Среда , 27 августа 2025

Айдос САРЫМ: ЕРДОҒАННЫҢ БҮГІНГІ САЯСАТЫТҮРКИЯНЫҢ БОЛАШАҚ ТРАГЕДИЯСЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №30 (347) от 25 авгу­ста 2016 г.

 

 

 

 

Қаза­қтар бүгін­гі Түр­ки­я­ны біле ме?

 

 

 

 

Соңғы уақыт­та күл­лі әлем наза­ры Түр­ки­яға ауды. Билік­ті ауда­рып тастай алмаған мем­ле­кет­тік төң­кері­стен кей­ін­гі «таза­лау» мен 90 күн­дік төтен­ше жағ­дай аяқталған­ша алда қан­дай жағ­дай­лар орын ала­ты­нын ешкім болжай алмас. Алы­стағы Алаш жұр­ты түбі бір туы­сқан елдің тыны­шты­ғын тілеп, жағым­ды-жағым­сыз ақпа­рат­тарға құлақта­рын түріп оты­рған жайы бар. Әрине, мұн­дай­да есті­ген­нің бар­лы­ғы­на емек­си бер­мей, сол орта­ның суын ішіп, сама­лын жұтқан, қоға­мын қырағы көз­бен шолып қай­тқан көзі қарақты аза­мат­тар­дың жік­шіл­дік­ке арбал­маған, ала­у­ы­зды­қтан ада ойла­рын без­бен­ге салу – мәсе­ленің мәнісіне бой­ла­удың дұрыс жолы деп біле­міз. Осы орай­да, Түр­ки­яда орын алып жатқан оқиға­лар төңіре­гін­де сая­сат­кер Айдос Сарым мыр­за­мен сұх­бат­тасқан едік.

 

– Ана­до­лы жұр­тын­да не болып жатыр?

– Ататүрік зама­ны­нан кей­ін­гі, бәл­кім ең тағ­дыр­лы, ең терең елдің бола­шағын я жақ­сы, я жаман жағы­на бұрып кете ала­тын­дай тари­хи өзгерістер болып жатыр дер едім. Сая­сат­та­нуға жүгін­сек, «модер­ни­за­ци­я­лық шегініс» неме­се «контр­мо­дер­ни­за­ция» деп айтуға бола­ды. Бұл – өте күр­делі үдеріс. Себебі модер­ни­за­ци­яға бар­ша жұрт­тың ара­лас­па­уы, оны қол­да­мауы, түсініп-түй­сін­бе­уі мүм­кін. Түп­тің-түбін­де кез кел­ген тың өзгерістер­ді, рефор­ма­лар­ды кері қай­та­ра ала­ты­нын көріп отыр­мыз. Бұл тек Түр­ки­яға ғана емес, бар­ша Азия мем­ле­кет­теріне, өзі­міздің мем­ле­кеті­міз­ге де сабақ болуы тиіс.

Өзі­міз көріп оты­рған­дай, қазір­гі заман­да Түр­кия сияқты мем­ле­кет әлі де бол­са өзінің шын мәнін­де­гі век­тор­лық бағы­тын таң­дай алмай келе жатыр. Қажет десеңіз, ол сая­си, фило­со­фи­я­лық век­тор деу­ге бола­ды. Шын мәнін­де, Түр­кия ұлты, мем­ле­кеті, өрке­ни­еті дамы­ған елдер­дің қата­рын­да бола­мын, эко­но­ми­ка­лық-әле­умет­тік модер­ни­за­ци­я­ны жасай­мыз десе, еуро­па­лық век­тор­мен жүру­ге мәж­бүр болар еді. Бүгін­гі «неоос­ман», «әсіре­осман­шыл­дық» дей­ді, басқа дей­ді, мен біл­сем, жаңа осман­дық сая­са­ты­мен ұза­ққа бара қой­май­ды. Қор­да­ланған мәсе­лені одан сай­ын күр­де­лен­діріп жібе­реді. Осы күн­ге дей­ін қабыл­даған тари­хи-сая­си кон­цеп­ци­я­ла­ры, сыр­тқы сая­си басым­ды­қтар, ішкі сая­си ұста­ным­да­ры айна­лып кел­ген­де, елдің бүгініне, ертең­гі бола­шағы­на, тұта­сты­ғы­на қауіп төн­діріп жатқан секілді.

Мыса­лы, осы күн­ге дей­ін Түр­ки­яда Ататүрік зама­ны­нан бері келе жатқан сая­сат бол­ды. Ол – ұлт­тық мем­ле­кет құру сая­са­ты; кеше­гі импе­ри­я­ны ұлт­тық мем­ле­кет­ке айнал­ды­ру; ондағы түрік тілінің, түр­кі ұлты­ның басым­ды­ғы, басқа ұлт­тар­ды бір­те-бір­те түрік­тер­ге айнал­ды­ру, асси­ми­ля­ци­я­лау сая­са­ты. Жақ­сы бол­сын, жаман бол­сын – ол өз нәти­же­сін беріп кел­ді. Аза­мат­тық сая­си ұлтқа айна­лу, оның ішін­де бар­лық ұлт­тар өз ұсты­нын сақтай оты­ра­ды деп кел­ді. Осы кез­ге дей­ін Түр­кия үкі­меті Еуро­па қабыл­даған адам құқы­қта­ры тура­сын­дағы құжат­тар­ды мой­ын­дап, іске асы­ра­мыз деп кел­ді. Ол дегені­міз саны жағы­нан аз ұлт­тар­дың тілін, мәде­ни­етін, дәстүрін мой­ын­дау, басқа да қажет­тілік­терін өтеу. Осы арқы­лы бір­те-бір­те күрд мәсе­лесін оңтай­лан­ды­ра бастаған болатын.

Тарих­та жеке­лен­ген тұлға­ның рөлі деген тақы­рып бар. Біздің қазір көріп оты­рға­ны­мыз осы. Үлкен бір мем­ле­кет­ке, гео­са­я­си аймаққа тек бір ғана Ердоған­ның фило­со­фи­я­сы нұқ­сан кел­тіріп оты­рға­ны­ның куәсі­міз. Ердоған Түр­ки­яға көп әсер етті. Тіп­ті 4–5 жыл бұрын мен оны кәдім­гі­дей қолдағанмын.

Ердоған кеше­гі Ататүрік мұра­сы мен ислам құн­ды­лы­қта­рын бірік­тіріп, елді еуро­па­лық век­тор­мен алып кет­се, Ататүрік­тен асып түс­кен сая­сат­кер бола ма деп үміт­теніп едім. Бүгін­гі күні Түр­ки­яға талай барып жүр­міз, адам­да­ры­мен де сөй­лесіп, кітап­та­рын, газет­терін де оқып жүр­міз – шын мәнін­де­гі бүгін­гі век­тор жал­пы түрік­шіл­дік иде­алға, зай­ыр­лы мем­ле­кет иде­а­лы­на қар­сы әрі жат екеніне көзі­міз жет­ті. Болып жатқан жағ­дай шын мәнін­де бола­шақта оны өзін­дік кел­беті, бол­мысы, ұста­ны­мы – Таяу Шығы­стағы жалғыз демо­кра­ти­я­лық мем­ле­кет болып қала ма, әлде сол аймақтағы авто­ри­тар­лық, эко­но­ми­ка­сы қан­сы­раған мем­ле­кет­ке айна­ла ма деген ой маза­лай­ды. Оған күдік те жоқ емес. Түр­ки­я­ның ішкі мәсе­лесі жетіп жатыр: күрд мәсе­лесі, аймақтық дис­про­пор­ци­я­лар, теңсіздік, сепа­ра­тизм мәсе­ле­лері бар. Келіп жатқан 2–3 млн. сири­я­лық ара­б­тар бар. Мұның өзі осы­ған дей­ін­гі күр­делі кар­ти­на­ның өзін одан сай­ын күр­де­лен­діріп, түр­лен­діріп жіберді.

Екін­ші­ден, эко­но­ми­ка мен сая­сат қашан да тығыз бай­ла­ны­сты. Бұрын да солай болған, қазір де солай. Кеше­гі «төң­керіс­сы­мақтан» кей­ін қан­ша­ма мың адам жұмыстан шыға­рыл­ды. Эко­но­ми­ка­ны өркен­де­тетін құн­ды­лы­қтар­ды қалып­та­сты­рған адам­дар билік­тен, қоғам­нан шет­тетіл­ді. Жазы­қ­сыз наны­нан айы­ры­лып жатқан­дар бар­шы­лық. Әскер­лер­ді айт­паған күн­нің өзін­де олар –мұғалім­дер, білім сала­сы­ның қыз­мет­кер­лері, ғалым­да­ры, декан­да­ры, сот, про­ку­рор, поли­ция, дәрі­гер­лер, тәу­ел­сіз Түр­ки­я­ның жан дауы­сы­на айналған жур­на­ли­стер. Қарап отыр­саңыз, оның ішін­де «гүлен­ші» дей­тін де адам жоқ. Жүй­елі түр­де авто­ри­тар­лық билік­ті, эко­но­ми­ка­дағы олқы­лы­қтар­ды, жемқор­лы­қты сынап кел­ген адам­дар. Бұл бел­гілі бір діни бағыт­тың ұста­ны­мы емес, шын мәнін­де­гі Ердоған­ның жеке пси­хо­фи­зи­ка­сы­нан туын­дай­тын сын­ды көте­ре алмау, сына­у­шы­лар­дың бар­лы­ғын жау көру сияқты кек алу, өште­су. Басқа­ша айтып түсін­ді­ру мүм­кін емес. Себебі Ердоған­ның артын­да ешқан­дай жүй­елі ой-тұжы­рым, кере­мет өрке­ни­ет­тік идея, қисын­ды сая­си кон­цеп­ция жоқ. Көбіне-көп бұның аста­рын­да өткен­ді аңсау, жөн-жосы­қ­сыз сая­си амби­ция ғана жатыр.

– Бұл неге апарады?

– Бұдан бұрын Түр­ки­яда азды-көп­ті жал­пы­ұлт­тық, мем­ле­кет­шіл­дік ком­про­мисс орын алған бола­тын. Ком­про­мисс, ол – елдің зай­ыр­лы­лы­ғы, ол – елдің еуро­па­лық век­то­ры, ол – түрік халқы­ның ұлт­тық мем­ле­кеті болуы. Сол арқы­лы түр­кі дүни­есінің көш­бас­шы­лық рөлін атқа­ру Ататүрік зама­ны­нан бері сақта­лып келе жатқан дүние бола­тын. Бүгін­гі күні Ердоған­ның үлкен қателі­гі – өзінің ғана билі­гін күшей­те­мін деп, өзінің айтқа­ны­на ғана жете­мін деп, 70–80 жыл­дық тарихы бар мем­ле­кет­тің кон­сти­ту­ци­я­лық және қоғам­дық инсти­тут­та­рын құр­ту­мен, қира­ту­мен кел­ді. Жақ­сы-жаман бол­сын, пар­ла­мент­тік жүй­есі бола­тын. Оның өзі бүгін­гі күні «ойын­шы­ққа» айна­лып кет­кен секіл­ді. Бұл жер­де шынайы сая­сат­тан гөрі, жемқор­лық пен өза­ра ымы­раға келу басым секіл­ді. Соңғы 10 жыл ішін­де арми­яға істе­ме­гені жоқ. Гал­ли­по­ли соғы­сын көр­ген, одан кей­ін­гі шай­қастарға қаты­сқан көнекөз арда­гер­леріне дей­ін қуда­ла­ды. Шынын айта­лық, бүгін­гі дәу­лет­ті де дәр­мен­ді Түр­ки­я­ны жасаған – әске­ри­лер, солар­дың жігері мен рухы.

Бай­қа­сам, біз­де­гі жұрт көп нәр­сені шата­сты­ра­тын секіл­ді. Бүгін­гі эко­но­ми­ка­лық өсім дәл осы 80-шы жыл­дарғы әске­ри төң­кері­стен кей­ін ғана мүм­кін бол­ды. Оған дей­ін­гі соци­а­ли­стік бағыт­тағы адам­дар­ды әске­ри­лер ысы­рып, демо­кра­ти­я­ны, эко­но­ми­ка­ны қам­та­ма­сыз етті. Ал Ердоған Түр­ки­я­ның ең жақ­сы кез­дерін­де келіп, соның жемісін көріп отыр деп айтуға болады.

– Тұрғыт Өзал­дың кезін­де де ел эко­но­ми­ка­сы әлем бой­ын­ша 16–17- орын­дар­да болған деседі. Алай­да Ердоған бар­лық жетістік­ті өзіне мен­шік­теп алған ба, қалай?

– Бірін­ші­ден, Ердоған – өте талант­ты пиар­шы. Әсіре­се біздің қаза­қы орта­да, түр­кі мем­ле­кет­терін­де осы Ердоған­ның бір­деңе деп қат­ты айтып қалға­ны, еврей­лер­ді сынаға­ны, сам­мит­тер­де жер­де жатқан түрік жала­у­ын көтеріп алуы, бір жетім­нің барып маң­дай­ы­нан иіс­кеп, басы­нан сипаға­ны, мешіт­ке барып, азан шақы­руы секіл­ді пиар-ход­тар­ды талқы­ға салып, Ердоған­ды аспан­да­тып, әспет­теп жата­ды. Оны осы үшін жақ­сы көретін бол­сақ, бұл дегенің түрік елін­де­гі әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық, сая­си үдері­стен мүл­дем хаба­ры­мыз жоқ екенін көр­се­те­міз. Әрине, сырт көз­ге әде­мі болып көрі­нуі мүмкін.

Тарих­та Ердоған мұны­сы­мен қал­май­ды. Әлем­де бұдан да өткен сұм­дық пиар­шы­лар болған. Кад­да­фиді білесіз. Өзінің қаны­мен Құран жазу­дан да шебер­лер болған. Мұн­дай арза­нқол дүние халы­ққа не береді? Менің ойым­ша, жалған попу­лизмді және ұлт­тың шынайы мұра­тын түсі­нуді біздің халық шата­сты­рып жатыр. Бұл Қаза­қстан қоға­мы­на қаты­сты, әрине, ал түрік­тер – өздері біледі.

Тағы біре­улер Ердоған демо­кра­ти­я­лық сай­ла­уда жеңіс­ке жет­кен деп айта­ды. Рас, қазір ол кез кел­ген сай­ла­уда жеңіп шыға ала­ды. Бірақ кезін­де Гит­лер де билік­ке демо­кра­ти­я­лық жол­мен сай­ла­уда жеңіп кел­ген. Арты­нан ол демо­кра­ти­я­лық инсти­тут­тар­дың бар­лы­ғын тып-типыл етті.

Өкіні­штісі – әсіре­се бүгін­гі қоғам­да, Еуро­па­ның өзін­де бұры­нғы сая­си пар­ти­я­лар­дың беделі, күші жоқ. Көбіне тұлға­ларға бай­ла­нып қалған. Мықты тұлға бол­са – жеңеді, әлсіз тұлға бол­са – ұты­ла­ды. Құн­ды­лы­қтар зама­ны кетіп бара жатыр. Сон­дай кез­де сахнаға Ердоған сияқты попу­ли­стер шыға­ды. Себебі көп­шілік­ке ұнай­тын сөз­дер­ді, жалған тези­стер­ді айта­ды. Жұр­тқа немен жағу­ды жақ­сы біледі. 70–80 млн. түрік аза­ма­ты­ның мүд­десі тұрғы­сы­нан қарай­тын бол­сақ, оларға кере­гі не, ең негіз­гі қажет­тісі не деген сұрақ туа­ды. Ол – эко­но­ми­ка­лық, әле­умет­тік өсім, жеке және қоғам­дық қауіп­сіздік деген­дей. 80 жыл­дар­дан бері қарай салы­сты­ра­тын бол­сақ, соңғы бес жыл­дағы тер­ак­тілер­дің саны есе­леп өсіп кет­ті. Кез кел­ген елде осын­ша­ма тер­ак­тінің болуы – сол елдің пре­зи­ден­тінің тақтан таюы­на амал­сыз алып келетін еді. Бұрын бұл мәсе­лені түрік арми­я­сы рет­теп оты­ра­тын. Жаман да бол­сын – қалып­тасқан дәстүр. Арми­я­ның дәстүрі бар, ішкі эти­ка­лық кодексі бар. Ел алдын­да жау­ап­кер­шілі­гі бар армия қашан­да осын­дай шек­тен шыққан жалған попу­лизм, солақай лозунг­тер­мен билік­ке келетін топ­тар­ды ысы­рып, бел­гілі бір уақыт­тан кей­ін демо­кра­тия үрдісін бастап, қоғам­дық, капи­та­ли­стік, либе­рал­дық бағы­тқа итер­ме­леп отыратын.

Әрине, бүгін­гі дем­ко­ра­ти­я­лық стан­дарт­тар тұрғы­сы­нан «әске­ри төң­керіс» деген – шек­тен шығу. Ердоған пай­да­сын көріп оты­рған Түр­ки­я­ның бүгін­гі эко­но­ми­ка­лық өсі­мі Өзал, Деми­рел кезін­де қолға алы­нған рефор­ма­лар, орта және шағын биз­не­сті қол­дау, Еуро­па­мен және басқа да дамы­ған мем­ле­кет­тер­мен жақ­сы қарым-қаты­нас орна­ту сая­са­ты­ның нәти­же­сі еді. Кез кел­ген рефор­ма­ның нәти­же­сі бүгін емес, ертең емес, 10 жыл, 20 жыл­дан кей­ін беретіні анық қой. Мұны ғылым­да инсти­ту­ци­о­нал­ды, инсти­тут­тық рефор­ма дей­ді. Яғни сол кез­де жасалған ини­сти­тут­тар­дың сапа­сы өзін де, өзгені деп қам­та­ма­сыз етті деп айтуға болады.

Ал енді Ердоған өзінің билі­гін қам­та­ма­сыз ету үшін арми­я­ны құр­тып жатыр. Сири­я­лық босқын­дар­дың тан­кі­ден әскер­лер­ді шыға­рып алып, басын кесіп жатқа­ны, жер­ге жатқы­зып алып, әскер­лер­ді теп­кіле­уі – армия деген инсти­тут­ты езіп, қор­лау деген­ді біл­діреді. Енді­гі­де армия зор жау­ап­кер­шілік­ті өзіне ала алмай­ды, себебі өзіне деген мораль­дық сені­мі­нен, елге деген жау­ап­кер­шілі­гі­нен, басқа да эти­ка­лық мәсе­ле­лері­нен айы­ры­лып қалған секілді.

Оның үстіне демо­кра­ти­я­лық инсти­тут­тар­дың да шама­сы біт­ті. Бас­пасөзді, пар­ти­я­лар­ды, бір­не­ше мың­нан астам ұйым­ды жауып таста­ды. Қан­ша­ма білім ошақта­ры жабыл­ды. Қаза­қстан­да Түр­ки­я­ның ішкі мәсе­лесін көп адам дұрыс біл­мей­ді. Мыса­лы, Түр­ки­я­ның мақта­на­тын тұсы – білім сала­сы еді. Бүгін­гі өсім­ді қам­та­ма­сыз еткен база­рда жүр­ген арба­ке­ш­тер емес. Түрік­тер бір­не­ше Нобель сый­лы­ғын химия, физи­ка­дан алып үлгер­ді. Мен­таль­ды мате­ма­ти­ка­ны ойлап тапқан – түрік­тің аза­ма­ты. Түр­кия үшін барын бер­ген осы аза­мат­тар емес пе? Түрік­тер арзан тау­ар неме­се шетел тау­ар­ла­ры­ның эти­кет­ка­сын қай­та жасап шыға­ра­тын ұлт емес. Интел­лек­ту­ал­ды дәре­же­ге шыққан ұлт. 1870 жыл­да­ры Садо­вый деген мекен­нің қасын­дағы соғы­стан қай­тқан Бисмарк: «Бұл соғы­сты жең­ген немістің әскері емес, қара­пай­ым немістің мұғалі­мі» деген. Түр­ки­яда бұрын жасалған қадам­дар, әсіре­се білім сала­сын­дағы рефор­ма­лар, халы­қтың өресі, сана­сын көтер­ді. Бүгін­гі күні «түрік менедж­мен­ті» деген ұғым пай­да бол­ды. Қазір әлем­нің кез кел­ген қонақүй­іне, мей­рам­ха­на­сы­на, ғылы­ми не тех­но­ло­ги­я­лық орта­лы­қта­ры­на бар­саңыз, кем деген­де бір-екі түрік аза­ма­тын көресіз.

«Түрік менедж­мен­ті мықты» деген түсінік қалып­тасқан. Осы­ған жет­кіз­ген кеше ғана жұмыстан шыға­ры­лған түрік­тің ғалым­да­ры, декан­да­ры емей – кім сон­да?! Екін­ші­ден, бұл рефор­ма­лар «түрік менедж­мен­тін» экс­пор­тқа шығар­ды. Мыса­лы, біз мықты инже­нер­лер­ді шетел­ден шақы­рып алсақ, Түр­кия керісін­ше әлем­ге шығарады.

Әлем­де­гі кез кел­ген қиын, өте күр­делі құры­лы­стың басын­да түрік ком­па­ни­я­ла­ры жүреді. Олар Ресей, АҚШ, Еуро­па, Афри­ка­да да бар. Кезін­де қалып­тасқан білім беру сала­сы Түр­кия эко­но­ми­ка­сы­ның өсі­міне нақты жемісін бер­ді. Мыса­лы, Қаза­қстан­да ЖОО‑н бітір­ген маман­ды әлем­нің алпа­уыт ком­па­ни­я­ла­ры «инже­нер бол, бас инже­нер бол, эко­но­мист бол, заң­гер бол» деп шақы­ра ма? Жоқ!

Түр­ки­ядағы адам капи­та­лы база­рда жүр­ген арба­кеш неме­се жұма нама­зы­на жина­ла­тын «сақал­ды­лар» саны­мен емес, ұлт­тық эли­та­ның, білім мен ғылым­ның, сөз бен ой еркін­ді­гінің сапа­сы­мен өлше­неді. Бүгін­гі күні көп­те­ген іскер түрік аза­мат­та­ры, аза­мат­ша­ла­ры, білім, ғылым сала­сын­да қыз­мет атқарған маман­дар Еуро­паға кетіп жатыр. Аза­мат­тық алып жатқан­дар бар. Ислам­дан­ды­ру сая­са­ты діни мәсе­лені ушы­қты­ра беретін бол­са, кеше­гі бар бостан­ды­қтан, еркін­дік­тер­ден бас тар­та­тын бол­сақ, кете­міз деген талай тех­но­крат­тар отыр. Шын мәнін­де, елді дамы­тып жатқан – солар. Шар­тта­рын жасаған, ойын ере­же­сін қалып­та­сты­рған, Түр­ки­яға инве­сти­ция тар­ту мүм­кін­дік жасаған солар.

Ердоған өзінің сая­са­тын жүзе­ге асы­ру үшін, көбіне ауыл­ды жер­ден қалаға келіп жатқан мар­ги­нал­ды топ­тарға, діни топ­тарға, босқын­дарға арқа сүй­еп отыр. Мұның өзі теріс сапа беретіні анық. Өйт­кені Ердоған – попу­лист сая­сат­кер. Ол ең алды­мен өзінің элек­тро­ты­на ұнай­тын қадам­дарға бара­ты­ны анық. Соңғы ай ішін­де азан шақы­рып, кіта­п­ха­на­лар­ды өртей­ік деген мол­да­лар­ды естідік. Содан кей­ін кітап дүкен­дері де өртел­ді. Ол нені көр­се­те­ді? Елде реак­ция баста­лып жатыр. Шын мәнін­де­гі реак­ция. Кеше­гі тыр­нақ­ша­ның ішін­де­гі «жеңіс­ке жет­кен» топ­тар – көше­де жүр­ген сири­я­лық босқын­дар, ғылы­мға, білім­ге, өрке­ни­ет­ке қар­сы топ­тар басқа қоғам­дық инсти­тут­тарға қысым көр­сетіп отыр. Кеше­гі қуы­лған 100 мың адам не істейді?

– Бай­қа­саңыз, өзіңіз айт­пақ­шы, «төң­керіс­сы­мақтың» кесірі­нен 100 мың­нан астам адам жұмыстан шыға­рыл­ды, тұтқын­дал­ды. Бар­лы­ғын «гүлен­ші» деген желе­умен шет­тет­ті. Жазы­қ­сыз жей­тін наны­нан айы­ры­лып отыр. Алай­да ешқай­сысы Үкі­мет­ке қар­сы­лық таны­тып, тәр­тіп­сіздік жасаған жоқ. Алаңға, митин­гілер­ге шыққан жоқ.

– Бұлар­ды өте жұм­сақ интел­ли­ген­ция деп айтуға бола­ды. Бұлар­дың екі реак­ци­я­сы бар: не тұй­ы­қта­лып қала­ды, не шетел­ге кете­ді. Жұмыстан шыға­ры­лған про­фес­сор­лар – шетел­де оп-оңай жұмыс таба ала­тын аза­мат­тар. Тіп­ті өзі­міздің Қаза­қстан­да да жұмыс таба ала­ды. Түр­ки­я­ның бүгін­гі интел­лек­ту­ал­дық аху­а­лын төмен­детіп жібер­ме­се, артық қыл­ма­сы анық. Қашан да ғылы­мы қуда­ла­у­ға түс­кен ел эко­но­ми­ка­лық, сая­си тұрғы­дан құл­ды­рай­ты­ны белгілі.

Ердоған – инстинк­тілі сая­сат­кер. Өз билі­гінің қай жер­де баста­лып, қай жер­де аяқта­ла­ты­нын жақ­сы біледі. Ол өзінің арман­даған билі­гін құруға қар­сы кедер­гі кел­тіретін­дер­ді түсін­ді. Армия еді – оны құрт­ты. Соны­мен қатар жой­ы­лған инсти­тут­тың бірі – судья­лар мен заң­гер­лер. Жоғарғы сот, Кон­сти­ту­ци­я­лық кеңес Ататүрік иде­я­ла­рын іске асы­рған топ­тар бола­тын. Қоғам­ның бір қозға­у­шы күші бола­тын. Дәлел­сіз жұмыстан шыға­ру, қара тізім­дер­ге енгі­зу, түр­ме­ге қамау, үлкен дәстүр қалып­та­сты­ру­шы, ұрпақ қалып­та­сты­ру­шы тап­ты аяққа тап­тау, ең мар­ги­нал деген топ­тар­дың билік­ке жет­кен­ді­гінің көрінісі.

Есіңіз­ге сала кетей­ін, 17-ші жылы төң­кері­стен кей­ін билік­ке кел­ген мұжы­қтар не істе­ді? Ұлт­тық эли­та­сы болып табы­ла­тын кеше­гі ең мықты деген бай, шон­жар, ғалым деген­дер­ді қуда­лап, жоққа шығар­ды. Ол кеше­гі Ресей импе­ри­я­сын аспанға шыға­рып жібер­ген жоқ. Ста­лин­нің қатқыл, күшпен жасаған модер­ни­за­ци­я­сы Ленин­нің қателік­пен жасаған модер­ни­за­ци­я­сын оры­нға қою үшін жасал­ды ғой. Өзіне қар­сы кел­ген­дер­ді қырып-жою, аяқтан басу, т.т. Ста­лин модер­ни­за­ци­я­сы түп­тің-түбін­де атом бом­ба­сын жаса­уға мүм­кін­ді­гі жет­ті. Бірақ оның қан­дай қия­нат­пен, қан­дай қан­мен кел­генін жақ­сы біле­міз. 50 млн. адам­ды жоқ қылу­мен жететін модер­ни­за­ция – модер­ни­за­ция емес. Соның нәти­же­сін­де Кеңес одағы ыды­ра­ды, алдам­шы дүни­е­лер­ге айнал­ды. Ғылым мен мәде­ни­етін ұстап оты­рып даму мен күшпен даму еке­уі екі түр­лі нәти­же береді. Эко­но­ми­ка­лық тұрғы­сы­нан Түр­кия Сауд Ара­би­я­сы­нан да асып түс­кен бола­тын. Ол таза биз­не­стің, таза кәсіп­кер­лер­дің жеке ынта­сы­ның арқа­сы бола­тын. Түр­ки­яда ешқан­дай шикі­зат көзі жоқ. Туризм дұрыс жолға қой­ы­лған. Енді тер­ро­ризм қай­та-қай­та орын алар бол­са, ол да жойылады (…).

– Түр­кия елшілі­гі Түр­кия арқы­лы Сири­яға кет­кісі келетін қаза­қтар­ды тоқта­ту үшін әре­кет етудің орны­на, бүгін­ге дей­ін елдің ими­джіне жұмыс істеп кел­ген, 25 жыл­да тит­тей жаман­шы­лық жаса­маған Қазақ-түрік лицей­лерін жапқы­сы келеді. Бұған қалай қарайсыз?

– Бұны енді таза шизо­фре­ния деу­ге бола­ды. Атал­мыш «төң­керіс­сы­мақты» әзәзіл-жын­дар жасаған деп жатыр ғой. Бұны Анка­ра­ның әкі­мі айтып отыр. Бұл дегенің ирра­ци­о­нал­ды, қисы­нға кел­мей­тін, білім­нен тыс дүни­е­лер ғой. Бұлар Гүлен­ді ата­жау қылып алған. Соған бола бүкіл сая­са­тын өзгер­тіп, соны кінәлі етіп қою, сол арқы­лы сая­са­тын жүр­гі­зу, билі­гін ұзар­ту – ақыл­ды сая­сат­кер­дің тір­лі­гі емес, тиран­дар­дың жасай­тын жұмысы. Ста­лин өзінің кінәсін Троц­кий­ге, арты­нан немістер­ге жап­ты деген­дей. Сол секіл­ді Гүлен мен Ердоған­ның мәсе­лесі де ирра­ци­о­нал­ды фор­маға ауы­сып кет­ті. Қаза­қстан – Түр­ки­яға жау мем­ле­кет емес. Өткен­де өздері де мой­ын­дап жатыр. Путин­мен табыст­ы­рған екі адам бол­са, біре­уі Назар­ба­ев екенін айт­ты. Сыр­тқы сая­са­ты жеке­ле­ген жеке­мен­шік кек алуға бай­лап қой­ған­нан кей­ін, басқа не күту­ге бола­ды? Барып, АҚШ-пен айтыс­сын, Еуро­па­дан жабу­ды (ара­лас түрік мек­теп­терін – Ред.) сұра­сын, Қаза­қстан­да не жұмысы бар?

ҚТЛ – мем­ле­кет­тік стан­дарт­пен оқы­ты­ла­тын оқу орны. Біре­улер­дің жаны­на батып бара жат­са, атын «Алаш лицей­лері» деп ауы­стыр­сын деп жатыр­мын. Келер жылы Ала­штың 100 жыл­ды­ғы ғой. Жал­пы, сая­сат табыспай­тын адам­ды табыст­ы­ра­ды. Ал сен өзің ақыл­ды, сана­лы адам екеніңді жоққа шыға­рып, сыр­тқы сая­са­ты­ң­ды, эко­но­ми­ка­лық мүд­деңді жеке басы­ң­ның мүд­десіне бай­лап қою – үлкен қия­нат. Екі адам­ның ара­сын­дағы про­бле­ма­ны мем­ле­кет­тік сая­сат­тың өзе­гіне айнал­ды­ру – бүгін­гі билік­ке кел­ген сая­си эли­та­ның сапа­сын жақ­сы көр­сетіп отыр.

– Қан­ша­лы­қты Гүлен­ді тани­ты­ны­ңы­зды біл­мей­мін, әлем жұр­ты Гүлен­нің тер­ро­ризмді қол­да­май­ты­нын, оны теріс­ке шыға­ра­ты­нын жақ­сы біледі. Ең алғаш «Мұсыл­ман тер­ро­рист бола алмай­ды, тер­ро­рист мұсыл­ман бола алмай­ды» деп айтқан ғұла­ма. ХХІ ғасыр­дың ең өзек­ті про­бле­ма­ла­ры­ның бірі тер­ро­ризм екені бел­гілі. Тер­ро­ризмді сөзі­мен де, ісі­мен де айып­та­у­шы тұлғаға бағыт­талған қар­сы шабуыл болуы мүм­кін бе?

– Гүлен­ді жеке басым таны­май­мын. Бір-екі кіта­бын, 20-ға жуық мақа­ла­ла­рын оқы­ған­мын. Тіп­ті оны мақтаған да, сынаған да еңбек­тер­ді оқы­дым. Мен оны сая­сат­кер емес, ойшыл, фило­соф ретін­де қабыл­дап отыр­мын. Гүлен­нің негіз­гі иде­я­сы – Орта Ази­яда бастау алған, сосын әлем­ге таралған жәдид­тік мек­теп­ке жақын. Білім сала­сын жетіл­ді­ру, әлем­нің зама­на­уи білім-ғылы­мын мең­ге­ру керек, әлем­ге ашық болу керек, білім жүй­есі дін­ге қай­шы емес, білім мен дін­ді ұшта­сты­руға бола­ды, жаңа эли­та­лық сапа жасап шыға­руға бола­ды, білі­мі – дініне, діні – білі­міне, бол­мысы­на қай­шы кел­мей­тін­дей білім­ді ұрпақты, осын­дай білім жүй­есі арқы­лы тұлға­ны дай­ын­дап шыға­руға бола­тын эли­то­кра­ти­я­лық идея деп айтуға болады.

Менің жақ­сы көретін бауыр­ла­рым, қарын­даста­рым ҚТЛ бітіріп шықты. Түр­лі ком­па­ни­я­лар­да, бас­пасөз­де, мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­де жүр. Арақ ішпей­ді, темекі шек­пей­ді. Мәде­ни­ет­ті. Білім және ғылым мини­стр­лі­гі ҚТЛ ғылы­ми білі­мі жетістік­терін жыр ғып айтып жатыр. Бүгін­гі күні бүкіл әлем­де­гі халы­қа­ра­лық, дүни­е­жүзілік олим­пи­а­да­лар­да химия, физи­ка, био­ло­гия, инфор­ма­ти­ка, мате­ма­ти­ка бой­ын­ша Қаза­қстан­ды әлем­ге таны­тып жүр­ген осы ҚТЛ оқу­шы­ла­ры. Ұжым­дық тұрғы­сы­нан алсақ, өте жақ­сы білім тех­но­ло­ги­я­сы деп айтуы­мы­зға бола­ды. Осы­ны жасап шығуға Гүлен­нің тіке­лей қаты­сы бол­са, Гүлен­ге ескерт­кіш қоюға бола­ды. Әсіре­се – Түр­ки­яда. Білім мен тәр­би­ені ұшта­сты­ра біл­ген оқу жүй­есін жоққа шыға­ра­тын бол­сақ, Түр­ки­я­ның өзін де жақ­сы­лы­ққа апар­май­ды. Түр­кия Так­сим алаң­да­рын­да тұрған агрес­сив­ті көп­шілік­тің айта­ры­мен жүре бер­се, ұза­ққа бар­май­ды. Алаң­да ойнап жүр­ген «сақал­ды­лар» секіл­ді тобыр­дың өздеріне жаққан кез­де аспан қыла­ды, жақ­пай қалған кез­де жер қыла­ды. Жаса­маған­ды жасайды.

– Түр­ки­ядағы соңғы оқиға­ны «төң­керіс­сы­мақ» деп баға беріп отыр­сыз. Осы жай­лы не айтасыз?

– Сая­сат­тың басты мін­деті – болған мүм­кін­дік­ті пай­да­ла­ну. Ердоған осы мүм­кін­дік­ті жақ­сы пай­да­лан­ды. Менің жеке нұсқам былай: әскер­лер­дің – ара­сын­да екі-үш полк па, ары кет­се 10–15 мың адам шығар – орта офи­цер­лер тұсын­да әңгі­ме жүр­ген: Ердоған­ның жасап жатқан істеріне өз қар­сы­лы­қта­рын айта бастаған. Орта дең­гей­лі офи­цер дегені­міз – тәр­тіп­пен жүретін адам­дар. Олар­дың ұйым­да­сты­ру қабілет­тері жоға­ры бола бер­мей­ді. Ішін­де гене­рал­дар болған жоқ, көбі­не­се пол­ков­ник пен май­ор­лар. Бұны Түр­ки­я­ның бар­лау қыз­меті біліп қой­ып, Ердоғанға жет­кіз­ген. Ары кет­се, үш полк­тың билік­ті алып қалуы ықти­мал деген. Ердоған­ның осы бүлік­ті казар­ма­дан шығар­май тұн­шы­қты­руға толық мүм­кін­ді­гі бол­ды. Тек осы­ны пай­да­ла­нып, бар­лық мәсе­ле­мізді шешіп алмай­мыз ба деп ойлаған болу керек. Әске­ри төң­керіс бол­май жатып, мың­даған адам­ды арнайы дай­ын­даған, қысқа­сы, бүкіл жүй­есін жасап қой­ған. Әскер­лер­дің көбі төң­керіс жаса­уға, халы­ққа оқ атуға шық­паған­ды­ғы көрініп тұр. Оқтың көбі жасан­ды. Тіп­ті бұны аран­да­ту деу­ге бола­ды. Әскер­лер­ге «Сен­дер не істеп жүр­сің­дер, Ататүрік­тің иде­я­ла­рын қол­да­май­сы­ң­дар ма?!» деп, аран­да­туға да бола­ды. Оны да жоққа шығар­май­мыз. Мұның артын­да үлкен аран­да­ту тұрға­ны анық. Ол ерте ме, кеш пе – бәрібір шыға­ды. Кез кел­ген сая­си эко­но­ми­ка­лық үрді­сте кім­ге пай­да­лы, жемісін кім көр­ді деген сұрақты қоюға бола­ды ғой.

Бір­ден-бір ғана жау­ап, ол – Ердоған. Бүкіл армия қосы­лып жасаған бол­са, Ердоған­ның тырп ету­ге мүм­кін­ді­гі бол­мас. Көбіне-көп ген­шта­б­тың неме­се құр­лық күш­терінің басқа­ру­шы­сы жасай­тын. Бол­май қалған төң­керістің нәти­же­сін­де Ердоған өзінің бар­лық жау­ла­рын жер­мен-жек­сен етті. Кіш­кене де бол­са қар­сы­лық таны­тқан инсти­тут­тар­ды тара­тып жібер­ді. Заң­гер­лер кет­ті, судья­лар жоқ, армия біт­ті. Бас­пасөзі қал­ма­ды. Ал Ердоған­ның өзі жек көретін әле­умет­тік желілер арқы­лы билі­гін сақтап қалға­ны күлетін жағ­дай. Кер­тарт­па күш­тер­дің эли­та­ның басы­на, білім, ғылым­ның басы­на келе беретін бол­са, бүгін­гі эко­но­ми­ка­лық өсім арманға айналады.

Ал Ердоған­ның өз билі­гін күшей­ту қада­мы – Түр­кия қоға­мын­дағы бөліністер­дің біре­уін де жой­ған жоқ. Сол бөліністер, араға түс­кен сына қай­та терең­дей баста­ды. Бұл мем­ле­кет­тің ыды­ра­уы­на, мем­ле­кет­тің ішін­де­гі сепа­ра­ти­стік, экс­тре­ми­стік күш­тер­ді жан­дан­ды­ра­тын секіл­ді. Бұдан кей­ін де әділ сай­лау бола­ды деп айту қиын (…).

– Түрік елін бола­шақта қалай елестетесіз?

– 10 жыл бұрын Түр­ки­я­ны мақта­ны­шпен айта­тын едік. Ататүрік­тің мұра­ты – мызғы­мас мұрат, мәң­гілік мұрат деп кел­дік. Енді бүгін­гі жағ­дай­ды қараңыз. Ең алды­мен, ол әлем елдері­мен тең дәре­же­де иық теңе­стіріп тұра­тын демо­кра­ти­я­лы мем­ле­кет бола­тын. Осын­дай түр­кі мем­ле­кетінің болуы басқа да түр­кі мем­ле­кет­тер­ге бағ­дар­шам бола­тын. Түрік­те­гі пар­ла­мент­тік жүй­ені неге құра сал­май­мыз деп ойлай­тын едік. Бас­пасөз бостан­ды­ғын неге алып келе сал­май­мыз дей­тін едік. Ал енді бүгін­гі күні оны немен мақтай­мыз? Бал­тық елдерінің бір­ден демо­кра­ти­я­лық жолға түсіп кетуіне Шве­ция, Фин­ли­ян­дия секіл­ді өздеріне туыс елдер­дің болуы әсер етті. Модер­ни­за­ция тео­ри­я­сын­да осын­дай ерекшелік­тер бар. Менің түсіні­гім­де Сол­түстік Корея мен Оңтүстік Корея бірі­геді. Бір ұлт қой. Оңтүстік Коре­я­ның үлгі бола­ты­ны анық.

Сол секіл­ді Түр­ки­яға кезін­де біздің де қызы­ғу­шы­лы­ғы­мыз болған. Кезін­де­гі Ауған­стан­ды, Иран­ды алы­ңыз – зай­ыр­лы мем­ле­кет бол­ды. Қазір­гі Ауған­стан мен Иран­ның жағ­дайы мүл­дем бөлек. Түр­кия дәл бүгін­гі жолы­мен кететін бол­са, түбі бір тео­кра­ти­я­лық жағ­дай­ға алып келеді неме­се көтеріліс болып, тағы да дағ­да­ры­сқа ұшы­рай­ды, я Иран секіл­ді дамуы мүм­кін. Иран­ның эли­та­ла­ры жақ­сы. Ол біре­у­ге ұна­уы, біре­у­ге ұна­мауы да мүмкін.

Ал бүгін­гі Иран 85-жылғы Кеңес Одағын еле­стетіп тұр. Ары қарай не бола­ры бел­гісіз. Әйте­уір Иран­ның әлем­ге ашы­лып келе жатқа­ны бай­қа­ла­ды. Ал Түр­кия керісін­ше төрт топқа бөлініп алған секіл­ді: жиха­д­шы­лар, күрд­тер, сол­шыл­дар және ұлт­шыл­дар. Ертең бір жаға­жай­да бір жары­лыс бол­сын – бүгін­гі тури­стің біре­уі де қал­май­ды. Биз­нес қаша бастай­ды. Бүгін­нің өзін­де ғылы­ми сапа­сы төмен­деп жатқан­да, биз­нес жасау қиы­нға түседі. Бүгін­гі Түр­ки­яға жаным аши­ды. Қазір­гі бағы­ты көңілі­ме қон­бай­ды. Бола­шағы­на деген үлкен қорқы­ныш пен алаң­да­ту туғы­зып отыр.

– Түр­кі әле­мі деген­де екі мем­ле­кет көз­ге түседі. Бірін­шісі – Қаза­қстан. Оған себеп – Елба­сы­ның атқа­рып жатқан жұмыста­рын айтуға бола­ды, түрік инте­гра­ци­я­сы үшін біраз істер­ге мұрын­дық бол­ды. Екін­шісі – осы Түр­кия еді. Абдул­лаһ Гүл­дің кезін­де біраз қадам­дар жасал­ды. Қазір ше? Бола­шақта түр­кі дүни­есі, түр­кі инте­гра­ци­я­сы­ның бола­шағы тура­лы сөз қозғай ала­мыз ба?

– Түр­ки­яда өтетін түр­лі форум­дар­да Ердоған мен Дәуітоғлы­ны сынай­ты­н­мын. Дәуітоғлы­ның сыр­тқы сая­си док­три­на­сы жоққа шықты. Айна­ла­сын­дағы көр­шілері­мен ұры­сып біт­ті. Ақы­рын­дап, достық қарым-қаты­нас орна­туға тыры­сып жатыр. Ол қан­ша­лы­қты Түр­ки­я­ның мүд­десі­нен туын­дай­ды деген ой ғой. Менің түсіні­гім­де «неоос­ман­дық идео­ло­гия» деген – уто­пия. Түр­кия кеше ғана араб елдеріне отар­шы бол­ды. Қазір­гі ара­б­тар басқа. Еңсесі көтеріл­ген, эли­та­сы, мінезі қалып­тасқан, эко­но­ми­ка­сы дамып келе жатқан елдер. Қай­сысы кеше­гі отар­шы­ны басы­на көте­реді? Қай­сысы неоос­ма­низмді қол­дай­ды? Осын­дай елдер­ге руха­ни көш­бас­шы бола­мыз деуі – артық нәр­се. Егер Түр­кия әлем­нің көш­бас­шы­сы болғы­сы кел­се, әлем­дік дер­жа­ва­лар­дың қата­ры­на қосы­лғы­сы кел­се, алды­мен өзінің ағай­ын-туған­да­рын түген­деп алуы керек қой (…).

Ал бүгін­гі сая­си эли­та­ның, сая­си үкі­мет­тің түр­кі мәсе­лесіне шорқақты­ғын жақ­сы біле­міз. Түр­кия үшін – түр­кі дүни­есі мәсе­ле­лері сыр­тқы сая­сат­тың мар­ги­нал­ды бөл­ше­гі болып қал­ды. Алды­мен ағай­ы­ны­ң­ды түген­деп ал, өз дәре­жеңе дей­ін көтер, түр­кі дүни­есі үшін үлкен нарық орнат, сол арқы­лы әлем­нің дер­жа­ва­ла­ры­мен, сая­си блок­та­ры­мен тиім­ді қарым-қаты­нас жаса­уға бола­тын еді. Ал ағай­ын­ды ысы­рып қой­ып, өзіңді ғана жоға­ры санап, неоос­ман­дық сая­сат­пен әлем­ге әңгір таяқ ойна­та­мын деу – үлкен бір тра­ге­ди­яға апа­руы мүмкін.

Түр­кі халқы – бауы­ры­мыз, жаны­мыз аши­ды. Біздің эли­та­мы­здың басты мақ­са­ты – Түр­ки­я­ның бүгін­гі бағы­ты­нан кері бұру, қауіп­ті жолы­нан қай­та­руға тыры­су. Бұл біздің ағай­ын­шы­лық, бауыр­ла­стық пары­зы­мыз. Өйт­кені бүгін­гі бета­лыс – ертең­гі күні қия­натқа, насы­рға шаба­тын жол­дарға апа­руы мүм­кін. Сол үшін ықпал ететін адам­дарға айта беруі­міз керек, жаза беруі­міз керек. «Іші­міз­бен емес, сыр­ты­мы­з­бен жаза­лап» айтуы­мыз керек.

– Сұх­ба­ты­ңы­зға рақмет!

 

Сұх­бат­тасқан –

Бауы­р­жан КАРИПОВ,

«Қазақстан-ZAMAN» газеті

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн