Воскресенье , 6 июля 2025

АТЫРАУ су астында ҚАЛДЫ

 

Аты­рау облы­стық Төтен­ше жағ­дай­лар депар­та­мен­ті нөсер­летіп жауған жауын­нан 50-ге жуық үйді су басқа­нын хабарлады.

 

Бір­не­ше күн­нен бері Аты­рау облы­сын­да күшті жауын жауып, жел­дің екпіні 15–20 м/с жет­кен көрі­неді. Төтен­ше жағ­дай­лар депар­та­мен­тінің соңғы мәлі­меті бой­ын­ша, 49 үйден 532 адам эва­ку­а­ци­я­ланған. Әзір­ге топан­с­у­дан зақым­данған үйлер­дің нақты саны бел­гісіз. Өңір­де Аты­рау қала­сы­ның әкі­мі­мен бір­ге ТЖД және «Өрт сөн­ді­ру және апат­тық-құтқа­ру жұмыста­ры» МБ бас­шы­лы­ғы­нан штаб құрылған.

Қаз­ТАГ агент­ті­гінің хабар­ла­у­ы­на сәй­кес, кеше екі үй құлаған. 252 аула су астын­да қал­ды. Соңғы мәлі­мет­тер­ге қараған­да, Аты­ра­удағы ескі көпқа­бат­ты үйлер­дің зақым­да­ну қау­пі күшей­ген. Ал «Қаз­гид­ро­мет­тің» хабар­ла­уы бой­ын­ша, Кас­пий­ден үйіріл­ген цик­лон­ның әсері әлі де екі күн сақта­луы мүмкін.

Ал бұл екі ара­да елі­міздің оңтүсті­гін­де күн­діз­гі ауа тем­пе­ра­ту­ра­сы 38 гра­дусқа дей­ін көтеріледі, – деп хабар­ла­ды Tengrinews.kz тіл­шісі «Қаз­гид­ро­мет» кәсі­пор­ны­на сіл­те­ме жасап.

Синоп­тиктер­дің 14–16 мамы­рға арналған ауа райы болжа­мы­на сәй­кес, Кас­пий теңізін­де қалып­тасқан цик­лон осы күн­дері Қаза­қстан аумағы бой­ын­ша сол­түстік-шығыс бағы­тын­да жыл­жи­тын бола­ды. Осы цик­лон­мен және оны­мен бай­ла­ны­сты атмо­сфе­ра­лық фронт­тар­мен рес­пуб­ли­ка­ның көп­те­ген облы­сын­да най­за­ғай­лы өткін­ші жаң­быр жауады.

Еске сала кетей­ік, бұған дей­ін синоп­тиктер Қаза­қстан­ның сол­түсті­гін­де 3 гра­дусқа дей­ін суық бола­ты­нын хабар­ла­ды. Қаза­қстан аумағы­на баты­стан кел­ген цик­лон рес­пуб­ли­ка­ның көп­те­ген облы­сы­на жаң­быр әкел­ді. 9 мамыр­да оның әсері өзгеріс­сіз қал­ды, ал оны­мен бір­ге най­за­ғай­лы және екпін­ді желі бар өткін­ші жаң­быр сақталды.

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн