Четверг , 15 мая 2025

Аятжан АХМЕТЖАН: БІЛІКТІ МҰҒАЛІМ ЕШКІМГЕ ҚОЛЖАУЛЫҚ БОЛМАЙДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №19 (383) от 19 мая 2017 г.

 

ДАТ!

 


Білім беру сала­сы­ның бірқай­на­уы ішін­де­гі «шала» рефор­ма­ла­ры қоғам­ның сыны­на ұшы­раса да, билік тара­пы­нан қол­пашта­уға ие. Осы рет­те сала­ның жай-жап­са­рын жілік­тей шаға­тын, білім беру сала­сын­дағы басты мәсе­ле­лер­ді жасыр­май айтып жүр­ген ұстаз Аят­жан Ахмет­жан мыр­за­ны сұх­батқа тарттық.

 

Біздің аны­қта­ма:

•Аят­жан АХМЕТЖАН. Қытай­дың Іле қазақ облы­сы­на қарас­ты Өрте­кест­ің Аға­яз аңға­рын­да дүни­е­ге кел­ген. 2006 жылы шіл­де­де ата­ме­кен­ге ора­лып, 2007–2011 жыл­да­ры Л.Н.Гумилев атын­дағы Еура­зия ұлт­тық уни­вер­си­тетінің жара­ты­лы­ста­ну ғылым­да­ры факуль­тетін­де химия маман­ды­ғы бой­ын­ша білім алған. Химия ғылым­да­ры­ның маги­стрі. Қазір Аста­на­дағы рес­пуб­ли­ка­лық «Қаз­білім» орта­лы­ғы­ның дирек­то­ры, осы аттас пор­тал­дың бас редак­то­ры. Өлең­дері мен мақа­ла­ла­ры Қаза­қстан мен Қытай­дағы бірқа­тар басы­лым­дар­да тұрақты жари­я­ла­нып келеді. Қала­лық, облы­стық мүшәй­ра­лар­дың және ақын­дар айты­сы­ның жеңім­па­зы. 2010 жылы «Еркі­ме көн­ші, ей, өмір» атты жыр жинағы жарық көрген.

 

– Білім және ғылым мини­стр­лі­гінің баста­ма­сы­мен мамыр­дың 12-сін­де рес­пуб­ли­ка­ның бар­лық аймағын­да бір мез­гіл­де жал­пы­ұлт­тық ата-ана­лар жина­лы­сы өтті. Мұн­дай жиын оқу жылы­ның соңын­да өткізілуіне нен­дей себеп бол­ды деп ойлай­сыз? Білім рефор­ма­сын ата-ана­ларға сіңірудің ғана ама­лы ма, әлде оның басқа да мақ­сат­та­ры бар ма?

– Бұл жина­лы­стың өтетіні жөнін­де­гі ақпа­рат жари­я­ланға­ны­на біраз уақыт өтті. Жина­лы­сты Білім және ғылым мини­стр­лі­гінің (БҒМ) оқу жылы аяқта­ла­тын кезең­ге әкеп тіре­гені – өтпей қал­ды деген жау­ап­кер­шілік­тен әсі­ре желе­умен, алдын ала жос­пар­лап қой­ған мін­деті­нен құты­лу­дың ама­лы бол­са керек. Себебі мем­ле­кет­тік дең­гей­де бір мез­гіл­де ұлт­тық ата-ана­лар жина­лы­сы өткізіледі деген дақ­пыр­ты дөкей болға­ны­мен, дүр­ме­гін ешкім де ести алма­ды. Жина­лы­стың нәти­же­сін ауыз тол­ты­рып, сарап­тап жатқан бір­де-бір ата-ана­ның дауы­сын есті­медік. Қоғам­ның наза­ры­нан да тыс қалған шара болған сыңай­лы. Елі­міз­де­гі үш мил­ли­онн­нан астам ата-ана­ның пікірі ешкім­ді елең қыл­маға­ны – өкінішті.

 

– Деген­мен, мини­стр­лік таратқан бас­пасөз парағын­да жина­лыс жаса­удағы негіз­гі мақ­сат – елі­міз­де болып жатқан түр­лі өзгерістер­ді, рефор­ма­лар­ды халық ара­сы­на кеңі­нен наси­хат­тау және ата-ана­лар­мен тығыз бай­ла­ныс орна­ту, т.б. мәсе­ле­лер жазы­лған екен. Жина­лыс – эко­но­ми­ка­лық дағ­да­рыс кезеңін­де білім беру сала­сын ата ана­лар­дың көме­гі арқы­лы құтқа­ру мақ­са­ты үшін өткізіл­ді деген пікір­ге нен­дей ой қосар едіңіз?

– Қамқор­лық кеңесінің жау­ап­кер­шілі­гін бүкіл ата-анаға қарай бұру – нәти­же бер­мей­тін баста­ма, білім сала­сын толық түсін­бе­ген маман­дар­дың асы­ра сіл­те­ушілі­гі. Өрке­ни­ет­ті елдер­де Қамқор­лық кеңесінің білім орда­ла­ры­на эко­но­ми­ка­лық қол­дау көр­се­ту тәсіл­дері рет­тел­ген, ал біздің елде Қамқор­лық кеңесінің қыз­меті «Форбс» жур­на­лы тізі­мін­де­гі мил­ли­ар­дер ата-ана­лар­дан бастал­са, нағыз құп­тар­лық шара болар еді. Қара­пай­ым тір­лік кешіп жүр­ген ата-ана­дан ондай кеңес құру – білім­ді ешқан­дай тығы­ры­қтан шығар­май­ты­ны анық.

 

– «Суға кет­кен тал қар­май­ды» демек­ші, білім сала­сын­дағы қар­жы­лық дағ­да­ры­сты ата-ана­лар арқы­лы шешпек болған­дар­дың ойлап тапқан «жаңа­лы­ғы» емес пе?

– Бұл – білім сала­сын тез ара­да құтқа­ра қоя­мыз, қыру­ар жұмыс атқарға­лы жатыр­мыз деп, елді үміт­тен­діру­ге бағыт­талған шоу іспет­ті шара деген­нен басқа айтар жоқ.

 

– Ата-ана­лар жина­лы­сын­да мек­теп әкім­шілі­гі Қамқор­шы­лар кеңесінің жұмысын, кеңе­стің құқы­ғы мен мін­дет­терін, қағи­да­сы мен қыз­мет теті­гін талқы­лау бағы­ты­ның аста­рын­да мате­ри­ал­дық қажет­тілік жатыр деген пікір бар. Оның мәні – енді­гі жер­де орта білім су тегін беріл­мей­ді, оған ата-ана­лар­дың да қар­жы­сын жұм­сау керек бола­ды деген ойды туғы­з­бай ма?

– Мүм­кін, бәрі де мүм­кін… Екін­ші­ден, елі­міз­де жеке мен­шік және ақы­лы мек­теп­тер­дің саны көбей­іп жатқа­ны бел­гілі. Мем­ле­кет­тік оқы­ту жүй­есін­де­гі мек­теп­тер­де­гі білім беру сапа­сы­на көңілі тол­май­тын ата-ана­лар бала­ла­рын жан-жаққа тасып, ақы­сын аямай төлеп оқы­ту­да. Мұн­дай жағ­дай үлкен қала­лар­да кеңі­нен орын алған. Білім беру­де бір мек­теп­тің жүй­есін Назар­ба­ев зият­кер­лік мек­тебін­де­гі рефор­ма­ны ел аумағын­дағы бар­лық мек­теп­тер­ге таңу – біздің елде әдет­ке айналған. Үлкен қала­лар мен облыс орта­лы­қта­рын­дағы қар­жы­лық мүм­кін­ді­гі мол бес-алты ата-ана­ның жағ­дайы мен алыс ауыл­дағы жұрт­ты салы­сты­ру обал емес пе? Бұл әрі-бері­ден соң, эко­но­ми­ка­лық қажет­тілік­ті емес, білім беру сала­сын­да иде­я­ны іске асы­ру­дың жолы ғана. Министр Саға­ди­ев бас­шы­лы­ққа кел­ген күн­нен бастап, білім сала­сын­дағы кез кел­ген рефор­ма дау туғы­зып жатқан­ды­қтан, у‑шудың апты­ғын басу үшін, әртүр­лі баста­ма көтеріліп жатыр.

 

– Ал енді ата-ана­ларға өз ерік­тері­мен мек­теп кіта­п­ха­на­ла­ры­на кітап­тар әкеліп өткі­зу жөнін­де ұсы­ныс жаса­лып­ты. Яғни, ел бюд­жеті мұн­дай жүк­ті бұдан былай көте­ре алмай­ды деген сөз. Бірақ өз кезе­гін­де Аста­на мен ЭКС­ПО-ның құры­лы­сы дүр­кіреп жүріп жатыр. Осы біз­ге керек пе еді?

ЭКСПО құры­лы­сы бастал­май жатып-ақ, «көр­пе­міз­ге қарай көсіл­гені­міз жөн» деп, қар­сы­лық пікір таны­тқа­ны­мы­з­бен, қоғам­ның пікіріне ден қой­ған кім бар? Қала­сақ та, қала­ма­сақ та, өтетін көр­ме – өтеді.

Білім беру жүй­есі түбе­гей­лі рефор­маға сұра­нып тұр. Бірақ қан­дай рефор­ма жасай­мыз деген білік­ті маман­дар­дың пікірі наза­рдан тыс қалып жата­ды. Ел бюд­жеті білім беру сала­сы­ның сал­мағын, рефор­ма­сы­ның шарт жағ­дай­ын көте­ре алмай­ты­ны бел­гілі болып қал­ды. Шыны­мен, орын­дай­мыз деп құлық таны­тар бол­са, шешіл­мей­тін түй­ін бол­мас еді…

 

– Әле­умет­тік желі­де­гі жаз­баңы­зда «Жемқор­лық бүкіл сала­ны жай­лап тұрған­да «орын­ды­қта» таза оты­ру мүм­кін емес… Себебі комис­сия айып­пұл сал­ма­сам бол­май­ды, – деп келеді, ал оны қал­та­сы­нан ешкім төле­мей­ді. Не істе­мек керек?» деген екен­сіз? Сол ақша ұста­здар­дың қал­та­сы­нан шыға­ты­ны анық, одан құты­лу­дың жолы бар ма?

– «Не істе­мек керек?» деген сұрағым­ды өзім­нен сұра­ды­ңыз (күл­ді). Ең алды­мен ұста­здар­дың кәсі­би білік­тілі­гі, екін­ші­ден, құқы­қтық сау­ат­ты­лы­ғы жоға­ры болуы қажет. Кәсі­би білік­ті ұстаз өз құқы­ғы­на ешкім­нің қол сұғуы­на жол бер­мей­ді. Осы екі шарт орын­далған жағ­дай­да, нары­қтық заман­да өзінің бәсе­ке­ге қабілет­тілі­гіне сұра­ныс туғы­зып, жемқор­лы­ққа жол бер­мес еді. Мек­теп­ке тек­се­ру кел­ген жағ­дай­да, білік­ті де, құқы­қтық сау­а­ты мықты маман ештеңе­ден де тай­сал­май­ды. Мұғалім өзіне сенім­сіз болған жағ­дай­да, ақша беріп, қыз­метім­нен шыға­рып таста­ма­са екен деген үрей­мен, құты­лу­дың жолын іздей­ді. Мек­теп дирек­то­ры өзі басқа­ра­тын мек­тебін­де­гі орын алған кем­шілік­ті жамап-жасқау үшін, пара беру­ге мәж­бүр бола­ды. Елі­міз­де кез кел­ген сала­ны жай­лаған жемқор­лық білім беру сала­сын да шыр­мап алға­ны­на ішің аши­ды. Өзінің кон­сти­ту­ци­я­лық құқы­ғын табан­ды түр­де талап ету – біздің қоғам­да өте күр­делі мәсе­ле­ге айнал­ды, қуда­ла­у­ға ұшы­рап, жұмыс­сыз қала­сыз, одан зорғы­сын айт­пай-ақ қояй­ын, өздеріңіз­ге бел­гілі мәсе­ле ғой.

 

– Айтар жоқ, соны­мен бір­ге билік мұғалім­ді сая­сат тех­но­ло­ги­я­сы­ның қол­шоқ­па­ры­на айнал­ды­рып алды. Сай­лау, халық санағы, т.б. науқан­дар­да мұғалім­дер ала таң­нан таба­ны тілініп, үй-үйді ара­лап, босып кете­ді. Басқа уақыт­тар­да қағаз­ба­сты­лы­қтан ары­ла алмай­ты­ны тағы бар…

– Осы мәсе­ле жырға айналға­лы қашан? Деген­мен, бұған екі түр­лі жақтан қараға­ны­мыз жөн сияқты. Біріні­ш­ден, білім беру сала­сы да дик­та­ту­ра­лық-әкім­гер­шілік сипаттан алыс кет­кен жоқ, демо­кра­ти­я­лық жолға бұры­ла алмай жатыр. Екін­ші­ден, мем­ле­кет­тік дең­гей­ге дей­ін жет­кен жемқор­лық – мек­теп басқа­ру құры­лы­мы­на да зала­лын тигі­зу­де. Мәсе­лен, мек­теп дирек­тор­лы­ғы лау­а­зы­мын сатып алуға бола­ды, өз кезе­гін­де дирек­тор жоға­ры жаққа бер­ген қар­жы­сын қара­мағын­дағы мұғалім­нің қал­та­сы­нан сығып ала­ды. (Осы мәсе­ле менің ашып оты­рған жаңа­лы­ғым емес, ел-жұр­тқа әбден әшке­ре болған жәйт.) Шынын айтуы­мыз керек, «жыла­маған балаға емшек бер­мей­ді» демек­ші, ұста­здар­дың өз құқы­ғын өзі қорғай алмай­ты­ны­ның кесірі өздеріне таяқ болып тию­де. Өзім де талай қуғын­ды көр­дім, бірақ ешкім­ге де көк тиын бер­ген жоқ­пын, барғым кел­мей­тін кон­церт­тің билетін алуға да ешкім мәж­бүр­ле­ген жоқ.

Кәсі­би білі­гі жоға­ры ұста­зды ешкім ешқан­дай шараға мәж­бүр­лей алмай­ды, жұмыстан шыға­рып жібе­реді деп қорқу­дың қажеті шама­лы, өз құқы­ғы­ң­ды қорғай білуді үйре­ну керек. Білік­ті мұғалім ешкім­ге қол­жа­улық бол­май­ды. Табысқа жету­ге қауқа­ры жоқ, білі­гі төмен маман өзін-өзі ақтап алу­дың жолын табуға тыры­са­ды. Пара беріп неме­се жылап-еңіреп мәсе­лесін шешу ірілік емес, ондай ұста­здың алды­нан ірі шәкірт шықпайды.

 

– Аят­жан мыр­за, енді­гі кезек­те өзіңіз қыз­мет ететін Рес­пуб­ли­ка­лық «KAZBILIM» орта­лы­ғы­на қарай ойыс­сақ. Биы­лғы ҰБТ-ның жаңа фор­матқа көшуіне бай­ла­ны­сты түлек­тер­ге бағыт беру мақ­са­тын­да тесттер жинағын ЖАСАҒАН ЕКЕНСІЗДЕР. Осы еңбек­теріңіздің мек­теп түлек­теріне қан­ша­лы­қты пай­да­сы тиіп жатыр?

– Биы­лғы ҰБТ-ның жаңа фор­ма­ты өткен жылы қазан айын­да бекітіл­ді. Содан кей­ін бір жарым ай уақыт бойы Ұлт­тық тестілеу орта­лы­ғы жаңа нұсқа­дағы оқу-әдісте­мелік құрал­да­рын шыға­рып, бағыт-бағ­да­рын ұсы­на­ды деген үміт­те бол­дық. Алай­да ол үміті­міз ақталмады.

Деген­мен, өз беті­міз­бен жаңа­дан енгізіл­ген «Мате­ма­ти­ка­лық сау­ат­ты­лық» және «Оқу сау­ат­ты­лы­ғы» пән­дері бой­ын­ша екі кітап шығар­дық. Одан кей­ін әле­умет­тік желі­де біз­бен жеке хабар­ласқан ата-ана­лар мен оқу­шы­лар­дың сұра­ны­сы бой­ын­ша он бес пән­ге арналған сау­ат­ты­лық жөнін­де кітап­тар шыға­рып, күні-түні түсін­ді­ру жұмыста­рын жүр­гіздік. Ең үлкен пай­да­сы сол – оқу­шы­ларға дұрыс бағыт бере алдық деп ойлай­мын. Ұлт­тық тестілеу орта­лы­ғы­ның ең алға­шқы нұсқа­сы наурыз айын­да шық­са, біздің кітап­ша­ла­ры­мыз жаңа жыл­дың басын­да оқу­шы­ның қолы­на жет­ті. Екі ай біре­улер үшін аз ғана уақыт болуы мүм­кін, ал 11-сынып­ты бітір­гелі оты­рған түлек үшін екі айдың маңы­зы зор. Бір күн бұрын бол­са да, оқу­шы­ға дұрыс жол, бағыт-бағ­дар бер­гені­міздің пай­да­сы көп бол­ды деп сенемін.

Жеке мен­шік­те­гі біраз бас­па­лар біздің автор­лық құрам­мен басқа тесттің сұрақта­рын қой­ып, кітап шыға­рып, «қара база­рда» сауда­лаған­дар­ды да көр­дік, сотқа дей­ін жүгі­ну­ге тура кел­ді. Ата-ана­лар­дан өті­нерім, «қара база­рда» саты­лып жатқан ҰБТ тестілеріне арналған кітап­тар­ды сатып алмаңы­здар, тек қана лицен­зи­я­сы бар, арнайы дүкен­дер­ден сатып алуға кеңес берем. Ұрпақ тағ­ды­ры – ұлт­тың тағ­ды­ры, енде­ше оны саудаға салып, құнын түсіру­ге болмайды!

 

– Биыл бала­лар ҰБТ-ны жаңа фор­мат бой­ын­ша тап­сы­ра­тын­ды­қтан, Білім және ғылым мини­стр­лі­гі қала мен ауыл мек­теп­терінің білім сапа­сы­ның айыр­ма­сын бол­дыр­мау үшін қан­ша­лы­қты дең­гей­де жұмыстар жүр­гізіп жатқа­нын біле алды­ңыз ба?

– Қала мен ауыл мек­теп­терінің ара­сын­дағы айыр­ма­шы­лық жыл санап алшақтап жатыр. Қала­лық жер­де ҰБТ-ның жаңа фор­ма­ты жөнін­де ерте­рек ғалам­тор арқы­лы ақпа­рат алуға мүм­кін­дік мол болған­ды­қтан, дер уақы­тын­да хабар­дар бол­са, шалғай­дағы ауыл мек­тебіне әлі күн­ге дей­ін жаңа нұсқа­дағы оқу құрал­да­ры жет­кен жоқ. Ауыл мек­тебі екі ұдай күй­де, маман­дық таң­да­уға қаты­сты қан­дай пән­ге басым­дық беретін­дерін сұрап, мамыр айын­да біздің орта­лы­ққа хабар­ла­сып жатқан оқу­шы­лар­дың саны көп. Демек, шәкірт өзі қалаған маман­ды­ғы бой­ын­ша таң­дай­тын пән­дерін әлі күн­ге дей­ін біл­мей­ді деген сөз. Бұл – Білім мини­стр­лі­гі тара­пы­нан жасалған қадаға­ла­удың нашар­лы­ғын, ауыл мек­теп­терін­де түсін­ді­ру жұмыста­ры жүр­гізілуі кем­шін екен­ді­гін көрсетеді.

Мен ақпан айын­да Жеті­сай қала­сын­да ісса­пар­мен болға­ным­да, ұста­здарға ақпа­рат­тың толық жет­пе­гені бел­гілі бол­ды. Ата-ана­лар тара­пы да самарқа­улық таны­та­ды, бала­сы­ның бола­шағы үшін талқы­ла­нып жатқан білім рефор­ма­сы­на бей-жай қарай­ды. Бар­лық ата-ана­ларға кінә тағу­дан аулақ­пын, басым көп­шілі­гі немқұрай­ды­лы­ққа баса­ды, осы екі орта­да оқу­шы таяқ жей­тіні ескерілмейді.

 

– Сіздің ойы­ңыз­ша, біз­де­гі білім рефор­ма­сы неден баста­луы керек еді?

– Жуыр­да ғана мини­стр­лік тара­пы­нан Назар­ба­ев зият­кер­лік мек­тебінің басқар­ма бас­шы­сы Күләш Шам­си­ди­но­ва ханым мұғалім­дер­дің 70 пай­ы­зы­ның өзінің пәніне деген білік­тілі­гі төмен екен­ді­гін айт­ты. Бұл көр­сет­кі­штің ащы ақиқат екенін өзім мұғалім бол­сам да, мой­ын­да­уы­ма тура келіп тұр. Рефор­ма осы түй­ін­нен баста­луы керек еді, білім сала­сы­ның табысқа жетуі неме­се жет­пе­уі бірін­ші кезек­те ұста­зға, одан кей­ін мек­теп­тің мате­ри­ал­дық база­сы­на келіп тіре­летін мәселе.

Ал кей­бір пән­дер­ді ағы­л­шын тілін­де оқы­ту, дүние жүзі тарихын орыс­ша оқы­ту деген жаңа­лық қан­дай «даны­шпан­ның» ойы­на кел­генін кім біл­сін, білім сала­сы­нан хаба­ры жоқ шене­унік­тің шығарған жаңа­лы­ғын рефор­ма деп ата­уға мүл­дем бол­май­ды. Осы сала­да ұтқан ешкім­ді көр­медім, ең басты ұты­лған – ата-ана, оқу­шы мен ұстаз, одан ары қарай айтар бол­сақ, қазақ мем­ле­кеті, қазақ қоғамы!

Бұл «шым­шық сой­са да, қасап­шы сой­сын» деген­дей, мек­теп­тің оты­на күй­іп, суы­ғы­на тоңып жүр­ген ұста­здар қауы­мы­ның тала­бы мен сұра­ны­сы бой­ын­ша төмен­гі жақтан жасалған рефор­ма емес, жоға­ры­дан түс­кен бұй­рық іспет­ті. Оны жасаған автор­лар­дың басым бөлі­гі педа­го­ги­ка­ның ауы­лы­нан алыс, мек­теп пен оқу­шы­ның жағ­дай­ы­нан бей­ха­бар екені анық. Білім беру сала­сы­ның тығы­ры­ққа тіре­луінің басты себебі де осы!

Осы сала­да мини­стр­лері жиі ауы­сып, жаңа рефор­ма үшін бюд­жет­тен қыру­ар қар­жы бөлі­неді. Был­тыр орыс мек­теп­терін­де­гі қазақ тілі пәні үшін жаңа­дан бағ­дар­ла­ма жасау тура­лы шетел­ге маман­дар жіберіп оқыт­ты. Орыс мек­теп­тері үшін осы қажет пе еді, олар өзінің бола­шағын Ресей­мен бай­ла­ны­сты­ра­ды, бюд­жет­тен ақша «жеудің» ама­лы ғана, осы жөнін­де өз пікірім­ді жасы­рып қалған жоқ­пын, қазақ сыны­бын­да оқи­тын 80 пай­ыз бала­ның тағ­ды­ры бірін­ші кезек­те ойлан­ды­руы керек.

 

– Осы мек­теп рефор­ма­сы сала­сын­да өзіңізді толған­ды­рып жүр­ген қан­дай мәсе­ле мини­стр­лік­тің, билік­тің құлағы­на жет­се екен деп ойлайсыз?

– Орта білім сала­сын­дағы рефор­ма­ны бей­не­леп айтар бол­сам, соғыс жай­ын­дағы жеңіс – мықты әскер мен оның қолын­дағы сақа­дай сай қаруы­на бай­ла­ны­сты. Сон­ды­қтан ұста­здар қауы­мы білік­ті әскер­лер­ден құра­лып, білім орда­сы­ның мате­ри­ал­дық база­сы толық қам­та­ма­сыз етіл­се, білім сапа­сы да өз дең­гей­ін­де дами­ды. Білім сала­сын жақ­сар­та­мыз десек, орта білім бол­сын, жоға­ры оқу орны бол­сын, бірін­ші ұста­здар­дың сапа­сы тура­лы ойла­нуы­мыз керек.

Екін­ші, мате­ри­ал­дық шарт жағ­дай­ын жақ­сар­ту қажет. Қан­ша­ма супержо­ба­лар­ды алып кел­сек те, мықты мұғалім мен мате­ри­ал­дық база бол­ма­са, ісі­міз кері кете­ді. Мәсе­лен, шалғай жатқан ауыл­дар­дағы мек­теп­тер­де ағы­л­шын тілі­нен мұғалім тап­пай оты­рған­да, үштіл­ділік­ті енгі­зу – әуме­сер­лік­тен шыққан дүние.

Аспа­зы мықты бол­са, «бал­та­ның сабы­нан да ас пісіреді», ал нашар бол­са, қол­дағы барын пай­да­ла­на алмай­ты­ны – дәлел­де­уді қажет етпей­тін қағи­да. Іске аспай­тын жоба­ны жасай­тын­дар­ды қадаға­лай­тын, есебін сұрай­тын ешкім бол­маған­ды­қтан, «Судың да сұра­уы бар» дей­ді қазақ, өткен­нен сабақ алу үлгісі қалыптаспады.

Деген­мен де, қолы­мы­зды қусы­рып оты­ра бер­мес­піз, бала­лар­дың бола­шағы үшін атқа­ры­ла­тын істер­ді жалға­сты­ра­мыз. Өрке­ни­ет көші­нен қазақ мек­тебі арт­та қал­май­ды деген үміті­міз басым!

 

– Енде­ше қара дома­лақ қаза­қтар үшін жасап жатқан еңбе­гіңіз жан­сын, Аятжан!

 

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«

 

 

 

Аудан әкі­міне сауал?

 

СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІНЕ КӨМЕК

МҰҒАЛІМДЕРДЕН ЖИНАЛАТЫН

АҚШАҒА ҚАРАП ҚАЛДЫ МА?

 

Арда­гер ата­ла­ры­мыз бол­ма­са, біз осын­дай бей­біт күн­де өмір сүрер ме едік? Бұл сөзді халы­қтың көбі айта­ды. Бұған дауым жоқ. Деген­мен, соғы­сты жең­ген ата­у­лы күн мен арда­гер­лер­дің атын жамы­лып, ақша жинау неге, кім­ге қажет болды?

Көп жыл­дар­дан бері Алма­ты облы­сы, Қара­сай ауда­ны­ның бар­лық мек­теп­терінің мұғалім­дерінің бір күн­дік жалақы­сын 9 мамы­рға қар­сы «арда­гер­лер­ге бере­міз» деген желе­умен мек­теп есеп­шісі арқы­лы ұстап оты­ра­ды. «Өз еркі­мен бер­ді» дегізіп, қол қой­ды­рып ала­ты­ны тағы бар. Қол қой­маған мұғалім­нің басы­на қара бұлт үйіріліп, жұмыстан кету қау­пі төнетіні бар­шаға мәлім.

Кеше ғана сәуір айы­ның жалақы­сы­нан 4000, 6000, 8000 тең­ге көле­мін­де әр мұғалім­нен ақша ұстал­ды. Бұл мәлі­мет­ке сен­бей­тін­дер бол­са, Қара­сай ауда­ны­ның білім бөлі­мін­де оты­рған бас есеп­шінің құжат­та­рын қарап шығуы­на болады.

Ұста­здар төрт мың тең­ге үшін қан­ша­ма терін төгеді. Қан­ша­ма ата-ана­ның, оқу­шы­ның, шолақ бел­сен­ділер­дің сөзін естіп, маң­дай тері­мен тапқан ақша­сын өз еркі­мен қай­ы­рым­ды­лы­ққа жұм­са­уы мүм­кін емес.

Осы орай­да Қара­сай ауда­ны­ның әкі­мі Махаб­бат Бегел­ди­ев­ке (сурет­те) бір­не­ше сұрақ қой­ғым келеді…

1. Құр­мет­ті Махаб­бат мыр­за! Аудан бой­ын­ша арда­гер­лер­ге көмек көр­се­ту мұғалім­дер­дің жалақы­сы­на қарап қалға­ны ма?

2. Қара­сай ауда­ны мұғалім­дер­дің жалақы­сы бол­ма­са, арда­гер­лерін құр­мет­тей алмай­тын бей­ша­ра аудан ба еді?

3. Ұста­здар­дан еріксіз қол қой­ды­рып, ақша жинау қан­ша­лы­қты заңды?

4. Мұғалім­дер­ден жиналған қар­жы­ның есебін аудан­дық білім бөлі­мі­нен сұра­тып, ақша­ның қай­да кет­кенін аны­қта­уы­ңы­зды сұраймын.

5. Егер ҚР заң­да­рын­да арда­гер­лер­ге мұғалім­дер­дің қар­жы жинап беруі керек деген мін­дет­те­ме (әрине, жоқ екені бел­гілі) бар бол­са, оны көр­сетіңіз. Егер жоқ бол­са, ұста­здар­дың жалақы­сын тез ара­да қай­тарғы­зуы­ңы­зды талап етемін.

Айман САҒИДУЛЛА,

мұғалім,

Алма­ты облысы

Қара­сай ауданы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн