Суббота , 5 июля 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстанда саяси жүйе АУЫСУЫ МҮМКІН

Кон­сти­ту­ция бой­ын­ша Қаза­қстан билі­гін­де­гі екін­ші адам, пар­ла­мент сена­ты­ның төраға­сы Қасым-Жомарт Тоқа­ев «Рос­сий­ская газе­таға» бер­ген сұх­ба­тын­да елі­міз­де пар­ла­мент­тің өкілет­тілі­гі кеңе­юі мүм­кін екенін айтқан, – деп хабар­лай­ды «Қам­шы» порталы.

Ресей­лік басы­лым Қасым-Жомарт Кемелұлы­ның елде­гі кезек­тен тыс өткелі оты­рған пар­ла­мент­тік сай­лау, сая­си жүй­енің дамуы мен Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одаққа қаты­сты қоғам­ның көңіл-күйі тура­лы пікір­лерін білген.
Сұх­ба­тын­да Қасым-Жомарт Тоқа­ев Қаза­қстан­ның бола­шақта пар­ла­мент­тік-пре­зи­дент­тік басқа­ру жүй­есіне көшетінін айтқан.
«Пар­ла­мент­тің рөлін күшей­ту про­цесі кеше басталған іс емес. Бүгін­де пар­ла­мент заң шыға­ру­шы қыз­мет­тен басқа елде­гі кадр­лық сая­сатқа тіке­лей ара­ла­са­ды. Пре­зи­дент пре­мьер-мини­стр­ді, Ұлт­тық банк төраға­сын, бас про­ку­рор мен Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­тетінің төраға­сын пар­ла­мент­тің келісім беруі­мен тағай­ын­дай­ды, Жоғарғы сот төраға­сы мен судья­ла­ры, басқа да лау­а­зым­ды тұлға­лар депу­тат­тар­дың келісі­мі­мен сай­ла­нып, қыз­мет­тері­нен боса­ты­ла­ды», – деген Қ. Тоқа­ев бүгін­нің өзін­де депу­тат­тық кор­пу­стың елдің сая­си өміріне бел­сен­ді ара­ла­са­ты­нын айтқан.
«Менің ойым­ша, Қаза­қстан­да пар­ла­мент­тің рөлі арта береді. Мұн­дай сенім­ділік­ке пре­зи­дент Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың стра­те­ги­я­сы да себеп болып отыр. Біз Қаза­қстан­да сая­си рефор­ма­лар есеп­пен, орта тап­тың қалып­та­суы мен аза­мат­тық қоғам­ның даму дең­гей­іне қарай жүр­гізіліп келеді деп санай­мыз. Біз мем­ле­кет­тің эва­лю­ци­я­лық дамуын жақтай­мыз. Сон­ды­қтан Қаза­қстан бола­шақта күшті пар­ла­мент­пен бір­ге транс­па­рент­ті және есеп­ті үкі­мет әре­кет ететін пар­ла­мент­тік-пре­зи­дент­тік басқа­ру жүй­есіне көшетінін жоққа шығар­май­мын. Бірақ бұл менің жеке болжа­мым. Ақы­рғы сөзді пре­зи­дент пен қоғам айта­ды», – деген Қ. Тоқаев.
Сон­дай-ақ Қ. Тоқа­ев мыр­за­ға «Қаза­қстан­да елдің еура­зи­я­лық инте­гра­ци­я­лық про­це­стер­ге және халы­қа­ра­лық инсти­тут­тарға қаты­суы­на қаты­сты бала­ма көзқа­рас­тарға ие сая­си күш­тер бар ма?» деген де сұрақ қойылған.
«Аймақтық коопе­ра­ци­я­ларға бала­ма – өзін-өзі оқша­у­лау. Мұн­дай пер­спек­ти­ва халы­қтың кең көлем­ді қол­да­уы­на ие бола қоюы екіта­лай. Екін­ші мәсе­ле – инте­гра­ция сапа­сы. Мыса­лы, Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық комис­сия жұмысын Қаза­қстан­нан басқа да ұйым мүше­лері сынап жатыр. Бұл бір­ле­стік­тен халы­қа­ра­лық эко­но­ми­ка­лық ұйым ретін­де күтілетін дүние көп. Сон­ды­қтан дер кезін­де ЕАЭО-ға мүше бар­лық елдер­дің мүд­десін қам­ти­тын іс-қимыл­дар алго­рит­мін жасау керек. Мем­ле­кет бас­шы­ла­ры кең өкілет­тілік беріп оты­рған Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық комис­сия жұмысы­ның маңы­зы да осы.
Соны­мен қатар алға қарай ерте­рек озып кетіп, ЕАЭО жұмысын қиын­да­та­тын баста­ма­лар­мен де асы­ғы­стық жаса­мау керек. Инте­гра­ция аза­мат­тар­дың әл-ауқа­тын арт­ты­руға, елдер­ді әлем­дік эко­но­ми­ка­ның жетек­ші орын­да­ры­на шыға­руға қыз­мет етуі тиіс», – деген жау­а­бы­мен Қ. Тоқа­ев ел ішін­де Ресей бастаған эко­но­ми­ка­лық одаққа ешқан­дай нара­зы­лық жоқ деп бір-ақ кесіпті.
qamshy.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн