«Общественная позиция»
(проект «DAT» №9 (373) от 8 марта 2017 г.
Апта аптығы
Астана бюджетінің кіріс бөлігін 2017–2019 жылдары Т11 млрдқа арттыру ұсынылды, деп хабарлады елордалық әкімшілік баспасөз қызметінен.
Елорданың ресми сайтында жарияланған хабарда айтылғандай, елорда мәслихатында қаланың 2017–2019 жылдарға арналған бюджеті талқыланды. Елорда мәслихатында кезектен тыс сессия шеңберінде қаржы жылының басындағы еркін қалдықтарды бөлу мәселесі қаралды. Онда Астана қаласының 2017–2019 жылдарға арналған бюджетіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы баяндамамен Астана қаласы әкімінің орынбасары Андрей Лукин сөз сөйледі. Қаланың негізгі әлеуметтікэкономикалық көрсеткіштерінің өсіміне сәйкес нақтылау кезінде бюджеттің кіріс бөлігін 11,0 млрд теңгеге ұлғайту көзделген. Сонымен бірге республикалық бюджетті нақтылау шеңберінде 77,5 млрд теңге көлемінде трансферттер (қаржылай көмек) қосымша бөлінді, деп мәлім етті әкімнің орынбасары.
ҚазТАГ
Қай сөзге сенеміз?
ЕЛШІ КІМ БОЛДЫ: жемқор ма, ұлтшыл ма?
Өткен жұма күні Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі Польшадағы ҚР елшісі Алтай Әбибуллаевты қызметтен алып тастау себебі туралы түсініктеме берген еді.
«2017 жылы 9 ақпанда ҚР президентінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссия отырысы өтіп, оның барысында Польшадағы ҚР елшісі Алтай Әбибуллаевты мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзғаны үшін, атап айтқанда, шаруашылық нысандарының коммерциялық жұмысына араласу әрекеті түрінде көрініс тапқан заң бұзушылығы үшін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселе қаралғанды», – делінген ҚазТАГ салған сұрауға СІМ берген жауабында.
Сол хабарда айтылғандай, отырыс қорытындысы бойынша, мемлекет басшысының атына «А. Әбибуллаевқа қызметіне толық сай келмейтіндігі туралы тәртіптік сөгіс беру жөнінде» ұсыныс түсіру туралы шешім қабылданған екен. Бірақ осыдан бір апта бұрын ел президенті өзінің жарлығымен А. Әбибуллаевты қызметінен босатқан еді.
Дегенмен, елдегі жекелеген ақпараттық интернетпорталдардың хабарлауына қарағанда, «Әбибуллаевтың жауапкершілікке тартылуына орысша сөйлемеуі себеп болған». Тарқатып айтсақ, Польшадағы кәсіпкерлермен кездескен Қазақстан елшісі баяндамасын қазақ және поляк тілдерінде жасаған екен. Алайда бұған шамданған орыстілді орта баяндаманы орысша жасауын талап еткен. Ал Алтай Ибрагимұлы бұл талапты орындаудан бас тартыпты. Содан оның артына «шам алып түсіп», ақыры жұмыстан кетуіне қол жеткізген көрінеді», дейді ақпарат көздері.
Ал осы орайда өзінің ФБпарақшасында пікір білдірген танымал саясаттанушы Расул Жұмалы «Әбибуллаев мемқызметкердің этикетін бұзатындай сауатсыз емес» еді дейді.
«Алтай Әбибуллаев сауатты да мемлекетшіл, қолынан іс келетін елшілердің бірі. Не үшін мансаптан айырды? Себебі неге айтылмайды? Сонысына қарағанда, арандату әрекеті сияқты. Кезінде дипломат болғанда, менің де артымнан талай арыз жазылған болатын «агашкаларға» бас имегенім үшін. Соған ұқсайды. Қалай болғанда да, өкінішті жағдай – кәсіби мамандардың қудаланып, пәтуәсіз ығайсығайдың салтанат құрып отырғаны. Керісінше болуы керек», – деп жазған екен елшінің қызметтен босатылуына орай өзінің жеке Facebookпарақшасында.
«D»