Суббота , 5 июля 2025

ҚАТТЫ ҚИНАЛАСЫЗ, Карим Кажымканович!

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №39 (310) от 12 нояб­ря 2015 г.

 

Қаз-қал­пын­да

 

Газет редак­ци­я­сы­на бел­гілі қазақ қай­рат­кері, ағай­ын елдің жана­шы­ры, ақын Ауыт Мұқи­бек­тің ҚР пре­мьер-мини­стрі Кәрім Мәсі­мов­ке жол­даған ашық хаты кел­ді. Біз ақын жазған хат­ты қаз-қал­пын­да жари­я­лап отырмыз.

 

Кәрім Қажы­мқанұ­лы!

«Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның кей­бір заң­на­ма­лық актілеріне халы­қтың көші-қоны және жұмыспен қам­ты­луы мәсе­ле­лері бой­ын­ша өзгерістер мен толы­қты­ру­лар енгі­зу тура­лы» Заң жоба­сы Пар­ла­мент­тің қос пала­та­сы­ның мақұл­да­уы­нан өтіп, Елба­сы­ның қол қоюы­на жіберіл­гелі тұр.

Атал­мыш Заң жоба­сын­да 49-бап­тың 9‑тармағы сіз ұсы­нған «ауыр неме­се аса ауыр қыл­мыс жасаға­ны үшін алын­баған неме­се өтел­ме­ген сот­ты­лы­ғы бар» деген редак­ци­я­мен кетіп бара­ды. Мәжіліс енгіз­ген өзгер­ту­ге пысқырмадыңыз!

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Ішкі істер мини­стр­лі­гінің сұра­туы­на сай, елі­міз­де­гі ҚХР елшілі­гі бер­ген жау­ап хат­та бұл тура­лы «Кiру мен шығу мәсе­ле­лерiн рет­теу тура­лы» 2012 жылы 30 мау­сым­дағы ҚХР Заңы­ның 12-бабы­ның 2, 3‑тармақтарына сәй­кес, егер де Қытай аза­ма­ты сот­та­лып, оның мерзi­мi өтел­ме­ген бол­са, аза­матқа қар­сы қыл­мыстық iс қозға­лып не қыл­мыс жаса­ды деп күдiк­ке iлiнiп, тер­геу үстiн­де бол­са, сон­дай-ақ аяқтал­маған аза­мат­тық сот­тық iс бой­ын­ша елдiң аумағы­нан тыс кету­ге шек­теу қой­ы­лған жағ­дай­да, оған шетел­ге шығуға тый­ым салы­нуы мүм­кiн» – деп келедi де, «Пас­порт­тар­ды беру тура­лы» 2006 жылы 29 сәуiр­де­гi ҚХР Заңы­на сәй­кес бұл санат­тағы Қытай аза­мат­та­ры­на ұлт­тық пас­порт­тар рәсiм­дел­мей­дi (ақпа­рат қоса тiр­кел­ген)» – деп бiрақ кесiптi.

Демек, сіз қауiп­те­нетiн – «ауыр неме­се аса ауыр қыл­мыс жасаға­ны үшiн алын­баған неме­се өтел­ме­ген сот­ты­лы­ғы бар» аза­мат­тарға Қытай­да шетел­ге шығуға тый­ым салы­нған! Ендi ол елден келетiн қаза­қтар­дан сіздің экс­тре­мизм мен тер­ро­ризм тура­лы қауіп­тен­бей-ақ қоюы­ңы­зға әбден болады.

Егер жаңа Заң жоба­сы қол­да­ны­сқа енген соң, ҚХР елшілі­гі бер­ген бұл жау­ап хат­ты місе тұт­пай, ол келетін этни­ка­лық қаза­қтар тұрақты тір­ке­у­ге тұрар­да «сот­ты­лық» тура­лы және аны­қта­ма талап етсеңіз, онда бар сал­мақ тіке өзіңіз­ге түсей­ін деп тұр, Карим Кажим­ка­но­вич! Қат­ты қина­лай­ын деп тұрсыз!!!

Соңғы мәлі­мет­тер­ге қараған­да, Қытай елінің бас газеті «Жэнь­минь жибао» 2015 жыл, 25 тамы­здағы санын­да ҚХР Қоғам қауіп­сіздік мини­стр­лі­гінің осы жыл­дың 22 тамы­зын­дағы бұй­ры­ғы­на сіл­те­ме жасай оты­рып, «ҚХР Қоғам қауіп­сіздік тара­у­ла­ры жағы­нан беріл­мей­тін 18 түр­лі аны­қта­ма­ның» тізім­ді­гін жариялапты.

Сол «18 аны­қта­ма­ның» 14-сі «сот­ты­лы­ққа, яғни заңға қай­шы қыл­мысы­ның бар неме­се жоқты­ғы­на» бай­ла­ны­сты аны­қта­ма екен.

Онда:

«Кез кел­ген жеке тұлға­ның қыл­мысқа қаты­сты­лы­ғы жөнін­де­гі мәлі­мет қоғам­дық қауіп­сіздік меке­ме­лерінің ішкі шаруа­сы. Сол себеп­ті мем­ле­кет­тік әкім­шілік және әділет меке­ме­лері жеке тұлға­ның сая­си толым­ды­лы­ғын тек­сер­гісі және де жеке тұлғаға қаты­сты басқа да мәлі­мет­тер­ді аны­қтағы­сы кел­се; ал кәсі­по­рын­дар мен қоғам­дық меке­ме­лер өз қара­мағын­дағы аса маңы­зды деген лау­а­зым­ды орын­дарға тағай­ын­да­мақ­шы болған жеке адам­дар жай­лы толық мағлұ­мат алғы­сы кел­се; аны­қта­ма талап еткен орын­ның тек­се­ру өкілет­ті­гі бар құзірет­ті ада­мы арнайы қыз­мет­тік куәлі­гі­мен және аталған меке­ме­лер­дің арнайы қаты­нас хаты­мен кел­ген жағ­дай­да ғана мәлі­мет берілуі мүм­кін. Ал аталған аны­қта­ма жеке тұлға­ның өз қолы­на бұдан былай­ғы жер­де ешқа­шан беріл­мей­ді» – делінген!

Және ол бұй­ры­қтың жер­гілік­ті жер­лер­де қатаң атқа­ры­лып жатқа­ны да аны­қта­ма сұрап барып жатқан қан­даста­ры­мыз арқы­лы мәлім болды.

Демек, «сот­ты­лы­ғы» тура­лы аны­қта­ма­ны енді орал­ман­дар емес, ҚР Үкі­мет басы болған, Кәрім Қажы­мқанұ­лы, өзіңіз неме­се ІІМ-нің орын­ба­са­ры Ерлан Тұрғын­ба­ев Үкі­мет­тің арнайы хатын апа­рып, қыз­мет куәлік­теріңізді көр­сетіп тұрып алу­ла­ры­ңыз керек! Бол­ма­са, Көші-қон поли­ци­я­сы депар­та­мен­тінің басты­ғы Серік Сай­ы­но­вты жібе­ру­леріңіз­ге тура келеді! «Осы­лай да осы­лай, Көші-қон заңы­ның 49-бабы­ның 9‑тармағына сай, біз орал­ман­дар­ды тұрақты тір­ке­у­ге тұрғы­зу­да бұрын сот­талған не сот­тал­маға­нын білуі­міз керек! Соған сіз­дер­ден АНЫҚТАМА сұрап кел­дім!» – деп хансушалап…

Өйт­кені, қай­та­лап оқып көріңіз, ҚХР Қоғам қауіп­сіздік мини­стр­лі­гінің бұй­ры­ғы­ның шар­ты солай, «аны­қта­ма талап еткен орын­ның тек­се­ру өкілет­ті­гі бар құзірет­ті ада­мы арнайы қыз­мет­тік куәлі­гі­мен және аталған меке­ме­лер­дің арнайы қаты­нас хаты­мен кел­ген жағ­дай­да ғана мәлі­мет берілуі мүм­кін. Ал аталған аны­қта­ма жеке тұлға­ның өз қолы­на бұдан былай­ғы жер­де ешқа­шан берілмейді!»

Сосын, есіңіз­де бол­сын, жібе­ретін ада­мы­ңы­здың лау­а­зы­мы Серік Сай­ы­но­втан төмен бол­ма­сын. Мен білем, одан төмен­гілер­ді Қытай жағы мен­сіне бер­мей­ді. Қытай елі өзін қазір АҚШ-пен тең, тіп­ті артық санай­ды. Ең жасқ­сысы, қытай тілін жетік білесіз ғой, өзіңіз барға­ны­ңыз жөн!

Бір бара­сыз, екі бара­сыз, үш бара­сыз… Қан­ша қазақ келеді, сон­ша мәр­те баруы­ңыз керек! Бірақ, көр де тұры­ңыз, екі-үш рет­тен кей­ін хан­су әріп­те­стеріңіз шам­да­на­ды. «Өткен­де елшілік арқы­лы жау­ап бер­дік қой, бұл заң­да­ры­ңы­зды кім жасаған өзі?!» деп сұрай бастайды!

Оһ! Кәрім Қажы­мқанұ­лы, тура осы жер­де қат­ты абай болы­ңыз! Құдай атып, «Елба­сы­ның тіке­лей тап­сыр­ма­сы­мен…» деп, масқа­ра болып жүрмеңіз!

Ұлт көш­бас­шы­сы ешқа­шан бұлай тап­сыр­ма бер­ген жоқ!!!

Қай­та Нұр­сұл­тан Әбі­шұ­лы «Пар­ла­мент­те «Халы­қтың көші-қоны тура­лы» заң жоба­сы қара­лу­да. Кеңі­нен талқы­ла­нып, қабыл­да­на­тын жаңа Заң қан­даста­ры­мы­здың жағ­дай­ын жақ­сар­туға сеп­ті­гін тигі­зеді деп есеп­тей­мін. Ол қан­даста­ры­мы­здың құжат тап­сы­ру­да, тір­ке­у­ге тұру­да, аза­мат­тық алу­да кез­де­сетін түр­лі кедер­гілер­ді жоюы тиіс» деумен келеді. Бәрін жасап жүр­ген өзіңіз­сіз, Карим Кажимканович!!!

Ауыт МҰҚИБЕК,

ақын,

Аста­на

 

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн