Суббота , 5 июля 2025

АУЫЛДЫ КҮЙРЕТУҚАЗАҚТЫ КҮЙЗЕЛТУ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №1 (365) от 12 янва­ря 2017 г.

 

Аграр­лық сая­сат­тағы соқырлық

 


 

Серік­бол­сын ӘБДІЛДИН

 

 

Әйгілі мем­ле­кет және қоғам қай­рат­кері Серік­бол­сын Әбділ­дин­нің был­тыр қара­ша айын­да жары­ққа шыққан «Тұңғыш төраға – Пер­вый пред­се­да­тель» кіта­бы­нан үзін­ділер жари­я­ла­уды жалғастырамыз.

 

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бас­шы­сы 20 жыл­дан астам уақыт өзінің аграр­лық сая­сат­тағы «батыл­ды­ғын», «дана­лы­ғын», «көре­ген­ді­гін» жар­на­ма­лап келеді. Алай­да, өкініш­ке орай, оның сол сая­са­ты­нан мем­ле­кет­ке де, қоға­мға да, шару­а­ларға да келіп-кетіп жатқан пай­да жоқ. Мақта­нып жүр­ген «аграр­лық рефор­ма­ла­ры» да күт­кен нәти­же­лер бер­меді, кей­бір жағ­дай­да керісін­ше, Сол­түстік Қаза­қстан облы­сын­дағы асты­қтан эта­нол ала­мыз деп салған өңдеу зауы­ты сияқты сер­пін­ді жоба­лар қазы­наға көп­те­ген мил­ли­ард­тық зиян әкелуде.

Ондай сәт­сіздік­тер­дің себеп­терін алы­стан ізде­удің қажеті жоқ, ол себеп­тер – билік­тің біліксізді­гі­нен туын­дап жатыр. Бірін­ші болып режим сов­хоз­дар мен кол­хоз­дар­ды өз қолы­мен құр­тып, ауыл шару­а­шы­лы­ғын­да фер­мер­лік сая­сат­ты күш­теп жүр­гізді. Содан кей­ін шару­а­лар­дың мой­ны­на қар­жы құры­ғын сал­ды, мәсе­лен, ұлт­тық валю­та енгізіл­ген­нен кей­ін, бір­не­ше жыл бойы тең­гені қолы­на ұстап көр­ме­ген шару­а­лар аз болмады.

Ал пре­зи­дент жомарт­тық таны­тып, банк­тер­ге аграр­лық сек­тор­да жұмыс істей­тін тау­ар шыға­ру­шы­ларға 400 дол­лар­дан несие бөлің­дер деп кеңес бер­ген­де, ауыл шару­а­шы­лы­ғы бас көте­ре алмай­тын хәл­ге жет­кен бола­тын. Сол жыл­да­ры ауыл тұрғын­да­ры 4 кесек сабын үшін бір қой, ал әйел­дер­дің бір пар еті­гі үшін бір тай беру­ге мәж­бүр болған. Жарық, отын, көлік және басқа да қыз­мет түр­лері үшін мал­мен есеп айы­ры­сып жүр­ді. Мұн­дай бар­тер шару­а­лар­ды тез азды­рып-тозды­рып жіберді.

Н.Назарбаевтың құрған шағын және орта кәсіп­кер­сы­мақта­ры – аграр­лық эко­но­ми­каға шығын­нан басқа ешқан­дай оң нәти­же де, табыс та әкел­ген жоқ. Ол өзінің шетел­дік көмек­шілеріне «мен шару­а­ларға бостан­дық бер­дім, олар енді соның арқа­сын­да шағын және орта биз­нес негізін­де жүз­де­ген мың тау­ар өндіру­шілер нары­қтық эко­но­ми­ка жолы­на түсті» деп мақтанға­ны­на мен өзім куә­мін. Жал­да­ма­лы кеңес­шілер оны сол үшін қол­дап, қол­паштап жүр­ді, ал Алекс атты кеңес­шісі «мұн­дай батыл қада­мға кезін­де Де Голь де барған!» деп мақтады.

Мұнай­дан түс­кен дол­лар­лар көбей­ген кез­де мем­ле­кет бас­шы­сы «Ауыл жыл­да­рын» жари­я­лап, үш жыл­да ауыл шару­а­шы­лы­ғын көте­ру­ге мил­ли­ард­таған қар­жы бөл­ді. Алай­да тал­да­у­шы­лар­дың мәлі­меті бой­ын­ша, бұл қара­жат нақты тау­ар өндіру­шілер­ге жет­пей, орта жол­да әртүр­лі билік құры­лым­да­ры­ның шоты­на, ал қомақты бөлі­гі шене­унік­тер­дің қал­та­сы­на түскен.

Қазір одан да «сал­мақты» – «Агро­биз­нес-2020» деген «код­тық» ата­уы бар «2013–2020 жыл­дарға арналған Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аграр­лық кешенін дамы­ту бағ­дар­ла­ма­сы» жос­пар­лан­ды. Бағ­дар­ла­ма­ны мұқи­ят оқып шығып, «мұны қалай баға­ла­у­ға бола­ды?» деп ұзақ ойлан­дым. Ескерт­пе, ұсы­ны­стар жазай­ын ба дедім, бірақ билік оны қарай ма, қара­май ма – оның үстіне бұл құжат бекітіліп қойған.

Алай­да үнсіз қалуға кәсі­би маман ретін­де ар-ұятым жібер­меді. Соңын­да ең бол­маған­да, «Бұл – Қаза­қстан тарихын­дағы бірін­ші аграр­лы бағ­дар­ла­ма» деп жүр­ген режим­нің жар­шы­ла­ры­на және мем­ле­кет бас­шы­сы­ның өзі де: «Маған дей­ін ештеңе бол­ма­ды, кас­са­да ақша жоқ бол­ды, бәрін нөл­ден баста­уы­ма тура кел­ді» деген­дей мәлім­де­ме­леріне жау­ап берей­ін деп шештім.

«Сая­си пиарға» жау­ап бер­мес бұрын, алды­мен «аграр­лық сая­сат­тағы соқыр­лы­қты» соңы­на жет­кізіп алай­ын. Өзін сый­лай­тын кез кел­ген мем­ле­кет ауыл шару­а­шы­лық мәсе­лесін шеш­кен кез­де аграр­лық қарым-қаты­на­сты аны­қтап ала­ды, ал оның мән-маз­мұ­ны келесі басты шар­ттарға келіп тіреледі:

– жер мәсе­лесі – адам өмірінің басты қай­нар көз­дерінің бірі;

– жер­де жұмыс істей­тін шару­а­лар­дың мәселесі;

– егін­шілік мәсе­лесі – жер­ді өңдеу тех­ни­ка­сы мен әдістері;

– әле­умет­тік мәсе­ле – қала мен ауыл­дың, өнер­кәсіп пен ауыл шару­а­шы­лы­ғы­ның қарым-қаты­на­сы және ауыл тұрмысы.

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Жоғарғы Кеңесі ауыл шару­а­шы­лы­ғын нары­қтық қаты­на­старға көшірер кез­де елі­міздің аграр­лық про­бле­ма­ла­рын дәл осы жиын­ты­қта қарас­ты­рған бола­тын. «Жер тура­лы» заң қабыл­да­нып, осы мәсе­ле­ге қаты­сты басқа да жоба­лар қара­лып жатқан еді. Себебі кеңе­стік қатаң эко­но­ми­ка­лық жүй­ені еуро­па­лық иіл­мелі (гиб­кий) нары­қтық эко­но­ми­каға көші­ру – тек жеке­ше­лен­діру­мен шешіл­мей­тіні түсінік­ті еді.

Өкініш­ке орай, XII шақы­ры­лым­дағы Жоғарғы Кеңес аван­тю­ра­лық жол­мен тарқа­ты­лып, Н.Назарбаев ауыл­ды фер­мер­лік­ке айнал­ды­ру ісін қарқын­ды жүр­гізді. Және ол «бәрі осы жол­дан өткен, біз де соны істе­уі­міз керек» деп жар сал­ды. 1994 жылы қаңтар айы­ның басын­да Ақмо­ла­да ауыл шару­а­шы­лы­ғы маман­да­ры­мен сов­хоз­дар мен кол­хоз­дар­ды жою мәсе­лесіне қаты­сты жина­лыс өткізді.

Дихандар мен шару­а­шы­лық меке­ме­лерінің бас­шы­ла­ры фер­мер­лік­ке қар­сы шығып, оның орны­на нары­қтық қаты­на­старға көшудің зия­ны аз жол­да­рын ұсы­нып жат­ты. Пре­зи­дент сол кез­де кәсі­по­рын бас­шы­ла­ры сов­хоз­дар мен кол­хоз­дар­ды тез жой­са, оларға шару­а­шы­лық мүл­кінің 20%-ын тегін беру тура­лы Жар­лы­ққа қол қойды.

Ол аз болған­дай, «Рефор­ма­лар­ды терең­де­ту және қоғам­дық келісім арқы­лы жаңарған Қаза­қстанға» деп ата­ла­тын Жол­да­уын­да «Қаза­қстан­да ет өнді­ру шек­тен тыс артып кет­ті… мем­ле­кет­тің қажет­тілі­гі­нен артық астық өсіріп жатыр­мыз» деп, одан әрі қарай «егер біз бірқа­тар тиім­сіз өндірістер­ді жаба­тын бол­сақ, эко­но­ми­ка мен халық одан еш ұтыл­май­ды» деді («Казах­стан­ская прав­да», 9 мау­сым, 1994 ж.). Шын­ды­ғын­да, Қаза­қстан тарихын­да «ет пен асты­қты қай­да өткі­зе­міз» деген мәсе­ле ешқа­шан туын­дап көр­ген емес, бүгін де көр­ші мем­ле­кет­тер­дің нары­ғы азық-түлік өнім­дерінің бұл түр­лерін қабыл­да­уға дайын.

Осы­дан кей­ін, өздеріңіз ойлап көріңіз­дер­ші, бұл – «соқыр­лық» емей немене?

Ұмыт­шақтар­дың есіне неме­се пре­зи­дент­тің соңғы рефор­ма­ла­ры тура­лы. Қаза­қстан тарихы аграр­лы сек­тор­ды дамы­ту сала­сын­да көп­те­ген рефор­ма­лар­ды, жос­пар­лар мен бағ­дар­ла­ма­лар­ды біледі. Олар­дың ара­сын­да ерекше маңы­зды­ла­ры: XX ғасыр­дың 50–60-жылдары тың және тыңай­ған жер­лер­ді иге­ру, сон­дай-ақ 1980–90-жылдардағы «Қазақ ССР-інің Азық-түлік бағ­дар­ла­ма­сын» қабыл­дау. Осы жол­дар­дың авто­ры тың иге­ру­ші ретін­де жаңа жер­лер­ді иге­рудің куә­гері бол­ды және «Азық-түлік бағ­дар­ла­ма­сы­ның» жоба­сын әзір­леу жөнін­де­гі үкі­мет­тік жұмыс комис­си­я­сы­на жетек­шілік етті.

Осы бағ­дар­ла­ма­лар­ды және басқа да шара­лар­ды жүзе­ге асы­ру­дың нәти­же­сін­де Қаза­қстан Кеңес Одағы­ның астық қой­ма­сы және ірі мал база­сы санал­ды. Басқа жетістік­тер тура­лы айт­пай-ақ қой­ған­да, рес­пуб­ли­ка­да өндіріл­ген тау­ар­лы асты­қ­пен 100 млн халы­қты нан­мен қам­та­ма­сыз ету­ге және одақтық қорға 360 мың тон­на жоға­ры сапа­лы ет өткізіп тұруға мүм­кін­ді­гі бол­ды. Ауыл шару­а­шы­лы­ғы халы­қты азық-түлік­пен қам­та­ма­сыз етіп қана қой­май, өндеу өнер­кәсібін шикі­затпен қам­тып тұр­ды. Сол жыл­да­ры тамақ пен жеңіл өнер­кәсіп­тері – тау­ар айна­лы­мы­ның 70–75% беретін және бұл сала­лар бюд­жет­ті құра­тын негіз­гі тірек болатын.

Қаза­қстан­ның өз-өзіне толық жететін күшті қар­жы­лық база­сы бар еді. Тәу­ел­сіздік жари­я­ла­нар алдын­да Қаза­қстан­нан басқа рес­пуб­ли­ка­ларға «баға қай­шы­лы­ғы­ның» есебі­нен 4,6 млрд сом­ның неме­се сол кез­де­гі бағам бой­ын­ша 7,6 млрд дол­лар­дың шикі­за­ты кетіп жата­тын. Біздің кас­са да ешқа­шан бос болып көр­ген жоқ. Егер аяғы­на дей­ін әділет­ті бол­сақ, мем­ле­кет бас­шы­сы жиі айтып жүр­ген «бос кас­са­сы» Н. Назар­ба­ев­тың «Жеке тұлға­лар үшін шетел­дік валю­та­да ано­ним­ді шот­тар­ды енгі­зу тура­лы» Жар­лы­ғы шыққан 1994 жыл­дың 1 ақпа­ны­нан бастап пай­да болған шығар, содан кей­ін 1995 жылы 21 сәуір­де ол оны заң күші бар №2230 Жар­лы­қ­пен толықтырды.

Бұл актілер бой­ын­ша жеке тұлға­лар банк­тер­де аты-жөн­дерін ата­май-ақ және қан­дай да бір құжат­тар көр­сет­пей, ано­ним­ді шот­тар (рези­дент­тер және рези­дент еме­стер) ашу құқы­на ие бол­ды. Бұл аз болған­дай, И. Тасмағам­бе­тов пре­мьер-министр болып тұрған­да пар­ла­мент­те менің сау­а­лым бой­ын­ша сөз сөй­леп: «Қаза­қстан 1996 жылы шетел­де құпия валю­та­лық шот ашып, онда 1 млрд дол­лар жатқа­нын» хабар­ла­ды. Сон­дай-ақ ол: «Мем­ле­кет бас­шы­сы құпия қор құруға қаты­сты бар жау­ап­кер­шілік­ті өзіне алу­дан басқа ама­лы қал­ма­ды» деген­ді қосты.

Егер ақша­ның бәрін шетел­ге тығып жат­са, Қаза­қстан­ның кас­са­сы қалай бос бол­ма­сын?! Мем­ле­кет қазы­на­сын бос қылу – соны айтқан адам­ның қолы­мен істел­гені оқыр­ман­дар үшін түсінік­ті бол­са керек…

Рес­пуб­ли­ка пре­зи­ден­тінің аграр­лық рефор­ма­ла­ры­ның зардап­та­ры төмен­де беріліп оты­рған кесте­ден анық көрінеді.

Қаза­қстан­да 1992 жыл­дың 1 қаңта­рын­да 2523 сов­хоз бен кол­хоз­дар бар еді, ал 2012 жыл­дың 1 қаңта­ры­на олар­дың орны­на 214 008 ауыл шару­а­шы­лық құры­лым­да­ры жұмыс істе­ді. Бел­сен­ді жұмыс істеп тұрған 188 616 ауыл шару­а­шы­лық құры­лым­да­ры­ның ішін­де­гі 185 241 фер­мер­лік және дихандық шару­а­шы­лы­ққа жатады.

Бұл кесте­ден: тәу­ел­сіздік қар­саңын­да жұмыс істеп тұрған 2,5 мың шару­а­шы­лық екі есе­ге жуық жер­ді артық өңде­гені және қазір­гі 200 мың фер­мер­лер­ге қараған­да екі есе­ден астам мал ұстаға­ны анық көрініп тұр. Бұған сыни көз­бен қарап баға беру керек. Және ол пре­зи­дент­тің аграр­лық сек­то­рын­дағы сая­са­ты зардап­ты екенін рас­тап тұрған жоқ па? («х»-пен бел­гі­лен­ген жер – ста­ти­сти­ка­лық дерек жоқ деген­ді білдіреді).

Ауыл шару­а­шы­лық өндірісін­де ең төмен­гі құл­ды­рау – 1999 жылға кел­ді. Осы жылы ауыл шару­а­шы­лық өнім­дерінің нақты көр­сет­кі­ш­тері – 1990 жыл­мен салы­стыр­ма­лы баға­да есеп­те­ген­де, 42,3%-ға төмен­деп кет­кені тір­кел­ді (Ста­ти­сти­ка­лық жыл­дық жинақ. 2003 ж. 278-бет).

Азық-түлік­тің маңы­зды түр­лерін тұты­ну­ды адам басы­на шаққан­да шыға­тын көр­сет­кі­ш­тері­мен таны­сқан­да, оқыр­ман мына жай­ға назар ауда­руы керек: 1990 жылы тұты­ну­ды рес­пуб­ли­ка өз өндірісінің есебі­нен жүзе­ге асыр­ды, ал 2000 және 2011 жыл­да­ры, ресми орган­дар­дың мәлі­мет­тері бой­ын­ша, азық-түлік тау­а­ры­ның жар­ты­сы­на жуы­ғы сырт­тан әкелін­ген. Алай­да ста­ти­сти­ка импорт көле­мін адам басы­на шағып көр­сет­пей­ді. Осы­ған қаты­сты қызық деректер «Агро­биз­нес-2020» бағ­дар­ла­ма­сы­ның өзін­де бар.

«Ауыл шару­а­шы­лық өнім­дерін өңдеу про­бле­ма­ла­ры­на тал­дау» деп ата­ла­тын бөлім­ше­де мынан­дай жол­дар жазы­лған: «Маңы­зды деген өңдеу өнім­дерінің экс­порт­тық-импорт­тық балан­сы Қаза­қстан­ның бірқа­тар өнім­дері бой­ын­ша импор­тқа тәу­ел­ді екенін көр­се­те­ді. Ел ішін­де тұты­на­тын негіз­гі азық-түлік тау­ар­ла­рын­да импорт­тың үлесі: сүт пен қою­ланған қай­мақ бой­ын­ша 74,2%, жеміс-көкөніс кон­сервілері – 70,5%, кон­ди­тер өнім­дері – 67,4%, ірім­шік пен сүз­бе – 58,3%, пече­нье – 48,7%, шұжық өнім­дері – 44,8%, ақ қант – 40,2%, шоко­лад – 34,2%, сары май – 32,8%» («Агро­биз­нес-2020», 19-бет).

Кеңе­стік Қаза­қстан сырт жақтан қант­тың бір бөлі­гі мен какао-бобы­лар­ды ғана сатып ала­тын, қалған азық-түлік­тің бәрін рес­пуб­ли­ка­ның өз тамақ өнер­кәсібі сауда жүй­есіне жет­кізіп тұра­тын. Өкініш­ке орай, сов­хоз­дар мен кол­хоз­дар­ды құр­тқан­нан кей­ін, 1994–1996 жыл­да­ры тамақ және жеңіл өнер­кәсіп те бар қуа­ты­нан айы­рыл­ды. Бүгін­де тәу­ел­сіз Қаза­қстан азық-түлік­тің орас­ан зор бөлі­гін басқа мем­ле­кет­тер­дің эко­но­ми­ка­сы­на мил­ли­ард­таған дол­лар құй­ып, сатып әкеліп жатыр…

 

(Жалға­сы бар)

 

• Редак­ци­ядан: Серік­бол­сын аға Әбділ­дин­нің «Тұңғыш төраға – Пер­вый пред­се­да­тель» кіта­бын газет редак­ци­я­сы­нан сатып алуға бола­ды. Редак­ци­я­ның мекен-жайы: Алма­ты қала­сы, Сей­фул­лин даңғы­лы, 288-үй. 3‑қабат. 307-бөл­ме. Тел. 382−72−30.

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн