.

Біз бар­лық жағ­дай бола тұра, даму­дың инду­стри­я­лы бас­пал­дағын­да өмір сүретін аза­мат­тық қоғам құра алмадық.

Жер, тіл, білім беру, ауыл­ды кедей­лік пен әле­умет­тік дерт­тер­дің иек­те­уі, мәде­ни­ет­тің құл­ды­ра­уы қақын­дағы мәсе­ле­лер­дің ешқай­сысы бабын тапқан жоқ, тая­у­дағы онжыл­ды­қтар­да бабын таба­тын түрі де жоқ.

Өйт­кені біз­де­гі күрес себеп­пен емес, сал­дар­мен жүріп жатыр. Құбы­лы­стың түп­кілік­ті себебін ешкім біл­мей­ді. Білетін­дер бар деген­ге сен­гің-ақ келеді. Бірақ дұры­сы мынау деп, алға енте­лей шығып жүр­ген­дері тым аз және олар­ды көп­шілік түсіне бер­мей­ді. Ондай­лар қылаң бере-ақ, арты­нан ит жүгіреді. Қаза­қтың қазір­гі жағ­дай­ын «өзің біл­ме, біл­ген­нің тілін алма» деген тір­кеспен сипатта­уға бола­ды. Бұл қарғыс емес, қалып­тасқан кон­стил­ля­ци­я­ның сипаттамасы.

Қазақ зия­лы­ла­ры­ның көбінің білетіні – себеп­тер­дің үштен біріне жуы­ғы. Бәрінің біл­мей­тіні – себеп­тер­дің үштен екісі­нен аста­мы. Тегі қазақ зия­лы­сы­ның IQ коэ­эф­фи­ци­ен­ті төмен деген жора­мал­дың қате болға­нын қалай қала­сам да, өмір­лік прак­ти­ка соның сал­да­ры­мен қасқа маң­дай­ым­нан үне­мі ұрып келеді.

***

Осы талқы­ла­у­ларға қаты­сқан­дар­дың ішін­де емшек таға­мен сая­сат­тың мұзы үстін­де нық тұра­тын, өз тұрғы­сы­на берік, еңіреп жүр­ген ерлер де бол­ды. Талай от кеш­кен, тасқын­нан өткен, билік­тің бат­пан шоқ­па­ры маң­дай­ын талай жар­са да, мой­ы­маған Рекең (Сәр­сен­бай­ұ­лы), әділ­дік үшін жан пида деп, ұлағат­ты сөз айта білетін, май­тал­ман жазу­шы­лар – Қ. Жұма­ді­лов, М. Шаха­нов, Д. Иса­бе­ков, озық ойлы сая­сат­кер­лер Ә. Қоса­нов, А. Сарым, Р. Жұма­лы, солар­мен ат тіз­гінін қосқан доста­ры­ның алды­на әркім бас иеді. Бұлар – қаза­қтың жаңа тарихын­да есім­дері қала­тын қаһармандар.

Бір өкі­нер­лі­гі сол – осы атпал аза­мат­тар­дың әр жиын­да айты­лған асыл сөз­дері, жылт еткен жақ­сы ойла­ры жинақтал­май, тұтас тұжы­рым­да­маға айна­ла алмай жүр. Сая­си қыз­мет деген ғылы­ми дәй­ек­ті, сая­си сын­дар­лы, құқы­қтық сау­ат­ты стра­те­гия бой­ын­ша, жос­пар­лы жүруі тиіс. Сон­да ғана нәти­желі іс тын­ды­руға бола­ды. Жина­лып алып, ауыз көпір­те «бу шыға­рып» болған соң, әркім өзінің «тауып айтқа­ны­на» масай­рап, жай­ба­рақат тарап кет­кен­нен ештеңе өнбей­тінін сезетін кез жет­ті. Қаза­қтар судың иірі­мі сияқты, тари­хи айнал­соқты­қтан құты­лып шығу жол­да­рын қайт­кен­де тезірек табуға тыры­суы керек.

Өйт­кені қазір­дің өзін­де кері үдеріс бол­май­тын бел­де­у­ге жақын келіп тұр­мыз. Негізін­де шешіл­мей­тін түй­ін бол­май­ды. Ақыл мен ғылым бар бұға­удан құтқа­ра алады.

***

А. Жұма­діл­да­ев­тің 3‑тезисі: «Білім – ақпа­рат­тың көкесі. Оқу деген – ақпа­рат алу деген сөз».

Тұны­қтық үшін алды­мен тер­мин­дер­ді сара­лап алу керек. Педа­го­ги­ка­да қалып­тасқан ұғым бой­ын­ша, білім беру (орыс­ша – обра­зо­ва­ние) үш ком­по­нент­тен тұра­ды. Олар: тәр­бие, мәде­ни­ет және білім (зна­ние) ком­по­нент­тері. Сон­да білім – ақпа­рат­тың көкесі емес, өзі болып шыға­ды. Бірақ сала­у­ат­ты ғалым­дар білім­ді тәр­бие мен мәде­ни­ет­тен кей­ін қояды. Алды­ңғы қатар­лы дамы­ған елдер­де «көкенің» орнын­да білім емес, тәр­бие тұр.

Бұл стра­те­ги­я­ның сырын мен түсін­дір­мей­ін, сонау XVII ғасыр­да ғылы­ми негіз­де, бай­сал­ды тал­дап бер­ген ағы­л­шын­ның ұлы фило­со­фы және педа­го­гі Джон Локк түсін­дір­сін. Ұлы сөзді қай­та­ла­уда ұят­тық бол­май­ды. Ол өзінің ұста­ны­мын былай алға тар­тқан бола­тын: «Сіз менің оқы­ту­ды соңғы оры­нға қой­ып, оған аз көңіл бөл­гені­ме таң­да­на­тын болар­сыз. Бұл сіз­ге оғаш, тіп­ті кереғар­лы­ққа ұқсас болып көрі­нуі мүм­кін… Сон­да қалай, деп сұрай­сыз Сіз, бала оқи және жаза біл­ме­уі керек пе? Асы­қ­паңыз, өті­не­мін. Оқы­ту, жаз­ды­ру, ғылы­мға үйре­ту – бұлар­дың бәрін мен қажет деп есеп­тей­мін, бірақ бұл басты емес. Мен ғылы­мға үйре­тудің бала­ның дамуы­на сеп­ті­гін тигі­зетінін ешқа­шан жоққа шығар­май­мын… Бала­ны оқы­тқан жөн, бірақ ол одан да маңы­зды сапа­лы­қтар­ды дамы­туға қосым­ша құрал ретін­де екін­ші қатар­да тұруы керек. Бала­ның мінезін қалып­та­сты­ру игі зер­делі… оның жақ­сы баста­ма­ла­рын сүй­іспен­шілік­пен қол­дау және дамы­ту, жағым­сыз бей­ім­ділік­терін бия­зы амал­дар­мен ысы­рып тастап, түзетіп оты­ру, оның бой­ы­на жақ­сы әдет­тер­ді сіңі­ру. Міне­ки, ең басты­сы осы. Егер сіз осы­лар­дың қамын ойла­стыр­саңыз, онда бұған ғылы­мға үйре­туді қосуға бола­ды» [Локк Джон. Соч. Т. 3 М.: 1988. 546–547‑б.б.].

Бұл сим­би­оз – «тұлға­ны тәр­би­е­леу – алды­мен, білім беру – арты­нан», екін­ші сөз­бен айтқан­да, тұлға­ны жетіл­діру­ге бағыт­талған білім беру пара­диг­ма­сы соңғы жар­ты мың­жыл­ды­қта Батыс өрке­ни­ет­терінің суы­ры­лып алға шығуын қам­та­ма­сыз етті. Қазір де дамы­ған демо­кра­ти­я­лық қоғам­дар осы стра­те­ги­я­ны ұста­нып, өрке­ни­ет көшінің алдын­да маңып барады.

 

***

А. Жұма­діл­да­ев­тің төр­тін­ші тезисі: «Қаза­ққа ең кере­гі – мате­ма­ти­ка, физи­ка, химия… Осы пән­дер­ді ана тілі­міз­де оқы­та­тын жағ­дай­ға жет­тік» деп қуа­нуы­мыз керек».

Бұл пән­дер ана тілін­де сонау Кеңес билі­гі жыл­да­рын­да да оқы­ты­ла­тын. Қазір ғана қол жет­кізіп оты­рған жетістік емес. Ал қаза­қтың ғылым мен тех­ни­ка сала­сын­дағы тын­ды­рып жүр­ген­дері шама­лы екені бар­шаға бел­гілі. Қазақ бала­ла­ры­ның ара­сы­нан мате­ма­ти­ка­дан халы­қа­ра­лық олим­пи­а­да­лар­да орын алып жүр­ген­дер бол­са да, олар­дың ара­сы­нан мате­ма­тиктер шығып жатқа­ны­нан, олар­дың бір­деңе тын­ды­рып жатқа­ны­нан бұқа­ра хабарсыз.

Жағ­дай­дың осы­лай болып оты­рға­ны­на қаты­сты жур­на­лист Ж. Сүле­ев былай деген екен: «Құдай біз­ге еге­мен­дік алып бер­ді. Ал неге соңғы жиыр­ма бес жыл ішін­де біз­де Айт­хо­жин неме­се Сұл­танға­зин дең­гей­ін­де ғалым­дар шық­па­ды» [Суле­ев Ж. Интел­ли­ген­ция: сме­на вех и поко­ле­ний // Central Asia Monitor 25–31. 07. 2014.].

 

***

А. Жұма­діл­да­ев­тің келесі тези­стері «қаза­қ­ша оқы­ту мето­ди­ка­сы қалып­та­сты»; «Бола­шақ­пен» оқып жүр­ген­дер­дің 80 %-ы қазақ мек­тебін бітір­ген­дер»; «министр айта­ды: «қазақ мек­теп­терін­де­гі бала­лар­дың білі­мі төмен» деп. Бос сөз!»; «жақ­сы мұғалім­дер де жетіп арты­ла­ды»; «қаза­қтың оқуға деген ынта­сы өте жоға­ры»… деген­дерінің бәрі даулы.

Осы «ЖА-ның» бетін­де жоға­ры­да айты­лған­дарға қара­ма-қар­сы пікір­лер талай басыл­ды. «Қаза­қта мате­ма­тиктер бар» деп мал­данған А. Жұма­діл­да­ев­тің өзі осы газет­ке бер­ген сұх­бат­та­ры­ның бірін­де Мате­ма­ти­ка инсти­ту­ты­ның тәу­ел­сіздік­тен кей­ін­гі жыл­дар­да жас ғалым­дар­мен толы­қты­рыл­маға­нын атай келіп: «Біздің Мате­ма­ти­ка инсти­ту­тын­да… ат ауы­сты­ру көп, бірақ заты өзгер­ген жоқ. Мате­ма­ти­ка сала­сын­да ғалым көбей­ген жоқ. Бәрі сол баяғы адам­дар» [Біз­ге жалған намыстың кере­гі жоқ // Жас Алаш. 13.03.2014.] деп қын­жы­лған болатын.

 

***

Енді А. Жұма­діл­да­ев­тің тези­стерінің «көкесіне» назар ауда­рай­ық: «Кеңе­стік оқу жүй­есі жақ­сы бола­тын. Қай­та­дан сол жүй­е­ге ора­луы­мыз керек».

Міне­ки, бұл – су айы­ры­ғын айқын­дай­тын, ұлт тағ­ды­рын шешу­ге тура қаты­сы бар мәсе­ле. Бұл жер­де сөз қоғам­ның білім беру пара­диг­ма­сын айқын­дап алуы тура­лы болып отыр. Тара­та айтқан­да, қазір­гі қазақ зия­лы­сы бәрі­нен бұрын мына мәсе­ле­лер­дің бетін ашып алуы керек:

Қазақ кеңе­стік білім беру үлгісін­де қала беруі керек пе, әлде Баты­стың озық елдерінің үлгісіне ауы­суы керек пе? (Бұл жер­де сөз білім берудің фор­ма­лық емес, маз­мұн­дық жағы тура­лы болып отыр).

Кеңес кезін­де­гі білім беру жүй­есі, расын­да да, дүние жүзін­де­гі ең үздік пе еді?

Қазір­гі қаза­қстан­дық білім берудің құра­мы мен маз­мұ­ны Ресей­дікі­нен алшақ па?

Қол­да­ны­стағы білім беру стан­дарт­та­ры кім­нің қолы­мен жасалған?

 

Бұл сұрақтар­дың жау­а­бы бірер абзац­пен, тіп­ті бір мақа­ла­мен беріл­мей­ді. Бұры­нғы кеңе­стік – қазір­гі ресей­лік білім беру стра­те­ги­я­сы­ның мәні мен маз­мұ­ны, оның дамы­ған Батыс елдерінің білім беру стра­те­ги­я­сы­нан ұста­ным­ды айыр­ма­шы­лы­ғы, Ресей педа­гог­та­ры­ның өздерінің осы стра­те­ги­яға көзқа­ра­сы және Қаза­қстан­ның білім беру стра­те­ги­я­сы тура­лы көлем­ді мағлұ­мат бас­пасөз­де жари­я­ланған бола­тын (қараңыз: «ДАТ», №№ 34–46, 2015, №№ 1–3, 2016.; «Три­бу­на», №№ 35–46, 2015 г.).

Енді мына­ларға назар салып көрейік.

Бірін­ші­ден, Ресей­де­гі білім беру жүй­есі Кеңес кезін­де­гі­ден өзге­ше ме? Иә, біраз ұста­ным­ды емес өзге­шелік­тер бар. Ресей кеңе­стік жүй­ені рефор­ма­лаған жоқ, тек бірқа­тар жетіл­ді­ру шара­ла­рын жасап, негізі­нен, зна­ни­е­цен­три­стік стра­те­ги­я­ны сақтап қалды.

Ал 2002–2013 жыл­да­ры қол­да­ны­лып кел­ген қаза­қстан­дық білім беру стан­дарт­та­рын арнайы шақы­ру­мен Ресей­ден кел­ген педа­гог­тар жасап бер­ген бола­тын. Қазір­гі қол­да­ны­стағы (2013 жылғы) стан­дарт­тар бұры­нғы­ның аздап құры­лым­дық өзгеріс енгізіл­ген, «жетіл­діріл­ген» нұсқа­ла­ры. Демек, бұл жер­де ора­лу деген сөз орнын­да тұрған жоқ. Қаза­қстан бұры­нғы­дай, білім беру сала­сын­да Ресей­дің құшағы­нан шыққан жоқ.

Екін­ші­ден, оқыр­ман мына­ны біліп алуы керек: сөз біз­де­гі білім жүй­есіне енгізіл­ген құры­лым­дық өзгерістер (бака­лаври­ат, маги­стра­ту­ра, ЕНТ т.б.) тура­лы болып оты­рған жоқ. Мәсе­ле білім берудің маз­мұ­ны, құра­мы және иде­я­лық бағ­да­ры ресей­лік үлгі­де қалып оты­рға­нын­да болып отыр.

Кеңе­стік білім беру бағ­дар­ла­ма­ла­ры өте ауыр бола­тын. Оқу­шы­лар­дың басым бөлі­гі мең­ге­ре алмай­тын. Соның сал­да­ры­нан бүкіл жүй­енің жұмысы өрес­кел фор­ма­лы­лан­ды­ры­лған болатын.

Кеңе­стік білім беру жүй­есін­де орны­ққан зна­ни­е­цен­три­стік бағыт қоғам­ды тех­ни­ка және тех­но­ло­гия сала­ла­рын­да кей­бір эфе­мер­лі жетістік­тер­ге жет­кізді. Сон­ды­қтан ол мили­та­ри­стік эко­но­ми­каға негіз­дел­ген, агрес­си­я­лы сыр­тқы сая­сат жүр­гізу­ге бей­ім­дік таны­та­тын тота­ли­тар­лық режім­мен жақ­сы қабысты. Сол арқы­лы Ресей ғары­штық және әске­ри тех­но­ло­ги­я­ны жетіл­ді­ре беру­ге қазір де барын салуда.

Ал зна­ни­е­цен­тризм, білім беру стра­те­ги­я­сы ретін­де қабыл­да­нып алы­нған­да халы­қты жал­пы мәде­ни­ет­пен, гума­ни­тар­лық білім­мен, демо­кра­ти­я­лық және құқы­қтық сан­амен жет­кілік­ті қару­лан­ды­ра алмайды.

Мұн­дай­да қоғам құн­ды­лық бағ­дар­ла­ры­нан көз жазып қала­ды, мен­та­ли­теті жаман жаққа өзге­реді, соны­сы­мен тығы­ры­ққа тіре­ледi, бір­жақты тех­но­крат­ты­ққа ұры­на­ды: раке­та­ла­ры мен бом­ба­ла­ры көп, бірақ халқы құқы­қ­сыз және мәде­ни­ет­сіз болып шыға­ды. Кезін­де құдірет­ті мем­ле­кет болған Кеңес Одағы­ның түбіне жет­кен осы – білім беру стра­те­ги­я­сы ретін­де таң­да­лып алы­нған зна­ни­е­цен­три­стік бағыт деген түсін­дірудің дұрыс деп қабыл­данға­ны руха­ни сала­лар­ды зерт­те­ушілер­ге аян.

«Кеңе­стік білім беру жүй­есі мықты болып еді» деген­ді күн­делік­ті бас­пасөз­ден жиі есту­ге бола­ды. Бұл уәж­ді айту­шы­лар дәлел ретін­де КСРО-ның ғылым­дағы, қару шыға­ру­дағы, әсіре­се ядро­лық-ғары­штық аялар­дағы жетістік­терін тізе бастайды.

Иә, КСРО-да аталған сала­лар­да жетістік­тер болға­ны рас. Алай­да кеңе­стік білім беру жүй­есін әспет­те­ушілер Кеңес халқы­ның құқы­қ­сыз, әле­умет­тік бел­сен­ділік­тен жұр­дай, билік қалай айда­са – солай жөңкілетін, сая­си сау­а­ты төмен тобы­рға айналға­нын, тота­ли­та­риз­мнің түне­гін­де күн кеш­кенін, Ком­му­ни­стік импе­ри­я­ның зама­на­уи ашық дүни­е­де өзге­лер­ше өрке­ни­ет­ті өмір сүру­ге қабілет­сізді­гі­нен құлаға­нын естен шығарады.

Егер кеңе­стік зна­ни­е­цен­три­стік білім­ді ең жетіл­ген деп есеп­те­сек, онда дүние жүзін­де­гі ең озық елдер деп зна­ни­е­цен­тризмді Кеңес Одағы­нан қабыл­дап алған Иран­ды, Ирак­ты, Куба­ны, Қытай­ды, Паки­стан­ды, Сол­түстік Коре­я­ны және бұры­нғы кеңе­стік рес­пуб­ли­ка­лар­ды тануы­мыз керек. Бұлар­дың кей­біре­улерінің қолын­да атом қаруы бар, енді біре­улері халқы жап­пай сау­ат­сыз, мәде­ни­ет­сіз қалып, әле­умет­тік ауру­ларға бел­ше­сі­нен батып отыр­са да, қалай­да жап­пай қыру қаруын иеле­ну үшін жан­та­ла­са ұмты­лу­да. Қазір бұры­нғы соци­а­ли­стік елдер­дің қай­сысы (При­бал­ти­ка, Шығыс Еуро­па) Ресей­ден іргесін аулақ сал­са, солар даму­дың бет­бұры­сын түзеп отыр. Ал Ресей­дің ықпа­лы­нан шыға алмаған­дар­дың, соның ішін­де қаза­қтар­дың тағ­ды­ры бұлдыр.

Батыс елдерін­де инди­вид­тің аза­мат­тық, жал­пы­мә­де­ни­ет­тік білім алуы­на бар­лық жағ­дай жасалған, ада­мға еркін­дік беріл­ген, құқы­қта­ры қорға­ла­ды, шығар­ма­шы­лық еңбе­гіне жол ашы­лған. Қоғам­ның дамуы оның әр мүше­сінің тұлға ретін­де дамуы­на негіз­дел­ген. Осы ұлы қағи­да білім беру үдерісін­де тұлға­ны жетіл­ді­ру пара­диг­ма­сы бой­ын­ша жүзе­ге асырылады.

Ал ресей­лік зна­ни­е­цен­три­стік пара­диг­ма еркін­дік­ті шек­теп қана қой­май­ды, мек­теп­те баға­ны босқа алу­ды әдет­ке айнал­ды­рған, есей­ген­де инфан­ти­лизм­ге бой алды­рған, шала сау­ат­ты, құқы­қ­сыз адам­ды илеп шыға­ру­да. Бағ­дар­ла­ма­ларға мате­ма­ти­ка мен өзге тех­ни­ка­лық цикл пән­дерін шек­тен тыс тық­па­ла­удың сал­да­ры­нан олар­ды оқу­шы­лар мең­ге­ре алмай­ды. Бұл пән­дер­ді мең­гер­меу шын­жыр реак­ци­я­сын туды­рып, өзге пән­дер­дің де мең­геріл­ме­уі жағ­дай­ы­на соқты­рып оты­рға­ны бел­гілі. Тота­ли­тар­лық режім аза­ма­ты бәріне, соның ішін­де өзінің жеке бас мүд­десіне де фор­ма­лы қарай­тын, әле­умет­тік-пси­хо­ло­ги­я­лық дел­сал­ды­қтан шыға алмай­тын бей­ша­ра күй­мен өмір сүріп жатыр. Ресей ака­де­ми­к­терінің өздері де бұл мәсе­лені талай көтерді.

Орыс зна­ни­е­цен­три­стік мек­тебі Орта­лық Азия халы­қта­ры­ның мәде­ни дең­гей­ін Орта­лық Афри­ка дең­гей­іне түсіріп қана қой­ған жоқ, ол оры­стар­дың өздерін де ауқым­ды дегра­да­ци­яға ұшы­ра­тып отыр. Орыс дерев­ня­сын­дағы орта мек­теп­тен бітіру­шілер үш-ақ сөз біліп шыға­ды. Олар: «огу­рец», «сало» және «само­гон». Қатып қалған тота­ли­тар­лық ойла­удың сал­да­ры болып табы­ла­тын оқулы­қтар­дағы дог­ма­лар­дан оры­стар­дың басы айна­лып, аза­мат­тық қоғам­да өмір сүру­ге ком­пе­тент­ті­гі жет­пей­тін, мәде­ни­ет­тен де жұр­дай, еңбек етуді де біл­мей­тін, тамақ жеуші тобы­рға айна­лу­да. Қазір Ресей пар­ла­мен­ті арам­та­мақты­қ­пен күрес жүр­гі­зу мәсе­лесін көтеріп жатыр. Олар­да жаты­пі­шер­лер­дің шама­сы 16,4 млн мөл­шеріне жет­кен деген ресми деректер ұшы­рас­у­да (http://nvdaily.ru/info/86062.html).

Оның себебі біреу – зна­ни­е­цен­три­стік білім беру бағы­тын ұста­ну­дың бұқа­ра­ның сая­си-құқы­қтық мәде­ни­етінің кеже­леп қалуы­на, жал­пы сау­а­ты­ның төмен­ді­гіне әкеліп соқты­руы, соның сал­да­ры­нан халы­қтың сала­у­ат­ты өмір сал­тын ұста­на біл­ме­уі. Басқа­ша айтқан­да, орыс халқы­ның ашық, құқы­қтық қоғам­да өмір сүру­ге жетесінің жетпеуі.

Ресей Кеңе­стен кей­ін­гі кезең­де де зама­на­уи құқы­қтық мем­ле­кет болып құры­ла алма­ды. Бүгін­гі Ресей субқұр­лы­ққа жай­ғасқан, ортаға­сыр­лық әске­ри орден сияқты. Жемқор­лар мен саңы­лау­сыз тех­но­крат­тар шоғыр­ланған Ресей билі­гінің әре­кеті зама­на­уи құқық рет­тілі­гі­мен қабыспай­ды, раке­та­ла­ры мен бом­ба­ла­рын санап, алды­ңғы қатар­лы, өрке­ни­ет­ті қоғам­дарға қоқаң­дай­ды да отырады.

Ал қаза­қтың басы­на төн­ген қыр­сы­қтың бәрі осы­дан – Ресей­дің зна­ни­е­цен­три­стік білім беру стра­те­ги­я­сы­нан шыға алмауын­да. Ресей­дің білім беру стра­те­ги­я­сы­на қай­та ауы­су­ды көк­сеп оты­рған А. Жұма­діл­да­ев­ке айты­лар уәж мынау: Қаза­қстан Ресей­дің білім беру үлгісі­мен осын­дай тығы­ры­ққа ұшы­рап отыр.

Қазақ бала­ла­ры­ның көсе­гесін көгер­туді ойлаған адам, керісін­ше, жас ұрпақты әбден тығы­ры­ққа жет­кіз­ген ресей­лік білім беру үлгісі­нен, ал қаза­қтың мем­ле­кетін Ресей­дің сая­си итпе­гі­нен құтқа­ру­дың қамын ойла­уы керек. Білім беру сала­сын­да ресей­лік зна­ни­е­цен­три­стік бағыт­ты ұста­ну – А. Жұма­діл­да­ев­тың және оны қол­дап оты­рған көп­шілік­тің ғана емес, тұта­стай қазақ педа­го­ги­ка­сы­ның, мем­ле­кет­тің білім беру бағы­тын жасап оты­рған идео­лог­тар­дың стра­те­ги­я­лық адасуы.

 

***

Енді сая­си өмір­де болып жатқан құбы­лы­старға қаты­сты кей­бір сұрақтарға жау­ап іздеп көрейік:

Жер мәсе­лесіне қаты­сты шулар­дан не шығады?

Қазақ тіліне қаты­сты 25 жыл жүр­гізіл­ген шара­лар қан­дай нәти­же­ге әкеліп тіреді?

Білім беру сала­сын­да алға жыл­жу бола ма?

Пре­мьер-мини­стр­ді ауы­сты­рған соң, эко­но­ми­ка­ны өрлеу жолы­на салуға бола ма?

Бұрқы­ра­тып жазып, сабап, сынап жатыр­мыз. Осы­лар­ды «көтіне қысты­рып» жатқан ешкім бар ма?

Жал­пы, қазақ ояна ма? Ұлт ретін­де ұйым­дасқан, сая­си пар­тия дең­гей­ін­де, сау­ат­ты әре­кет­ке бара­тын­дай дең­гей­ге жете ме?

Жал­пы осы қаза­қтың қазір­гі бүкіл халық болып қаты­сып жатқан әре­кет­тері­нен қан­дай нәти­же шығады?

Осы сұрақтар­дың бәріне берілетін үш қана дай­ын жау­ап бар:

Жоқ! Жоқ! Жоқ! Бұл әре­кет­тер­дің ешқай­сысы­нан, ешқан­дай пай­да­лы нәти­же күту­ге болмайды.

Неге?

Өйт­кені қаза­қтар­дың сөй­леп жүр­ген сөзінің, қылып жүр­ген әре­кетінің пай­да­лы әсер коэф­фи­ци­ен­ті 3Х7. Істеп жүр­генінің бәрі ірге­та­сы қалан­баған үйдің қабы­рға­сын тұрғы­за­мын деп, вир­ту­ал кеңістік­те сал­бы­раған, дал­ба­са тіршілік.

Соңғы онжыл­ды­қтар­дағы бұқа­ра­лық қозға­лы­стар­дың қай­сысы сая­си және құқы­қтық жағы­нан сау­ат­ты ұйым­да­сты­ры­лып, ауыз тол­ты­рар­лық нәти­же­ге жет­кізді? Бұған дей­ін­гі толып жатқан бей­біт демон­стра­ци­я­лар мен митинг­тер­ге шақы­ру­дан не шығып еді?

Оппо­зи­ци­я­ның жетек­шілері жан­та­ла­сты. Олар­дың ара­сын­да нағыз пат­ри­от, халқы үшін жан пида деп жүр­ген, барын сала­тын адам­дар бол­ды. Баста­рын бәй­ге­ге тік­ті. Ал халық олар­дың соңы­нан ермеді ғой.

Осы­дан кей­ін ойлан­бай, бір кет­пен­ді қай­та-қай­та басып, өз маң­дай­ы­ңа өзің ұра бер­ген­нен ақы­лың кір­ме­се, «ақы­мақты­ққа қар­сы құдай­дың өзі де дәр­мен­сіз» (Ф. Шил­лер) деп, басы­ң­нан сипаған­нан басқа не күтесің? Баға­на­дан бері айтқан­да­рым­ның логи­ка­лық ақы­ры­на енді ғана жақын­даған­дай­мын. Қисын бой­ын­ша, бұдан осы жол­дар­ды оқы­ған қазақ мына бір сүраққа келіп тіре­лу­ге тиіс: НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Бәсе, не істеу керек? Біл­гің келе ме?..

Қанағат ЖҮКЕШЕВ,

[email protected]

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн