Воскресенье , 6 июля 2025

Астана патриоттар форумы: ТІЗІМДЕ ЖОҚТАР ТІЛЕГІ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №34 (305) от 08 октяб­ря 2015 г.

 

ДАТ-САУАЛНАМА

 

Аста­на­да қазан­ның 5‑інде «Мәң­гілік ел – бола­шағы бір­тұ­тас ел» атты рес­пуб­ли­ка­лық пат­ри­от­тар фору­мы өтті. Фору­мға бар­лық аймақтан шама­мен 2 мың­нан астам деле­гат қаты­сты. 2007 жыл­дан бері өткізіліп келе жатқан форум­да «Жыл пат­ри­о­ты» бай­қа­уы­ның жеңім­паз­да­ры жеті номи­на­ция бой­ын­ша мара­пат­та­лып, Назар­ба­ев­тың қаты­су­шы­ларға арналған құт­ты­қтау сөзі оқылды.

Ресми ақпа­рат­тың ұзын-ырға­сы­ның қысқа­ша маз­мұ­ны осы. Қаты­су­шы деле­гат­тар­ды жер-жер­де кім­дер­дің сай­лаға­нын кім біл­сін: әйте­уір Аста­на­да 2 мың «пат­ри­от» бас қосып­ты. Бірақ басқа жақты кім біл­сін, дәл Алма­ты­да өзін пат­ри­от санап, Шаңы­рақ, Малы­бай, Шең­гел­ді, Мало­вод­ное, Сары­ағаш, т.б. ұлта­ра­лық кикіл­жің­дер­де қазақ намысын қорғаған, сол үшін отты-сот­ты болған бір­де-бір адам ол фору­мға қаты­сқан жоқ. Жеті номи­на­ция бой­ын­ша, рас, пат­ри­от­тық сезім­ді санаға сіңі­ру оңай шаруа емес: себебі қаза­ғы үшін жаны күй­етін­дер­ге «ұлт­шыл­дар», «ала­у­ы­здық қоз­ды­ру­шы­лар» деп ат қой­ып, айдар тағып, сот­тап жібе­ру үрдісі үдеп тұр. Ал ісі­нен гөрі сөзі көп, қай жер­де пат­ри­от бола қалға­ны бел­гісіз біре­улер Ақор­да­ның арқаға қағар қонақта­ры­на айна­лып жатады.

Бәрін айт та, бірін айт: тәу­ел­сіздік­ке күмән кел­тіріп, ата-баба­дан қалған қаси­ет­ті жері­міз­ге өзге­лер көз алар­тып жатқан­да, Аста­на­дағы фору­мға қаты­сқан өзге ұлыс өкіл­дері жақ ашпа­уын қалай түсі­ну­ге бола­ды? Тіп­ті орыс каз­ак­та­ры­ның әске­ри киі­мін киіп келіп, осын­дай ресми атағы бар жиы­нға қаты­суға кім рұқ­сат бер­ген? Қаза­ққа қарай­лас­пай­тын мұн­дай шара­ны өткізу­ге жұм­салған қар­жы кім­нің қал­та­сы­нан шыққан?

Біздің оқыр­ман қауым, көзі қарақты аза­мат­тар «бұл жиы­нға осын­ша­ма неге шүй­лік­тің­дер» десе, айтар уәжі­міз де дай­ын: ел білетін, елі таны­ған, елін таны­тқан тұлға­лар­дың қара­сы көрін­бе­ген бұл не жиын? Міне, осы сұрақтың жете­гі­мен «ДАТ»-тың сау­ал­на­ма-сұх­ба­тын өткіздік.

 

Құр­манға­зы РАХМЕТОВ,

«Жел­тоқ­сан көтерілісі» үшін сот­талған патриот:

– Мен форум­да болған жоқ­пын. Ешкім елеп-ескеріп шақы­рған да жоқ. ФБ-дағы Сырым Абд­рах­ма­но­втың жаз­ба­сы­нан кей­ін ғана біл­ген жай­ым бар. Сон­да интер­нет желісіне: «Жел­тоқ­сан­ды­қтар­сыз өтіп жатқан бұл қан­дай пат­ри­от­тар фору­мы?» деген жаз­ба қал­ды­рған едім.

Жиын өткен екен, деле­гат­тар барған екен: несіне олар­дың арт­та­ры­нан тас лақты­рай­ын?! Ал форум­ның мән-мақ­са­тын ой таразыс­ы­на салар бол­сам, бұл форум бір ғана адам­ның көр­геніне, біл­геніне бай­ла­ны­сты өтсе керек. Жал­пы, Назар­ба­ев­ты жаға­лаған­дар өңшең тексіз­дер десем, артық айт­ты демес­сіз. Ол жағын бағам­дап, жұрт­тың өзі де мен­сіз-ақ танып, біліп отыр. Билік­ті төңірек­те­ген өңшең жыл­по­стар халы­қтың орта­сы­нан жырақ кетіп, пре­зи­дент­ке еріп, 2050-дің қия­ли ғары­шын шар­лап жүр­ген сияқты.

Ел пре­зи­ден­тінің мына сөзі есім­де: «1986 жылғы Жел­тоқ­сан оқиға­ла­ры қазақ жаста­ры­ның сана-сезі­мінің қан­ша­лы­қты өскен­ді­гін көр­сет­ті. Олар жүз жылға жуық уақыт бойы халы­қты казар­ма­лық тәр­тіп­те ұстап кел­ген тота­ли­тар­лық жүй­енің алдын­да бірін­ші болып айыл­да­рын жиған жоқ. Жастар бұдан әрі кез кел­ген ұлтқа тән ұлт­тық мақта­ныш сезі­мін қор­ла­у­ға жол бер­мей­тінін өз халқы­ның аты­нан ашық мәлім­деді», – деген еді кезінде.

Енді сол пре­зи­дент­тің сол баға­сын түсі­ну­ден қал­дық. Жел­тоқ­сан­ның 30 жыл­ды­ғы қар­саңын­да пре­зи­дент те айтқа­ны­нан танған сияқты. Енде­ше Жел­тоқ­сан алаңы­на шыққа­ны үшін жазы­қты болған, бірақ бүгін­де бас­шы­сы да, қос­шы­сы да ұмы­тқан жел­тоқ­сан­ды­қтар үшін пат­ри­от­тар­дың жеке фору­мын өткі­зу керек шығар. Бірақ ол форум­ның күніл­гері мәсе­лесі біреу-ақ бол­са керек: форум қай­да өте­ді – Алма­ты­ның бұры­нғы Бреж­нев алаңы­нан Ақор­да­ның алдын­дағы алаңға ауы­са­мыз ба?..

 

Дау­рен БАБАМҰРАТ,

«Бола­шақ» жастар

қозға­лы­сы­ның жетекшісі:

– Пат­ри­от­тар фору­мы­на біз бар­ма­дық, шақы­ру да алма­дық. Шақы­ры­лған адам­дар тізі­мі дұрыс не бұрыс, орын­ды неме­се орын­сыз деп тағы айта алмай­мын. Себебі бүгін­де кім­нің қан­ша­лы­қты пат­ри­от екенін аны­қтау қиын. «Сен Отан­ды аз сүй­есің!» деп, ешкім­ді де сөге алмайсың.

Ал сіз «ол форум­да кім­дер болу керек еді?» десеңіз, мен «ұйым­да­сты­ру­шы­лар нені көз­деді?» екен деп, дал болып отыр­мын. Егер басты мақ­сат – бөлін­ген ақша­ны игеріп, «галоч­ка» үшін өткі­зетін шара бол­са, онда оған қаты­сқан адам­дар дұрыс ірік­тел­ген шығар.

Ал егер басты мақ­сат – ұлт­тық рух­ты ұлы­қтап, қоғам­дық тұта­сты­қты арт­ты­рып, дағ­да­рыс уақы­тын­да елдің еңсесін көте­ру бол­са, онда, әрине, форум құра­мы әлсіз­деу дер едім. Оған қаты­сқан адам­дар­ды кем­сініп, оларға ешқан­дай өкпе айта алмай­мын – әркім өзін­ше патриот.

Десе де, мәсе­лен, «шын пат­ри­от және елге сөзі өтетін тұлға кім?» деген­де, көз алды­ма ең бірін­ші кезек­те Мұх­тар Шаха­нов аға­мыз келеді. Дәл осы секіл­ді тағы да ондаған адам­дар­дың тізі­мін кел­тіру­ге болар еді. Менің­ше, дәл қазір аты қалай атал­са, солай атал­сын, бірақ осын­дай жал­пы­ұлт­тық диа­лог­тар­дың қажет­тілі­гі бары сөз­сіз. Дағ­да­рыс, деваль­ва­ция, әлем­дік кикіл­жің, сая­си тұрақ­сыздық уақы­тын­да қазақ өза­ра ауы­з­бір­шілі­гін күшей­тіп, ұзақ және мар­дым­ды дис­скус­си­я­лар арқы­лы елді ынты­маққа шақы­ру керек-ті. Және ондай әңгі­ме орнау үшін, ел ішін­де беделі бар тиісті адам­дар­дың басын қосу – уақыт талабы.

Бірақ, өкініш­ке орай, бұл форум­нан ондай іс-шара көрмедік.

Онсыз да елдің қар­жы­сы бітіп, Қытай­дан қарыз сұрап жүр­ген­де, «галоч­ка» үшін ақша шашу – барып тұрған ысы­ра­пқор­лық. Бұл пат­ри­от­тық емес, анти­па­три­от­тық іс бола­ды. Қазір бюд­жет­те­гі әрбір тең­ге сана­у­лы. Осын­дай уақыт­та мил­ли­он­даған тең­ге жұм­са­ла­тын бір-екі күн­дік шара қан­ша­лы­қты қажет деген мәсе­ле көтерілуі керек.

Егер бүгін­гі билік бұры­нғы­дай ақша­ны оңды-сол­ды шаша беретін бол­са, оның арты жақ­сы­лы­ққа апар­май­ды. Қазір заман­ның өзгеріп, әлем­дік ситу­а­ци­я­ның қат­ты шие­леніс­кенін көріп отыр­мыз. Дәл ертең елдің эко­но­ми­ка­лық және әле­умет­тік жағ­дайы не бола­ды деген сұрақ аса маңы­зды. Осын­дай­да «бекер мал шашпақты» доға­ру керек деген­ді билік­тің өзі де айт­ты емес пе?!

Тағы да қай­та­лай­мын: өзім­ді фору­мға барған екі мың адам­нан арты­қ­пын деп сана­май­мын: олар­ды да орын­сыз бар­ды деп те айта алмай­мын. Көбі қара­пай­ым қыз­мет­кер, елге еңбек етіп жүр­ген аза­мат­тар екен. Бірақ Мұх­тар Шаха­нов секіл­ді ел аза­мат­та­рын да қосу керек еді. Ең басты­сы – бюд­жет тап­шы­лы­ғы уақы­тын­да билік елді ақша үнем­де­у­ге шақы­ра бер­ген­ше, сол үнем­де­уді өзі­нен баста­уы керек. Бәрін «өзім білем­ге» салып, елден алшақтай бер­ген­ше, қазір билік халқы­мен ерекше жақын болуы керек.

 

Асхат РАХЫМЖАНОВ,

ЖСДП-ның Аста­на қалалық

фили­а­лы­ның жетекшісі:

– Пат­ри­о­тизм – жеке­ле­ген бір шара­ның аясы­на тық­па­лай­тын тар шең­бер­де­гі мәсе­ле емес. Сон­ды­қтан Қаза­қстан пат­ри­от­та­ры­ның фору­мын қол­дап, қос қолым­ды көте­ру­ге намыста­нар едім.

Неге дер­сіз? Себебін түсіндірейін.

Бірін­ші­ден, жария түр­де «міне, пат­ри­от» деген атақ – жалған жар­на­ма­ның бірі. «Пат­ри­от» – ұлт­тық тұрғы­дан таны­лған, кең ауқым­дағы ұрпақтар үндесті­гі­мен жалға­са­тын атау. Ондай атақ иесінің есі­мі тари­хи тұрғы­да мойындалады.

Екін­ші­ден, өзін пат­ри­от­пын деп санай­тын­дар­дың «Мәң­гілік ел» деп идея тастаған бір адам­ның айна­ла­сын­да жиналға­ны ыңғай­сыз, тіп­ті өрес­кел көрі­неді екен. Бар болға­ны – қоғам­да сай­лау тура­лы сыбыс көбей­ген шақта, бүгін­гі сая­си жүй­енің маңы­зын арт­ты­ру үшін ұйым­да­сты­ры­лған жасан­ды дүр­мек. Тіп­ті сай­ла­у­ал­ды тех­но­ло­ги­я­ның бір тәсілі деп нық сенім­мен айта аламын.

Үшін­ші­ден, нағыз пат­ри­от бүгін­гі қалып­тасқан жүй­ені қол­да­уы мүм­кін емес, бұл менің жеке пікірім. Жер­дің асты мен үстін­де­гі шикі­зат қоры талан-тара­жға салы­нып, саудаға түсіп жатқан­да, халы­ққа тиесілі жер алып­са­тар­лы­қ­пен саты­лған кез­де тұрғын­дар­ды үйі мен пәтері­нен қуып шығып қаңғыр­тқан, халы­қтың қар­жы­сы­на қол сұққан­дар жаза­сын алма­са, билік қай беті­мен пат­ри­о­тизм тура­лы мәсе­ле көте­ре алады?

Мен үшін зама­ны­мы­зға сай пат­ри­от­тар­дың үлгісі – менің жарым және бала туып, мем­ле­кет­тің қол­да­уы­мен 15 мың тең­гені қанағат тұтқан елі­міз­де­гі бар­ша әйел­дер қауы­мы дер едім. Қан­дай тауқы­мет басы­на түс­се де, бола­шақ ұрпақты тәр­би­е­леп оты­рған ана­лар – нағыз патриоттар.

Пат­ри­от­тар – 30 мың тең­гелік зей­не­тақы­сын ала салып, ком­му­нал­дық төлем­ді өз уақы­тын­да төле­у­ге асы­ғып, ұлт­тық бюд­жет­тің қаза­нын тол­ты­рып жүр­ген зей­нет­кер­лер. Әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық дағ­да­ры­сқа душар болған, банк неси­е­лерінің қатаң тала­бын орын­да­уға мәж­бүр­лік­пен кіріп­тар болған аза­мат­тар­дың бар­лы­ғы да пат­ри­от! Өйт­кені олар жау­ап­сыз билік­тің өздеріне деген әділет­сізді­гіне қара­ма­стан, осы елді мекен­деп, ота­нын жан-тәні­мен сүйеді.

 

Әсел НҰРҒАЗИЕВА,

құқы­ққорға­у­шы (Аты­рау):

– Пат­ри­от­тар фору­мы өте­ді деген ақпа­рат­ты есті­меп­пін. Билік тара­пы­нан өткізілетін шара­лар алдын ала хабар­ла­нып, жар­на­ма­ла­нып жата­тын еді. Осы жолы 2 мың пат­ри­от­тың басын бір күн­нің ішін­де қалай жинап алған­да­ры­на таң қал­дым. Форум жөнін­де «Фейс­бук» желісін­де­гі жаз­ба­лар­дан білдім.

Әуелі жиын бары­сын­да түсіріл­ген фото­су­рет­тер­де­гі таны­ста­рым­ды көріп, «Пат­ри­от­тар пар­ти­я­сы­ның» съезін­де түс­кен шығар деп ойла­дым. Ғалам­тор­ды ақта­рып оты­рып, «Рател.кз» сай­тын­дағы форум жөнін­де­гі мақа­ла­ны оқып, бір күліп алдым, бірақ арты­нан қат­ты күй­зел­дім. Жастар­дың сана­сын жағым­паз­дық пен табы­ну­шы­лы­ққа, қораға кір­гіз­ген малға ұқса­тып, сана­сын сан­сы­ратқан­ша, ертеңім үшін не істей ала­мын, ел бола­шағы үшін не істе­дім деген бағыт­та тәр­бие жүр­гізілуі керек еді.

Осын­дай жиын керек те шығар, алай­да әле­умет­тік жағ­дай дағ­да­ры­сқа ұшы­рап, қара халық кедей­лік­тің қамы­тын киген шақта ресми билік нешетүр­лі мере­ке, форум, жина­лыс өткіз­гені көрер көз­ге, естір құлаққа ерсі емес пе? Жиын­ды өткізу­ге жұм­салған қар­жы­ны әле­умет­тік әлсіз топ­тың қажетіне жұм­саған­да­ры орын­ды еді.

Егер осы форум алдағы уақыт­та жалға­са­тын бол­са, пат­ри­от ата­уы­ның әртүр­лі номи­на­ци­я­сы­на Қаза­қстан­ның атын шетел­ге таны­тып жүр­ген аза­мат­тар­ды: мәде­ни­ет сала­сы­нан – Тимур Бек­мам­бе­тов, Ермек Тұр­сы­нов, Марат Бисенға­ли­ев, әлем­ге аты әйгілі болған спорт­шы­ла­ры­мыз – Саби­на Алтын­бе­ко­ва мен Зари­на Диа­сты ұсы­нар едім.

Демо­кра­ти­я­лық құн­ды­лы­қтар­дың сақта­луы­на, қазақ елінің бола­шағы­на алаң­дап, «қаза­ғым», «ұлтым» деген аза­мат­тар фору­мға неге шақы­рыл­маған? Мен осы орай­да өз тара­пым­нан «Анти­па­три­от» деген номи­на­ци­я­ны енгі­зу жөнін­де ұсы­ныс жасағым келеді.

 

Аман­дық ДӘУЛЕТБЕКҰЛЫ,

«Анти­геп­тил» қоғамдық

қозға­лы­сы­ның бел­сен­дісі (Аста­на):

– Фору­мға бізді шақы­рған жоқ. Өтетінін емес, өтіп кет­кенін ұзы­нқұлақтан естідік. Пен­де­міз ғой: «Жыл пат­ри­от­та­рын» таң­дап­ты деген­нен кей­ін, түр­мей­міз бе құлақты баяғы! Сүйт­тік те, жау­а­бын «е‑е-е» – деп қоя сал­дық. Бұл жиы­нға қаты­сты айтарға сөз де тап­пай қалдық…

Жал­пы, мәң­гілік ел болу үшін, мәң­гілік жер болу керек қой ең алды­мен? Әйт­пе­се ауа­да қалы­қтап (бәл­кім, шалы­қтап) тұра­тын мәң­гілік (бәл­кім, әңгүдік) ел бол­мақ­шы­мыз ба? Ал енді өткен нәу­бет­тің бәрінің бетін жылы жауып қой­ған­ның өзін­де дәл қазір­гі кез­де осы жер­ді геп­тил­мен улап жатқа­ны­мыз аздай, әлем­нің қауіп­ті атом қоқы­сын да әке­летін боп жатыр­мыз. Мил­ли­он­даған гек­тар жері­міз – Ресей­дің әске­ри поли­го­ны. Сон­да мәң­гілік ел болу деген қиял­дың жел­кесін қиған болып шық­пай­мыз ба?!

Геп­тил демек­ші, «Анти­ге­тил» аза­мат­тық қозға­лы­сы­ның пре­зи­дент­ке, пре­мьер-министр, сенат пен мәжіліс төраға­ла­ры­на көшір­ме­лері жөнел­тіл­ген сан мәр­те хат­та­рын­дағы үкі­мет жаны­нан осы геп­тил­дің зия­нын ғылы­ми түр­де зерт­те­умен айна­лы­са­тын жар­ты­лай үкі­мет­тік, жар­ты­лай қоғам­дық комис­сия құру тура­лы ұсы­ны­сын қабыл­да­мақ түгілі, хат­тар­дың бір­де-біре­уіне күні бүгін­ге дей­ін жау­ап жаз­бай отыр. Бұл құлы­қ­сыздық сон­да нені біл­діреді? Бұл елдің мәң­гілік болуы­на қан­ша­лы­қты мүд­делі-мүд­десіз екен­ді­гін осы­дан-ақ көру­ге бол­май ма?!

Аллаға шүкір, қаза­қта елсүй­ер ерлер әлі құрып біт­кен жоқ! Өз басым Аста­на­да тұра­тын Білә­лов Болат­бек пен Мақ­сат Нұры­п­бай­дың, Қоста­най­дан Төлен Рама­за­нұ­лы деген ағам­ның, Пав­ло­дар­да Руза Бей­сен­бай­те­гі деген апай­ым­ның ерлік­теріне дән риза­мын. Солар­ды «Пат­ри­от­тар» деп санай­мын. Жал­пы, олар­дың қата­ры көп! Өте көп! Масқа­ра шоуға, бір қуан­тар­лы­ғы, ешқай­сысы шақы­рыл­мап­ты. Шыным­ды айт­сам, оның қан­дай фор­мат­та өткенін де біл­мей­ді екем. Менің ойым­ша, әйте­уір атын «форум» деп қой­ған­нан кей­ін, Ком­пар­ти­я­ның съезі сияқты емес, шынайы форум бол­ды­ру керек қой. Шынайы пат­ри­от­тар кел­ген бол­са, кей­бір жеке тұлға­лар­ды мақтау мен мадақта­уға уақыт зая кетір­мей-ақ, кез­де­су­де пре­зи­дент­ке әр сала­дағы тіке­лей көкей­те­сті сұрақта­рын қой­ып, ұсы­ны­ста­рын айтып, мәсе­ле талқы­лап деген­дей, қызу өтер еді ғой?

 

Таза­бек САМБЕТБАЙ,

ЖСДП Жастар қана­ты­ның жетекшісі:

– Жақын­да өткен Пат­ри­от­тар фору­мы жай­лы құлағы­мыз шалып қал­ды. Бақы­ла­сақ, екі мың адам­ның басын қосып, аты дар­дай шара өтіп­ті-міс. Алай­да аталған жиын, өкініш­ке орай, кезек­ті фор­маль­ды, көз­бо­я­у­шы жиын болып қала бер­ді. Қын­жы­л­тқа­ны – пат­ри­от­тық, елсүй­гі­штік және ұлт­жан­ды­лық тек­тес ұлы ұғым­дар жеңіл де сапа­сыз іс-шара­лар негізін­де қадірі кеми түседі. Билік­тің ісмер­лері асы­ғыс түр­де әйте­уір бір жина­лыс өткі­зуді мақ­сат еткен сияқты. Шикілік­тері көз­ге ұрып тұр. Пат­ри­от­тар дегені­міз, менің ұғы­мым­да – халқын шын сүй­ген, ұлтын сый­лаған, тілін құр­мет­те­ген, қадір­ле­ген азамат.

Бұры­нғы сту­дент­тер қоғам­да болып жатқан әрбір келеңсіз жайт­тарға бей-жай қара­май, қоғам­ның бел­ді бір мүше­лері ретін­де қабыл­да­на­тын еді. Жел­тоқ­сан­ның ызға­ры­на да төтеп бер­ген сол сту­дент-жастар емес пе еді?! Мен білетін, қоғам мой­ын­даған шын пат­ри­от­тар ол форум­нан шет қалға­нын көзі­міз көр­ді. Қал­та­сы қам­пай­ған биз­не­смен­дер мара­пат­та­лып жат­ты. Бұл жиы­нға шынайы елсүй­гі­ш­тер бар­ды ма? Жел­тоқ­сан­шыл­дар қай­да, әске­ри­лер қай­да, тіл жана­шыр­ла­ры қай­да? Осы­лар форум­да болған­да, мен онда да өз басым бола­шаққа нық сенім­мен қарай­тын едім.

 

Ғаби­ден ЖАКЕЙ,

ұлт пат­ри­о­ты:

– Бұл форум­ның өткені тура­лы теле­ар­на­дан көр­дім. Әдет­те осын­дай үлкен жиын­ның ұйым­да­сты­ры­ла­ты­нын алдын ала хабар­лап, жар­на­ма­лай­тын еді. Ел-жұрт білетін, қоға­мға таны­лған «Ұлт пат­ри­от­та­ры­ның» Ұлт­тық кеңесі мен «Ұлы дала» ұйы­мы­нан ешкім шақы­ры­лған жоқ. Фору­мға қаты­сқан 2 мың адам­ның іші­нен екі-үш адам­ды ғана таны­дым: мәжіліс депу­та­ты – Бақыт­бек Смағұл, бел­гілі ақын –Марал­тай мен Кеңе­стер Одағы­ның баты­ры Нико­лай Кремениш.

Менің ойым­ша, осы форум нағыз пат­ри­от­тар мен жалған пат­ри­о­тар­дың кім екенін әшке­ре­ле­ген сияқты. Себебі «елім», «қаза­ғым», «халқым» деп жүр­ген аза­мат­тар­дың бірі де осы жиы­нға шақы­рыл­мап­ты. Ең масқа­ра­сы – форум­да каз­ак­тар­дың әске­ри киі­мі­мен жүр­ген­дер­дер­ді пат­ри­от ретін­де шақы­рған ба? Жүз жыл бұры­нғы Ресей импе­ри­я­сын көк­се­ген­дер тай­раң­дап жүр­ген жиын­нан қан­дай үміт күтеміз?

Маған бұл форум қазақ қоға­мын жік­ке бөл­ген­дей әсер қал­дыр­ды. Мем­ле­кет­тің иесі – қазақ ұлты­ның намысын өзге­лер­ге тап­та­тып, басқа­лар­ды дәріп­теу сияқты. Елге таны­мал Мұх­тар Шаха­нов аға­мыз бастаған аға буын, оның ізін басып келе жатқан ұлт пат­ри­от­та­ры­ның орта буын өкіл­дері, бел­сен­ді жастар осын­дай форум­ның фор­ма­тын толы­қты­руы керек еді. Тіп­ті форум деле­гат­та­ры­ның тең жар­ты­сы – мың адам Алма­ты қала­сы­нан қаты­суы керек еді. Өйт­кені Алма­ты – руха­ни аста­на, әде­би, мәде­ни, шығар­ма­шы­лық одақтың өкіл­дері мен демо­кра­ти­я­лық күш­тер­дің бел­сен­ді өкіл­дері тоғы­сқан орта­лық. Керісін­ше, Ассам­блея құра­мын­дағы түр­лі ұлыс өкіл­дері шақы­ры­лған форум жыл­ты­рақ, сырт көз­ге жар­на­ма­лық сипа­ты­мен ғана ерекше­лен­ген әдет­те­гі бір мәде­ни шара түрін­де өтті.

Күз айы баста­лы­сы­мен-ақ «Адам» жур­на­лын, «Жас Алаш» газетін, т.б. басы­лым­дар­ды сотқа сүй­реп, қуғы­нға түсіру­де. «Зона. Кз», «Нака­нуне», «Рател» интер­нет-пор­тал­да­ры бел­гісіз себеп­тер­мен бұға­у­ла­ну­да. Демек, алды­мы­зда сая­си сай­лау сияқты әлдебір науқан күтіп тұрға­нын аңғар­та­ды. Билік, бір жағы­нан, дүріл­детіп, жыл­ты­рақ жиын өткізіп жат­са, екін­ші жағы­нан, тәу­ел­сіз ойдың ошақта­рын ойран етіп, жан­та­ла­сып жатыр. Пат­ри­от­тар жиы­нын қоғам­дағы бір құбы­лыс деп, өзгеріс­ке ұмты­лыс деп қабыл­даған ешкім­ді бай­қа­ма­дым. Нағыз пат­ри­от­тар­дың орнын жалған бел­сен­ділер­мен тол­ты­рға­ны өкінішті.

 

Ғалым АҒЕЛЕУОВ,

бло­гер (Алма­ты):

– Пат­ри­от ата­ну жау­ап­ты­лық жүк­тей­ді. Елі­міз­де өтіп жатқан сая­си шара­лар­дың ешқай­сысы­ның да пат­ри­от­тық тақы­ры­пқа қаты­сы жоқ. Тек қана бір жағ­дай­ды атап өту­ге бола­тын шығар: Алма­ты іргесін­де­гі Қарға­лы ауы­лын­дағы сел апа­ты­ның сал­да­ры­мен күре­су­ге өз ерік­тері­мен барып, қол ұшын созып, аза­мат­тық таны­тқан­дар­ды пат­ри­о­тиз­мнің үлгісі деп санай­мын. Ал ұран­да­тып, жар салып, пат­ри­от деп атау – жасан­ды жар­на­ма­ның бір түрі. Бүгін­гі пат­ри­о­тизм – әділ сай­лау өткі­зудің алғы шар­тта­рын орын­дау, одан кей­ін отан­дық биз­не­сті дамы­ту үшін қар­жы­сын салу­дан қоры­қ­пау, төмен­нен жоға­ры­ға дей­ін бар мәсе­лені пара беру­мен шешетін қалып­тасқан жүй­ені түп-тамы­ры­мен жою үшін күрес.

Ал мұн­дай форум­ды өткі­зу үшін, ең алды­мен өрке­ни­ет­ті үрдістер­ді қалып­та­сты­ру­шы маман­дар­дың ұсы­ны­ста­ры жан-жақты талқы­ла­нып, бір ізге түсуі тиіс еді. Маман­дар жоға­ры мәде­ни­ет­тің үлгісі бола­тын, өз ұста­ны­мы­на берік аза­мат­тар қата­ры­нан ірік­те­луі керек бола­тын. Кез кел­ген сала бой­ын­ша зерт­теу жаса­лып, рес­пуб­ли­ка­ның бар­лық аймағы­нан фору­мға қаты­суға лай­ық аза­мат­тар­ды таң­дау жаса­луы керек еді.

Ондай атты күн туса, авто­ри­тар­лық билік­тің басы­нан бақай­шағы­на дей­ін батқан сыбай­ласқан жемқор­лы­ғы­на халық куә болар еді. Алай­да мұн­дай тәсіл­дің ауы­лы әлі алыс. Сон­ды­қтан осын­дай фору­мға тек қана билік­ті жаға­лаған топ қаты­са­ды. Көп­ке топы­рақ шашуға бол­мас, бірақ басым бөлі­гі билік­тің ығын­да жүретін­дер екеніне күмәніңіз болмасын.

Пат­ри­о­тизм – билік­тің кедер­гілері­нен аттап өтіп, аза­мат­тық ұста­ны­мын мой­ын­да­тып, мем­ле­кет­тің, ұлт­тың бола­шағы­на қыз­мет ету. Бірақ бүгін­гі билік­тің халы­ққа бетін бұруға қабілеті жет­пей тұр, сон­ды­қтан «пат­ри­от­тық» деген түсінік­ті өз қал­пы­на салып, «бөліп алып» билеуде.

 

Сау­ал­на­ма-сұх­бат­ты жүргізген –

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн