АСТАНАДА ӨТЕТІН «ТҮРКІВИЖН» ҚАНША ҚАРЖЫНЫ «ҚЫМҚЫРАДЫ»?

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №13 (377) от 06 апреля 2017 г.

 

Апта аптығы

 


 

 

ЭКСПО халықаралық көрмесі аясында Turkvision конкурсы биыл Қазақстанда өтеді, – деп хабарлады Stan.kz порталы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының сөзіне сілтеме жасап.

 

«2017 жылдың тағы бір айрықша оқиғасы Turkvision қазіргі заманғы эстрада әндерінің конкурсы болып табылады, оны біз Астана қаласында тамыз айының аяғында өткізуді жоспарлап отырмыз. Turkvision миссиясы – түркі мәдениетін насихаттау, түркітілдес музыканттар көрермендерінің аясын кеңейту, ортақ мәдени кеңістік құру және туыстас халықтар мен елдер арасында достық қарым-қатынастарды орнату болып табылады», – деді баспасөз мәслихатында А. Мұхамедиұлы.

Бұдан бөлек, «EurasianDanceFestival» халықаралық балет өнерінің фестивалі ЭКСПО-2017 мәдени бағдарламасының тағы бір имидждік іс-шарасы болады екен. Фестивальға «UniversalBallet» корей труппасы, АҚШ-тың «BadBoysofDance» би ұжымы, «Астана Опера» МОБТ, «Астана Балет» театры, сонымен қатар әлемдік балеттің жетекші солистері қатыспақ. Сонымен бірге КСРО халық артисі Асанәлі Әшімовтің 80 жылдығына арналған бүкіләлемдік «Астана» театр фестивалі – маңызды мәдени оқиғалардың бірі, әлемдік деңгейдегі театр жұлдыздарының кездесуі, ауқымды ашық фестивальға айналады, дейді мәдениет министрі.

Ендігі белгілі болғандай, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің аясында өтетін мәдени-спорттық шараларға мемлекет қазынасынан 9 млрд теңге қаржы бөлінген еді. Бұл, әрине, бөлінген қаржының ресми сомасы. Ал басқа бейресми қорлардан бөлінетін қаржының сомасы «жеті қат жер астындағы» құпия болса керек. Сондықтан министр Мұхамедиұлы айтқан «жылдың айрықша оқиғасы» – Turkvision байқауы тағы да қосымша қаржыны қажет етерлігі анық.

«D»

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн