Воскресенье , 6 июля 2025

Қай қалада ЖАҚСЫ ӨМІР сүруге болады?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №20 (291) от 21 мая 2015 г.

 

Салы­стыр­ма­лы сарап

 

 

 

Кез кел­ген сая­хат­шы неме­се ісса­пар­дағы қара­пай­ым адам бірін­ші кезек­те жаңа қала­лар мен өз қала­сы­ның ара­сын­дағы баға­лар­ды салы­сты­ра­ды және өмір сүру құны тура­лы қоры­тын­ды шыға­ра­ды. Ол салы­сты­ру­лар әр кез субъ­ек­тив­ті және ол әдет­те баға­ла­ры өте жоға­ры әуе­жай­лар мен вок­зал­дар­дан баста­ла­ды, оның үстіне уақыт алшақты­ғы да әсер етеді.

 

Мыса­лы, мен алғаш рет Мәс­ке­у­ге барға­ным­да, ондағы баға­лар­дың сан­дық жағы­нан Алма­ты­дан айыр­ма­шы­лы­ғын бай­қаған­мын, ал ол дегеніңіз – Мәс­ке­уде тау­ар­лар бес есе­дей қым­бат деген сөз. Кей­ін бай­қаға­ным­дай, бәрі де онша қорқы­ны­шты емес екен, деген­мен баға айтар­лы­қтай қым­бат­ты­ғы­на мен де үйрен­дім. Еуро­па­да да баға­лар қала­лар мен өңір­лер ара­сын­да ерекше­ле­неді. Егер, мысалға, ГФР-ды алсақ, ірі қала­лар­дағы өмір сүру баға­сы шағын қала­лар­дағы­дан едәуір қым­бат. Оның қисы­ны да бар, тау­ар­ларға сұра­ныс болған сай­ын, оның баға­сы да жоға­ры болады.

Қаза­қстан­да маған екі қала­да ғана тұру­дың реті кел­ді: сана­лы өмірім­нің бар­лы­ғын Алма­ты­да өткіз­сем, бір ай Өске­мен­де тұр­дым. Бірақ ол кез­де ол қала­лар­дағы кіріс айыр­ма­шы­лы­ғы­на қара­май, азық-түлік баға­ла­рын­да айтар­лы­қтай айыр­ма­шы­лы­қты бай­қа­мап­пын. Деген­мен, мені әр кез өңір­лер ара­сын­дағы өмір сүру құны­ның айыр­ма­шы­лы­қта­ры қызықтыратын.

Өкініш­ке қарай, баға­лар­ды қара­пай­ым салы­сты­ру ешқан­дай қоры­тын­ды жаса­уға мүм­кін­дік бер­мей­ді: оның себебі де бар, бір тау­ар бір жер­де бір баға­мен, ал басқа жер­де басқа­ша баға­мен саты­ла береді. Оған қоса, баға­лар кез­дей­соқ тара­ты­луы да мүм­кін. Сөй­тіп, «мәлі­мет­тер кел­бетін» іздеу үшін және сан жағы­нан тал­да­ма жүр­гі­зу үшін арнайы әдіс қол­да­ну керек болады.

Осын­дай әдістер­дің бірі – фак­тор­лық тал­да­ма. Қара­пай­ым түр­де айт­сақ, бұл тех­ни­ка өза­ра үйлесім­ділі­гі жоға­ры айна­лым­дар кеңісті­гін­де­гі баға тер­белістеріне тал­да­ма жасап, және олар­ды өза­ра үйле­с­пе­ген индек­с­тер­дің жаңа кеңісті­гіне тасы­мал­дай­ды. Ол салы­стыр­ма­лы түр­де оңай түсін­діру­ге мүм­кін­дік береді. Нәти­же­сін­де, мате­ма­ти­ка­лық тіл­мен айтқан­да, 17-өлшем­ді баға кеңісті­гі­нен оңай мани­пу­ля­ци­я­лар жолы­мен 2 өлшем­ді кеңістік­ке келе­міз. Ал оны қала­у­ы­ңыз бол­са, гра­фи­ка­лық түр­де көр­се­ту­ге болады.

Бұл тех­ни­ка стан­дарт­та­лы­нған баға­лар­дың өзгерісін зерт­тей­ді. Фак­тор­лық тал­да­ма баста­пқы мәлі­мет­тер­дің айтар­лы­қтай санын қам­ти­тын индексті аны­қта­уға мүм­кін­дік береді. Құры­лы­мы­на бай­ла­ны­сты, біздің жағ­дай­да әр жылы, негіз­гі индек­с­тер ақпа­рат­тың әртүр­лі ауқы­мын қам­ти­ды. Оның тығы­зды­ғы әр кестенің сәй­кес тар­мағын­да көр­сетіл­ген. Ол көр­сет­кіш былай түсін­діріледі: мыса­лы, 2014 жылы тұты­ну себетін­де­гі бар­лық тау­ар­лар­дың 46%-ын жалғыз ғана индекспен түсін­діру­ге бола­ды. Қосым­ша ком­по­нент­тер өңір­лер ара­сын­дағы баға айыр­ма­шы­лы­ғы­ның құры­лы­мы мен себеп­терін түсін­ді­ре түседі.

Сон­ды­қтан олар­ды айқын түсін­діру­ге бола­тын жер­лер­де баға­лар­дың құбы­лы­сын терең­де­те көр­се­ту үшін, мен фак­тор­лық тал­да­ма­ның екін­ші ком­по­нен­тін қол­да­на­мын. Өзінің қара­пай­ым­ды­лы­ғы­на қара­май, тал­да­ма мүл­тіксіз емес және бар­лық қол жетім­ді тау­ар­лар­дың баға­ла­рын қадаға­ла­у­ға мүм­кін­дік бер­мей­ді, себебі Рес­пуб­ли­ка­лық ста­ти­сти­ка коми­теті Қаза­қстан­ның 18 қала­сы­на қаты­сты ғана мәлі­мет­тер­ді жари­я­лап отыр. Сол себеп­тен бір­ден 17 тау­ар­лық топ­тан аспай­ты­ны ғана зерт­те­ле ала­ды. Аталған рэн­кинг төрт бөлім­нен тұра­ды: 1) субъ­ек­тив­ті маңы­зды деген 17 тау­ар­дың ең маңы­зды санат­та­ры бой­ын­ша жал­пы баға­лық рэн­кинг; 2) құра­мын­да көмір­тек­тері мен жасұ­ны­қта­ры бар энер­ге­ти­ка­лық өнім­дер бой­ын­ша рэн­кинг; 3) ет-сүт өнім­дері бой­ын­ша рэн­кинг; 4) көкөніс пен жемістер бой­ын­ша рэнкинг.

Сон­дай-ақ рэн­кинг­ке қаты­су­шы­лар­дың жыл­дар бой­ын­ша дина­ми­ка­сын қарап шығу үшін, мен 2012–2014 жыл­дарғы мәлі­мет­тер­ді салы­сты­ру­ды қам­та­ма­сыз ете­мін. Оң баға­лар орта­ша баға­дан асқа­нын көр­се­те­ді, терістері төменірек баға­лар­ды. Бар­лық баға­лар тиісті жыл­дағы жел­тоқ­сан­ның аяғын­дағы жағ­дай бой­ын­ша алынды.

 

Жал­пы баға­лық рейтингі

Баға­лар­дың дина­ми­ка­сын жал­пы түсі­ну үшін, мен келесі­дей азық-түлік­тер­дің түр­дерін алдым: бидай наны, кес­пе, күріш, май­лы­лы­ғы 2,5% сүт, қай­мақ майы, сиыр еті, тауық еті, шұжық, салқын­да­ты­лған балық, жұмыр­тқа, қант, шәй, су, кар­топ, пияз, алма мен лимон. Сөй­тіп, біз елдің 18 өңіріне бөлін­ген 17 тау­ар­лық топ­ты қарастырамыз.

графика1

 

Біздің бірін­ші инди­ка­тор бой­ын­ша, 2014 жылы ұпай саны жағы­нан көш бастаған­дар Ақтау, Аста­на, Алма­ты мен Аты­рау. Ол дегеніңіз – осы қала­лар Ста­ти­сти­ка коми­тетінің мәлі­мет­терін­ше өмір сүру үшін ең қым­бат қала­лар деген­ді біл­діреді. Ақтау дау­сыз көш бас­та­са, қым­бат­шы­лы­ғы жағы­нан 2‑және 3‑орын үшін Аста­на мен Алма­ты тала­са­ды. Бұл жер­де соңғы­сы көбі­не­се үшін­ші орын­да бола­ды. Бірақ бұл нәти­же­лер сон­ша­ма ерекше емес. Ақтау мен Аты­рау – мұнай­шы­лар­дың қала­сы, ал Аста­на мен Алма­ты – Қаза­қстан­ның екі аста­на­сы. Эко­но­ми­ка ғылы­мы­ның заң­да­ры бой­ын­ша, осы қала­лар­да өмір сүру қым­бат­шы­лы­ғы – табиғи құбы­лыс. Таң қалар­лы­ғы кей­ін басталады.

Мүм­кін бол­ма­са да, қым­бат­шы­лық жағы­нан бесін­ші орын­да Жезқазған тұр. Бұл қала түр­лі-түсті метал­лур­ги­я­ның орта­лы­ғы болға­ны­мен, тым бол­ма­са облыс орта­лы­ғы да емес. Ал түр­лі-түсті метал­лур­гия мұнай сияқты онша пай­да әке­летін сала да емес. Бұл қала­дағы баға жыл сай­ын қым­бат­та­уда. Алды­ңғы­лар­мен салы­сты­рған­да, бұл қала­дағы өмір қым­бат­шы­лы­ғы екі пози­ци­яға өсті. Шығыс Қаза­қстан қала­ла­ры зерт­тел­ген ара­лы­қта баға­ла­ры орта­ша мән­нен жоға­ры топ­тар қата­ры­на жатады.

Тағы бір қызық өңір – Көк­ше­тау. 2012 жылы бұл қала елде­гі өмір сүру­ге ең арзан қала бола­тын, ал одан кей­ін көш басы­на қарай жыл­жи бер­ді. Оның жалғыз себебін осы қала­ның жанын­дағы Бура­бай шипа­жай­ы­ның пай­да болуы­мен ғана түсін­діру­ге бола­ды десек те, оның Көк­ше­та­удағы баға дең­гей­іне ықпа­лы – тео­ри­я­лық тұрғы­дан ең төмен болуы керек еді.

Қараған­ды мен Пет­ро­пав­л­да өмір сүру баға­сы жыл сай­ын арзан­дап келеді. Біздің рей­тинг­те өмір сүру­ге ең арзан қала­лар – Тараз, Пав­ло­дар мен Орал. Ондағы салы­стыр­ма­лы баға­лар зерт­теліп оты­рған кезең­де басқа өңір­лер­ге қараған­да еле­улі түр­де арзан.

 

Нан қан­ша­дан

саты­ла­ды?

Энер­ге­ти­ка­лық азық-түлік баға­ла­рын зерт­теу үшін мен келесі­дей тау­ар­лар сана­тын таң­дап алдым: нан­ның үш түрін, бидай ұны­ның екі түрін, ақмыр жар­ты­лай дай­ын­далған өнім­дерінің үш түрін, пече­ньенің екі түрін, бұр­шақ, күріш пен жар­ма­лар: бидай ұнтағы, бидай, қарақұ­мық, сұлы пен арпа.

Графика2

 

Энер­ге­ти­ка­лық азық-түлік кес­кінін­де 2014 жылы рес­пуб­ли­ка­дағы ең қым­бат қала Аста­на бол­ды. Алды­ңғы жыл­да­ры бірін­ші орын­да Ақтау бола­тын. Бірақ олар­дың ара­сын­дағы айыр­ма­шы­лық онша көп те емес еді және ол мөл­шер кез кел­ген уақыт­та қысқа­ра ала­тын. Енді 3–4‑орындарда – Аты­рау мен Алма­ты. Баға қым­бат­шы­лы­ғы жағы­нан орта­ша баға­дан жоға­ры қала­лар рей­тин­гін­де Өске­мен мен Семей келеді, одан соң – Жезқазған.

Ең арзан энер­ге­ти­ка­лық азық-түлік өңір­лер топ­та­ры аздап өзгер­ді. Енді Тараз­дың орнын Ақтө­бе алса, Орал мен Пав­ло­дар бөл­ке нан мен жар­ма өнім­дері ең арзан қала­лар болып отыр. Баға­лар жыл сай­ын арзан­дап келе жатқан қала­лар: Тараз, Қараған­ды, Орал мен Ақтө­бе. Аталған тау­ар­лар тобын­да Көк­ше­та­удағы баға­лар жыл сай­ын көтеріліп келеді.

Бұл жер­де қосым­ша индек­с­ке назар аударған пай­да­лы. Ол аталған топ­тағы баға­лар­дың өзгерістерін тереңірек құры­лым­да­уға көмек­те­седі. Ал оны тек жеке дара түр­лер­ге бөл­шек­теу арқы­лы ғана түсін­діру­ге болады.

Графика3

 

 

3‑кестеден көрініп тұрған­дай, тау­ар­лар топ­та­ма­сы қым­бат қала­лар­ды атап шығуға бола­ды – Ақтау мен Аста­на. Олар­дың кесте­де­гі орны уақыт өте онша өзгер­мей тұр. Десек те, осын­дай айыр­ма­шы­лы­ққа қара­май, индекс өңір­лер ара­сын­дағы баға­лар айыр­ма­шы­лы­ғы­ның құры­лы­мын тереңірек көру­ге мүм­кін­дік береді.

 

Көшпен­ді­ге арналған ет

Ет-сүт өнім­дері – әр адам үшін маңы­зды тау­ар­лар тобы, себебі адам өмірі үшін маңы­зды деген амин қышқы­лы мен жоға­ры тиім­ді май­лар­дың қай­нар көзі – тап осы­лар. Бұл топ­та мен мына­лар­дың баға­ла­рын қарас­тыр­дым: 2,5% май­лы­лы­ғы бар сүт пен айран, қай­мақ, сары май мен мәй­ек­ті ірім­шік, шұжы­қтың екі түрі, тоң­май, тауық жұмыр­тқа­ла­ры, сиыр еті, қой еті, жылқы еті, шошқа еті, тауық еті, сиыр бауы­ры, жаңа ғана мұз­да­ты­лған балық пен майшабақ.

Ет және сүт тау­ар­лар кате­го­ри­я­сы бой­ын­ша, баға­лар индексінің тығы­зды­ғы жыл­ма-жыл төмен­деп келеді. Бұл атал­мыш тау­ар­лар кате­го­ри­я­сы бой­ын­ша баға­лар­дың өза­ра тәу­ел­ділік сана­ты түсіп бара жатыр деген сөз. Топ­тың азды-көп­ті бір­тұқым­дас (гомо­ген­дік) екеніне сүй­ене оты­рып, баға­лар­дың осын­дай жосық себебі тура­лы айту қиын. Сірә, өңір­лер ара­сын­дағы көлік­тік ағын­дар мен сауда көлем­дері ұлғай­ып келе жатқан шығар. Сон­дай-ақ бұл ауыл шару­а­шы­лық өнім­дерін шыға­ру­шы­лар­ды және импорт орнын басу­дың әлдебір шара­ла­рын қол­дау сая­са­ты­ның нәти­же­сі болуы да ықтимал.

Графика4

 

Жану­ар тек­ті азық-түлік­тер кате­го­ри­я­сын­да көш­бас­шы қала­лар төрт­ті­гі өзгер­ген жоқ, бірақ оның құры­лы­мы өзгер­ді. Алма­ты­да – ет-сүт өнім­дері ең қым­бат. Оны Аста­на мен Ақтау өкше­леп тұр. Аты­рау мен Жезқазған осы кате­го­ри­яда 2014 жылы ең қым­бат қала­лар­дың бес­ті­гін тұй­ы­қтап тұр­ды. Өске­мен – ел бой­ын­ша баға­лар орта­ша­дан жоға­ры қала­лар­дың соңғысы.

Жезқазған­ның үш жыл­да екпін­деп қым­бат­тап келе жатқа­ны, ал Өске­мен мен Семей­дің қарқын­дап арзан­дап келе жатқа­ны қызық. Ет өнім­дері салы­стыр­ма­лы баға­ла­ры­ның осын­дай арын­ды төмен­де­уі Шым­кент­те, Қоста­най­да, Орал­да, Ақтө­бе­де, Пав­ло­дар мен Тараз­да бай­қа­ла­ды. Көк­ше­та­удағы баға тұры­сы да шап­шаң қым­бат­тап келеді. Егер 2012 жылы бұл қала ең арзан болған бол­са, 2014 жылы ондағы баға­лар елде­гі орта­шаға қарай айтар­лы­қтай жақындаған.

Еттің орта­ша баға­ла­ры көш­бас­шы қала­лар­дағы баға­лар­дың арқа­сын­да өседі деп жора­мал­да­уға бола­ды және бұл қала­лар­да осы өнім­дер­дің баға өсім қарқы­ны сон­ша­лы­қты, ол басқа қала­лар­дың салы­стыр­ма­лы баға­ла­ры­ның төмен­де­уіне мүм­кін­дік береді. Соны­мен бір­ге төрт көш­бас­шы қала­да жел­тоқ­сан айын­да аталған өнім­дер кате­го­ри­я­сы­ның баға­ла­ры жыл­дам ұшы­нып кете­ді деп болжа­уға бола­ды. Осы гипо­те­за­лар­дың әрқай­сы мұқи­ят зерт­те­уді қажет ете­ді және жеке ғылы­ми жари­я­ла­ны­мға тұрарлық.

Графика5

 

5‑кестеден біз кей­бір өңір­де­гі баға­лар­дың салы­стыр­ма­лы дең­гей себеп­терін түсіне ала­мыз. Энер­ге­ти­ка­лық тау­ар­лар кате­го­ри­я­сын­дағы­дай, бір бағыт­та өза­ра кор­ре­ля­ци­я­ланған тау­ар­лар­дың екі тобын көр­се­ту­ге бола­ды: мәсе­лен, Аста­на мен Алма­ты­да ет өнім­дерін бірік­тіретін тау­ар­лар тобы­ның баға­ла­ры салы­стыр­ма­лы түр­де өте жоға­ры, осы­мен қатар Аты­рау мен Ақта­удың көш басын­да болу себебі – сүт өнім­дері мен балық баға­ла­ры­ның жоға­ры болған­ды­ғы­нан. Пав­ло­дар, Тараз және Пет­ро­пав­л­да сүт те, ет те төмен баға­да. Бұл негіз­гі индекс қоры­тын­ды­ла­ры­на сай келеді.

Тағы бір қызық айыр­ма­шы­лы­қты 2013 жыл­дың аяғын­да беріл­ген мәлі­мет­тер­ден көру­ге бола­ды. Ет тау­ар­ла­ры шағын тобы­ның баға­ла­ры тек елдің үш қала­сын­да ғана орта­ша­дан жоға­ры болған: Аста­на­да, Алма­ты­да және Ақта­уда. Яғни баға­лар­дың көтерілуіне тек осы қала­лар ғана жау­ап­ты болған.

 

Көкөністер мен

жеміс-жидек­тер

Аталған тау­ар­лар кате­го­ри­я­сын­дағы баға­лар­ды зерт­теу кезін­де мен кар­топ, орам­жа­пы­рақ, қызы­л­ша, пияз, сәбіз, сарым­сақ, алма, лимон, апель­син, банан және қақ өрік жөнін­де­гі мәлі­мет­тер­ді пайдаландым.

Графика6

 

Көкөніс пен жеміс-жидек­тер баға­ла­ры тұрғы­сын­да біз рей­тин­гілер­дің көш­бас­шы­лар құры­лы­мын­да өзгерістер­ді көре­міз. Аталған тау­ар­лар кате­го­ри­я­сын­да Алма­ты Қаза­қстан­ның ең қым­бат қала­лар кате­го­ри­я­сы­нан шығып қала­ды, ал оның орнын 2014 жылы Тал­ды­қорған басты. Рэн­кинг­тің қалған көш­бас­шы­ла­ры – Ақтау, Аста­на мен Аты­рау. Күмән­ді көш­бас­шы­лар бес­ті­гін Жезқазған қоры­тын­ды­лап тұр. Ақтау – ол бар­лық қарас­ты­ры­лып оты­рған қала­лар­дың ара­сын­да көкөністер мен жеміс-жидек­тер құны бой­ын­ша сөз­сіз және көп­жыл­дық көш­бас­шы. Өз кезе­гін­де, жеміс-көкөністі өнім­ге деген ең төмен баға­ла­ры­мен Пав­ло­дар, Тараз және Орал­дың рей­тин­гіні тәмам­дап тұрға­нын көру енді­гі әдет­ке айналды.

Көк­ше­та­удағы 2013–2014 жыл­дар­дағы баға­лар­дың ыңғай­сыз көрінісін бақы­лау жұм­бақтау. Бұл қала­да тау­ар­лар­дың бар­лық кате­го­ри­я­ла­ры бой­ын­ша, өмір­дің дереу қым­бат­та­уы­на не апарға­нын тек шама­лау ғана қала­ды. Алма­ты рэн­кинг орта­сын­да тұр және ол бар­лық қарас­ты­ры­лған топ­тар бой­ын­ша мега­по­лис үшін ең жақ­сы нәти­же. Тағы бір қызық нәти­же – Қызы­лор­да. Қаза­қстан көкөністің және жеміс-жидек­тің негіз­гі импорт­та­у­шы елдеріне жақын­ды­ғы­на қара­ма­стан, бұл қала рей­тин­гінің жоғарғы саты­ла­рын­да тұр және де ол қала­да рес­пуб­ли­ка­дағы орта­ша баға­дан әркез жоға­ры болған.

Графика7

 

Ақы­рғы кесте қала­лар бой­ын­ша көкөністер мен жеміс-жидек­тер­дің баға­ла­ры қан­ша­лы­қты гомо­ген­ді екеніне қоры­тын­ды жаса­уға мүм­кін­дік береді. Егер Ақта­уда бәрі қым­бат бол­са, Аты­рау мен Тал­ды­қорған көкөністің жоға­ры баға­сы сал­да­ры­нан көш басы­на шыққа­ны ап-айқын. Аста­на мен Қызы­лор­да шама­мен ұқсас нәти­же көр­се­ту­де – баға­лар орта­ша рес­пуб­ли­ка­лық дең­гей­ден жоғары.

 

Ақыр соңын­да немене?

Өз басым үшін аталған тал­да­удың нәти­же­лері бір­ша­ма дәре­же­де күт­пе­ген жағ­дай бол­ды. Әрине, елдің ірі және бай деген қала­ла­рын­да арзан өмір бола­ды күту­ге бол­май­ды. Десек те, өмір қым­бат­шы­лы­ғы бой­ын­ша, Ақта­удың бірін­ші орын­да болуы тосын дүние болды.

Рэн­кинг­тің көш­бас­шы елдері гео­гра­фи­я­лық жағы­нан төмен баға­лы өңір­лер­ге жақын орна­ласқа­ны қызық: Ақтау мен Аты­ра­уға – Орал мен Ақтө­бе; Алма­ты мен Тал­ды­қорғанға – Тараз және Шым­кент; Аста­на мен Өске­мен­ге – Пав­ло­дар, Қараған­ды мен Пет­ро­павл жақын. Осы­лай­ша, азық-түлік­тің жоға­ры баға­ла­ры гео­гра­фи­я­лық орна­ла­суға және Өзбек­стан мен Қырғыз­станға жақын болуға бай­ла­ны­сты емес деп жора­мал­да­уға бола­ды. Басқа­ша айтқан­да, азық-түлік өнім­дерінің ұсы­ны­сы рес­пуб­ли­ка бой­ын­ша азды-көп­ті гомо­ген­ді болып табы­ла­ды, ал жоға­ры баға­лар аталған өңір­ге тән фак­тор­лар­дан туған.

Егер жеке-жеке ала­тын бол­сақ, онда Жезқазған халқы 80 мың шақты адам­ды құрай­ды, бірақ мұны­мен қатар ол елде азық-түлік құны бой­ын­ша – бесін­ші, ол өз облыс орта­лы­ғы мен басқа ірі қала­лар­ды басып оза­ды. Алма­ты мен Шым­кент агло­ме­ра­ци­я­ла­ры салы­стыр­ма­лы попу­ля­ци­яға ие, алай­да өмір сүру құны жөні­нен олар бір-бірі­нен айтар­лы­қтай ерекшеленеді.

Ондай фак­торға жан басы­на шаққан­дағы табыс мөл­шері әсер етуі ықти­мал: сауда­гер­лер халы­қтың табысы жоға­ры өңір­лер­де баға­лар­ды арт­ты­рып оты­ра­ды. Деген­мен, қым­бат және арзан қала­лар­дың бір-біріне баға жағы­нан жақын­ды­ғы фир­ма­ларға баға­лар­дың айыр­ма­сын­да кіріс алуға және азық-түлік арбит­ра­жын іске асы­руға мүм­кін­дік береді.

Бұл қоры­тын­ды­лар­дың бәрі ҚР Ста­ти­сти­ка коми­тетінің мәлі­мет­тері дұрыс болған жағ­дай­да орын алды деу­ге болады.

Игорь КИНДОП,

Қаз­ТАГ

 

*Бар­лық кесте­лер­де­гі автор­дың есеп­те­улері ҚР ҰЭМ Ста­ти­сти­ка коми­тетінің баста­пқы мәлі­мет­тері негізін­де алынған.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн