Понедельник , 7 июля 2025

Айқынның МӘСЕЛЕСІ – анау-мынауда

 

Сынып қалған мініс көлі­гін өзі жөн­де­уді ұна­та­тын, «Superstar.kz» мегажо­ба­сы­нан соң жарқ етіп сахна әле­міне бір­жо­ла кел­ген Айқын Төле­п­бер­ген­нің кей­бір әндері сынға ұшы­рап жүр­гені­мен, әншінің беделі түсе қой­маға­ны «Инста­грам» жеке парақ­ша­сын­дағы тың­дар­ман жастар­дың ақжар­ма тілек­тері мен құт­ты­қтау сөз­дері­нен аңғарылғандай.

Жеке өмірі мен отба­сын құпия ұстау «сая­са­ты» жағы­нан Қай­рат Нұр­та­стан бір кем түс­пей­тін Айқын­ның тың­дар­ман қауым­нан «тыққан» жаңа­лы­ғы көп бол­са керек. Әрі Айқын­ның құпи­я­сы осы туған айы – ақпан­да айты­лар деп үміттенеміз.

Ал оның сахна­дағы жетістік­терін қараңыз: «Мистер Каз­Н­ТУ-2000», «SuperStar KZ» мегажо­ба­сы­ның жүл­де­гері, «Новая вол­на» халы­қа­ра­лық бай­қа­уы­ның лау­ре­а­ты (2006 ж.), «Алма­ты жүре­гім­де» фести­валінің Гран-при иегері (2009 ж.), EMA Muzzone Awards музы­ка­лық мара­пат­та­уда «Үздік әнші» номи­на­ци­я­сы­ның жеңім­па­зы (2012 ж.), «Саз әле­мі» музы­ка­лық бай­қа­уын­да «Үздік орын­да­у­шы» номи­на­ци­я­сы­ның жеңім­па­зы (2012 ж.), EMA Muzzone Awards музы­ка­лық мара­пат­та­уда «Үздік дуэт» номи­на­ци­я­сы­ның жеңім­па­зы (2013 ж.), «Саз әле­мі» музы­ка­лық бай­қа­уын­да «Үздік орын­да­у­шы» номи­на­ци­я­сы­ның жеңім­па­зы (2013 ж.) атанған.

Осын­ша­ма жүл­де мен жеңістер­ден кей­ін бұл жұрт Айқын­ды неге сынай береді деп ойла­ну­дың да реті бар. Бәл­кім, мәсе­ле дауыс пен талант­та емес, әнші болып қалып­та­су жолын­дағы анау-мынау әңгі­ме­лер­ге жуық жүр­генін­де шығар?!

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн