Пятница , 4 июля 2025

АСТАНАНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫДАҒДАРЫС КЕЗІНДЕГІ ДАҢҒАЗА

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №36 (400) от 05 октяб­ря 2017 г.

 

ДАТ!-Сауалнама

 


 

Билік ЭКС­ПО-дан кей­ін қан­дай дүр­мек­ті ойлап таба­ды екен деп жүр­гені­міз­де, «Аста­на­ның 20 жыл­ды­ғы» деген дата далиып шыға кел­ді. Пре­зи­дент Назар­ба­ев Аста­на­ның 20 жыл­ды­ғын мере­ке­ле­уді өткізу­ге дай­ын­дық ретін­де «Ел жүре­гі – Аста­на» кон­цеп­ци­я­сын жүзе­ге асы­ру мақ­са­тын­да комис­сия құру­ды тап­сы­рып, екі ай мерзім­де Аста­на мен Алма­ты қала­ла­ры, облыс әкім­дері­мен бір­лесіп іс-шара­лар жос­па­рын әзір­ле­уді үкі­мет­ке тап­сы­рып­ты. Бұл даңға­за­ны ұйым­да­сты­ру және оны уақы­тын­да қар­жы­лан­ды­ру­ды қам­та­ма­сыз ету пре­зи­дент әкім­шілі­гіне жүк­тел­ген. ЭКСПО шығын­да­рын қым­тау қамын­дағы күз­гі қым­бат­шы­лық пен ком­му­нал­дық тариф­тер­дің күрт өсуі қақаған аязға ұла­сар шақта ел тұрғын­да­ры­ның мой­ны­на тағы бір қиын­шы­лық қамы­ты ілін­гені анық.

Мере­келік дата­ны атап өту жөнін­де­гі пре­зи­дент өкі­міне ел пікірін біл­мек болып, қоғам өкіл­дерінің ара­сын­да сау­ал­на­ма жүр­гі­зу мақ­са­тын­да ұсы­ны­лған сұрақтар мына­дай еді:

1. Ел эко­но­ми­ка­сы дағ­да­ры­стың қыспағын­да қалған кез­де Аста­на­ның 20 жыл­ды­ғын той­лау қаза­қстан­ды­қтар үшін өмір­лік қажет­тілік деп ойлай­сыз ба?

2. «Ел жүре­гі – Аста­на» деген той кон­цеп­ци­я­сын Қаза­қстан аймақта­ры­ның кен­де қалған әле­умет­тік-тұр­мыстық жағ­дай­ы­мен салы­сты­руға бола ма?

3. Рес­пуб­ли­ка бюд­жетіне қосалқы сал­мақ сала­тын осы мере­ке­ле­у­ге кететін қар­жы шығы­нын елдің қан­дай әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық сала­сы­на жұм­сау халық үшін ұтым­ды болар еді?

 

Уәли­хан ҚАЙСАРОВ,

қоғам қай­рат­кері,

экс-сена­тор (Аста­на):

1. Мен ешқан­дай қажет­тілік­ті көріп оты­рған жоқ­пын. Кеше ғана сол Аста­на­да өткен «ЭКСПО-2017» көр­месі онсыз да болып жатқан эко­но­ми­ка­лық дағ­да­ры­сты айтар­лы­қтай жедел­дет­ті. 500 мил­ли­ард тең­ге­ге жуық ақша­ны аш көз бір-ақ адам­ның мақта­нуы­на, өзім­шіл­дік көңілін көте­ру­ге пай­да­ла­ныл­ды. Енді сол қара­жат халы­қтың мой­ны­на екін­ші рет ауыр сал­мақ болып түсіп отыр. Бірін­ші рет – ЭКС­ПО-ны салуға ақша жинал­са, екін­ші рет – ЭКСПО өтіп болған­нан кей­ін жұм­саған ақша­ны қай­та­ру. Сол себеп­ті пре­зи­дент­тің ауы­зы­нан шыққан «ком­му­нал­дық тариф­тер­ді көтерің­дер» деген сөзі соған дәлел деп есеп­тей­мін. Оны­мен ғана қой­май, Аста­на қала­сы­ның әкі­мі Әсет Есе­ке­шев­тің ауы­зы­нан шыққан «Аста­на қала­сы ішін­де жүр­ген авто­бу­стар­дың жол ақы­сы не 300 тең­ге болуы тиіс, неме­се әр пәтер­ден ай сай­ын 3800 тең­ге­ден ком­му­нал­дық түбір­тек­пен төлем­дер қоса жина­луы керек» деген сөзінің аста­ры бел­гілі бол­ды. Міне, осы­ның бәрін еске ала тұрып, қай бір есі түзу адам Аста­на­ның 20 жыл­ды­ғын той­лау өмір­лік қажет­тілік деп айта­ды екен?

2. Осы уақы­тқа дей­ін, ширек ғасыр­дан аса уақыт­тың ішін­де елі­мізді басқа­рып жүр­ген­дер өздерінің басқа­ру қабілет­сізді­гі­мен және алдын ала ойла­ну­дың әлсізді­гі­нен ел эко­но­ми­ка­сын және халы­қты тақы­рға бір­не­ше рет оты­рғы­зып қой­ға­нын сезбей оты­рып, ойы­на кел­генін істе­уді әлі де қой­май жүр екен. «Ел жүре­гі – Аста­на» деген той кон­цеп­ци­я­сы – «Оба кезін­де­гі мере­ке» деп айт­сам да, өтірік емес шығар. Бұл той­ды ойлап шығарған­дар елі­міздің түк­пір-түк­пірін­де­гі қара қаза­қтың қанын әбден сорып бол­май тыны­штал­май­ды. Ал Аста­на­ның әле­умет­тік жағ­дайы Қаза­қстан­ның басқа аймақтар­мен салы­сты­руға мүл­де бол­май­ды. Керісін­ше, Аста­на­ны – «Ел жүре­гі» дей­тін бол­са, онда сол «жүрек» сол елде­гі түк­пір-түк­пір­дің бәріне өзінің қанын айнал­ды­рып, жет­кізіп, күш-қуа­тын бер­ме­уші ме еді?

3. Мен үшін бұл сұрақтың жау­а­бы судың бетін­де жатқан сияқты. Қоғам мен эко­но­ми­ка сала­сын­да осы уақы­тқа дей­ін шеше алмай жатқан про­бле­ма­лар әлдеқай­да толып жатыр емес пе? Ден­са­улы­қты сақтау жөнін­де ғана айта­тын бол­сак, ауыл мен шағын қала­лар­дың ауру­ха­на­ла­ры мен емха­на­ла­ры зама­на­уи тех­ни­ка, тех­но­ло­гия және толық мең­геріл­ген мамаң­дар­мен қам­та­ма­сыз етуді қажет ететінін ерекше айтып кету – мің­дет. Ауыл­дағы мек­теп­тер тура­лы да айты­луы керек. Олар­дың ең басты мәсе­лесі – сол мек­теп­тер­дің дені өзінің күр­делі жөн­де­удің кезе­гіне қолын жет­кі­зе алмай жүр­гені. Айт­пай қоюға бол­май­тын тағы бір мәсе­ле – мұғалім мен дәрі­гер­лер­дің айлы­қта­ры. Бүгін­гі таң­да азық-түлік­тің баға­ла­ры мен ком­му­нал­дық тариф­тер­ді бюд­жет­тен қар­жы­лан­ды­ры­ла­тын қыз­мет­кер­лер­дің жалақы­сы­мен салы­сты­рған­да, елді басқа­рып жүр­ген шене­унік­тер­ден басқа таңқал­май­тын адам жоқ. Бұның үстіне зей­нет­кер­лер мен мүге­дек­тер­дің өмір сүру дең­гейі мен сапа­сын қосып қой­ы­ңыз. Біз толы­ққан­ды адал және әділ көрініс­ке әлі де жет­кен жоқпыз.

 

Жан­бо­лат МАМАЙ,

тәу­ел­сіз жур­на­лист (Алма­ты):

1. Ешқан­дай қажет­тілік жоқ. Аста­на күнін билік жыл­да мем­ле­кет­тің тәу­ел­сіздік күні­нен артық той­лай­ды. Бұл ақы­лға сый­май­тын, миға қон­бай­тын әре­кет. Алда Туел­сіздік күні бар, Жел­тоқ­сан құр­бан­да­рын еске ала­тын күн­дер бар. Соны мем­ле­кет­тік дең­гей­де атап өтей­ік, арнайы іс-шара­лар өткі­зей­ік деп неге құжат қабыл­да­масқа? Мыса­лы, биыл Алаш ұлт­тық авто­но­ми­я­сы­ның, Алаш пар­ти­я­сы мен Алаш Орда үкі­метінің құры­лға­ны­на 100 жыл тол­ды. Соны мем­ле­кет­тік дең­гей­де атап өттік пе? Қаза­қтың ұлт­тық көш­бас­шы­сы болған Әли­хан Бөкей­ханұлы­на Семей­де ескерт­кіш ашы­лға­ны­нан басқа көңіл­ге қоным­ды іс-шара­ны көр­медім. Ал шын мәнін­де Ала­штың 100 жыл­ды­ғын біз елдік, ұлт­тық дең­гей­де атап өтуі­міз керек еді. Осы датаға орай Алма­ты­дағы Фур­ма­нов көше­сін Әли­хан Бөкей­ханұлы­ның аты­на ауы­сты­рып, Алаш Орда­ның рөлін мем­ле­кет­тік дең­гей­де мой­ын­да­уы­мыз қажет еді. Соның бірін жаса­ды ма билік? Жоқ! Оның орны­на Аста­на­ның 20 жыл­ды­ғын той­ла­у­ға дай­ын­дал­мақ. Сон­да ұлт­тық намыс, ұлт­тық рух қайда?

Оны­мен қоса, қазір ел эко­но­ми­ка­лық дағ­да­ры­стың кезін­де отыр. Жанар­май­дың баға­сы күн санап өсіп келеді. Ұлт­тық валю­та­мыз тағы да құн­сызда­на ма деген қауіп те бар. Мұнай­дың баға­сы өсетін түрі жоқ. Мұн­дай жағ­дай­да қан­дай той тура­лы әңгі­ме қозға­уға бола­ды? Оған жұм­са­ла­тын мил­ли­он­даған дол­лар­ды тағы да ел қазы­на­сы­нан ысы­рап етпек пе? Онсыз да елге қажет­сіз ЭКСПО жоба­сы­на билік 3–5 мил­ли­ард дол­лар­ды жұм­са­ды. Енді, міне, тағы бір той­ға ақша шашпақ.

2. Соңғы жыл­да­ры көп­те­ген депрес­сив­ті өңір­лер пай­да бол­ды. Арқа­лық, Кен­тау, Темір­тау сияқты қала­лар­дың жағ­дай­ы­на қараңыз. Қирап, елсіз қалған қан­ша­ма қала бар! Бір қала­ны салып, қар­жы­ны тек Аста­наға жұм­саған­ша, елі­міздің бар­лық өңір­лерін дамы­туға билік неге күш сал­ма­ды? Әрине, бұл бір адам­ның жоба­сы, арма­ны болған­ды­қтан, билік­тің бар наза­ры тек Аста­наға ауып, басқа қала­лар мен аудан­дар ұмыт қал­ды. Осы уақы­тқа дей­ін Аста­на­ны салуға қан­ша қар­жы ауда­ры­лға­ны құпия түр­де қалып отыр. Тәу­ел­сіз сарап­шы­лар­дың пікірін­ше, бұған ондаған мил­ли­ард ақша жұм­салған. Бұл ақша­ны білім мен ғылым­ды, меди­ци­на­ны, инфра­струк­ту­ра­лық жоба­лар­ды, елдің әле­умет­тік жағ­дай­ын көте­ру­ге неге жұм­са­ма­ды? Халы­қтың әле­умет­тік жағ­дай­ын көте­рудің орны­на бір қала­ны салуға ақша шашу – елге жаны ашы­ма­сты­қтың белгісі.

3. Қар­жы­ны, қосым­ша көмек­ті талап ететін сала аз емес. Мыса­лы, қала күнін той­ла­у­ға кететін қар­жы­ны үйсіз-күй­сіз жүр­ген­дер­ге бас­па­на салып беру­ге неге жұм­са­масқа? Бол­ма­са аудан орта­лы­қта­рын­да сапа­сы жоға­ры емха­на­лар, мек­теп­тер салуға жұм­са­уға бола­ды. Қала­ара­лық жол­дар­дың жағ­дай­ы­на назар аудар­сын. Қирап жатқан қан­ша жол бар! Міне, осын­дай пай­да­лы әрі қажет­ті жоба­ларға жұм­са­уға әбден болар еді. Оның орны­на сол баяғы бекер мал шашпақ болмақ…

 

Ардақ ӘШІМ,

қоғам бел­сен­дісі, блогер

(Шым­кент):

1. ЭКС­ПО-ның біт­кеніне бір ай тол­май жатып, енді Аста­на­ның 20 жыл­ды­ғын той­лай­мыз деген­дері – нағыз ұят­сыздық. Керісін­ше, пре­зи­дент ЭКСПО біт­кен­нен кей­ін Қаза­қстан халқы­на рах­мет айтуы керек еді. Елдің эко­но­ми­ка­сы­ның ауыр жағ­дай­ы­на қара­май, өте қым­бат жоба ЭКС­ПО-ны өткіз­ген батыр қазақ халқы­на қай­та-қай­та басын иіп, мың рет алғыс айту­дың орны­на: «Қоры­қ­пай ком­му­нал­дық тариф­тер­ді көте­ре берің­дер» дегені халы­қ­пен сана­спай­ты­нын, олар­ды адам құр­лы көр­мей­тінін паш етіп тұр. Ал енді оған қоса Аста­на­ның 20 жыл­ды­ғын той­ла­у­ға кететін мил­ли­он­даған шығын­дар­ды пре­зи­дент өз қал­та­сы­нан төле­мей­ді. Ол қар­жы мына сіз бен менің мем­ле­кет­ке төле­ген салы­қтың есебі­нен жүзе­ге аса­ды. Бұл жер­де мем­ле­кет қар­жы­сы бекер­ге ысы­рап­пен жел­ге ұша­ды деген сөз. Қазір­гі ауыр жағ­дай­да осын­дай кез кел­ген мақтан­гер­шілік үшін жаса­ла­тын той­лар­ды өткі­зу халы­қты мазақ етіп, ашу-ыза­сы­на тию және қыл­мыс. Осы Аста­на­ның 20 жыл­дық тойы Қаза­қстан халқы үшін өмір­лік кажет­тілік­ке жат­пай­ды. Тіп­ті қажет те емес.

2. «Ел жүре­гі – Аста­на» деген той кон­цеп­ци­я­сын халы­қтың әле­умет­тік-тұр­мыстық жағ­дай­ы­мен, әрине, салы­сты­руға бол­май­ды. Керісін­ше, қара­ма-қай­шы­лық, кері кету деп түсі­ну керек. Нанын әрең тауып жеп жүр­ген халық үшін осын­дай той­лар­дың той­ла­нуы халы­қты мазақ ету. Мысалға, той дүр­кіреп өтіп жата­ды делік, бірақ сол бола­тын той­да халы­қтың аш қар­ны той­маған­нан кей­ін, оның не пай­да­сы бар. Той­ды той­лай­тын да билік және тізе­ге түс­кен қар­нын той­ды­рып сипай­тын да билік. «Ел жүре­гі – Аста­на» емес, керісін­ше, ЖЕМҚОРЛАРДЫҢ МЕШКЕЙ ҚАРНЫАСХАНА деп атаған дұрыс болады.

3. Осы 20 жыл­ды­қты той­ла­у­ға кететін қар­жы­ны дәл қазір халы­қтың жаға­тын көмірі мен табиғи газ, су, жарық пен жанар-жағар­май­ды арзан­да­туға және қым­бат­шы­лы­қты бол­дыр­мауға, тұр­мысы нашар көп бала­лы отба­сы­лар­ды бас­пан­амен қам­та­ма­сыз ету үшін жұм­сау керек. Сон­дай-ақ кедей­шілік­пен күре­су мен азық-түлік­ті арзан­да­ту үшін жұм­са­са, өте тиім­ді болар еді.

 

Герой­хан

ҚЫСТАУБАЕВ,

қоғам бел­сен­дісі

(Алма­ты):

1. Аста­на­ның 20 жыл­ды­ғын той­лау – даңға­за­лық! Азық-түлік, ком­му­нал­дық төлем­дер, жанар-жағар­май, қоғам­дық көлік­те жүру баға­сы, т.б. бәрі-бәрі күн­нен-күн­ге қым­бат­тап, жұрт­тың әл-ауқа­ты нашар­лаған кез­де ойдан шыға­ры­лған мұн­дай «қуа­ны­штар» халық еңсесін көтер­мей­ді, керісін­ше, езеді. Той жаса­уға да, той­ға баруға да адам­да көңіл-күй, жағ­дай болуы керек.

Қаза­қстан мем­ле­кетін үлкен той­ха­на дер едім. Апта сай­ын өтетін даңға­за той иесі – билік. Қонақтар – шетел­дік­тер. Күту­шілер – осы той­ды өткізу­ге жұм­са­лып жатқан қар­жы­ның иесі, қара­пай­ым халы­қтың өзі. Кел­ген қонақтар той иесінің асты­на көп­шік қой­ып, өтірік мақтап, ішіп-жей­ді де кете­ді. Ал шылым шегу­ге, үзіліс­ке шыққан­да, той­дан қай­тып бара жатқан­да, өз ара­сын­дағы айта­тын сөз­дері: «Жыл­ты­рай­ды көтенің, той жасау сенің не теңің?» екені бел­гілі. Өйт­кені әлем­дік дамы­ған 30 елдің ішіне ене­міз деп жүр­ген­де, жағ­дайы дұрыс деген 50 елдің тізі­мі­нен түсіп қалға­ны­мы­зды халы­қа­ра­лық басы­лым­дар жазды.

«Ел жүре­гі – Аста­на» той­ы­ның шын мәні – бюд­жет ақша­сын жемқор­лар­дың қал­та­сы­на түсі­ру тәсілі! Басқа ештеңе емес. Халы­ққа қажеті жоқ, басы артық дүние. Бұл халы­қтың көңіл-күй­і­нен, қал-жағ­дай­ы­нан, үміт-мақ­са­ты­нан билік­тің мүл­дем бей­ха­бар екен­ді­гінің дәлелі. Билік – аспан­да, халық – жер­де, ара­сын­да құс ұшып жете алмай­тын алшақты­қтың бар екенінің айғағы.

2. Аста­наға бай­ла­ны­сты кез кел­ген той-думан­ды бір ғана адам үшін ұйым­да­сты­ры­лған шара деп біле­мін. Мұның қара­пай­ым халы­қ­пен ешқан­дай бай­ла­ны­сы жоқ. Мыса­лы, жыл сай­ын өтетін «Аста­на күні» – бір адам мен оның айна­ла­сын­дағы­лар­дың ғана мей­ра­мы. Жемқор шене­унік­тер­дің қал­та­сын тол­ты­ра­тын жыл сай­ы­нғы бір мүм­кін­дік­тері. Шалғай­дағы ауыл­дар түгілі, елде­гі ірі қала тұрғын­да­ры да ол той­ды тек теле­ди­дар­дан қызы­қтай­ды. Сон­да осы жал­пы­ұлт­тық мере­ке ме? Билік халы­қтың рухын, көңіл-күй­ін шын көтер­гісі кел­се, онда Тәу­ел­сіздік күнін жал­пы­ха­лы­қтық мере­ке дәре­же­сіне көтер­сін. Тәу­ел­сіздік күні ғана халы­ққа шынайы қуа­ныш сый­лай ала­тын әле­ует­ке, энер­ги­яға ие. «Аста­на күні» деген екінің бірінің ашуын туғы­зып, көңіл-күй­ін түсіреді. Әсіре­се қазір­гі­дей халы­қтың әле­умет­тік жағ­дай­ы­ның төмен кезінде.

3. Мем­ле­кет­тің басты көңіл бөлетін сала­сы – жұмыс­сызды­қты жою! Бір тиын бол­са, осы салаға салға­ны дұрыс. Мыса­лы, арзан қол­жетім­ді тұрғын үй салу – елді, оның ішін­де жастар­ды әрі жұмыспен, әрі тұрғын үймен қам­та­ма­сыз етудің тура жолы. Жаста­ры­мыз «екі қолы­на бір күрек» сұрап жүр­ген­де, баста­уыш сынып­тағы бүл­дір­шін­дері­міздің бір мез­гіл ішіп-жей­тін айра­ны мен тоқа­шын тар­тып алып оты­рған­да, қан­дай той, қан­дай жетістік? Билік­те ұят жоқ. Бұл жемқор билік кет­пей, халық жақ­сы өмір­ге жетпейді.

ЭКСПО халы­қты ойсы­ра­тып кет­се, мына «Ел жүре­гі – Аста­на» тойы халы­қты қан­сы­ра­тып кететін шығар.

 

Мирам­бек КАМАЛОВ,

ЖСДП бел­сен­дісі

(Ақтө­бе):

1. Менің­ше, ішер­ге асы бол­май отыр­са да «шүкір» дей­тін біз­дер­ге, әрбір артық шыққан сәбізді (saebiz) жаңғы­ру деп сенетін­дер үшін, Аста­на­ның 20 жыл­ды­ғы түгілі, тозы­ғы шыққан ауыл­дың әр жасын жыл сай­ын той­ла­са да, бәрібір сияқты. Қысы­л­та­яң кез­де той­лан­бақ бұл ата­у­лы дата қалың ел үшін аса маңы­зды бол­маға­ны­мен, қазір­гі авто­кра­тия іспет­ті жүй­е­ге халық ара­сын­да көтеріңкі көңіл қалып­та­сты­ру үшін өте маңы­зды. Халы­қтың көңілінің мәз еме­сті­гін сезін­ген жоба автор­ла­ры алдағы уақыт­та да осы іспет­ті шара­лар­ды жүзе­ге асы­ра береді деп ойлай­мын. Халы­қа­ра­лық көр­ме «EXPO-2017»-ден кей­ін етек-жеңін жинай алмай жатып, тағы да қыру­ар қар­жы шашуға бет алған билік­тің бұл иде­я­сы­ның ішкі тұста­ры­ның нәти­желі бола­ты­ны­на күмәнім бар. Билік қор­да­ла­нып қалған әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық мәсе­ле­лер­ді шешудің орны­на той өткі­зу арқы­лы мәсе­ле­лер­дің сал­да­рын жеңіл­де­ту­ге бағыт­талған іс-шара­ла­ры уақыт­ша ғана деп есеп­тей­мін. «Қазан­шы­ның өз еркі – қай­дан құлақ шығар­са» деген нақыл сөз­де­гі қазан­шы­мыз – билік бол­са, сол қазан қай­на­са таси­ты­ны анық. Билік халы­қтың басым бөлі­гінің жағ­дай­ы­ның мәз еме­сті­гін терең түсін­бей отыр, не түсін­гені­мен, тозы­ғы шыққан сая­си жүйе қауқар­сыз болып отыр деген тұжы­ры­мға келу­ге бола­ды. Халық жағ­дай­ы­ның мәз еме­сті­гін ресми жоға­ры билік қабы­рға­ла­ры­нан (пар­ла­мент, үкі­мет) анық айтып, ат салы­са­тын ешқан­дай сая­си күш жоқтың қасы.

Сон­ды­қтан сая­си жүйе өзінің сател­лит пар­ти­я­ла­ры арқы­лы өз деген­дерін өткі­зе ала­тын бол­са да, сай­лау кезін­де­гі «дауыс ұрлаға­ны­на» қара­ма­стан, аз ғана «Жал­пы­ұлт­тық соци­ал-демо­кра­ти­я­лық пар­тия» (ЖСДП) өкіл­дерінің пар­ла­мент қабы­рға­сы­нан айтар «оғаш пікірін» тың­да­уға да қауқар­сызды­ғын көр­сетіп отыр. «Нұр Отан» пар­ти­я­сы мен оның «құй­ыр­шы­қта­ры» билік­тің жүр­гізіп оты­рған кей­бір «анти­ха­лы­қтық» жоба­ла­ры­на өз қар­сы­лы­қта­рын біл­дір­генін көр­меп­пін. Жал­пы билік ЖСДП өкіл­дерін Аста­на­да пар­ла­мент қабы­рға­сы­нан көру­ге қауқар­сыз бол­са, өзім тұра­тын Ақтө­бе­де­гі облыс бас­шы­лы­ғы да ЖСДП өкіл­дерін бір­де-бір облы­стық дең­гей­де­гі шешім қабыл­дау алаң­да­ры­на жола­тар емес. Міне­ки, «істе­ген ісіңе жау­ап бер» деп сұрай­тын ресми теті­гі бар сая­си күш бол­май­ын­ша, сая­си жүйе өзгер­мей­ін­ше, біздің елде күн­де той жаса­са да, бәрібір секілді.

2. «Ел жүре­гі – Аста­на» деген той кон­цеп­ци­я­сын Қаза­қстан аймақта­ры­ның кен­де қалған әле­умет­тік-тұр­мыстық жағ­дай­ы­мен салы­сты­руға мүл­дем бол­май­ды. Елі­міздің кей­бір аймақта­рын­да бүгін­гі өрке­ни­ет­тен өте кеш қалға­нын жасыр­маған жөн. Кон­цеп­ция негізі ысы­рап жасап той­лау емес, әрбір қаза­қстан­ды­ққа демеу бола­тын­дай, ел аста­на­сы­ның 20 жыл­ды­ғы әрбірі­міздің жүре­гі­міз­ден жылы орын ала­тын­дай болуы тиіс.

3. Рес­пуб­ли­ка бюд­жетіне қосалқы сал­мақ сала­тын осы мере­ке­ле­у­ге кететін қар­жы шығы­нын онсыз да тоқы­рап тұрған әле­умет­тік эко­но­ми­ка­лық сала­ның қай сала­сы­на бол­ма­сын жұм­са­са игі. Тек қана ол қар­жы ешқан­дай талан-тара­жға түс­пей, халы­қтың нақты қажет­тілі­гіне нәти­желі, мақ­сат­ты жұм­сал­са, ұтым­ды болады.

 

Еділ МӘКЕН,

«Алаш жолы» қозға­лы­сы­ның белсендісі

(Аста­на):

1. Аста­на­ның емес, Назар­ба­ев­тың туған күні той­ла­на­ты­ны бәріне мәлім деп ойлай­мын. Сон­ды­қтан қаза­қстан­ды­қтар­дың қал­та­сы­нан төле­нетін бұн­дай жеке бастың «мей­ра­мы», әрине, түк­ке қажет емес.

2. Елдің «жүре­гі» сек­сен­ге келіп қалға­нын ескер­сек, басқа мүше­лерінің қан­дай жағ­дай­да екенін айт­па­са да түсінік­ті шығар…

3. Бұл сұраққа тек қар­жы мама­ны ғана тиім­ді жау­ап бере ала­тын шығар, деген­мен біздің елде дамы­ған бір­де-бір сала жоғын ескер­сек, қар­жы қай салаға жұм­сал­са да, ұтыл­мас едік. Бірақ та «ер жақ­сысы түр­ме­де», ал «жезөк­ше­сі» пар­ла­мент­тің төрін­де оты­рған мем­ле­кет­тің дамуы мүм­кін емес. «Кей­де мил­ли­он­даған­дар­дың көз­дері ашы­лу үшін бір адам­ның көзінің жұмы­лға­ны жет­кілік­ті» деп­ті Богу­слав Вой­нар деген айтқыш. Өкініш­ке орай, біздің көз­дері­міздің ашы­луы да осын­дай жағ­дай­ға тіреліп тұрған сияқты…

 

Шара ЕЛЕУСІЗ,

жур­на­лист

(Ақтө­бе):

1. Мұның «пир во вре­мя чумы» екенін еңбек­те­ген бала­дан еңкей­ген кәрі­ге дей­ін біледі.Тек ауыл­ды, елді ести­тін құлақ жоқ, бар бол­са, құлы­қ­сыз. Осы елде­гі тір­лік­тің қай­наған қақ орта­сын­да жүр­ген адам ретін­де айтар бол­сам, шалғай­дағы халы­қтың 60–70 пай­ы­зы ілдәл­да­мен оты­рға­ны жасы­рын емес. Мал бар – шөп жоқ. Мек­теп бар – бала жоқ. Бала бар – оқу құра­лы мен киер киі­мі жоқ. Екі қаза­қтың бірін­де бас­па­на жоқ. Өздеріңіз көз алда­ры­ңы­зға еле­стетіп көріңіз­дер­ші, сән-сал­та­на­ты шалқы­ған, дүріл­детіп «Жер­ле­стер фору­мын» өткіз­ген Ақтө­бенің шетінің бәрін­де­гі сая­жай­да қаза­қтар тұра­ды. Тамы­зы­ққа кар­тон қағаз, оты­нға бақ­ша­ның қураған аға­шын пай­да­ла­на­ды. Орта­лық база­рдағы өзге ұлт өкіл­дері мен бай-манап­тар мысы­ғы­на ала­тын қай­на­ты­лған ішек-қарын­ды май­ға қат­ты­рақ қуы­рып жіберіп, «біс­сі­міл­ләсін» айтып, тамақ жасай­тын да осы қаза­қтар. Жұмыс… Табан ақы, маң­дай тер дұрыс төлен­бей­ді, келісім-шар­тқа оты­руға көп­те­ген жұмыс беру­шілер құлы­қ­сыз, «ұна­ма­са – істе­ме». Келісім-шарт бол­маған соң, еңбе­кақы­ны да дау­лап алу мүм­кін емес. Жүр­ген­дері сосын күніне 1000 тең­ге­ге жұмыс жасап… Елдің ара­сы­на етене кіріп, осын­дай масқа­ра хал­ді көз­дері­мен көріп, билік­ке жет­кі­зетін оппо­зи­ция да, депу­тат та жоқ. Ешқан­дай қажет­тілік­ті көріп тұрға­ным жоқ, ел қаза­ғы­ның менің пікірім­ді қол­дай­ты­ны­на толық сенімдімін.

2. Жүре­гің дұрыс бол­са, бар­лық ағза сағат­тай сар­тыл­дап жұмыс жасар еді ғой, сол жүрек – сырқат… «Ора­за, намаз – тоқты­қта» деп айтқан біз емес, елде­гі ушы­ғып тұрған әле­умет­тік жағ­дай­ды, одан туын­дай­тын сая­си жағ­дай­ды жоға­ры түк сезбей­ді деп ойла­май­мын. Тек әлгі Юве­нал көкем­нің «наны мен әнінің» (хле­ба и зре­лищ) әнінің ғана қалға­ны қызық. Наны жоқ. Әле­умет­тік-тұр­мыстық жағ­дай­ын бірін­ші жау­ап­та айтып қой­ған сияқтымын…

3. Әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық сала­ның қай-қай­сысы­ның да қарқ болып жатқа­ны шама­лы. Мұнай өңдеу зауыт­та­ры, қате­ле­с­пе­сем, араға аз ғана жыл салып ашы­ла­ды да жата­ды. Бірақ кешелі-бүгін­ді Ақтө­бе­де ызы-қиқы шу – бен­зин қым­бат­тап кет­ті. Кәсібі­міз сол болған соң, себебін інде­те­міз. Зауыт­тар жөн­деліп жатыр. Ашыл­май жатып сынып қала­тын тек біздің зауыттар.

Ал «аха­ху-еке­ку­ге» жұм­са­ла­тын қар­жы қаза­ққа бас­па­на мен мал үшін ғана жұм­са­луы керек. Аман­ды­қты да мал­дан бастай­тын қазақ үшін мал мен бас­па­на – қазір­гі басты мәсе­ле. «Мал басын көбей­ту­ге несие беріліп жатыр» деген әңгі­менің сопаң етіп шыға келетінін білем, сол «Құлан», «Сыбаға» деген неси­е­лер­ді қара­пай­ым қаза­қтың сыбаға бер­мей ала алмай­ты­ны да рас. Ол бірақ басқа әңгі­менің тақырыбы…

Сау­ал­на­ма­ла­ры­ңыз да, сау­ал­да­ры­ңыз да дұрыс екен, тек… біздің бір жең­ге­міз «қай айтқа­ным боп жатыр, қай­ран құдай?» деуші еді ашынғанда…

 

Сау­ал­на­ма­ны ұйымдастырған –

Бақыт­гүл

МӘКІМБАЙ,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн