Суббота , 5 июля 2025

Астанадан басқасы ҚҰРЫП КЕТУІ КЕРЕК ПЕ?

Жөн сұрақ

 

Аста­на елор­даға айналған 17 жыл­дың ішін­де оған 100 млрд дол­лар көле­мін­де инве­сти­ция тар­ты­лған. Сон­дай-ақ елор­да­мыз еңсесін тік­те­ген осы бір жыл­да­ры      16 млн шар­шы метр­ге тұрғын үйлер тұрғы­зы­лған. Бұл тура­лы Аста­на қала­сы­ның әкі­мі Әділ­бек Жақ­сы­бе­ков мыр­за VI Халы­қа­ра­лық инвест-фору­мын­да мәлімдеген.

 

Жақ­сы­бе­ков мыр­за­ның сөзіне сен­сек, Аста­на – Қытай мен Ресей нары­ғын жалға­сты­ру­шы алтын көпір. Сая­си сауда алаңы (былай­ша айтқан­да – базар). Ал мұн­дағы Аста­на­ның рөлі – алып­са­тар­лық. Әкім мыр­за дәл осы­ны айт­пақ болып отыр­маға­ны сөз­сіз. Бірақ сап­таған сөзі солай шыққа­ны рас.

Ал Жақ­сы­бе­ков мыр­за үшін 5 мың дол­лар тұра­тын IT аял­да­ма­ны 10 мил­ли­онға орна­ту – қалып­ты жағ­дай екенін ескер­сек, жоға­ры­да өзі айтып өткен 100 мил­ли­ард дол­лар­дың қан­дай мақ­сат­тарға жұм­салға­нын сұрап, әуре бол­маға­ны­мыз дұрыс шығар. Бас­шы­лы­қтың да, басқа­ның да көзін бақы­рай­тып қой­ып, жасаған қулы­ғы­ның артын ресей­лік сая­сат­кер Аста­наға кел­ген­де ашып салып еді ғой. Ал әкім мыр­за бол­са, шімірік­пе­стен «бұл қалып­ты жағ­дай», деген болатын.

Елор­да елба­сы негізін қалаған қала болған соң, бар жақ­сы­ны осы қалаға құя­ты­ны­мыз ақиқат. Бірін­ші­ден, бұл ресми қала. Түр­лі мем­ле­кет бас­шы­ла­рын күтіп ала­ды, халы­қа­ра­лық келісім­дер­ге, мемо­ран­дум­дарға қол қой­ы­ла­ды, тағы­сын тағы. Деген­мен, үкі­мет­те­гілер мен «ақсақал билік» Қаза­қстан­да Аста­на­дан өзге де қала­лар­дың кен­же дамып келе жатқа­ны­нан хаба­ры ма деген сұрақ көкей­і­міз­ге маза бер­мей­тіні тағы рас. Әсіре­се моноқа­ла­лар­ды көр­кей­ту­ге бөлі­нетін жыл­дық бюд­жет пен Аста­на­ның жыл­дық қазы­на­сын салы­сты­руға мүл­де кел­мей­тіні жасы­рын емес.

Қала­лар мәсе­лесі – әртүр­лі акс­пек­тіні қам­ти­тын маңы­зды кешен­дік мәсе­ле­лер­дің бірі: әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық, демо­гра­фи­я­лық, гео­гра­фи­я­лық, эко­ло­ги­я­лық, ста­ти­сти­ка­лық және тағы басқа кри­те­рий­лер бой­ын­ша қала ста­ту­сы­на әбден лай­ық елді мекен­дер­ді урба­ни­за­ци­я­лау, оның бар­лық про­бле­ма­ла­рын шешу оңай шаруа емес. Елі­міз­де­гі оты­здан астам қала­ның жайы мүш­кіл болып тұрған кез­де еңсесін тік­теп, аяғы­на тұрған Аста­наға осын­ша­ма қар­жы­ны құя берудің қажеті қан­ша?! 14 облы­стағы ірілі-ұсақты қала­лар­дың жыл­дық бюд­жеті мен Аста­на бюд­жетін салы­стыр­саңыз – жағаңы­зды ұстай­сыз. Қазақ тек қана Аста­на­да тұрып жатқан жоқ қой…

Қала құру­шы кәсі­по­рын­дар, моноқа­ла­лар­мен бай­ла­ны­сты 2012–2020 жыл­дарға арналған Қаза­қстан моноқа­ла­ла­рын дамы­ту бағ­дар­ла­ма­сы біз­де бар. Атал­мыш бағ­дар­ла­ма елі­міз­де­гі 27 моноқа­ла­лар­ды өркен­де­ту­ге бағыт­та­лып жасалған. Олар­дың ішін­де 16 қала тиісті аудан­дар­дағы әкім­шілік орта­лы­ғы бол­са, 11 қала аудан орта­лы­ғы болып табы­ла­ды, олар: Степ­но­горск, Текелі, Сереб­рянск, Кур­ча­тов, Шах­тинск, Сарань, Қара­жал, Лиса­ковск, Арқа­лық, Ақсу, Жаңаө­зен. Олар­дың бір бөлі­гі облы­стық маңы­зға ие қала­лар бол­са, енді бір бөлі­гі аудан­дар­дың қосы­луы­на бай­ла­ны­сты аудан орта­лы­ғы мәр­те­бесін жоғал­тқан­дар. 27 моноқа­ла­лар­дың 19-ында қала құру­шы кәсі­по­рын­дар жұмыс істей­ді, бесе­уін­де – жар­ты­лай, үше­уін­де мүл­де жұмыс істе­мей­ді. Қараған­ды облы­сын­да 8 моноқа­ла, Шығыс Қаза­қстан мен Қоста­най облы­ста­рын­да 4, Жам­был мен Пав­ло­дар облы­ста­рын­да 2 моноқа­ла бар. Елді алға­шқы дағ­да­рыс толқы­ны келіп ұрған кез­де негізі­нен халқы­ның эко­но­ми­ка­лық бел­сен­ділі­гі төмен моноқа­ла­лар үлкен зардап шек­ті. Мыса­лы, дағ­да­ры­сқа дей­ін моноқа­ла­лар­дағы өнер­кәсіп­тік өндірістің үлесі 43–44 пай­ы­зды құра­са, дағ­да­ры­стан кей­ін бұл көр­сет­кіш 25 пай­ы­зға дей­ін төмен­деп кет­ті. Осын­дай моно­про­филь­ді қала­лар­ды дамы­ту, көшін ілгеріле­ту мем­ле­кеті­міз үшін маңы­зды бол­са керек. Дағ­да­рыс ден­де­ген тұста елба­сы­мы­здың өзі бастап, үнем­деу сая­са­тын қолға алған­ды­ғын біз жақ­сы біле­міз. Ал Жақ­сы­бе­ков мыр­за 10 млн дол­ларға бір ғана аял­да­ма орнатқа­ны­на қараған­да, жоға­ры­дағы 100 млрд дол­ла­ры әлі тау­сы­ла қой­маған секіл­ді. Әділ­бек Жақ­сы­бе­ков мил­ли­он­дар­ды қай­да жібе­ре­рін біл­мей жүр­ген­де, өзге қала­ла­ры­мы­здың тоз-тозы шығып жата­ды. Бұл әділет­тілік пе? Аял­да­ма салу­дың шебері атанған Аста­на әкі­мі инве­сти­ция тар­ту­ды да аз мең­гер­ме­ген­ге ұқсай­ды. Әділ­бек мыр­за енді сол инве­сти­ция тар­ту өнерін өзге қала­лар­дың әкім­деріне үйрет­се ғой, шіркін!

Нұр­гел­ді Әбдіғаниұлы,

abai.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн