Суббота , 12 июля 2025

АЙДАЙ СҰЛУ неге сотқа жүгінуге МӘЖБҮР БОЛДЫ?

Үкі­мің қалай?

 

«Қаза­қстан аруы-2013» бай­қа­уы­ның жеңім­па­зы Айдай Иса­е­ва Instagram парақ­ша­сын­да жеке басын келе­ке қылған желі пай­да­ла­ну­шы­ларға рен­жулі екенін жасыр­ма­ды. Әрі өзін маза­ққа қал­ды­рған теле­ар­на­ны сотқа бермек.

 

«Даудың басы Дай­ра­бай­дың көк сиы­ры» демек­ші, бұдан біраз уақыт ілгері­де Айдай Иса­е­ва­ның «КТК» теле­ар­на­сы­на бер­ген сұх­ба­ты интер­нет­ке шыққа­лы, оған әле­умет­тік желі­де тіл тигі­зу­шілер көбей­іп кеткен.

Сон­да қалай дей­сіз ғой: желіні пай­да­ла­ну­шы­лар «Қаза­қстан аруы» атағын алып, меди­ци­на дипло­мын иелен­ген қыздың орыс­ша пікірін дұрыс жет­кі­зе алмай­ты­нын келе­меж қылған. Ал Айдай Иса­е­ва­ның орыс тілін жетік білу­ге мін­дет­ті емес екен­ді­гін алға тар­тып, оның интел­лек­ту­ал­дық сай­ыс емес, сұлулық бай­қа­уы­ның жеңім­па­зы екенін ескер­ген өзге пай­да­ла­ну­шы­лар легі Иса­е­ва­ның жағы­на шыққан болатын.

Осы­лай­ша «аузы жүй­рік» желі­де­гі оқыр­ман пікірі қақ бөлін­ген. Айдай қыздың сөзіне сен­сек, ол дат­та­у­шы­ларға ұзақ уақыт мән бер­мей кел­ген көрі­неді. Алай­да instavideo_kaz акка­ун­тын­да оның сұх­бат­тар­да жібер­ген қателік­тер­ден құралған «видео» салы­нған­нан кей­ін, ару­дың шыдам жүй­кесі шыда­удан қалған. Бүйт­пей қайт­сін: Айдай­дың айтуын­ша, интер­нет желісін­де өз аты­на 100 мыңға жуық пікір қалғанға ұқсайды.

«Видео авто­ры arman_ussupov сұх­бат­тағы жеке­ле­ген бей­не­кадр­лар­ды өз ыңғай­ы­на қарай мон­таж­даған… Мен тиісті заң­ның 130, 131-тар­мағын­дағы «Тұлға­лар­ды қор­лау» бап­та­рын жақ­сы біле­мін! Енді­гі шаруа көп емес: «КТК» арна­сы, #instavideo_kaz және Арман Усу­пов деген кісіні сотқа беру қал­ды. Мен бұл «видео­ны» ұзақ еле­мей кел­ген­мін. Алай­да интер­нет­те­гі            100 000 пікір­ді көңілі­ме алып қал­дым: олар зіл­сіз қал­жың бол­са, түсі­нер едім», – деп, 2013 жыл­дың Қаза­қстан­дағы ең сұлу аруы өзінің қазір­гі көңіл ауа­нын байқатқан.

Бұл ара­да не десек те, Айдай­дың уәжі заң­ды екені дау­сыз. Себебі өз елі мен өз жерін­де, өз тілін­де сөй­леп жүр­ген қар­ша­дай қазақ қызы үшін ойын орыс­ша жет­кі­зе алмау – мін емес. Мәсе­лен, өзінің ұлт­тық мен­та­ли­тетін біл­діруді мақ­сат тұта­тын кез кел­ген гру­зин орыс тілін қан­ша­лы­қты жетік біліп тұр­са да, орыс­ша сөз­де өзінің ұлт­тық акцен­тін айқын­дап сөй­лей­ді. Бұл – гру­зин үшін өзінің гру­зин­ді­гін біл­дірудің басты шарты.

Енде­ше орыс­ша дұрыс сөй­ле­медің деп, Айдай­ды айып­та­удың жөні қай­сы? Бұл тұрғы­дан пай­ым­дай­тын бол­сақ, біздің газет Айдай­ға ара­ша түсе ала­ды. Сон­ды­қтан Айдай ару үшін бұл сот­тың жай-жап­са­рын жария ету қажет­ті­гі туса, біз оның жаны­нан табы­ла­ты­ны­мы­зды мәлім етеміз!

Сауыр САЙҚАН

 

Топ­та­ма­ны дай­ын­даған Төлеу ТҰРМАН

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн