Суббота , 5 июля 2025

АСТАНАДА БАЛАСЫ ҮШІН АНАСЫ ӨЗІН-ӨЗІ ӨРТЕДІ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №45 (362) от 08 декаб­ря 2016 г.

 

Апта апты­ғы

 

Даб­ыл!

 


 

 

Аста­на­да жел­тоқ­сан­ның 6‑сында ҚР Бас про­ку­ра­ту­ра ғима­ра­ты­ның бақы­лау-өткі­зу пунк­тіне кел­ген төрт әйел­дің бірі сыр­тқы киім­дерін шешіп, үстіне жанар­май құй­ып, өзін-өзі өртеген.

 

Осы­ған бай­ла­ны­сты ҚР Бас про­ку­ра­ту­ра­сы­ның бас­пасөз қыз­меті былай деп түсінік береді: «Бақы­лау-өткі­зу пунк­тін­де­гі қыз­мет­кер­лер жедел түр­де өрт­ті сөн­ді­ру шара­ла­рын жасаған. Әйел­дің іс-қимы­лы күт­пе­ген жер­ден орын алған, өрте­ну­ге дей­ін одан ешқан­дай қауіп­ті бел­гілер бай­қал­маған. Өртен­ген аза­мат­шаға алға­шқы меди­ци­на­лық көмек көр­сетіліп, жедел жәр­дем шақы­ры­лған. Өзін-өзі өрте­ген әйел­дің 1968 жылы туған М.Е.Рысманова екені аны­қтал­ды. Өзін-өзі өрте­уіне 1988 жылы туған ұлы Е.Н.Ахметовтің сот­та­луы­на бай­ла­ны­сты сот үкі­мі­мен келіс­пе­ушілі­гі себеп болған. Е.Н.Ахметовтің ана­сы Бас про­ку­ра­ту­раға бұл тура­лы 2016 жылы қара­ша­ның 26-күні өтініш-хат жазған екен.

Ресми мәлі­мет­тер бой­ын­ша, М.Е.Рысманованың ұлы Е.Н.Ахметов Шу аудан­дық соты­ның шеші­мі­мен 296-бап­тың 4‑тармағы бой­ын­ша (аса ірі көлем­де­гі есірт­кі – 3,5 грамм геро­ин, 285 грамм гашишті дай­ын­дап, сақтап, тасы­мал­даға­ны үшін) 4 жыл 6 айға бас бостан­ды­ғын қатаң режим­де­гі түзеу коло­ни­я­сын­да өте­у­ге үкім шыға­ры­лған. Е.Н.Ахметов 2015 жылы 20 тамыз күні Жам­был облы­стық соты­на үкім­мен келіс­пей­тіні тура­лы шағым түсір­ген, алай­да ол қанағат­тан­ды­рыл­маған күй­де кері қайтарылған.

Жел­тоқ­сан­ның 7‑сі күні ҚР бас про­ку­ро­ры Жақып Аса­нов осы оқиғаға қаты­сты түсінік­те­ме бер­ді: «Бұл сұм­дық жайт, қазір соны­мен айна­лы­сып жатыр­мын. Мұның бәрі тек­тен-тек емес. Адам­дар сөзіне ешкім құлақ аспаған­да, осын­дай қада­мға бара­ды. Қазір оның тезірек сауы­ғып кетуін күтіп отыр­мыз. Қажет бол­са, көмек көр­се­те­міз. Бұл мәсе­ле­мен өзім айна­лы­са­мын, бірақ алдын ала оған қаты­сты заң­сыз шешім қабыл­дан­ды дей алмай­мын. Қалай болған­да да, сот үкі­мі шыға­рыл­ды. Біз бәрін мұқи­ят қарас­ты­ра­мыз», – деді.

Аса­но­втың сөзіне қараған­да, қазір­гі уақыт­та про­ку­ра­ту­ра «арыз-шағым­ның астын­да қал­ды», сол себеп­ті «адам­дар мем­ле­кет қол­да­уын сезі­ну үшін орас­ан зор жүй­елік өзгерістер» қажет көрінеді.

Жоғарғы билік­те­гі лау­а­зым­ды шене­унік сая­си жүй­е­ге өзгеріс қажет десе, шыны­мен де, билік­ке бір тықыр­дың таяға­ны анық.

«D»


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн