Суббота , 12 июля 2025

Ассамблея – аты бар, ЗАТЫ ЖОҚ МЕКЕМЕ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №12 (283) от 26 мар­та 2015 г.

 

Орын­ды сұрақ

«Қаза­қстан халқы ассам­бле­я­сы тура­лы» заң­да ассам­бле­я­ның құқы­қтық мәр­те­бесі тура­лы «…Заң­ды тұлға құрыл­май, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Пре­зи­ден­ті құра­тын, мем­ле­кет­тік ұлт­тық сая­сат­ты әзір­ле­у­ге және іске асы­руға ықпал ететін меке­ме» деп көрсетілген.

 

Енде­ше бұл жер­де­гі «заң­ды тұлға құрыл­май» деген тір­кес­ке мән беру керек. Мәсе­лен, «Мем­ле­кет­тік мүлік тура­лы» заң бой­ын­ша, мем­ле­кет­тік кәсі­по­рын­дар мен мем­ле­кет­тік меке­ме­лер мем­ле­кет­тік заң­ды тұлға­лар болып сана­ла­ды. Аталған заң­ның 123-бабын­да «Мем­ле­кет­тік заң­ды тұлға мем­ле­кет­тік тір­кел­ген кез­ден бастап құрыл­ды деп есеп­те­леді және заң­ды тұлға­ның құқы­қта­ры­на ие бола­ды» деп көр­сетіл­ген. Демек, заң бой­ын­ша ҚР пре­зи­ден­ті құрған меке­ме мем­ле­кет­тік меке­ме болып табы­ла­ды және ол мем­ле­кет­тік тір­ке­уден өткен жағ­дай­да ғана мем­ле­кет­тік заң­ды тұлға бола ала­ды. Былай­ша айтқан­да, мем­ле­кет­тік тір­ке­уден өтпе­ген мем­ле­кет­тік меке­ме заң­ды тұлға құқы­ғы­на ие бола алмай­ды және оған мем­ле­кет­тік бюд­жет­тен қар­жы бөлінбейді.

Бұдан шыға­тын қоры­тын­ды – заң­ды тұлға құр­май, мем­ле­кет­тік меке­ме құру мүм­кін емес. Демек, Қаза­қстан халқы ассам­бле­я­сы мем­ле­кет­тік меке­месі құқы­қтық тұрғы­да өмір­де жоқ деп сана­ла­ды және оның қыз­меті заң­сыз. Ассам­бле­яға кет­кен қар­жы да заң­сыз, мақ­сат­сыз жұм­сал­ды деген сөз.

Енді осы өмір­де жоқ, заң­ды тұлға болып санал­май­тын, вир­ту­ал­ды, заң талап­та­ры­на сай емес Қаза­қстан халқы ассам­бле­я­сы мәжілістің тоғыз депу­та­тын сай­лай­ды. «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сын­дағы сай­лау тура­лы» Кон­сти­ту­ци­я­лық заңы­ның 87-бабы­на сәй­кес, Қаза­қстан халқы ассам­бле­я­сы сай­лай­тын мәжіліс депу­тат­ты­ғы­на кан­ди­дат­тар ұсы­ну құқы­ғы Ассам­блея кеңесіне тиесілі.

Ал «Қаза­қстан халқы ассам­бле­я­сы тура­лы» заңы­ның 10-бабы бой­ын­ша, ҚР пре­зи­ден­тінің дер­бес шеші­мі­мен құры­ла­тын Кеңес ассам­бле­я­ны басқа­ру­ды жүзе­ге асы­ра­ды. Кеңе­стің құра­мын да пре­зи­дент өзі бекі­те­ді. Сол пре­зи­дент жеке-дара құрған, жеке-дара басқа­ра­тын, өмір­де жоқ меке­ме Кеңесінің шеші­мі­мен мәжілістің тоғыз депу­та­ты сайланады.

Ондай бол­са, Кон­сти­ту­ци­яда бел­гі­лен­ген бар­лық адам­дар­дың заң алдын­дағы тең құқы­қты­ғы, «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сын­дағы сай­лау тура­лы» заңын­да көр­сетіл­ген кан­ди­дат­тар­дың сай­ла­у­ға тең құқы­қтар­мен және шар­ттар­мен қаты­суы­на кепiл­дiк берiлетін­ді­гі қай­да? Заң­ды тұлға болып санал­май­тын, ауа­да бар, тір­ке­уде жоқ Қаза­қстан халқы ассам­бле­я­сы депу­тат­тар­ды сай­ла­у­ға қалай­ша құқық алып отыр? Ассам­бле­яға мүше этно­мә­де­ни қоғам­дық бір­ле­стік­тер заң­ды тұлға ретін­де неге депу­тат сай­ла­у­ы­на қаты­са ала­ды да, басқа, яғни ассам­бле­яға мүше емес қоғам­дық бір­ле­стік­тер депу­тат сай­ла­у­ы­на қаты­суға құқы­ғы жоқ? Бұл жағ­дай «Қоғам­дық бiр­ле­стiк­тер тура­лы» заңы­ның 6‑бабында жазы­лған бар­лық қоғам­дық бір­ле­стік­терінің заң алдын­да теңді­гіне қай­шы келіп тұрған жоқ па?

Заң талап­та­ры­на сай, заң­ды тұлға ретін­де мем­ле­кет­тік тiр­кел­ме­ген қоғам­дық бiр­ле­стiк­тер пен пар­ти­я­лар­дың қыз­метiне жол берiл­мей­дi де, олар­дың бас­шы­ла­ры қуда­ла­у­ға түседі. Ал заң­ды тұлға ретін­де тір­кел­ме­ген мем­ле­кет­тік меке­ме неге еркін жұмыс жасай­ды? Мұның өзі заң бұзу­шы­лық болып санал­май ма?

Ең қызы­ғы – неге Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Тұңғыш пре­зи­ден­тіне — елба­сы­на Қаза­қстан халқы ассам­бле­я­сын өмір бойы басқа­ру құқы­ғы тиесілі? Екін­ші – пре­зи­дент­тің неге ассам­бле­я­ны құруға, басқа­руға неме­се жоюға құқы­ғы жоқ?

Жоға­ры­дағы жағ­дай­лар­ды зер­де­лей келе, Қаза­қстан халқы ассам­бле­я­сын ұстап тұру және оның 20 жыл­ды­ғын атап өту, оған да мол қар­жы жұм­сау, осы жыл­ды ассам­блея жылы деп жари­я­лау қажет пе, ең негіз­гісі – заң­ды ма деген сұрақ туындайды.

«Қаза­қстан халқы ассам­бле­я­сы тура­лы» заң­ның тек 2008 жылы қабыл­данға­нын, оған дей­ін Қаза­қстан халы­қта­ры ассам­бле­я­сы Пре­зи­дент әкім­шілі­гі жанын­дағы көп кон­суль­та­тив­ті-кеңе­стік орган­дар­дың бірі ретін­де ғана болға­нын ескер­сек, қап­таған кеңе­стер­дің 20 жыл­ды­ғын да мол қар­жы жұм­сап, той­лау керек бола­ды-ау дей­ді менің бір ойым.

Ал сіз­дер осы жағ­дай тура­лы не айтасыздар?!

Мақ­сат ІЛИЯСҰЛЫ,

заң­гер, қоғам белсендісі,

Аста­на қаласы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн