Суббота , 5 июля 2025

АСТАНАДА «АНТИГЕПТИЛ» БЕЛСЕНДІЛЕРІ ҚАМАЛДЫ

Қуғын-сүр­гін

 

Қара­ша­ның 9‑ында Аста­на­дағы «Анти­геп­тил» бел­сен­дісі Болат­бек Білә­лов үш күн­ге қамалған бола­тын. Редак­ци­я­мы­зға әле­умет­тік желілер­де «әле­умет­тік араз­дық қоз­ды­ра­тын» бел­гілері бар ақпа­рат таратқан деген күдік­пен қозғалған іс Қыл­мыстық кодекстің 174-бабы­ның 1‑тармағынан 2 тар­маққа ауы­сты­ры­лып, сотқа дей­ін екі ай мерзім­ге қамалға­ны  жөнін­де ақпа­рат келіп түсті.

 

Қыл­мыстық кодек­с­те­гі осы бап­тың қаза­қ­ша­сы былай деп жазы­лған екен: «Адам­дар тобы, алдын ала сөз бай­ла­су арқы­лы адам­дар тобы жасаған неме­се бiр­не­ше рет жасалған неме­се күш қол­да­ну­мен не оны қол­да­ну қатерін төн­діру­мен ұласқан, сол сияқты адам өзiнiң қыз­мет бабын пай­да­ла­на оты­рып не қоғам­дық бiр­ле­стiк лидері жасаған дәл сол әре­кет­тер – бел­гiлi бiр лау­а­зым­дар­ды атқа­ру неме­се бел­гiлi бiр қыз­мет­пен айна­лы­су құқы­ғы­нан үш жылға дей­iн­гi мерзiм­ге айы­ра оты­рып неме­се онсыз, бес жыл­дан он жылға дей­iн­гi мерзiм­ге бас бостан­ды­ғы­нан айы­руға жазаланады».

Осы­дан түсін­гені­міз – Білә­ло­вты үкі­мет­тік емес ұйым­ның жетек­шісі (лидер) ретін­де жау­а­пқа тар­ту көзделген.

Білә­лов қамалған күн­нің ертеңін­де «Анти­геп­тил» қозға­лы­сы­ның тағы бір бел­сен­дісі Мақ­сат Іли­ясұ­лы өзін поли­ция ұстап әкет­кені тура­лы әле­умет­тік желі­де хабар таратты.

«Пре­зи­дент­ке, пре­мьер-мини­стр­ге, мем­ле­кет­тік хат­шы­ға арнайы хат жазып, бір­лес­кен комис­сия құру­ды, бір­ле­се оты­рып, халы­қ­пен билік­тің ара­сын жақын­да­сты­ру үшін ұсы­ныс жасап, баста­ма көтеріп жүр­ген Болат­бек Білә­лов пен маған қаты­сты қыл­мыстық істің қозға­луы – билік­тің бер­ген жау­а­бы. Бірақ біз өз қыз­меті­мізді, ел-жұрт­тың мұңын айтып, құқы­ғын қорға­уды тоқтат­пай­мыз», – деп жазып­ты Мақ­сат Іли­ясұ­лы әле­умет­тік желі­де­гі парақшасында.

Мақ­сат Іли­ясұлы­на Қыл­мыстық кодекстің 195-бабы 4‑тармағы бой­ын­ша «Алдау неме­се сенiм­ді теріс пай­да­ла­ну жолы­мен мүлiк­тiк залал кел­тiр­ді» деп, іс қозғалған. Біз  өзі­мен хабар­ла­са алма­дық, теле­фо­ны жау­ап бер­меді. Газеті­міздің келесі санын­да қоғам бел­сен­ділеріне қаты­сты толық ақпа­рат беру­ге тырысамыз.

Б.МӘКІМБАЙ

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн