Суббота , 5 июля 2025

АУЫЛДЫ КҮЙРЕТУҚАЗАҚТЫ КҮЙЗЕЛТУ (Жалғасы. Басы газеттің № 01 (365) 12.01.2017 санында)

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №2 (366) от 19 янва­ря 2017 г.

 

Аграр­лық сая­сат­тағы соқырлық

 


 

Серік­бол­сын ӘБДІЛДИН

 

 

1994 жылы мем­ле­кет бас­шы­сы «астық пен етті артық өндіріп отыр­мыз» деп көр­сет­кен­нен кей­ін, 2000 жыл­дан бері «астық экс­пор­тын арт­ты­ру­ды қам­та­ма­сыз ету керек» дей баста­ды. Ал 2011 жылы астық өні­мі жақ­сы болған кез­де рес­пуб­ли­ка осы құн­ды өнім­ді сақта­уға да, экс­порт­та­уға да дай­ын бол­май шықты, содан кей­ін 2012 жылы асты­қтың жал­пы өндірісі екі есе­ге азай­ған кез­де үкі­мет кәдім­гі­дей жел­пініп қал­ды. Сон­да Назар­ба­ев­тың «көре­ген­ді­гі» қайда?..

 

Қаза­қстан 2011 жылы 245,5 мың тон­на ет пен ет өнім­дерін импорт­тап, тек 1,6 мың тон­на етті экс­порт­таға­ны­на қара­ма­стан, пре­зи­дент аграр­лы сек­тор­дың алды­на 2016 жылы 60 мың тон­на етті Ресей­ге импорт­та­уға тап­сыр­ма бер­ді. Сон­да оның «дана­лы­ғы» қай­да?!. Өздеріңіз салы­сты­рып көріңіз: XX ғасыр­дың 80–90-жылдары Қаза­қстан жыл сай­ын сыр­тқа 350–360 мың тон­на ет шыға­ра­тын, ал тәу­ел­сіздік жыл­да­ры импор­тқа тәу­ел­ді болып келеді.

Импорт идео­ло­ги­я­сы да билік­тен туын­дап отыр. 1994 жылы С. Тере­щен­ко пре­мьер-министр болып тұрған­да «асты­қтың және басқа да ауыл шару­а­шы­лық өнім­дерінің өзін­дік құны биік, сон­ды­қтан олар­ды шетел­дер­ден сатып алған біз­ге арза­нға түседі» деп мәлім­де­ген. Міне, бұл үкі­мет бас­шы­сы­ның шару­а­лар­дың тағ­ды­ры­на, ауыл тұрғын­да­ры­на, жал­пы алған­да, ел эко­но­ми­ка­сы­на «басы» ауыр­май­ты­нын көр­се­те­ді! Бұған нара­зы болған аза­мат­тар сол кез­де «ФЗУш­ник пен заоч­ник» Қаза­қстан­ды тақы­рға оты­рғы­зды» деп жүр­ді. Және олар­дың айтқан­да­ры айдай кел­ді. Бір ғана 1994 жылы ішкі жал­пы өнім 24,6%-ға қысқа­рып, 1995 жылы тамақ және жеңіл өнер­кәсіп жой­ыл­ды десе де бола­ды. Назар­ба­ев пен Тере­щен­ко «одағы» ел эко­но­ми­ка­сы­ның 60%-ға жуы­ғын жоғал­туға әкеп соқты. Тал­да­у­шы­лар­дың пікірін­ше, Сер­гей Тере­щен­ко тәу­ел­сіз Қаза­қстан­да үкі­мет­ті басқарған адам­дар­дың ара­сын­да ең әлсіз пре­мьер сана­ла­ды, осы­ған орай, пре­зи­дент оған қан­дай жетістік­тері үшін «Еңбек ері» атағын бер­генін халық әлі күн­ге дей­ін түсіне алмай жүр.

Пре­зи­дент­тің фер­мер­лік сая­са­ты тек аграр­лық эко­но­ми­ка­ны ғана емес, бар­лық дер­лік сала­ны қам­ты­ды. Назар­ба­ев­тың өзі де, оның айна­ла­сын­да жүр­ген жағым­паз­дар да сол жыл­дар­дағы «ойран­ның» зардап­та­рын азай­тып көр­се­ту үшін, «бар­лық мем­ле­кет­тер­де солай болған» деп жүр­ді. Шын­ды­ғын­да, Одақтың ойран болуы – бар­лық тәу­ел­сіз рес­пуб­ли­ка­ларға үлкен про­бле­ма­лар тудыр­ды. Алай­да олар­дың бәрі соци­а­лизм кезін­де қол жет­кіз­ген табыст­а­ры мен бай­лы­қта­рын Қаза­қстан сияқты оңды-сол­ды шашып, құр­тқан жоқ.

Мыса­лы, Өзбек­стан егіс алқап­та­ры­ның бір гек­та­рын, мал­дың бір басын да жоғал­тқан жоқ, қай­та, керісін­ше, тәу­ел­сіздік жыл­да­ры халық санын 1,5 есе­ге өсір­ді. Бела­русь та сов­хоз­да­ры мен кол­хоз­да­рын сақтап қал­ды және Жер тура­лы заңға сәй­кес қазір, негізі­нен, жер пай­да­ла­ну­шы осы­лар болып сана­ла­ды. Бұл елдің аграр­лық эко­но­ми­ка­сы тәу­ел­сіздік жыл­да­ры үне­мі дамып, Ресей мен Укра­и­на­ның шека­ра­лас аймақта­ры­на өзінің ауыл шару­а­шы­лық өнім­дерін, әсіре­се мал шару­а­шы­лы­ғы өнім­дерін тұрақты түр­де жет­кізіп тұра­ды. Осы екі мем­ле­кет 1994 жылы өнер­кәсіп­тік өндірістің бұры­нғы дең­гей­ін қай­та қал­пы­на келтірді.

Ал Қаза­қстан­да ауыл­ды соқыр сая­сат­пен күй­ре­ту – қаза­қты күй­зел­ту­ге әкеп соқты.

 

Біз­дер, қаза­қтар, өзі­міз тура­лы дана сөз­дер­ді ойлап табу­дың шебері­міз және солар­ды айтқан кез­де рахат­та­на­мыз. Сон­дай қанат­ты сөз­дер­дің бірі: «Біз мың өліп, мың тіріл­ген қаза­қ­пыз». Ұлты­мы­здың көп ғасыр­лық тарихы­мен дәлел­ден­ген бұл фило­со­фия шын­ды­ққа жақын. Соны­мен бір­ге шапқын­шы­лы­ққа бірін­ші кезек­те қазақ дала­сы, қаза­қтар тұрып жатқан ауыл­дар мен елді мекен­дер ұшы­рап жатқа­ны да шын­дық. Тарих біз­ге сақ болу­ды талай рет үйрет­ті, бірақ біз ұлт ретін­де олар­дан сабақ алмай, сан рет қақ­панға түсіп, үне­мі қиын­шы­лы­қтар­ды бастан кешіп келе­міз. Мысал­ды алы­стан алмай-ақ, адам­ның орта жасы­на сай келетін ХХ ғасыр­дың 30- және 90-жыл­да­рын тіл­ге тиек етейік.

Оты­зын­шы жыл­да­ры РКП (Б)-ның Қазақ аймақтық коми­тетінің бірін­ші хат­шы­сы Ф.И. Голо­ще­кин: қазақ ауыл­да­рын­да «кол­лек­тив­тен­ді­ру» мен «кулак­тар­ды тәр­кілеу» науқа­нын жүр­гі­зеді, ал 90-жыл­да­ры Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Бірін­ші пре­зи­ден­ті Н.Ә. Назар­ба­ев (1990 жыл­дан бері мәң­гілік) ауыл­дар­ды фер­мер­лік­ке айнал­ды­рам деп, сов­хоз­дар мен кол­хоз­дар­ды құрт­ты, яғни ұжым­дық шару­а­шы­лы­қты жой­ды (рекол­лек­ти­ви­за­ция). Осы тра­ге­ди­я­лық оқиға­лар жай­лы мен көп айт­тым және аз жазғам жоқ. Бүгін мен бұдан бұрын айтып кел­ген ойлар­ды қай­та­ла­мас үшін, кеңе­стік және тәу­ел­сіз Қаза­қстан­ның алға­шқы жыл­да­рын­да жүр­гізіл­ген сая­сат­тың халы­ққа тигіз­ген зия­ны тура­лы және сол тари­хи дра­ма­ны өз көзі­мен көр­ген адам­ның сөзі­мен оқыр­ман­дар­ды таныстырайын.

Бел­гілі соғыс және еңбек, сон­дай-ақ Ком­му­ни­стік пар­ти­я­ның арда­гері Аман­жол Қалы­қов өзінің естелік кіта­бын­да былай деп жазады:

«Біз XX ғасыр­дың 30-жыл­да­рын­дағы жап­пай ашар­шы­лы­қты бастан кешіріп, Екін­ші дүни­е­жүзілік сұра­пыл соғы­стың қатал сыны­нан өткен кез­де сол ғасыр­дың соңын­да қай­та­дан қақ­панға түс­кен­дей сезін­дік, себебі Ақмо­ла облы­сы­ның Ерей­мен­тау ауда­нын­дағы өзім­нің туған сов­хозым «Ново­мар­ков­ский­ге» (бұры­нғы Қара­жар ауы­лы) барып, өз көзім­мен көріп, өз құлағым­мен есті­ген­дерім – бұл жер­де соғы­стан кей­ін көр­генім­нен әлдеқай­да нашар болып шығып, мені қат­ты таңқал­дыр­ды. Ауыл­дың өте ауыр жағ­дай­ға душар болға­нын көріп, қай­та­дан ашар­шы­лы­ққа келе жатыр­мыз ба? – деп ойлап қал­дым. Сов­хоз­дар мен кол­хоз­дар­ды тара­ту неме­се «рекол­лек­ти­ви­за­ция» неге әкеп соға­ты­ны­на сон­да көзім жет­ті. Не істеу керек екенін ешкім біл­меді». («Басым­нан өткен­дер тура­лы» кіта­бы, 2010, 5–6‑беттер).

Аман­жол Қалы­қов 90-нан асқан қария, мен оны ар-намыстың ада­мы екенін мой­ын­дай­мын және сол үшін сый­лай­мын да. Оның қос дәуір­ді «кол­лек­ти­ви­за­ция» мен «рекол­лек­ти­ви­за­ци­я­ны» эти­ка тұрғы­сы­нан бай­ла­ны­сты­ра біл­гені үшін алғы­сым­ды айта­мын. Кезін­де депу­тат­ты­ққа, сон­дай-ақ пре­зи­ден­тік­ке де үміт­кер болып жүр­генім­де, жүз­де­ген елді мекен­дер­де бол­дым, соның ішін­де шағын қала­лар­ды да көр­дім. Сон­ды­қтан ауыл­дар тек ауырт­па­лы­қты бастан кешіп қана қой­ған жоқ, адам шығын­да­ры да орын алды, сов­хоз­дар мен кол­хоз­дар­дың мүлік­терін бөліс­кен кез­де нағыз қан­тө­гіс те бол­ды дей алам.

 

Тәу­ел­сіздік­ке дей­ін мен қыз­мет бабы­мен ауыл шару­а­шы­лы­ғы­мен көп айна­лы­стым, сон­ды­қтан елі­міздің бар­лық дер­лік аудан­да­рын­да бол­дым. Тәу­ел­сіздік жыл­да­ры мәжіліс депу­та­ты ретін­де және режим­ге оппо­зи­ци­яда болған­ды­қтан, бүкіл рес­пуб­ли­ка­ны қай­та­дан ара­ла­дым. Ауыл­дың ауыр халі тура­лы билік құры­лым­да­рын да, сай­ла­у­шы­ла­рым­ды да хабар­дар етіп тұрдым.

Ауыл қазір эко­но­ми­ка­лық дең­гей­ін ғана емес, әле­умет­тік кел­бетін де жоғал­тып алды. Ал ол жақта 7 мил­ли­он­нан астам халық тұра­ды, бірақ олар соци­а­лизм зама­нын­да өз қол­да­ры­мен құрған игілік­тен айы­ры­лып қал­ды. Жастар жап­пай қала­ларға кетіп жатыр, ауыл тез қар­тай­ып бара­ды, онда қалған қарт­тар өмірінің соңғы күн­дерін жоқ­шы­лы­қта, тіп­ті таза ауыз сусыз өткізіп жатыр. Алай­да алы­сқа бар­май-ақ, кеше­гі жібер­ген қателік­тер­ден сабақ алып жатқан билік жоқ.

Тарих­тан сабақ алу керек деген­де, мен – Голо­ще­кин­нің «кол­лек­тив­тен­діруі» мен Назар­ба­ев­тың «декол­лек­тив­тен­ді­ру» сая­сат­та­ры­ның тамы­ры бір жер­де жатыр дегім келеді.

 

Бірін­ші­ден, еке­уі де Қаза­қстан­да бірін­ші бас­шы­ның қыз­метін атқарды.

Екін­ші­ден, еке­уі де өздерінің аграр­лық сая­сат­та­рын әкім­шіл-әмір­шіл әдіспен, қысым мен қорқы­ту­дың күші­мен жүзе­ге асырды.

Үшін­ші­ден, олар­дың еке­уі де шару­а­лар­дың, дихандар­дың пікірі­мен де, тіле­гі­мен де санаспады.

Төр­тін­ші­ден, олар­дың сая­сат­та­ры халы­қты ашты­ққа, кедей­шілік­ке душар етті, шару­а­лар­дың көбі, ең алды­мен қаза­қтар кере­мет шығы­нға ұры­нып, жоқ­шы­лы­қты бастан кешті.

 

Ауы­лға деген көзқа­рас­ты түбе­гей­лі өзгер­ту керек. Аграр­лық эко­но­ми­ка­дағы құл­ды­ра­уды «Агро­биз­нес-2020» сияқты бағ­дар­ла­ма­лар­мен түзеу мүм­кін емес, себебі онда агроө­нер­кәсіп кешенін (АӨК), ауыл­дың кел­бетін қал­пы­на кел­тіретін не сан­дық, не сапа­лық бір­де-бір көр­сет­кі­ш­тер жоқ.

Өкініш­ке орай, әде­мі бағ­дар­ла­ма­ның маз­мұ­ны сенім ұялат­пай­ды. Мәсе­лен, тал­дау бөлі­гін­де (8‑бет): «Ауыл шару­а­шы­лық өнім­дерінің жыл­дық орта­ша өсім қарқы­ны соңғы 5 жыл­да 19%-ды құра­ды» деп жазы­лған. Бұл дегеніңіз – ауыл шару­а­шы­лық өндірісі бес жыл­да екі есе­ге өсті деген сөз, бірақ сол өнім­дер қай­да? Мүм­кін, осы бағ­дар­ла­ма­ны дай­ын­даған адам­дар сан­дар­ды шата­сты­рып, кор­ре­ля­ция әдісін пай­да­лан­баған шығар?

Бағ­дар­ла­ма­ны кезең-кезең­мен жүзе­ге асы­ру­дың нәти­же­лері ұран­дар күй­ін­де беріл­ген (73–74-беттер). Ал 2013–2020 жыл­да­ры АӨК дамы­туға арналған бағ­дар­ла­ма­ны жүзе­ге асы­руға қажет ресур­стар­дың өзі:

– көле­мі жағы­нан бөлін­ген қар­жы тең емес, мыса­лы, 2014 ж. – 471,6 млрд тең­ге бөлін­се, 2015 ж. – 281,6 млрд тең­ге ғана;

– атқа­ры­ла­тын іс-шара­лар­ды қар­жы­лан­ды­руға бөлін­ген жал­пы 2,9 трлн тең­генің – 2,0 трлн тең­гесі рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тен беріледі де, қалған сома­ны өз қар­жы­ң­нан, обли­га­ци­я­лық заем­нен, жер­гілік­ті бюд­жет­тің есебі­нен тап дей­ді («Агро­биз­нес-2020», 7‑бет).

 

Бұл жер­де ең басты­сы – сан­дар­да емес, аграр­лық сек­торға басым­дық бері­лу керекті­гін­де. Осы тұрғы­дан қарай­тын бол­сақ, ауыл бұрын да, қазір де билік­тің қара­уын­сыз, бас-көз­сіз, наза­рдан тыс қалып келеді. Ауыл тұрғын­да­ры­ның тауқы­мет­терін түсініп жатқан­дар да аз, оны ауыл шару­а­шы­лы­ғын қар­жы­лан­ды­ру дең­гей­і­нен-ақ көру­ге бола­ды. 2012–2014 жыл­дарға бекітіл­ген Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бюд­жетін­де бүкіл ауыл – су, орман және балық шару­а­шы­лык­та­ры­на – жал­пы қар­жы көле­мінің 4,2% ғана қарас­ты­ры­лған. Соңғы бес жыл­да ауыл шару­а­шы­лы­ғы­ның негіз­гі капи­та­лы­на салы­нған инве­сти­ци­я­лар­дың үлесі – рес­пуб­ли­ка эко­но­ми­ка­сы­на салы­нған жал­пы инве­сти­ци­я­лар көле­мінің 2%-ға жуы­ғын ғана құрайды.

Бұл маңы­зды көр­сет­кі­шті үш жыл­дық бюд­жет те, «Агро­биз­нес-2020» да түзей алмай­ды. Оқыр­ман­дар­дың наза­ры­на бір мысал ұсы­нам: бұл сан­дар­ды салы­сты­ру қисын­сыздау болға­ны­мен, ол кеңе­стік Қаза­қстан­да ауыл шару­а­шы­лы­ғы калай дамы­ға­нын айқын көрсетеді.

Мәсе­лен, тәу­ел­сіздік қар­саңын­да рес­пуб­ли­ка­да ауыл шару­а­шы­лы­ғы­ның дамуы­на негіз­гі қар­жы­лар­дың 13 бөлініп, пай­да­ла­ны­лған. Ал Қаза­қстан­ның ұлт­тық табысы­ның құры­лым­да 1990 жылы ауыл шару­а­шы­лы­ғы­ның үлесі 41,8%-ға жет­кен (ҚР Ста­та­гент­ті­гі. Жыл­дық жинақ, Алма­ты, 1991. 131–6). 2011 жылы жал­пы ішкі өнім көле­мің­де бұл сала­ның үлесі 5,1% ғана болды.

 

Егер ауыл шару­а­шы­лы­ғы кешенін шын­дап қолға алғы­сы кел­се, оған «Агро­биз­нес-2020» бағ­дар­ла­ма­сын­да қарас­ты­ры­лған қар­жы­дан бір­не­ше есе артық қара­жат бөлу қажет және ірі кәсі­по­рын­дар мен тау­ар өндіру­шілер­ге инве­сти­ци­я­лар салу керек. Олар жет­кіліксіз бол­са, ұсақта­рын ірі­лен­діріп, жаңа агроқұры­лым­дар құрған жөн. Қаза­қстан­ның жағ­дай­ын­да ірі ауыл шару­а­шы­лық тау­ар өндіру­шілер­дің арты­қ­шы­лы­ғы дау тудырмайды.

Мыса­лы, Аста­на­ның жанын­да «Роди­на» ЖШС, «Ижевск» АҚ жақ­сы жұмыс істеп тұр, ал олар­ды басқа­ра­тын адам­дар – бұры­нғы «қызыл дирек­тор­лар», бірақ олар өз ұжым­да­рын, өндірісін, инфрақұры­лым­дар­ды жұмыс істеп тұрған сов­хоз­дар­дың шең­берін­де сақтап қал­ды. Пре­зи­дент бүгін Иван Сау­эр мен Ибра­гим Жан­гу­ра­зо­втың еңбек­терін оң баға­лап жүр, Назар­ба­ев бірақ осын­дай сов­хоз­дар­ды құр­тқан өзінің теріс сая­са­тын мой­ын­да­уға бат­пай­ды. Жүз­ден аса сов­хоз­дар мен кол­хоз­дар­дың жетек­шілері тәу­е­кел­ге барып, өз шару­а­шы­лык­та­ры­ның аты мен мөрін өзгер­тіп, олар­ды сақтап қал­ды, арты­нан олар нары­ққа жақ­сы бей­ім­деліп, қарқын­ды дамып кетті.

Тағы бір маңы­зды мәсе­ле тура­лы. Егер бір жер­де АӨК-нің жаңа кәсі­пор­ны ашы­лып жат­са, мем­ле­кет бас­шы­сы «бұрын мұн­дай болған жоқ. Бұл бірін­ші рет…» деп жата­ды. Мәсе­лен, ол «Зен­чен­ко және К» деп ата­ла­тын сүт кешеніне барған кез­де тура солай деді. Алай­да Н. Назар­ба­ев Мини­стр­лер Кеңесінің төраға­сы болып тұрған­да, осын­дай 147 сүт кешені, 500-дей бор­дақы­лау кешені, 47 құс фаб­ри­ка­сы, т.б. болған. Ал ол пре­зи­дент болған кез­де олар­дың бәрі қай­да жоға­лып кет­кені – басқа сұрақ?

Менің ойым­ша, бағ­дар­ла­ма әдет­те­гі­дей іс үшін емес, көз бояу үшін, ауыл тұрғын­да­рын және елі­міздің бүкіл халқын алдау үшін бекіті­ле салған дүние сияқты. Жау­ап­кер­шілік, мінез, әдет-ғұрып қайда?!

Ауыл шару­а­шы­лық кешенінің про­бле­ма­сын Аста­на­ның сұлулы­ғы­мен сылап-сипа­уға бол­май­ды. Өйт­кені ауыл­да үлес­сіз қалған кедей адам­дар­дың саны Аста­на тұрғын­да­ры­на қараған­да он есе артық. АӨК жүй­есіне сау­ат­ты шешім­дер, құры­лым­дық-ұйым­дық өзгерістер қажет. Бірақ мұның бәрі сая­си билік жүй­есі құқы­қты жол­мен ауы­сып тұрған кез­де ғана бола­ды. Мақа­ла жас буын­ның наза­ры­на біздің қателік­тері­мізді қай­та­ла­ма­сын деген үміт­пен ұсынылады.

 

• Редак­ци­ядан: Серік­бол­сын аға Әбділ­дин­нің «Тұңғыш төраға – Пер­вый пред­се­да­тель» кіта­бын газет редак­ци­я­сы­нан сатып алуға бола­ды. Редак­ци­я­ның мекен-жайы: Алма­ты қала­сы, Сей­фул­лин даңғы­лы (Рысқұ­лов даңғы­лы­нан жоға­ры, «Север» ате­льесі аял­да­ма­сы), 288-үй. 3‑қабат. 307-бөл­ме. Тел. 382−72−30.

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн