Воскресенье , 6 июля 2025

«Асыл арнаны» КІМ қаржыландырады?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №34 (305) от 08 октяб­ря 2015 г.

Жау­а­бы кімнен?

 

Қаза­қстан­дық Тotal.kz сай­ты «Асыл арна­ны» кім қар­жы­лан­ды­ра­ды?» деген мате­ри­ал жари­я­ла­ды. (Қараңыз: http://total.kz/society/sobyitiya/2015/10/01/kto_finansiruet_telekanal_asyil_arna#begin_st). Аталған сайт­тың жазуын­ша, діни арна­ны Сауд Ара­би­я­сы қар­жы­лан­ды­ра­ды. Сон­ды­қтан да «Асыл арна» идео­ло­ги­я­лық тұрғы­да уаха­би­лік және сәлә­фи­лік бағыт­ты ұста­на­ды-мыс. Тotal.kz мұн­дай ойды төмен­де­гі хат­тар арқы­лы дәйектепті.

 

«Асыл арна» – Қаза­қстан­дағы Ислам діні құн­ды­лы­қта­рын наси­хат­тай­тын бір­ден-бір теле­ар­на. Деген­мен, бүгін осы қаза­қстан­дық арна­ны қар­жы­лан­ды­ра­тын тарап Сауд Ара­би­я­сы екен­ді­гі бел­гілі болып отыр. Арна­ның басы-қасын­да жүр­ген қыз­мет­кер­лер­дің дені Сауд Ара­би­я­сы­нан діни білім алып кел­ген неме­се сәлә­фит­тік бағыт ұстанған жастар екен­ді­гі де бел­гілі. Жуыр­да ғалам­тор бет­терін­де арнаға қаты­сты бір тосын ақпа­рат шықты. Аты­шу­лы австра­ли­я­лық ғалам­тор жур­на­лисі Джу­ли­ан Ассан­жға тиесілі Уики­ликс (WikiLeaks.org) сай­тын­да Сауд Ара­би­я­сы билік орын­да­ры­ның құпия хат­та­ры жари­я­ланған Saudi Cables («Сауд жедел­хат­та­ры») атты ақпа­рат­тар тізі­мі жарық көр­ді. Соның ара­сын­да Қаза­қстан­дағы «Асыл арна» теле­ар­на­сын қар­жы­лан­ды­руға қаты­сты бір ресми хат та бар. Онда Сауд Ара­би­я­сы­ның Мәде­ни­ет және ақпа­рат мини­стр­лі­гінің ресми өкіл­дері осы арнаға қомақты қар­жы бөлу жай­ын­да өза­ра ой бөліс­кен. Хат­тағы һижри жыл сана­уы­мен беріл­ген дата­ның біз­ше 2010 жылы жазы­лға­ны бел­гілі болды.

Сауд Ара­би­я­сы Король­ді­гінің негізін Сауд әулеті мен аты­шу­лы Мұхам­мед бен Абду­лу­аһһаб (уаһһа­бизм ағы­мы­ның негізін қала­у­шы) деген бүлік­шінің құрға­ны тарих­тан мәлім. Осы бүлік­шінің бүлік­шіл ілі­мі Сауд мем­ле­кетінің сая­си әрі ұлт­тық идео­ло­ги­я­лық тұғыр­на­ма­сы­на айналған. Ондағы бүкіл діни оқу орын­да­рын­да Мұхам­мед бен Абду­лу­аһһа­б­тың осы аты­шу­лы ілі­мі мен сәлә­фи­лік бағы­ты­на басым­дық берілетіні бесе­не­ден бел­гілі. Олай бол­са, қан­ша уақыт­тан бері сәләф­тар қар­жы­лан­ды­ра­тын «Асыл арна» қан­дай идео­ло­ги­я­лық, діни таным­дық – ақи­да­лық бағыт ұста­на­ды деген сұрақтың туа­ты­ны заң­ды. Әрине, алмақтың да сал­мағы бар. Кім қар­жы­лан­дыр­са, соның дегені бол­май ма? Сәлә­фи­лік «шейх­тар­дың» уағы­зын тың­даған жастар­дың Қаза­қстан­да лаң­кест­ік әре­кет жасап, ұлт­тық құн­ды­лы­қтарға, салт-дәстүр­ге қар­сы шығып жүр­ген­деріне бүкіл халық куә. «Аллаһу акбар!» деп атой­лап, Сирия мен Ирак­тағы «жиха­дқа» атта­нып, ондағы бей­біт халы­қтың қанын төгіп жатқан­дар да осы ағым­ды ұста­ну­шы­лар екен­ді­гі бар­шаға аян.

Енде­ше елі­міз­де­гі тиісті орын­дар­дың діни лаң­кест­ік, экс­тре­мизм мен ради­кал­ды ағым­дарға қар­сы пәр­мен­ді шара­лар­ды қолға алып жатқа­ны рас бол­са, нелік­тен бұл арна­ның жұмысы мен қар­жы көз­дерін тек­се­ру наза­рдан тыс қалған? Қазір тех­ни­ка­лық әрі қар­жы­лық мүм­кін­ді­гі Қаза­қстан­дағы басқа ақпа­рат құрал­да­ры­нан асып түс­пе­се, ешбір кем түс­пей­тін теле­ар­на­да қазақ халқы­ның ұлт­тық сана­сы мен бол­мысы­на өзек болған дәстүр­лі Мату­ри­ди ақи­да­сы дәрістерінің жүр­гізіл­ме­уі, Мәуліт тура­лы жақ ашпа­уы, әрі хәкім Абай­дың отыз сегізін­ші қара сөзін­де айтып өткен діни-таным негіз­дерінің әлі күн­ге дей­ін наси­хат­тал­май келуінің сыры, бәл­кім, осын­да шығар. Өзге елдің ақпа­рат­тық басқын­шы­лы­ғы­на біз­де­гі билік неге көз жұма қарай­ды? Хат­тағы мәлі­мет­ке қараған­да, қаза­қстан­дық бір­ден-бір діни теле­ар­на­ның Бас жетек­шісі сәлә­фи ұста­ны­мын­дағы сауди­я­лық шейх Исам бен Салих әл-Уейд екен­ді­гі де, қан­ша жасы­рып кел­се де, әшке­ре болып қал­ды. Сауди­я­лық ресми ұсы­ныс хат иесінің Қаза­қстан­дағы діни аху­ал­ды өзін­ше сарап­тап, өз мүд­де­леріне қарай бей­ім­де­у­ге тыры­са­ты­ны анық бай­қа­ла­ды. Хат­та Қаза­қстан­дағы исла­ми бағыт­тағы діни уағы­здар­ды жүр­гі­зу­де сопы­лар мен шиит­тер­дің бел­сен­ділі­гі күше­ю­де деуі шын­ды­ққа сая ма? Бұл тура­лы Қаза­қстан мұсыл­ман­да­ры діни басқар­ма­сы мен Қаза­қстан­дағы діни мәсе­ле­лер­ді шешу­ге ресми мем­ле­кет­тік тұрғы­дан жау­ап­ты Мәде­ни­ет және спорт мини­стр­лі­гіне қарас­ты Дін істері коми­тетінің өкіл­дері не дер екен? Әлде атал­мыш құзыр­лы орын­дар­дың бұл теле­ар­наға өз бата­сын бере­рде осы­лай бағыт ала­рын алдын ала біліп, сезбе­гені ме?

Енді сөзі­міз нақты да дәлел­ді болуы үшін, сауди­я­лық Мәде­ни­ет және ақпа­рат мини­стр­лі­гінің жау­ап­ты өкіл­дерінің бір-біріне ресми ұсы­ныс хаты­ның араб­ша нұсқа­сы мен қаза­қ­ша тәр­жі­ма­сын қаз-қал­пын­да қалың оқыр­ман талқы­сы­на ұсы­ну­ды жөн көр­дік. (Ұсы­ныс хат­тың мәтіні төмен­де). Оқып таны­сып, бағам­даңыз, ойла­ны­ңыз. Сәлә­фи­лер неге бұл арна­ны қар­жы­лан­ды­ра­ды? Неге қамқор? Бұл арна­ның басын­да кеше­гі айтыс­кер ақын, сөй­ле­се, жорға аттай қам­шы сал­дыр­май­тын, сәлә­фи­лік ұста­ны­мға сай ән-жыр мен айты­стан тый­ы­лған Мұхам­меджан Таза­бе­ко­втің үкі­мет­тік нешетүр­лі мара­пат пен сый-кәде­ге бөленіп оты­рға­ны да мем­ле­кеті­міздің бұларға деген қамқор­лы­ғын сездір­мей ме? Теріс ниет-пиғы­лы мен іс-әре­кеті мен (іріт­кі салуы­мен), бүлік шыға­руы­мен Ислам аты­на «Ислам тер­ро­риз­мі», «Ислам экс­тре­миз­мі» деген халы­қа­ра­лық үрей туғы­зар ата­у­лар­ды жап­сы­рып, кір кел­тір­ген уаһһа­би­лік ағым­ның біз­де ала-бөтен баға­ла­нып оты­рға­ны көп ойға жете­лей­ді. Расын­да да, бұлар­ды қанат­ты­ға қақтыр­май, тұм­сы­қты­ға шоқыт­тыр­май­тын жағ­дай­ға жет­кені­міз бе?

Сауд Ара­би­я­сы король­ді­гінің Мәде­ни­ет және ақпа­рат мини­стр­лі­гіне жазы­лған хат­тың аудармасы:

Құр­мет­ті, Мәде­ни­ет және ақпа­рат мини­стр­лі­гінің сыр­тқы ақпа­рат өкілі! (Сауд Ара­би­я­сы король­ді­гінің Мәде­ни­ет және ақпа­рат мини­стр­лі­гінің сыр­тқы ақпа­рат өкілі Абду­ла­зиз бен Салих бен Сала­ма – Ауд.)

«Асыл арна» теле­ар­на­сы­ның бас жетек­шісі Исам бен Салих әл-Уейдтің (сауди­я­лық сәлә­фи­лік бағыт­тың көр­нек­ті өкілі – Ауд.) Аса Мәр­те­белі­ге (Король­ге – Ауд.) жол­даған хаты және осы­ған қаты­сты пікірі­мізді сұраған1431/6/18 (2010÷6÷1 – Ауд.) күн­гі жібер­ген жедел­ха­ты­ңы­зға бай­ла­ны­сты былай дейміз.

Аса Мәр­те­белінің (Король­дің – Ауд.) Аста­на (Алма­ты) қала­сын­дағы елшілі­гінің (Қаза­қстан­дағы Сауд Ара­би­я­сы елшілі­гінің – Ауд.) мәлі­метіне қараған­да, «Асыл арна» – үкі­мет­тік емес теле­ар­на, 2008 жылы Қаза­қстан мұсыл­ман­да­ры діни басқар­ма­сы мен Әділет мини­стр­лі­гін­де­гі Дін істері коми­теті және басқа да билік орын­да­ры­ның тіке­лей қол­да­уы­мен негізі қаланған. Ақи­да­сы – Әһл сүн­нә уал-жамағат, мұсыл­ман­дар­дың ара­сын­да ортақ мүд­де­лер­дің қамын жейді.Бұл теле­ар­на Қаза­қстан­дағы ресми, қоғам­дық және діни тарап­тар­дың бар­лы­ғы­мен де тығыз бай­ла­ныс орнатқан. Сон­ды­қтан да бұл арна діни наси­хат жүр­гі­зетін теле­ар­на­сы жоққа тән, бол­са да, үкі­мет тара­пы­нан құры­ла­тын осы­нау аймақта ерекше маңы­зға ие. Оны­мен қоса, мұн­да (Қаза­қстан­да – Ауд.) қазақ халқы­ның ара­сын­да сопы­лық наси­ха­тын тара­тып, жаң­сақ істер­мен шұғыл­да­на­тын сопы уағыз­шы­лар тобы бар. Сон­дай-ақ шиит­тер­дің әсері әрі олар­дың Қаза­қстан­да бір­ша­ма бел­сен­ділік қау­пі де бар. Діни (сәлә­фи­лік – Ауд.) үгіт-наси­хат­тың бол­мауы Исла­мға қызы­ғу­шы­лар­дың аса бел­сен­ді исла­ми тобы­ның осын­дай бел­сен­ді шиит­тік жағы­на ауып кетуіне соқты­руы мүм­кін. Сон­дай-ақ (Қаза­қстан­дағы – Ауд.) елшілік атал­мыш арна­ның көп әрі алу­ан түр­лі мұқтаж­ды­қта­ры тура­лы хабар­ла­ды. Олар түсірілім мен мон­таж­да­уға, дуб­ляж жаса­уға керекті жал­пы сома­сы шама­мен бір мил­ли­он АҚШ дол­ла­рын құрай­тын бүгін­гі ең жетіл­ген құрал-жаб­ды­қтар­ды сатып алу­ды қалай­ды. Сон­дай-ақ жұмыс орны бола­тын ғима­рат сатып алу­ды және қыз­мет­кер­лер­дің санын арт­ты­ру­ды көз­дей­ді. Елшілік (Қаза­қстан­дағы Сауд Ара­би­я­сы елшілі­гі – Ауд.) аймақтағы жаңа сынақ ретін­де­гі маңы­зы­на қарай бұл арна­ны қол­дау дұрыс деп санай­ды. Бұл мәлі­мет­тер Сіздің таны­суы­ңыз үшін әрі Өзіңіз дұрыс деп тапқан шешім шыға­руы­ңыз үшін жіберілді.

Ең ізгі сәлем­мен, (Сауд Ара­би­я­сы Мәде­ни­ет және ақпа­рат мини­стр­лі­гіне қарас­ты – Ауд.) Ақпа­рат істері басқар­ма­сы­ның басты­ғы, құр­мет­ті елші Уса­ма Ахмад Нақ­лий Зафир Усей­ри 1431/08/01.

(Хат­тың араб­ша нұсқа­сы мына жер­де: https://wikileaks.org/saudi-cables/doc121022.html)

Abai.kz

 

 

Айт­пақ­шы

 

Total.kz интер­нет-агент­ті­гі бұл мәсе­ле­ге қаты­сты «Асыл арна» бас­шы­лы­ғы­нан сұх­бат алған екен. Арна­ны ашы­лған күн­нен басқа­ра­тын бір кез­дер­гі айтыс ақы­ны Мұха­меджан Таза­бе­ков сол сұх­бат­та: «Асыл арна» еш уақыт­та Сауд Ара­би­я­сы үкі­меті­нен де, бұл елдің өзге өкіл­дері­нен де, одан басқа шет мем­ле­кет­тері­нен де қар­жы­лай көмек алған емес…» – деп­ті (түп­нұсқа – Instagram желісін­де­гі qazaqnews парақшасы).

Солайы – солай-ақ шығар. Бірақ «ешу­ақыт­та», «ешқай­дан» қар­жы­лай көмек алмай­тын, жар­на­ма­дан жұр­дай теле­ар­на қалай күн көру­де? Эфир уақы­ты қым­бат тұра­тын теле­ин­ду­стрия өндірісін «ешқан­дай» қар­жы­лық құй­ы­лым­сыз қам­та­ма­сыз ету мүм­кін бе? Бүгін­де тіп­ті мем­ле­кет­тің баға­мын­дағы «Қаза­қстан» мен «Хабар» арна­ла­ры қар­жы тап­шы­лы­ғы сал­да­ры­нан ішкі бағ­дар­ла­ма­лық қысқар­туға тап болып жатқан­да, «Асыл арна­ның» айы мен күні қалай оңы­нан туып тұр? Бұл, әрине, телеөн­дірі­стен хаба­ры бар жур­на­ли­стер қауы­мы ара­сын­да айты­ла­тын рито­ри­ка­лық сұрақтар. Осы сияқты сан­сыз сау­ал­дарға тіке­лей жау­ап берем деген ниет­тері бол­са, «Асыл арна» бас­шы­лы­ғы айтар уәж­ге газет беті­нен орын беру­ге әзірміз.

Редак­ция

 

 

 

Бұл екі арада

 

Тер­ро­ризмді наси­хат­таға­ны үшін

ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ

 

Аста­на қала­сы­ның тұрғы­ны әле­умет­тік желілер­де тер­ро­ризмді наси­хат­та­ды деген күдік­пен қамауға алын­ды, – деп хабар­лай­ды Tengrinews.kz тіл­шісі қала­лық сот­тың бас­пасөз қыз­метіне сіл­те­ме жасап.

№2 Сары­арқа аудан­дық соты Ақмо­ла облы­сы­ның тума­сы­на қаты­сты қамау түрін­де­гі бұл­тарт­пау шара­сын санк­ци­я­ла­ды. 3 қазан­да ол қамауға алы­нып, ҚР ҚК 256 және 174-бабы бой­ын­ша айып тағыл­ды. Ол «ақпа­рат­тық бай­ла­ныс желілерін пай­да­ла­ну арқы­лы тер­ро­ризмді наси­хат­та­ды» және «діни араз­ды­қты туғызды»деп айып­та­лып отыр. Айта кетей­ік, әр бап 5 жыл­дан 10 жылға

дей­ін мүл­кін тәр­кілей оты­рып бас бостан­ды­ғы­нан айы­ру­ды қарастырады.

Қала­лық сот өкіл­дерінің айтуын­ша, айып­та­лушы Аста­на қала­сы­ның тер­ри­то­ри­я­сын­да қоғам­дық қауіп­сіздік­ке және қоғам­дық тәр­тіп­ке қар­сы ауыр заңбұ­зу­шы­лы­қты қасақа­на жаса­ды. «Бере­ха­нов тер­ро­ризм тура­лы мәлі­мет­ті әле­умет­тік желілер арқы­лы таратқан», – деп мәлім­деді бас­пасөз өкіл­дері. Оның «тәк­фір», «қару­лы жиһад» және «сала­физм» ради­кал­дық діни иде­я­сы­ның жақта­у­шы­сы екен­ді­гі айтылды.

Еске салай­ық, өткен апта­да Аста­на­да «Таб­лиғи жамағат» экс­тре­ми­стік ұйы­мы­ның мүше­лері ұсталған бола­тын. Елор­да­ның №2 Сары­арқа аудан­дық соты олар­ды қамауға алу тура­лы қау­лы шығарды.

Tengrinews.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн