Суббота , 5 июля 2025

АСЫЛ АРНА діни жікшілдікті ҚОЛДАЙ МА?

«Обще­ствен­ная позиция»
(про­ект «DAT» №10 (327) от 10 мар­та 2016 г.
Базына

АСЫЛ АРНА
діни жікшілдікті
ҚОЛДАЙ МА?

Жуы­қта Abai.kz интер­нет­пор­та­лын­да «Асыл арна» діни­ағар­ту теле­ра­дио­ком­па­ни­я­сы­ның дирек­то­ры Мұха­мет­жан Таза­бе­ков­ке ашық хат жари­я­лан­ды. Біз хат иесі көтеріп оты­рған мәсе­ле қоғам­да бар және кір­бің мәсе­ле екенін ескеріп, сол жари­я­ла­ным­ды қазқал­пын­да көшіріп басып отырмыз.

Құр­мет­ті Мұха­меджан мыр­за, өзіңіз­ге мәлім соңғы кез­дері элек­трон­ды және дәстүр­лі БАҚ бет­терінде діни мәсе­ле­лер төңіре­гін­де түр­лі ойпікір­лер мен көзқа­рас­тар пай­да бола баста­ды. Тіп­ті со­лардың арты кей­де кіші­гірім дауға да ұла­сып жата­ты­ны жасы­рын емес. Мұн­дай мәсе­ле­лер­дің туын­да­уы­на біздің қоғам­да діни сау­ат­сыздық әсер етіп оты­рға­ны белгілі.
Әрине, бұл мәсе­ле қоғам­дағы діни наси­хат­тың бір­кел­кі жүй­е­ге түсе алмай жатқан­ды­ғы­нан екенін бар­ша­мыз жақ­сы біліп отыр­мыз. Соны­мен бір­ге Сіз басқа­рып отыр­ған «Асыл арна» теле­ар­на­сын­дағы көр­сетіліп жатқан діни бағдар­ламалардың көбі дер­лік тек бір жақты, тари­хи тәжіри­бе деген жоқтың қасы. Беріл­се де ат үсті, әрі реви­зия жасау басым түсіп жата­ды. Кей­бір бағ­дар­ла­ма­лар­дағы эпи­зод­тар­ды көр­ген­де, қаза­қты бүгін ғана мұсыл­ман болған секіл­ді еле­сте­ту­ге болады.
Мәсе­лен, қазақ мұсыл­ман­дық тарихын­да орын ала­тын тұлға­лар Асан қай­ғы, Бұхар жырау, Май­лықожа, Мәделі қожа, Қаб­ли­са жырау, Албан Асан жырау, Тұрма­ғамбет, т.б. секіл­ді тұлға­лар тура­лы арнайы бағ­дар­ла­ма­лар­да то­лық мәлі­мет­тер беріл­мей­ді. Тари­хи орын­дар, мешіт­тер мен әу­лиелердің жатқан жер­лері, мазар­ла­ры және олар тура­лы мәлі­мет­тер толық беріл­мей, тек еге­мен­дік алған жыл­дар­дан бер­гі мешіт­тер ғана көр­сетіледі. Қазақ еге­мен­дік алға­лы бері мұсыл­ман болған жоқ қой.
Қазақ халқы­ның мұсыл­ман­дық тарихы мен мәде­ни­етінің қалып­тасқанына жүз­де­ген жыл­дар өтті емес пе? Соны­мен бір­ге көп жағ­дайларда діни сана, дін­нің пси­хологиялық қабат­та­ры ескеріл­мегені секіл­ді қаза­қи сана, қаза­қи бол­мыс пен діни тәжіри­бе де терең зерт­теліп, зер­де­леніп беріл­мей­ді. Керісін­ше, таным­дық бағдар­ламалар дін­нің сыр­тқы фор­ма­сы­на ғана негіз­деліп, көп жағ­дай­да олар «ширк» «күпір­лік» деген шаб­лондарға құры­лған. Дін­нің сенім­дік жүй­есі бар­ша мұсыл­ман­дарға ортақ болға­ны­мен, таным­дық жүй­есі әркел­кі болуы – табиғи заң­дылық. Себебі әр халы­қтың та­биғиклиматтық, өмір сүру сал­ты мен бітім­бол­мысы бір арнаға тоғы­спай­ды. Осы тұрғы­дан Сіздің басқа­рып оты­рған теле­ар­наңыз елі­міз­де­гі дәстүр­лі діні­мізді наси­хат­тай­тын жалғыз арна болған­дықтан, жоға­ры­да кел­тіріл­ген олқы­лы­қты тол­ты­ра оты­рып, «Асыл арнаға» төмен­де­гі мәсе­ле­лер тура­лы ғылы­ми­та­ным­дық бағдар­ламалар көр­сетіл­се екен деген базы­на айтпақпын.
Елі­міз­де ЮНЕСКО шеші­мімен түр­кі мұсыл­ман халқы­на ортақ діни­та­ри­хи тұлға, қоғам қай­рат­кері Қожа Ахмет Ясса­уи жылы болып бекітіліп, әл­емдегі бар­ша түр­кі мұсыл­ман жұр­ты той­лап жатыр. Біз­де, өкініш­ке орай, бұл мәсе­ле тура­лы жұмған ауы­зда­рын ашпай отыр. Осы­ған бай­ла­ны­сты Сіздің теле­ар­на қыз­меткерлері мен ясса­у­и­та­ну­шы, дін­та­ну­шы ғалым­дар­мен бір­ле­се оты­рып, оның өмірі мен шығар­машылығы және шәкірт­тері тура­лы ғылы­ми­та­ным­дық деректі фильм­дер әзір­леп көр­сет­сеңіз­дер. Бұл игі ісіңіз Сіздің де, «Асыл арна» теле­ра­дио­ком­па­ни­я­сы­ның қазақ халқы­ның дәстүр­лі діни таны­мы­на қосқан зор үлесі болар еді.
Екін­ші мәсе­ле – қазір­гі уақыт­та әсіре­се жастар, діни қағи­да­лар­ды ұста­на­тын аза­мат­тар ара­сын­да Ислам­дағы таса­у­уф (сопы­лық) ілі­міне бай­ла­ны­сты біраз түсініс­пеушілік жағ­дай­лар орын алу­да. Кей­бір жастар­дың, тіп­ті діни қыз­меткерлердің де аузы­нан: «Ислам­да таса­у­уф неме­се сопы­лық ілі­мі жоқ емес. Бірақ қазір­гі уақыт­та бұры­нғы­дай сопы­лық тариқат­тар жоқ. Бұл ілім­ді ұста­нып жүр­ген­дер ада­сып жүр» деген пікір­лер­ді көп естіп жата­мыз. Осын­дай пікір­лердің арқа­сын­да қоғам­да діни жік­ке бөлі­ну­шілік пен өз ата­ба­ба жол­да­рын ман­сұқтай­тын жаста­ры­мыз күн­нен­күн­ге көбей­іп бара жатқа­ны ақиқат. Сопы­лық ілім ар­қылы орта ғасыр­да Ислам өр­кениеті дамып, өркен жай­ға­ны бел­гілі. Өйт­кені бұл ілім­ді орта ғасыр­да өмір сүр­ген ғұла­ма­лар тек адам­ның жеке басын дамы­туға ғана емес, бүкіл қоғам­ның гүл­де­нуі үшін пай­да­ланға­ны ақиқат.
Бұл мәсе­ле жөнін­де тек арнайы ака­де­ми­я­лық білі­мі бар дін­танушылар ғана біл­се, ал қо­ғамдағы басқа аза­мат­тар­дың көңі­лінде Ислам дінінің ішкі мәні мен маз­мұ­ны болған таса­у­уф ілі­міне деген күдік басым­дық көр­сетіп тұр. Соны­мен бір­ге қазір­гі таса­у­уф ілі­мін ұста­ну­шы­лар­дың жолы дұрыс па, әлде бұрыс па? Бол­ма­са бұ­рынғы ата­ба­ба­ла­ры­мыз ұстанған сопы­лық жол қан­дай болған деген үлкен сұрақ бел­гісі әр аза­мат­тың көңілін­де жүр­гені де дау­сыз. Қо­ғамда қор­да­ланған осы мәсе­ле­ге жан­жақты ака­де­ми­я­лық тұрғы­дан сіз басқа­рып оты­рған теле­ар­на ғана жау­ап береді деген үміттемін.
Сіз осы­ған қалай жау­ап берер едіңіз, Мұха­меджан мырза?

Ізгі ниет­пен – дінтанушы
Т.Тұрғанқұлов
Abai.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн