Воскресенье , 6 июля 2025

Астанада Сирия соғысының ТАҒДЫРЫ ШЕШІЛМЕДІ немесе Нобель сыйлығын алуға жасалған кезекті қадам

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №3 (367) от 26 янва­ря 2017 г.

 

Сым­был­сыз саясат

 


 

Аста­на­да екі күн қата­ры­нан өткен Сири­ядағы аху­ал­ды рет­теу жөнін­де­гі келіс­сөз­дер­дің қоры­тындысы бой­ын­ша Сири­я­ның қазір­гі биле­ушісі Башар Асад­тың жақ­та­ста­ры мен оппо­зи­ция өкіл­дері және қару­лы оппо­зи­ция деле­га­ци­я­сы бір келісім­ге келе алма­ды. Ал келіс­сөз­дер­дің баста­ма­шы­сы болған Түр­кия, Иран және Ресей деле­га­ци­я­сы қоры­тын­ды қарар қабыл­да­ды. Қабыл­данған қарар БАҚ өкіл­деріне таны­сты­рыл­ды. Оған Асад жақ­та­ста­ры да, олар­дың негіз­гі оппо­нент­тері де қаты­спа­ды. Біз жабық есік­тің арғы бетін­де­гі тарап­тар­дың тар­ты­сы қызу болға­нын кей­ін білдік.

 

Екі күн­дік талқы кезін­де тарап­тар ара­сын­да жан­жал да бол­ды, оппо­зи­ция өкіл­дері мен Асад жақ­та­ста­ры ара­сын­да көп­те­ген келіс­пе­ушілік­тер орын алды. Жабық есік­тің арғы бетін­де не мәсе­ле­лер талқы­лан­ды, тарап­тар қан­дай уәж кел­тір­ді – ол тура­лы ресми ақпа­рат тара­тыл­маға­ны­мен, біз деле­га­ция өкіл­дерін «дәрет­ха­на­да ұстап алып», сұрап білдік.

Сөй­тіп, қабыл­данған қарар бой­ын­ша, ДАИШ-пен соғыс жалға­са­тын болып­ты. Енді­гі жер­де Түр­кия, Ресей және Иран тара­бы лаң­кест­ік топ­пен бір­лесіп күрес жүр­гіз­бек. Бұл жол­да Сирия оппо­зи­ци­я­сын тер­рор­шы деп тани­тын Ресей тара­бы қару­лы оппо­зи­ци­я­ны ДАИШ жақ­та­ста­ры деп есеп­те­мей­тінін мәлім­деді. Сон­да бұрын қалай болған?

Осы тұста еске­ре кетер жәйт – өткен жылы Мәс­ке­уде­гі үш жақты кез­де­су­де Аста­на про­цесіне баста­ма көтеріп, Сири­ядағы соғы­сты тоқта­ту­ды қол­дай­ты­нын ашық айтқан РФ пре­зи­ден­ті Вла­ди­мир Путин еді.

Аста­на про­цесі баста­лар­дан бір­не­ше күн бұрын Ресей­дің «Россия‑1» арна­сын­дағы Вла­ди­мир Соло­вьев­тың «Поеди­нок» бағ­дар­ла­ма­сын­да шығы­ста­ну­шы, РФ арми­я­сы­ның пол­ков­ни­гі Семен Баг­да­са­ров пен оның жақ­та­ста­ры «Әзір­ге соғыс жүріп жатқан­да, сіз бен біздің жұмысы­мыз бар деген сөз. Аме­ри­кан­дық «палач­тар­дан» қай жері­міз кем?» деген еді.

Бүкіл дүние жүзі Батыс санк­ци­я­сы­ның төпе­ле­уін­де қалған РФ эко­но­ми­ка­сы әске­ри тех­ни­ка сауда­сы­мен ғана өзек жалғап оты­рға­ны­нан хабар­дар. Біз бұны Путин­нің сая­си рито­ри­ка­сы деп түсін­дік. Сири­ядағы соғы­сқа демеу болып, Асад әскеріне көмек көр­сетіп оты­рған да дәл осы Ресей екені тағы рас.

Ал тағы бір ресей­лік сая­сат­кер Евге­ний Сата­нов­ский Сирия мәсе­лесін «Жене­ва­да талқы­лау тиім­сіз, себебі онда Башар Асад жүй­есіне қар­сы­лық әм сая­си талап­тар қозға­ла­ды. Еуро­па бас­шы­ла­ры Башар Асад­ты авто­ри­тар биле­уші деп тани­ды. Ал Аста­на­да әуел­гі кезек­те қан­ды қақты­ғы­стар­ды толық неме­се уақыт­ша тоқта­ту және Сирия халқы­на гума­ни­тар­лық көмек жет­кі­зу мәсе­ле­лері қозға­ла­ды» деп болжам жасаған болатын.

Сири­я­лық «Джейш әль-Ислам» оппо­зи­ци­я­лық ұйы­мы­ның жетек­шісі Мұхам­мед Аллуш (сурет­те) Аста­на­дағы келіс­сөз­дер оң нәти­же бер­ме­се, Дамаск үшін соғы­сты жалға­сты­ра­ты­нын айтты.

«Біз Сири­ядағы қан­ды қырғын­ды, соғы­сты тоқта­ту мақ­са­тын­да келіп отыр­мыз, – деді Мухам­мед Аллуш. – Сирия халқын, оның бей­біт тұрғын­да­рын тер­рор­дан әм басқын­шы­лы­қтан қорғау үшін бар­лы­ғы­на дай­ын­быз. Шынын­да, билік­ті қан­тө­гіс арқы­лы басып алып, сол тақта өмірінің соңы­на дей­ін оты­ру­ды көз­де­ген жан­дар бар. Оған жол жоқ. Біз бүгін Аста­наға Сири­ядағы тұтқын­далған әйел­дер мен бала­лар­ды боса­ту үшін кел­дік. Біз – Сири­я­ның оппо­зи­ци­я­лық тобы, кез кел­ген тәу­е­кел­ге сақа­дай сай­мыз. Деген­мен, қазір­гі пре­зи­дент Башар Асад­тың авто­ри­тар­лық режи­мін қол­да­май­мыз. Біз Кон­сти­ту­ци­я­лы мем­ле­кет бола­мыз. Аста­на Сири­ядағы соғы­сты тоқта­ту­ды көз­дей­ді. Соғы­стың тоқтаға­нын біз де қалай­мыз. Алай­да біздің оппо­нент­тері­міз талап­та­ры­мы­зды ескер­ме­се, Аста­на келіс­сөз­дері оң нәти­же бер­мей­ді. Бұн­дай жағ­дай­да біз соғысамыз».

Аллу­штың айтқа­нын қол­дай­тын тарап­тар бар. Мәсе­лен: «Біз көпір­ме көп сөз­ден гөрі, нақты іске көшуі­міз керек. Расын­да, соғыс кім­ге керек дей­сіз? Біздің қолы­мы­зда соғы­сты тоқта­туға арналған өзі­міздің жеке жос­пар-жоба­мыз бар. Түр­кия мен Ресей талап­та­ры өздеріне ғана тиім­ді. Біз бұған келіс­пей­міз. Сири­я­ны азат ету үшін тәу­е­кел­ге дай­ын­быз! Сирия халқы­ның тағ­ды­ры екі күн­мен шеші­ле сал­май­ды. Қарас­ты­ра­тын мәсе­ле­лер көп. Ресми құжат дай­ын емес», – дей­ді Сири­я­ның қару­лы күштік құры­лы­мы­ның өкілі, оппо­зи­ция мүше­сі Уса­ма Абу Зейд (сурет­те).

Ал оппо­зи­ци­яға қар­сы тарап – Башар Асад­тың өкіл­дері не дей­ді? «Біз Аста­наға база­рда сауда жасау үшін кел­медік. Нақты шешім­дер қабыл­дан­ды. Әрине, мұн­да шетел­дік мүд­де­ге жұмыс жасап оты­рған, тіп­ті тер­ро­ри­стік оқиға­ларға қаты­сқан өз елі­міздің адам­да­ры­мен бір үстел­де, бір бөл­ме­де оты­ру біз үшін ауыр тиді. Олар Иран­ның Аста­на­дағы келіс­сөз­дер­ге қаты­суы­на нара­зы­лық таныт­ты. Біздің деле­га­ци­я­ның Аста­наға келуіне қар­сы болған – Түр­кия еді, – деді Сирия ресми өкі­метінің мүше­сі Джа­фар әл-Баша­ри (сурет­те – сол жақта).

Айта кетей­ік, Аста­на­дағы жиы­нға Халы­қа­ра­лық бақы­ла­у­шы болып БҰҰ Қауіп­сіздік кеңесінің Сирия мәсе­ле­лері жөнін­де­гі өкілі Стеф­фан де Мисту­ри арнайы қаты­сты. Де Мисту­ри мыр­за келіс­сөз­дер болар алдын­да қаты­су­шы тарап­тар­мен жеке-жеке кез­дескен бола­тын. Тіп­ті пре­зи­дент Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың қабыл­да­уын­да болып, Аста­на про­цесін оң нәти­же­мен аяқта­уға барын сала­ты­нын айтқан еді.

Сири­ядағы аху­ал­ды рет­те­у­ге бағыт­талған негіз­гі алаң – Жене­ва еді. Бұл Түр­кия, Ресей және Иран тарап­та­ры­ның баста­ма­сы­мен өткен Асад жақ­та­ста­ры мен оппо­зи­ция өкіл­дерінің келіс­сөз­дері бол­ды. Сирия мәсе­лесін бет­пе-бет талқы­ла­у­ға Жене­ва тиім­сіз орта деп баға беріл­ді. Себебі Жене­ва – Еуро­па жері. ЕО елдері Сири­я­ның қазір­гі биле­ушісі Башар Асад­ты авто­ри­тар­лық режим­ді ұста­ну­шы деп тани­ды. Жене­ва­дағы кез­де­су­де негізі­нен – Башар Асад билі­гін қол­дау я қол­да­мау алды­ңғы шеп­те талқы­ла­на­тын­ды­қтан, Ресей үшін Аста­на – ең тиім­ді «алаң». Оның үстіне Түр­кия – Қаза­қстан сияқты мұсыл­ман мем­ле­кеті. Ал Ресей сол­түстік­те жатыр. Қаза­қстан Кас­пий арқы­лы Иран­мен де шека­ра­ла­са­тын­ды­қтан, үш жақ келіс­сөз­дер­ді өткі­зу тура­лы ұсы­ны­сты Қаза­қстан пре­зи­ден­тіне айтқан. Сая­си аре­на­да бітім­гер­лік мис­си­я­сы­мен таны­лып жүр­ген Н. Назар­ба­ев бұған жоқ демеген.

Бұл екі ара­да Қаза­қстан­ның Сири­ядағы жағ­дай­ды рет­те­у­ге 700 мың дол­лар және 500 тон­на азық-түлік және гума­ни­тар­лық көмек бөл­гені бел­гілі бол­ды. Бұның сыр­тын­да Аста­на келіс­сөз­дерін өткізу­ге жұм­салған қыру­ар қар­жы тағы бар. 300-ден астам шетел­дік БАҚ өкіл­дерін және шетел­дік деле­га­ци­я­ны күтіп алуға қан­ша қар­жы жұм­салға­ны әзір­ге белгісіз…

Деген­мен, Аста­наға аттай қалап алдыр­тқан Сирия қару­лы оппо­зи­ци­я­сы Аста­на қара­ры­на қол қой­ма­ды. «Біз қол қой­ма­дық. Кепіл­дік жасап оты­рған үш тарап қарар қабыл­да­ды», – деді деле­га­ция мүше­сі Яхия әл-Ариди.

Сөй­тіп, ала­ша­пқын болған кез­де­су оң нәти­же­сін бер­меді. Қаза­қстан­ның Сыр­тқы істер мини­стрі Қай­рат Әбдірах­ма­нов мыр­за Аста­на диа­ло­гын ашу бары­сын­да Н.Назарбаевтың ресми мәлім­де­месін оқып бер­ген бола­тын. Онда жоға­ры­дағы фак­тілер көрсетілген.

Сөз соңын­да: Қаза­қстан пре­зи­ден­ты бүкіләлем­дік Нобель сый­лы­ғы­на бір­не­ше мәр­те ұсы­нға­ны бел­гілі. Аста­на келіс­сөз­дері төңіре­гін­де сөз қозғаған ресей­лік сая­си шолу­шы Арка­дий Дуб­нов (http://obozrevatel.com/blogs/71280-nazarbaev-poshel-na-sblizhenie-s-zapadom.htm) дәл осы бітім­гер­лік мис­си­я­сы үшін Қаза­қстан пре­зи­ден­ті тағы бір мәр­те Нобель сый­лы­ғы­на ұсы­ны­луы мүм­кін деп жазады.

 

 


 

Сарап­шы не дейді?

 

Ерлан ҚАРИН:

Тарап­тар­ды тоқай­ла­сты­ру – БҰЛ ДА ЖАҚСЫ НӘТИЖЕ

 

Алты жыл­да ауы­з­бір­шілік­ке келе алмаған Сирия соғы­сы мәсе­лесін талқы­лаған «Аста­на про­цесі» не бер­ді? Осы сұрақ төңіре­гін­де Қаза­қстан­дағы Стра­те­ги­я­лық зерт­теу инсти­ту­ты­ның дирек­то­ры Ерлан Қарин не дейді?

 

– Әуелі Аста­на про­цесі тура­лы айтай­ы­қ­шы. Екі күн қата­ры­нан келіс­сөз­дер жүр­гіз­ген тарап­тар шыға бере бір-біріне дүр­се қоя бер­ді. Бір­лі-жарым келісім­дер болға­ны­мен, негіз­гі мис­сия орын­дал­ма­ды. Сіз­ше осы жиын­ның негіз­гі нәти­же­сі қандай?

– Мен нәти­желі бол­ды неме­се бол­ма­ды деп айта алмай­мын. Себебі әу бастан Аста­на­дағы про­це­стер­де бар­лы­ғы жина­лып келіп, Сири­ядағы жан­жал­ды тоқта­ту­дың жолын бір­ден таба­ды, соғы­сты тоқта­та сала­ды деген болжам бол­ма­ды. Аста­на­дағы келіс­сөз­дер бұл Жене­ва­даға келісс­сөз­дер­дің алдын­дағы маңы­зды рөл атқа­ра­тын жиын ретін­де қарас­ты­рыл­ды. 5–6 жыл­да Сири­я­ның оппо­зи­ци­я­лық қару­лы топ­та­ры­ның өкіл­дері мен Сирия үкі­меті өкіл­дері алғаш рет бір үстел­дің басы­на жиыл­ды. Бұның өзі нәти­же. Егер алға­шқы жиын­да-ақ тарап­тар ымы­раға келеді десек, асы­ра айтқан­дық болар еді.

Бірақ кеше­гі қабыл­данған бірқа­тар құжат­тар болған кез­де­судің нәти­желі болға­нын көр­се­те­ді. Себебі мұн­да кез­де­су­лер­дің аяғы­на дей­ін жет­пей үзіліп қалуы неме­се тарап­тар­дың бірі кез­де­су залын тастап кетуі секіл­ді жайт­тар орын алма­ды. Бұның ықти­мал­ды­лы­ғы жоға­ры еді. Көріп оты­рға­ны­ңы­здай, қаты­су­шы тарап­тар аяғы­на дей­ін отыр­ды. Түр­кия, Ресей және Иран – үш жақты ортақ мәлім­де­ме жасал­ды. Осы үше­уі Сири­ядағы бей­та­рап аймақтар­да оқ атпа­уды бақы­лай­тын меха­низм жасай­тын бол­ды. Сон­ды­қтан Аста­на кез­де­суі сәт­сіз деп айта алмай­мын. Әрине, толық шешім шық­па­ды. Ең басты­сы, Аста­на­дағы кез­де­су­лер жал­пы Сири­ядағы про­цес­стер­ге, онда тұрақты­лы­қты орна­туға жаңа сер­пін бер­гені сөз­сіз. Бұл алдағы уақыт­та Жене­ва­да өтетін кез­де­су­лер­дің нақты күн тәр­тібін айқын­да­уға мүм­кін­дік берді.

 

– Деген­мен, кеше Сири­я­ның оппо­зи­ци­я­лық қару­лы тобы­ның жетек­шісі Мұхам­мед Аллуш мыр­за келіс­сөз­дер оң нәти­же бер­ме­се, соғы­сты жалға­сты­ра беретінін, ал тағы бір оппо­зи­ция өкілі Яхия әл-Ари­ди келісім­ге қол қой­маға­нын айтты.

– Мұн­дай пікір­лер Сири­ядағы қалып­тасқан әске­ри жағ­дай­ларға бай­ла­ны­сты бол­ды. Әрине, күні кеше ғана қару асы­нып жүр­ген тарап­тар­дың өкіл­дері есік­тен шыға сала, «біздің көңілі­міз тол­ды, келістік» дей сал­май­ды. Келіс­сөз­дер аяқталған жоқ. 6 ақпан­да Жене­ва­да кең фор­мат­та үлкен кез­де­су бола­ды. Бұл бей­біт келіс­сөз­дер­дің басы ғана. Келесі келіс­сөз­дер­ге ұтым­ты пози­ция жасау үшін, ықпал ету үшін, осы тек­тес пікір­лер айты­ла­ды. Аны­ғы­рақ айт­сақ, екін­ші жаққа қысым жасау үшін, бұн­дай мәлім­де­ме­лер жаса­луы заң­ды­лық. Егер келіс­пе­ген бол­са, келіс­сөз­дер залын тастап кетер еді. Бірақ бар­лы­ғы соңы­на дей­ін қаты­сты, шыққан соң әрқай­сысы әртүр­лі пікір айт­ты. Себебі олар сая­си қар­сы­ла­стар емес. Бұлар қару­лы, әске­ри қар­сы­ла­стар. Бұлар 5–6 жыл бойы бір-бірі­мен соғы­сып жүр­ген аза­мат­тар. Кеше­гі кел­ген 15 сири­я­лық оппо­зи­ци­я­лық қару­лы топ бол­ды. Әрбір топ­та ең аз деген­де 1200–4000-ға дей­ін, ең үлкен деген­дерін­де 40 мыңға дей­ін әскер бар. Былай­ша айтқан­да – содырлар.

 

– Сири­я­ның билік өкілі Джа­фар әл-Баша­ри Аста­наға кел­ген оппо­зи­ция өкіл­дерінің қата­рын­да тер­ро­ри­стер де болға­нын атап өтті. Расын­да, тер­ро­ри­стер­дің өкілін елге шақыр­ту – үлкен тәу­е­кел емес пе? Бұл қауіп­ті про­цесс қой…

– Мұны Сирия үкі­метінің өкілі айтып отыр. Әрине, ол Сири­я­ның оппо­зи­ци­я­лық топ­та­рын мой­ын­дағы­сы кел­мей­ді. Бұл енді Сири­я­ның ішкі қара­ма-қай­шы­лы­қта­ры. Оны тәп­ті­ш­теп айтып жату­дың қажеті шама­лы. Сон­ды­қтан тер­ро­ри­стік ұйым­дар деп атай­ды. Бірақ бұл кез­де­су­ге қаты­сып оты­рған топ­тар­ды халы­қа­ра­лық ұйым­дар, БҰҰ «сири­я­лық оппо­зи­ци­я­лық топ» деп мой­ын­дай­ды. Егер де ол жер­де «Джеб­хат ән-Нус­ра» секіл­ді ұйым­дар­дың өкіл­дері бол­са, әрине, онда әңгі­ме басқа. Екін­ші­ден, сири­я­лық оппо­зи­ци­я­лық күш­тер біры­ңғай ұйым емес.

Бұл әртүр­лі сая­си плат­фор­ма­дағы, сая­си ұста­ным­дағы қару­лы топ­тар. Бұл шар­ттық жиын­тық. Бұлар­дың бірі сун­нит­тік топ­тар, енді бірі жиха­д­шы­лар… Халы­қа­ра­лық ұйым­дар тер­ро­ри­стік ұйым деп мой­ын­даған топ­тар Аста­на про­це­стеріне қаты­сқан жоқ.

 

– Неге Аста­на? Сири­я­ның сая­си шолу­шы­ла­ры­мен ой жары­сты­рған­да, олар Аста­на мен Жене­ва келіс­сөз­дерінің айыр­ма­шы­лы­ғы жер мен көк­тей дей­ді. Шынын­да, Жене­ва­да сая­си мәсе­ле­лер сөз бол­са, Аста­на қан­ды қырғын­ды тоқта­ту­ды алды­ңғы планға көтеріп отыр. Бірақ біз бұл про­цес­ке тіп­ті бақы­ла­у­шы болып та қаты­спа­дық. Баста­ма­шы – Түр­кия мен Ресей. Бақы­ла­у­шы – БҰҰ мен АҚШ. Біз­ге бұдан келіп-кетер пай­да не? Тағы да құр далақ­бай­ла­ну ма?

– Бұл оқиға өте маңы­зды екенін естен шығар­май­ық. Біз әуелі бұл про­це­стің ауқы­мын түсініп алай­ы­қ­шы. Мен біле­мін, әртүр­лі пікір­лер айты­ла­ды. Бар­лы­ғы бір­дей қабыл­да­май­ды. Дәл осы оқиғаға қаты­сты дұрыс түсінік болуы керек. Бұл үлкен маңы­зға ие. Бірін­ші­ден, Сирия дағ­да­ры­сы жеке­ле­ген аймақтық кикіл­жің емес, халы­қа­ра­лық қауым­да­стық назар ауда­рып оты­рған мәсе­ле. Сирия дағ­да­ры­сы бұл тек қана Сири­я­ның емес, Ирак­тың да бірқа­тар тер­ри­то­ри­я­сын қам­тып отыр. Ирак қазір кем деген­де 30 пай­ыз ықпа­лы­нан айырылды.

Ол жер­де әлем­нің көп­те­ген елдері­нен содыр­лар бар. Сон­ды­қтан бұған тек Қаза­қстан неме­се кепіл болып оты­рған үш мем­ле­кет қана емес, күл­лі дүние жүзі көз тігіп отыр. Халы­қа­ра­лық мас­шта­б­тағы талқы.

Сири­ядағы содыр­лар – халы­қа­ра­лық құрам­да. Ондағы ради­кал­ды ағым­да жүр­ген­дер­дің 3/1‑і Орта­лық Азия мен Ресей­ден кел­ген аза­мат­тар. Онда Қаза­қстан аза­мат­та­ры да аз емес.

 

– Сіз сол елге оралған содыр­лар­мен кез­десіп жүресіз ғой…

– Рас, олар­мен кез­дескен­де, маған не үшін барған­да­рын айта­ды. Олар­дың бар­лы­ғы десек те бола­ды – сая­си күш­тер­дің идео­ло­ги­я­сы­на алда­нып қалған­дар. Жаза басып, бөтен мис­си­я­ның ойын­шы­ғы болған­дар. Кей­ін өздерінің қателік­терін түсін­ген­дер. Сон­дай содыр­лар­дың қата­рын­да әлі де қан­ша қаза­қстан­дық жүр…

Дұрыс айта­сыз, біз ұйым­да­сты­ру­шы емес­піз. Біз диа­лог орна­ту алаңы ғана бол­дық. Бұн­да талқы­ланған ең бір өзек­ті мәсе­ле – қанқа­сап­ты тоқта­ту. Сосын азып-тозған Сирия жұр­ты­на халы­қа­ра­лық ұйым­дар тара­пы­нан гума­ни­тар­лық көмек жет­кі­зуді қам­та­ма­сыз ету. Бұл ең басты мис­сия еді. Кеше БҰҰ өкілі Стеф­фан де Мисту­ри мыр­за­ның өзі де айт­ты ғой, «бей­біт адам­дар­дың өмірін сақтап қалуға алға­шқы қадам­дар жасал­ды» деп. Бұл мұсыл­ман­дық тұрғы­сы­нан да сау­ап­ты іс. Мей­лі, азын-аулақ қар­жы кет­кен шығар. Бірақ бұл – керек десеңіз, халы­қа­ра­лық ұйым­дарға үлгі бол­ды. Қаза­қстан өзінің бітім­гер­лік мис­си­я­сын нақты іспен дәлелдеді.

 

– Осы тұста Қаза­қстан­ның гео­гра­фи­я­лық орна­ла­суы да Аста­на­ның бітім­гер­лік алаңы болуы­на тиім­ді секілді…

– Тағы бір мәсе­ле – Қаза­қстан мен ОА өте қиын гео­са­я­си аймақта орна­ласқан. Бұл жер­де Ресей мен Қытай­дан өзге Иран, Түр­кия, Пәкістан секіл­ді аймақтық дер­жа­ва­лар бар. Осын­дай жағ­дай­да Қаза­қстан үшін екі жол ғана бар. Бірін­шісі – сая­си күш­тер есеп айы­ры­лы­са­тын алаң болу. Яғни, буфер­лік зонаға айна­лу. Бұл дегеніңіз – соғыс алаңы болу. Екін­шісі – бей­та­рап бітім­гер­лік аймақ орна­ту. Қаза­қстан осы­ның екін­шісін таң­да­ды. Неге оны қол­да­мауы­мыз керек?!.

 

– Бітім­ге кел­меді ғой. Есесіне әлем­дік БАҚ-тың басты трен­ді Аста­на бол­ды. Бұл да өз кезе­гін­де Қаза­қстан үшін ими­дж­дік жоба секіл­ді көрінді…

– Қаза­қстан үшін, Аста­на үшін бұны ими­дж­дік жоба деп түсін­беу керек. Әрине, шетел­дік 300-ден астам БАҚ-тың басты ақпа­рат­тық лен­та­сын­дағы негіз­гі тренд Аста­на про­цесі бол­ды. Мен қарап шықтым, «The New York Times» секіл­ді бірқа­тар шетел­дік басы­лым­дар Аста­на­ны ныса­на етіп алды. Бұл, бірін­ші­ден, Қаза­қстан­ның субъ­ек­тив­ті мем­ле­кет екенін, дер­бес ел ретін­де әлем­дік дең­гей­де­гі бітім­гер­лік мис­си­я­ны орын­дай ала­ты­нын көрсетті.

 

– Рах­мет, Ере­ке, ісіңіз­ге сәттілік!

Топ­та­ма­ны дайындаған

Нұр­гел­ді ӘБДІҒАНИҰЛЫ –

Аста­на­дан арнайы

«D» үшін

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн