Пятница , 4 июля 2025

«ҚАСЫҚТЫҢ» АТАУЫ РУХАНИ ЖАҢҒЫРДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №41 (405) от 09 нояб­ря 2017 г.

 

Апта апты­ғы


 

Жам­был облы­стық мәс­ли­ха­ты­ның кезек­тен тыс шақы­ры­лған 16-сес­си­я­сын­да Қасық ауы­лы­на елба­сы Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың ана­сы­ның есі­мін беру тура­лы мәсе­ле көтеріл­ді. Бұл тура­лы Taraztv.kz хабарлайды.

 

Сес­сия бары­сын­да Қор­дай ауда­нын­дағы Қасық ауы­лын «Әлжан-ана» ата­уы­на өзгер­ту тура­лы ұсы­ныс айтыл­ды. Мұны депу­тат­тар біра­уы­здан қол­да­ды. Себебі Әлжан ана – Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның тұңғыш пре­зи­ден­тін дүни­е­ге әкел­ген алтын құр­сақты ана. Сон­ды­қтан халық қала­у­лы­ла­ры да бұл игі баста­ма­ны бар­ша ана­ла­ры­мы­зға деген құр­мет­тің бел­гісі деп біледі.

«Елба­сы­ның руха­ни жаңғы­ру бағ­дар­ла­ма­сы­мен сәй­кес келіп отыр. Жам­был облы­сын­да елге үлгілі ана­лар ғұмыр кеш­кен. Әйел адам­дар­дың орны ерекше», – дей­ді Жам­был облы­стық мәс­ли­ха­ты­ның депу­та­ты Масат Берік.

Депу­тат Мей­рам­бек Төле­п­бер­ген де әріп­тесінің сөзін қошта­ды. «Бұл кісінің аты­на беріл­ген ауыл­дың көр­кем­дік сипа­ты ерекше әде­мі болуы керек. Алтын құр­сақты анаға деген құр­мет­ті біз қол­дай­мыз. Өте орын­ды», – деп атап өтті ол.

Stan.kz

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн