Суббота , 5 июля 2025

Ауданның ақсақалдары ҚАРСЫЛЫҚ БІЛДІРДІ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №7 (371) от 23 фев­ра­ля 2017 г.

Ел іші не дейді?

 


Ақпан­ның 20-сын­да аудан арда­гер­лерінің кезек­ті жиы­ны өтіп, көк­тем­гі таза­лық жұмыста­ры­мен қатар, ҚР Кон­сти­ту­ци­я­сы­ның 26-бабы­на енгізілу­ге ұсы­ны­лған өзгерістер тура­лы да сөз бол­ды. Ескер­те кетей­ін, өткен жылы «Жер дауы» көтеріл­ген­де, аудан жұрт­шы­лы­ғы­ның алды­ңғы сапын­да біра­уы­здан қар­сы­лық таны­тып, 430-дан аса халы­қтың қолын жинап, «Жас Алаш» газетіне жол­даған едік.

 

Жина­лыс үстін­де «Кон­сти­ту­ци­я­ның 26-бабын­дағы «Қаза­қстан аза­ма­ты» деген сөзді «әркім» деген сөз­бен ауы­сты­ру жөн бе?» деген сұрақ туды. Оған ауған арда­гер­лері кеңесінің мүше­сі Бал­та­бай Салы­қ­ба­ев: «26-бапқа өзгеріс енгі­зетін бол­сақ, біз келе­шек­те бала-шаға­ла­ры­мыз бен неме­ре­лері­міз­ге үй салуға жер таба алмай қала­мыз», – деді.

Ал Кеңе­стің тағы бір мүше­сі Қаза­қ­бай Бай­жұ­ма­нов: «Өткен жылы Жер­ді сауда­ла­у­ға бай­ла­ны­сты тұм­сы­қта­ры тасқа тірел­ген соң, сол жос­пар­ла­рын іске асы­ру үшін тапқан амал­да­ры болу керек» деп, билік көз­де­ген мақ­сатқа қар­сы пікір­дің тоқе­терін айт­ты. Сол сияқты Аман­жан Өтел­ба­ев, Әділ­хан Сәу­ле­ба­ев, Жүмәділ­дә Бәй­те­ре­ков, т.б. ақсақал­дар біра­уы­здан рені­шті қар­сы­лы­қта­рын білдірді.

Билік алда да арам пиғыл­ды әре­кет­тері­нен бас тарт­па­са, халы­қтың ашу-ыза­лы қаһа­ры­на ұшы­рай­тын­ды­ғы анық байқалды.

 

Мәкен УАҚТЕГІ,

Қаза­қстан Жур­на­ли­стер одағы­ның мүшесі,

Шу ауда­ны­ның Құр­мет­ті азаматы

 


НАҒЫЗ АҚЫРЗАМАН

26-шы бап­тан кей­ін болады

Ақыр заман­да «адам­дар ондай бола­ды», «мұн­дай бола­ды» дей­тін­дер бар.

Ешқан­дай да ақыр­за­ман қорқы­ны­шты емес! Қазақ үшін ең қорқы­ны­шты­сы – 26-бап­тың өзгер­ген­нен кей­ін­гі ақырзаман!

Егер осы бап өзгер­ген жағдайда:

Қазақ ерке­гі – еркек­пін деп, әйелінің қасы­на жатпасын!

Жігіті – жігіт­пін деп, қыздың қолы­нан ұстамасын!

Әйел­дер бала санын көбейт­пей-ақ қой­сын! Егер жер­ден айы­рыл­сақ, ез еркек­ті қасы­ңа жолат­па! Жігер­сіз жігіт­ке қолы­ң­ның ұшын ұстатпа!

Ал әйел­дер мен қыздар, ездер мен жігер­сіз­дер­дің тексіз ұрпағын көбейт­пе­ң­дер!.. Сон­да ұрпағы­ң­ды қай жер­ге жаймақшысың?!…

• Ардақ Әші­мо­ва­ның ФБ-парақшасынан

 

 

МЕНОСЫ ЖЕРДІҢ ИЕСІМІН!

 

Пре­зи­дент­тің соңғы «жол­да­уы» мен «үнде­уінің» астын­да үйдей пәле пен арам пиғыл жатыр. Аяқ асты­нан апыл-ғұпыл жау тиген­дей, тіке­лей эфир­ге шыққа­ны­нан-ақ, іші құрғыр қылп еткен!

 

Мен – осы Қазақ елінің, қазақ ұлты­ның пат­ри­о­ты, жер иесімін!

Талай ғасыр, сан­сыз жау­мен айқа­сып, қанын судай төгіп, жанын қиып, ұрпағы үшін ажалға баста­рын тік­кен баба­ла­ры­мы­здың ама­на­ты – қаси­ет­ті, киелі жері­міздің мұра­гері ретін­де Ата Заңы­мы­здың 26-бабы­на енгізіл­мек өзгерістер­ге түбе­гей­лі қар­сы­мын. Бұл өзгер­ту – Қазақ жерін бөл­шек­те­удің Қытай мен Ресей­ге жер берудің біраз­дан бері талай қаза­қтың қанын қарай­тып, жүре­гін ауыр­тып жүр­ген зыми­ян сая­са­тын жымысқы жол­мен жым­да­сты­ру әре­кетін іске асы­ру. Бұған көну, бас шұлғу – бір­жо­ла­та құру­мен тең.

Бар қаза­қты осы заң­сызды­ққа той­та­рыс беру­ге, тоқта­ту­ды талап ету­ге шақырамын.

Сай­лау ЛЕПЕСОВ,

жел­тоқ­сан­шы


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн