Воскресенье , 6 июля 2025

Асылбек Боранбаев: «ТАМАША» – жүрегімнің БІР БӨЛШЕГІ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №15 (286) от 16 апре­ля 2015 г.

 

Бей­сен­бі­де­гі бетпе-бет

 

Қазақ сахна өнерін­де 35 жыл­дық тарихы бар «Тама­ша» әзіл-сықақ теат­рын­да ауыс-түй­іс болып, оның құра­мы толы­қтай жаңар­мақ­шы екен деген сөз шықты. Осы сөздің анық-қаны­ғын біл­мек­ке, осы театр­да 22 жыл қыз­мет еткен, оның соңғы жыл­дарғы көр­кем­дік жетек­шісі болған бел­гілі әртіс Асыл­бек Боран­ба­ев­ты «Бей­сен­бі­де­гі бет­пе-бет» айда­ры­на қонаққа шақы­рып, көп­шілік­тің көкей­ін­де жүр­ген сұрақтар­дың мән-жай­ын біл­ген едік.

 

– Асыл­бек мыр­за, сізді бөлек театр ашып, «Тама­ша­ның» жетек­шілі­гі­нен кет­ті деген хабар шықты…

– Иә, мұн­дай хабар­дың «жаны» бар. Әңгі­мені әрі­ден бас­та­сам, «Тама­ша­да» 22 жыл­дай қыз­мет жаса­дым: өмірім­нің бір бөл­ше­гі осы театр­да қала­ты­ны рас. «Тама­шаға» алғы­стан басқа айта­рым жоқ. Әрине, Лұқ­пан, Құдай­бер­ген, Уайс, Тоқ­сын аға­лар сияқты нағыз тар­лан­дар­дың көзін көр­ген, сахна­да солар­мен бір­ге жұмыс жасаған­дар­дың бірі – мен­мін. Десек те, жаңа театр ашуға бел буып отыр­мын. Адам әрқа­шан іздені­сте болуы керек. Оған қоса шәкірт тәр­би­е­ле­гім келді.Театрдан кет­кен жалғыз мен емес, маған дей­ін де және кей­ін де кететін әртістер бар… Ал «Тама­ша­дан» менің кетуім бөлек­теу әңгі­ме: мұн­да мен сияқты 22 жыл істе­ген әртіс кем­де-кем. Деген­мен, өзім­ді өсір­ген театр­дан кету маған оңай болған жоқ…

– Деген­мен, «Арқа­да қыс жақ­сы бол­са, арқар ауып несі бар?» деген­дей, бөлек театр құрып, оңа­ша кетуіңіз тек­тен-тек­ке бол­маған шығар?

– Ия, дұрыс айта­сыз. «Қазан­шы­ның еркі бар, қай­дан құлақ шығар­са» демек­ші, «Тама­ша­ның» иесі мен емес. Бұл театр­дың бас­шы­сы – марқұм Лұқ­пан аға Есе­но­втің қызы  Әлия Есе­но­ва. Лұқ­пан аға көзі тірісін­де «Тама­ша­ны» қызы­на ама­нат­тап кет­кен бола­тын. Ал шығар­ма­шы­лы­ғын маған ама­нат­таған еді. Сол ама­натқа адал болуға барын­ша тыры­стым. Ама­нат­ты аяқ-асты етпей, күшім мен өрем жет­кен­ше өлтір­ме­у­ге күш салдым.

Тура­сын айтай­ын: мені «Тама­ша» теат­ры­нан ешкім шығарған жоқ және бұл бір күн­де қабыл­данған шешім емес. Шыны керек, 4–5 жыл­дай уақыт ойла­нып жүріп, өз еркім­мен осын­дай шешім­ге кел­дім. «Тама­ша­ның» да маған рах­мет­тен басқа айта­ры жоқ шығар деп ойлай­мын. Сон­ды­қтан Әли­я­мен келі­се оты­рып, «Тама­ша­дан» кететінім­ді айт­тым. Мен ешкім­ді өзім­мен бір­ге ала кет­кен жоқ­пын, әртістерін де тар­тып алма­дым. Ұжым­мен ақыл­да­са оты­рып, өзім­нің кететінім­ді айт­тым: «Өз теат­рым­ды аша­мын, мені­мен жүретін­дерің – жүрің­дер, театр­да қала­ты­ң­да­рың – қалы­ң­дар, ертең­гі күні артық әңгі­менің, дау-дамай­дың қажеті жоқ, асы­қ­паң­дар, ойла­ны­ң­дар», – дедім. Бір ауы­здан ұжым мені қол­дап: «Сіз қай­да бар­саңыз, біз – бір­ге­міз», – деді.

– Деген­мен, соңғы жыл­да­ры теат­рға қаты­сты сын­дар көп айтыл­ды ғой…Бір кез­дері бүкіл ел-жұрт­ты теле­жә­шік­ке төн­дір­ген «Тама­ша­ның» соңғы жыл­да­ры тоқы­рап қалуы­на не себеп бол­ды деп ойлай­сыз? Қалай десек те, бұл театр­да 22 жыл ғұмы­ры­ңы­зды сарп еттіңіз: жақ­сысы мен жама­ны көз алды­ңы­зда өтті дегендей…

– Мұн­дай сын­дар 15 жыл­дан бері айты­лып келеді. Теат­рға кім келіп, кім кет­пей жатыр?! «Бауы­р­жан-шоудан» бастап, «Терісқақ­пай», «Күл­кі керу­ені», «Тақия мен мафия» және «Аққу-Гәк­ку» атты театр­дың бәрі – «Тама­ша­дан» шықты. Елде бұл театр­ларға қаты­сты аса бір ала­бө­тен сын естіл­мей­ді. Неге? Себебі «Тама­ша» – солар­дың бәрінің үлкен мек­тебі. «Түй­енің үлкені өткел­де таяқ жей­ді» деген – осы. Иә, осы ширек ғасы­рға жуық уақыт ара­лы­ғын­да біраз нәр­сені көр­дім. Марқұм Құдай­бер­ген аға өмір­ден өткелі, театр­дан әртістер бір-бір­леп кетіп, «Тама­ша­ның» мәні қожы­рай баста­ды. Сын сол кез­ден айты­ла бастады.

– Қалай десеңіз де, өткен жыл­дың соңын­дағы Рес­пуб­ли­ка сарай­ын­да болған «Тама­ша­ның» қой­ы­лы­мы­на 300-ден асар-аспас қана көре­рмен кел­ді деген «суық хабар­ды» интер­нет­тен оқы­ған едік… Бұл 35 жыл­дық тарихы бар театр­дың тоқы­ра­уын көр­се­тетін жағ­дай емес пе?

– Соңғы жыл­да­ры «Тама­ша­ның» қой­ы­лы­мы­на келетін жұрт­тың сел­діреп кет­кені жасы­рын емес. Мен біре­уді айып­тағым кел­мей­ді. Бірақ көре­рмен тар­ту ісі­мен айна­лы­са­тын да, сахна­ны безен­діретін де – «Тама­ша­ның» бас­шы­сы Әлия Есе­но­ва. Алай­да 35 жыл­дық тарихы бар театр тоқы­ра­ды деген­ге келі­се алмай­мын. Иә, театр әртістері құра­мын­да ауыс-түй­істер бола береді. Бірақ бұл театр біз кет­кен­нен кей­ін де өмір сүре бер­мек. Жаңа әртістер құра­мы, жаңа ұжым келіп жаңа­ша­лай­тын шығар. Жүре­гім­нің бір бөл­ше­гі болған теат­рым­ды жаман­шы­лы­ққа қимаймын.

– Ал енді жаңа театр­ды «Тама­ша тар­ту» деп атаған екен­сіз, бұл ата­удың түбірі тұрғы­сын­да үлкен «Тама­ша» тара­пы­нан дау шығып жатыр деген сөз естідік…

– Алға­шқы­да «Тама­ша тар­ту» деп атағым кел­ген. Бірақ бұл ойым­ды көп­шілік баста­пқы­да дұрыс түсін­бе­ген сияқты. Менің ойым – «Тама­ша тар­ту» деген ата­уы «Тама­ша­ның» бір тар­туы, бала­сы деген ниет­те атағым кел­ген. Бірақ кей­ін­нен артық сөз­ден ада болай­ын деп, жаңа театр­дың ата­уын «ТТТ» деп өзгерт­тім… «ТТТ» деген не мағы­на біл­діреді деген сұрақтың жау­а­бын құпия қал­ды­ру­ды жөн сана­дық. Оның қан­дай мән-мағы­на беретінін кон­церт­ке келетін көре­рмен біле жатар. Айта кетей­ін, «Тама­ша» тура­лы бір ауыз сөз айтыл­май­ды. «ТТТ» өзге­ше театр болмақ…

– Сон­да «ТТТ»-ның басқа әзіл-сықақ театр­ла­ры­нан өзге­шелі­гі бола ма? Біздің елде бір-бірі­нен аумай­тын театр­лар қап­тап кет­ті ғой…

– Бүгін­гі әзіл-сықақ театр­ла­рын­ды бір-бірі­нен асып түсетін өзге­шелік бай­қал­май­ты­ны рас. Себебі – олар­дың бар­лы­ғы «Тама­ша­дан» таралған, әрі «Тама­ша­ның» қалы­бын ұстап келе жатқан театр­лар. Тек өзге­шелі­гі бар бір ғана театр – ол «Өнер қырандары».

Сол секіл­ді мен де «Тама­ша­ның» қалы­бы­нан бөлек, өзге теат­рға ұқса­май­тын, өзге­ше қалып жаса­уға тыры­сып жатыр­мын. Сол себеп­ті кәсі­би режис­сер­лар­ды шақыр­дым. Алдағы уақыт­та қаза­қстан­дық әзіл-сықақ театр­ла­ры әле­мін­де көп өзгеріс болып, маз­мұн­ды бір­тақы­рып­ты спек­такль тәрізді қой­ы­луы да мүмкін.

– Сықақ­шы-жазу­шы­лар айта­ды: «Біздің жазға­ны­мы­зды театр­лан­ды­ра­тын режис­сер­лар жоқ» деп. Ал сықақ­шы-әртістер айта­ды: «Сахнаға лай­ық сати­ра жаза­тын автор­лар жоқ» деп. Осы екі пікір­дің дұрыс орта­сы қай­сы деп білесіз?

– Екі пікір­мен де келі­су­ге  бола­ды. Шынын­да, біздің театр­лар­да арнайы маман­ды­ры­лған режис­сер­лар жоқ. Оны мой­ын­да­уы­мыз керек. Әртістер қауы­мы өзі­міз дай­ын­да­лып, сахнаға өз біл­гені­міз­бен шыға сала­мыз. Негізі, шетел­дер­ді қарап отыр­сақ, олар­дың өз режис­сер­ла­ры бар. Әртістер­мен ақыл­да­са оты­рып, жұмыс жасай­ды. Ал біздің елде мұн­дай кәсі­би режис­сер­лар жоқ.

Екін­ші мәсе­ле­ге келер бол­сақ, сахнаға лай­ы­қтап жаза­тын автор­лар жоқтың қасы екені тағы рас. Олар айта­ды: «Сен осы дүниені сахнаға шығар», – деп. Сол сахна­лай­тын дүниені алып оқы­саң, оның дра­ма­тур­ги­я­лық құры­лы­мы сахна­ла­у­ға кел­мей­ді. Өзгер­тей­ік десең, автор­лар сол қал­пы­ң­да қалға­ның қалай­ды, сосын бас тар­та­сын. Қазір сахнаға лай­ы­қтап жазып жүр­ген Мұх­тар аға Шерім, кезін­де өз мис­си­я­сын орын­даған Толым­бек пен Көпен аға­ла­ры­мыз бар.

– Сіз айтып оты­рған бел­гілі сати­рик-жазу­шы Мұх­тар Шерім біздің газет­ке бер­ген сұх­ба­тын­да: «Әзіл-сықақ театр­ла­ры­ның сая­си сати­раға тістері бат­пай­ды…», – деген еді. Ал сықақ­шы-әртістер­дің айтуы­на қараған­да, олар­дың өткір дүни­е­лерін теле­ди­дар­дағы­лар «кесіп тастай­ды» екен.Кімнің сөзіне сенеміз?

– Иә, сахна­ланған қой­ы­лым теле­ди­дар­да «кесіліп» қала­ты­нын мой­ын­да­уы­мыз керек. Талай шығар­ма­ла­ры­мы­здың кесіл­ген жер­лері, өткіз­бе­ген тұста­ры да бол­ды. Сати­ра­ның мін­деті – ашып айту емес, астар­лып айту. Театр – ашып айта­тын сая­си мін­бер де емес. Ашып айта­тын сая­сат­кер­лер бар. Соны­мен бір­ге «сати­ра» деген жанр – ыржа­лы­қтап күле беру емес, айта­тын астар­лы ойы бар, қоғам­да болып жатқан мәсе­ле­лер­ді тұс­пал­дап, әде­мі қал­жы­ң­мен жет­кі­зу. Сати­ра­да бастан-аяқ күліп оты­ру мүм­кін емес: режис­сер­лар ондай мақ­сат­ты алға қой­май­ды. Ең басты­сы – әде­мі әзіл­ді әде­би, мәде­ни тіл­мен сахнаға жеткізу.

– Деген­мен, әзіл-сықақ теат­ры­ның маман­да­ры сая­си сати­ра­ны тек билік­ті сынау деп түсініп, бұл тақы­рып­тан ат-тон­да­рын ала қаша­ды. Бұдан өзге де сахна­лай­тын сати­ра­лық тақы­рып­тар көп қой: жемқор­лық, парақор­лық, бюро­крат­тық, орал­ман ағай­ын­дар зары, әкім­дер­дің әпер­бақан әңгір­та­яғы… Бұл тақы­рып­тарға тый­ым салын­баған болар?

– Қай мем­ле­кет­те бол­ма­сын, қоғам­да болып жатқан небір түйт­кіл мәсе­ле­лер жет­кілік­ті. Осын­дай өзек­ті мәсе­ле­лер­ді айту – мін­деті­міз. Мұн­дай тақы­рып­тарға тый­ым салып жатқан ешкім жоқ. Бәрі өлшем­мен болға­ны дұрыс.

– Соны­мен «ТТТ»- ның алға­шқы қой­ы­лы­мын қашан тама­ша­лай­тын бола­мыз? Ел-жұрт­ты жаңа­ша күл­ді­ру үшін не дай­ын­дап жатырсыздар?

– Алла бұй­ырт­са, «ТТТ»- ның алға­шқы шымыл­ды­ғы 2 мамыр­да «Сту­дент­тер сарай­ын­да» ашы­ла­ды. Баста­луы сағат кеш­кі 6‑да. Жаңа­ша театр­дың жаңа­ша тар­туын есі­гі­мізді ашқан көре­рмен көре жатар деп ойлаймын…

– Енде­ше, іске сәт, жаңа теат­ры­ңы­здың бағы жансын!

Сұх­бат­тасқан –

Жан­сая ЕРТАЙ,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн