Воскресенье , 20 апреля 2025

Айдай болсаң да, ТӨРТ БАЛА ТУУ оңай бола ма?..

Өнеге

 

Осыдан біраз уақыт ілгері қазақ қызы Айдай Исаева «Әлем аруы – 2014» байқауына үміткер болған еді. АҚШ-тың Майами қаласында өткен сұлулар сайысында ақтық сында әлемнің 125 елінен келген сұлулар бақ сынасты. Өкініштісі сол – Исаева финалға шыққан 15 арудың қатарынан көріне алмады.

Әрине, бұл Айдайдың бәсеке жолындағы алғашқы қадамы емес. Айтуынша: «Әлем аруы – 2014» байқауынан бұрын республика ішіндегі сұлулық сайыстарында 10 рет сынға түскен екен. «Инстаграм» әлеуметтік желісінде жанкүйерлеріне көркімен қоса, қарапайымдылығын видео-сәлемдемелерінен аңғартқанын білеміз. Қазір де Алматы қалалық №1 емханада отбасылық дәрігер болып қызмет атқарады.

Қызығы сол – Айдай қыз бір сұхбатында: оқуды тәмамдаған соң, тұрмысқа шығып, шамамен 4 баланың анасы болғысы келгенін айтқан болатын. Бұған, әрине, «бәрекелді!» деп, бөркіңді аспанға атасың. Тәп-тәуір сөз емес пе? Әлем-жәлем әлемнің аруы болғаннан гөрі, қазақтың ару-анасы болғаны санын өсіре алмай жүрген ел үшін еселі үлес болмас па? Ал қазақта ардақты ана болудан өткен мерей, асқан бақыт жоғын бүгінгі «бойдақ» қыздар Айдайға ұқсап сезіне алса – құба-құп еді!

Топтаманы дайындаған –

Төлеу ТҰРМАН

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн